- •Мұғалімнің кәсіби бағыттары
- •1. Бірлескен және топтық жұмыс.
- •2. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.
- •3. Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару.
- •4. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу.
- •5. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары.
- •6. Сыныпты қадағалау әдістемесі.
- •7. Мұғалімдерге нені білу міндет?
- •9. Мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
- •8. Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.
- •10. Оқушылардың пікірі бойынша құзырлы мұғалімнің сипаттамасы қандай?
- •11. Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
- •12. Бұдан әрі даму бағыттары мен басымдықтарын анықтау үшін жеке тұлғаның құндылықтары мен көзқарастарын нақтылау.
- •13. Оқыту және оқу әдістемесін жетілдіру мақсатында зерттеу жүргізу қажеттігін негіздеу және мойындау.
- •14. Сыныптағы психологиялық ахуал.
- •15. Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффекттік теориясы.
- •16. Оқушыларды ынталандыру.
- •17. Оқушылардың оқу туралы пікірін анықтау (оқушыдан кеңес алу).
- •18. Оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимыл, әлеуметтік өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту.
- •19. Сабақтың интерактивті және инклюзивті болуын қамтамасыз ету.
- •20. Оқудағы кедергілерді анықтау.
- •21. Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау.
- •22. Оқушылардың қабілеттері және оқуға жағымды көзқарастары.
- •23. Қалай оқу керектігін үйрену дегеніміз не? Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері.
- •24. Бүкіл зейінді және педагогикалық амал-тәсілдерді оқушыларға бағыттау және оларға қалай оқу керектігін үйренуде көмек көрсету.
- •25. Қалай оқу керектігін үйренуге қатысты оқыту әдістері мен тәсілдеріне басты назар аудару.
- •26. Оқыту мен оқуда акт пайдалану мақсаттары.
- •27. Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта акт пайдалану әдістемесі.
- •28. Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшін бағалау (ОүБ) дегеніміз не?
- •29. Оқытуды жоспарлауда ОүБ әдістемесін пайдалану.
- •31. Сабақта тиісті тәсілдерді қолдану.
- •32. Талантты және дарынды оқушыларды жандандыру үшін жекелей оқыту.
- •33. Диалогтік оқыту дегеніміз не?
- •34. Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі.
- •35. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.
- •36. Оқыту үдерісін жақсарту мақсатында өзгерістерді жоспарлау.
- •37. Сыныпта оқыту үдерісінде болып жатқан өзгерістерді қадағалау.
- •38. Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson Study қолдану.
- •39. Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау.
- •40. Оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу барысында жүргізілетін бағалау.
13. Оқыту және оқу әдістемесін жетілдіру мақсатында зерттеу жүргізу қажеттігін негіздеу және мойындау.
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде Білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «21 ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – ол да маңыздығы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды 21-ғасырға қалай дайындайды?». Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мазмұны осы екінші мәселені шешуге бағытталған.
Білім беру саласында қол жеткізілген пәтуаның мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал 21-ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
21-ғасырда оқушыдан талап етілетін дағдылар жаңа деп айтуға болмайды. Мәселен, сыни тұрғыдан ойлау мен проблемаларды іспен шешу дағдылары ерте замандағы құралдар жасау, ауыл шаруашылық жетістіктері, вакцинаны ойлап табудан бастап қазіргі заманғы зерттеулерге дейінгі бүкіл адамзат тарихының өн бойында адам прогресінің сенімді серігі болды. Ал әлемдік экономиканың өзгеру қарқыны ұжымдық және жеке табыстардың осындай дағдылардың болу, болмауына байланысты екендігі туралы қорытынды шын мәнінде жаңалық. Осыған байланысты мектептер сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде, әрбір оқушының жеке даралығына қатысты проблемаларды шешу үшін ынтымақтастық жүргізуге өте мұқяит болғаны дұрыс. Бұндай өзгерістерді іске асыру үшін барлық мүдделі жақтар, мектеп басшылығы міндеттеме алулары керек, сондай-ақ анағұрлым тәжірибелі және дарынды педагогтердің атсалысқаны құба-құп.
14. Сыныптағы психологиялық ахуал.
АХУАЛ – өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым. Көбінесе топтық психологияға байланысты айтылады. Сондықтан ол, көбінесе “әлеуметтік-психологиялық ахуал” немесе “психологиялық атмосфера” түрінде түсіндіріледі. Бұған қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі, тәртіп пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын т.б. кіреді. Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәнін, әр түрлі әдіс-тәсілдерді жетік білуі керек, оқушылармен тығыз қарым – қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта, сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес, әр түрлі жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.
Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюіне, сабақта жұмысының тиімділігіне психологиялық ахуалдың қосар үлесі мол.
Сабақ басында психологиялық ахуал туғызу үшін сан түрлі жағдай жасағанды жөн көремін. Бұл баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түседі, оқушылар бір-бірімен тиімді жұмыс істеп, сабақтың тиімділігі арта түседі, оқушылардың барлығы ат салысып, сабаққа қатысусыз қалмайды. Психологиялық ахуал туғызу көбінесе ойын түрін қолданғанды жөн көремін. Ойын – бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ та емес. Ол – бала миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі жаттығу. Мағжан Жұмабаев: «Ойын - баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болуы керек, бақылау деген сөз - қарауылда тұрған солдаттай қабағыңды түйіп, қарап тұр деген сөз емес, олай тұрсаң бала ойынына кірісуші болма!».
