- •Мұғалімнің кәсіби бағыттары
- •1. Бірлескен және топтық жұмыс.
- •2. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.
- •3. Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару.
- •4. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу.
- •5. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары.
- •6. Сыныпты қадағалау әдістемесі.
- •7. Мұғалімдерге нені білу міндет?
- •9. Мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
- •8. Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.
- •10. Оқушылардың пікірі бойынша құзырлы мұғалімнің сипаттамасы қандай?
- •11. Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
- •12. Бұдан әрі даму бағыттары мен басымдықтарын анықтау үшін жеке тұлғаның құндылықтары мен көзқарастарын нақтылау.
- •13. Оқыту және оқу әдістемесін жетілдіру мақсатында зерттеу жүргізу қажеттігін негіздеу және мойындау.
- •14. Сыныптағы психологиялық ахуал.
- •15. Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффекттік теориясы.
- •16. Оқушыларды ынталандыру.
- •17. Оқушылардың оқу туралы пікірін анықтау (оқушыдан кеңес алу).
- •18. Оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимыл, әлеуметтік өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту.
- •19. Сабақтың интерактивті және инклюзивті болуын қамтамасыз ету.
- •20. Оқудағы кедергілерді анықтау.
- •21. Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау.
- •22. Оқушылардың қабілеттері және оқуға жағымды көзқарастары.
- •23. Қалай оқу керектігін үйрену дегеніміз не? Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері.
- •24. Бүкіл зейінді және педагогикалық амал-тәсілдерді оқушыларға бағыттау және оларға қалай оқу керектігін үйренуде көмек көрсету.
- •25. Қалай оқу керектігін үйренуге қатысты оқыту әдістері мен тәсілдеріне басты назар аудару.
- •26. Оқыту мен оқуда акт пайдалану мақсаттары.
- •27. Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта акт пайдалану әдістемесі.
- •28. Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшін бағалау (ОүБ) дегеніміз не?
- •29. Оқытуды жоспарлауда ОүБ әдістемесін пайдалану.
- •31. Сабақта тиісті тәсілдерді қолдану.
- •32. Талантты және дарынды оқушыларды жандандыру үшін жекелей оқыту.
- •33. Диалогтік оқыту дегеніміз не?
- •34. Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі.
- •35. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.
- •36. Оқыту үдерісін жақсарту мақсатында өзгерістерді жоспарлау.
- •37. Сыныпта оқыту үдерісінде болып жатқан өзгерістерді қадағалау.
- •38. Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson Study қолдану.
- •39. Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау.
- •40. Оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу барысында жүргізілетін бағалау.
10. Оқушылардың пікірі бойынша құзырлы мұғалімнің сипаттамасы қандай?
11. Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
Әр түрлі оқушылардың сипаттамасы көрсетілген. «Риза болған Сэм» деген оқушының сипаттамасы. Өмірге риза Сэмді сыныптың күлдіргіші деп санайды. Сэм – сүйкімді оқушы, бірақ көптеген мұғалімдердің көңілін қалдырады. Ол негізінен үш және төрт деген бағаларын алады, бірақ ол еш қиналмастан 5 деген бағасын да алар еді.
Екінші оқушының сипаттамасы «Мазасыз Альма». Барлық пәндерден оқу үлгерімі орташа Альма сабақта тест тапсырмаларын орындағанда оның жауаптары көбіне жауапсыз қалады. Әсіресе, ол жаратылыстану бағытындағы пәндерге үлгерімі нашар, сол себепті үнемі сабаққа қатысудан бас тартып, әр нәрсені сылтауратады. Мұғалім сұрақ қойған кезде жауап беруге ыңғайсызданып, мазасызданады. Альма сабақ оқи алады, бірақ өз білімін көрсету қажет болған кездерде қиналады.
Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым күрделі, қиын тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасып кеткен. Бірақ Выготский бойынша, тым күрделі жұмыс балаларға орындалмайтын, ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдейтін «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Дарынды және талантты оқушылармен тиімді жұмыс істеудің тағы бір оңтайлы нысаны экстернат болып табылады. Бұл оқушыларға оқу жоспарын тез әрі шұғыл игеруге мүмкіндік береді. Ренцулли мен Райс дарынды және талантты оқушылардың білімін жетілдіру бойынша қызметтің өзара байланысты үш кезеңдерінің негізінде модель жасап шығарды:
• Бірінші кезең – жалпы зерттеу жаттығулар (жетілдіру, байыту).
• Екінші кезең – топтық оқу жаттығулары (үдеріс).
• Үшінші кезең – нақты проблемаларды жеке және шағын топтарда зерттеу (нәтиже).
12. Бұдан әрі даму бағыттары мен басымдықтарын анықтау үшін жеке тұлғаның құндылықтары мен көзқарастарын нақтылау.
Мұғалім
ұстанымы Мұғалімнің
ұстанымы оның көзқарастарын қалыптастыру
барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы
белгілі бір шешімдердің қабылдануы
мен сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру
көзі болып табылады (2-сурет). Сондықтан
кез келген мұғалімнің оқыту құралдары
оның өз болжамдарының, білімі мен
ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан
тұруға тиіс.
2-сурет. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарасын, шешімін және іс-әрекетін нығайтады.
Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. Мұғалімнің касиеттерін бағалау барысында бағалаушы факторлар жиынтығын пайдалана отырып, қасиетті өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет.
Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.
Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім. Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады
