- •Мұғалімнің кәсіби бағыттары
- •1. Бірлескен және топтық жұмыс.
- •2. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.
- •3. Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару.
- •4. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу.
- •5. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары.
- •6. Сыныпты қадағалау әдістемесі.
- •7. Мұғалімдерге нені білу міндет?
- •8. Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.
- •9. Мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
- •10. Оқушылардың пікірі бойынша құзырлы мұғалімнің сипаттамасы қандай?
- •11. Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
- •12. Бұдан әрі даму бағыттары мен басымдықтарын анықтау үшін жеке тұлғаның құндылықтары мен көзқарастарын нақтылау.
- •13. Оқыту және оқу әдістемесін жетілдіру мақсатында зерттеу жүргізу қажеттігін негіздеу және мойындау.
- •14. Сыныптағы психологиялық ахуал.
- •15. Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффекттік теориясы.
- •16. Оқушыларды ынталандыру.
- •17. Оқушылардың оқу туралы пікірін анықтау (оқушыдан кеңес алу).
- •18. Оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимыл, әлеуметтік өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту.
- •19. Сабақтың интерактивті және инклюзивті болуын қамтамасыз ету.
- •20. Оқудағы кедергілерді анықтау.
- •21. Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау.
- •22. Оқушылардың қабілеттері және оқуға жағымды көзқарастары.
- •23. Қалай оқу керектігін үйрену дегеніміз не? Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері.
- •24. Бүкіл зейінді және педагогикалық амал-тәсілдерді оқушыларға бағыттау және оларға қалай оқу керектігін үйренуде көмек көрсету.
- •25. Қалай оқу керектігін үйренуге қатысты оқыту әдістері мен тәсілдеріне басты назар аудару.
- •26. Оқыту мен оқуда акт пайдалану мақсаттары.
- •27. Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта акт пайдалану әдістемесі.
- •28. Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшін бағалау (ОүБ) дегеніміз не?
- •29. Оқытуды жоспарлауда ОүБ әдістемесін пайдалану.
- •31. Сабақта тиісті тәсілдерді қолдану.
- •32. Талантты және дарынды оқушыларды жандандыру үшін жекелей оқыту.
- •33. Диалогтік оқыту дегеніміз не?
- •34. Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі.
- •35. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.
- •36. Оқыту үдерісін жақсарту мақсатында өзгерістерді жоспарлау.
- •37. Сыныпта оқыту үдерісінде болып жатқан өзгерістерді қадағалау.
- •38. Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson Study қолдану.
- •39. Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау.
- •40. Оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу барысында жүргізілетін бағалау.
32. Талантты және дарынды оқушыларды жандандыру үшін жекелей оқыту.
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл – ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады.
Дарындылық пен таланттылық ұғымдарының мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Дарындылық пен таланттың кейбір анықтамалары:
Дарынды балалар бір немесе бірнеше пән бойынша аса жоғары деңгейге жетеді.
Талантты балалардың музыка, өнер, спорт сияқты нақты салаларда ерекше қабілеттері болады.
Бір салада дарыны не таланты болып, басқаларда болмауы мүмкін.
Зияткерлік қабілеті эмоциялық дамуына сай келмеуі мүмкін.
Барлық оқушыларды дарыны мен таланты бар жеке тұлға деп қарастыруға болады, оны тек танып дамыта білу қажет. Алайда, ерекше қолдау көрсетуді талап ететін, жоғары қабілеттері бар белгілі бір топты бөліп алып қарастыруға мүмкіндік беретін нақты сипаттамалар бар.
Жоғары қабілетті балалардың сипаттамалары:
есте сақтау қабілеттері өте жоғары; ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;
оқу үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады;
жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырады;
проблеманың мәнін тезірек ұғады;
ойлары тиянақты, проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;
күрделі ойындар мен тапсырмаларға ұмтылады;
назарын ұзақ уақытқа шоғырландыра алады;
ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды.
Осындай балаларға мұғалім не ұсына алады?
Талантты және дарынды балаларға бағытталған өзгеріс енгізу стратегиясының бірі оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс жерлерде өтетін оқудың күрделендірілген бағдарламасын ұсыну болып табылады. Тапсырманы кеңейту анағұрлым тереңдетіп оқыту, кең көлемді жобалар немесе зияткерлік тапсырмаларды кеңейту түрінде берілуі мүмкін. IGGY жобасы соған үлгі бола алады, бұл орта мектеп оқушыларына арналған кеңейтілген оқу бағдарламалары желісін ұсынатын жоба. Балаларға сайтқа кіру ұсынылады, бұл сайтта мұғалімдер тапсырмаларды күрделендіруге және міндеттерді қоюға көмектеседі. Оқушылардың әлеуетін дамыту мақсатында терең зерттеулер жүргізу үшін олар жобаларға тартылып немесе зияткерлік тапсырмалар берілуі керек.
33. Диалогтік оқыту дегеніміз не?
Сабақ барысында диалог маңызды рөл атқарады. Диалог дегеніміз – екі немесе одан да көп адамның бір-бірімен тілдесуі, қарым-қатынасы. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынды.
Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгіменің үш түрі бар:
Әңгіме-дебат;
Кумулятивтік әңгіме;
Зерттеушілік әңгіме.
Әңгіме-дебат барысында:
1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
2) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;
3) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;
4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.
Кумулятивтік әңгіме барысында байқалатын жайлар:
1) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе береді;
2) әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайды;
3) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
Диалогтік оқыту кезінде сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.
