Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
798 Кб
Скачать

8. Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.

Мәдениет – адамның ішкі жан дүниесінің өзгеріп, дамып, жетіліп отыруын анықтайтын сапалары және қасиеттері. Ендеше, білімді, рухани сапасы жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыратын – мектеп, ал мектептің жүрегі – мұғалім. «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қой, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». (К.Д.Ушинский)

Коммуникативтік мәдениет дегеніміз – мәдениет, білім беру алаңында тиімді орнығу үшін, әлеуметтік ортаға тез сіңу үшін, кәсіби іс-әрекетінде өз білімін жетілдіру және өзін дұрыс көрсете алуындағы адамның жүйелік мінездемесі.

Коммуникативті мәдениетке жатады:

- қоғамдағы мәдениет;

- жеке адамның мәдениеті;

- кәсіби іс-әрекетінің мәдениеті.

Мұғалімнің коммуникативтік мәдениеті - бұл оның кәсіби қызметі мен міндетінде, әлеуметтік- педагогикалық іс-әрекетінде жеке дара шығармашылық пен ізгілендіру бағытындағы көрінісі. Атап айтқанда ойлау, бірлескен іс-әрекет, сөйлеу мәдениеті, өзара қарым-қатынас мәдениеті, педагогтың коммуникативтік қарым-қатынасының нәтижесі т.б.

Педагогтің мәдени қарым-қатынасы: этикалық, шыншылдық, шынайы және сенімділік қарым-қатынасы, адамға деген сенім, балаға деген махаббат пен сыйластық, бірлескен іс-әрекет атқаруға қабілеті, ұжыммен жұмыс істей білуі, оқушының ата-анасымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы.

Кәсіби компоненті: таңдаған мамандығына деген тұрақты қызығушылығы, оқу- тәрбиелеудегі әдіс-тәсілді дұрыс қолдана алуы, баланың психологиясын білуі, өз пәнін жетік білуі, эрудиция, дауыс пен ым және базынаның болуы.

Сынып жетекшісінің атқаратын коммуникативтік қызметі:

• оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасында өзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;

• «оқушы-оқушы», «оқушы-ата-ана», «ата-ана-оқушы» арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату;

• оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы;

• ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.

9. Мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.

Білім беру процесі кезінде маңызды орын алатын мәселелердің бірі мұғалім ұстанымы болып табылады. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешім қабылдап, сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады.

Мұғалім неліктен өзгеруі керек?

  • Мұғалім заман талабына сай оқушыларға білім беру үшін өзгеруі қажет;

  • Ескіше көзқарастар арылып, сабақ беруде жаңа технологиялардың элементтерін қолдануы керек;

  • Мұғалім өзін-өзі тәрбиелеуі керек (жүріс-тұрысын, сөйлеу мәдениеті);

  • Мұғалім әлемді өзгерту үшін, мұғалім алдымен өзінен бастау керек;

  • Мұғалім болу ақшадан, мәртебеден және танымалдықтан да артық екенін ұғыну керек.

Мінсіз мұғалім:

  • 40% – байсалды, шыдамды, ақылды, өзін және басқаларын сыйлайтын, балаларды жақсы көретін және аздап қалжыңы бар;

  • 39% – өте саналы білім беретін, жұмыста тәрбиелі, қызықты түсіндіретін, жақсы психолог, өз ісін жақсы көретін;

  • 16% – әділ, жақсы көретін, жеке оқушылары жоқ;

  • 5% – мінсіз мұғалім болмайды.

Қазіргі ұстаз қандай болуы керек?

Қазіргі заман мұғалімі:

- оқыту мен тәрбиелеу технологияларының қыр-сырын меңгерген

- шығармашыл

- мақсат қойып, оны шеше білетін

- балаларды және өз мамандығын сүйетін

- Өз ісіне берілген

- Біліктілігін көтеріп, оқып-үйренуден талмайтын

- Шыншыл, адамгершілігі мол, тәртіпті

- Салауатты өмір салтын ұстанатын