Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СБМ шпор (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.15 Mб
Скачать

8. Табиғи үлдір түзгіштерді атап, оларға мысал келтіріңіз.

9.Өсімдік майлары негізіндегі сыр-бояу материалдарын атаңыз. Сипаттама беріңіз.

Майлы өсімдіктерден алынатын майлар бірнегізді май қышқылдарының тармақталмаған триглицеридтері. Триглицеридтердің құрамына 18 (16) көміртек атомдары және қос байланысының саны және орналасуы бойынша өзгешеленетін, бірдей немесе әр түрлі май қышқылдарының қалдықтары енуі мүмкін. Олар майдың кебу мүмкіншілігіне (аутототығу қатаюы) қатты әсер етеді.

Химиялық құрамы бойынша өсімдік майлары глицериннің толық эфирлері және ұзынтізбекті май қышқылдарының қоспасы болып саналады:

Мұндағы R, R’, R’’ — май қышқылдарының қалдықтары.

Өсімдік майларының құрамына негізінен ұзынтізбекті бірнегізді атом саны жұп қаныққан және қанықпаған қышқылдар қалдықтары кіреді. Майларда қаныққан қышқылдардан миристин (С14), пальмитин (С16), стеарин (С18), арахин (С20) және беген (С22) жиі кездеседі.

Майлардың қанықпаған қышқылдары қос байланыс санымен өзгешеленетін, көптеген гомологтық қатарға жатады.

Қос байланыстың орны қыздырудың және әртүрлі химиялық әсерлерден өзгере береді. Май қышқылдарының қос байланысының орнының өзгеруі изомеризация деп аталады.

Егер изомеризацияда қос байланыс карбоксил тобынан алыс тұрса, мұндай қышқылдардың және олардың эфирлерінің полимерлену бейімділігі төмендейді.

Қос байланыстардың реакцияға қабілеттілігі өсімдік майларының үлдіртүзу қасиетін анықтайды. Осы көрсеткіші бойынша майларды кебетін, жартылай кебетін, және кеппейтін деп бөледі. Кебетін майларға үш қос байланысы бар қышқылдардың жоғары санынынң болуы тән. Мысалы, тунг майы (тунг ағашының жемісінен алады) және ойтисик майының (қызғылт ағашының тұқымдарынан алады) құрамында 73% астам триен қышқылдары болады. Қалған кебетін майларда шамамен 80% қанықпаған қышқылдары болады және бұл майлардағы линолен қышқылдарының құрамы 20—40% құрайды.

Жартылай кебетін майларда олеин қышқылдарының жоғары құрамында (30—40%) триен қышқылдары болмайды. Кеппейтін майларда бір қос байланысы бар қышқылдар 70% астам құрайды.

Өсімдік майларының химиялық қасиеттері олардың молекулаларында күрделі эфирлі топтардың және қос байланыстардың болуымен анықталады. Күрделі эфир бола тұра, өсімдік майлары осы қосылыстар класына тән барлық реакцияларға қатыса алады: гидролизге, алкоголизге, ацидолизге.

Майлардың гидролизі:

Беткі қабатқа жағылған майлы үлдір ауа оттегісінің әсерінен қалыпты температурада қатаяды.

Майлардың ауада үлдіртүзу процесі индукционный периодты болады, ол кезде май қышқылдарының молекулаларында пероксидтер мен гидропероксидтер түзіле бастайды. Бос радикалдар пайда болғаннан кейін полимерлену процесі басталады. Нәтижесінде май үлдірінің тұтқырлығы артып, үлдірге ауаның енуі төмендейді. Осыдан кейін жабындының төменгі қабаттарында радикалды полимерлеу процесі басым жүре бастайды.

Өсімдік майлары қатты қайтымсыз үлдірлерді торлы құрылымды түзу барысында, негізінен, май қышқылдарының қос байланыстарының аутототығу полимерлеуімен түзеді.

Өсімдік майлары негізіндегі сыр – бояу материалдары

Өңделген өсімдік майлары негізінде олифтер мен майлы сырларды дайындайды.

Олифтер – бұл құрамында өңделген өсімдік майлары, сиккативтер және кейбір жағдайларда – еріткіштер бар сыр–бояу материалдары. Табиғи және тығыздалған олифтер болып бөлінеді.

Табиғи олифтерді кебетін (зығыр – лен, қарасора конопля) майлар негізінде еріткішсіз дайындайды. Оларды майды 120 – 160 °С термоөңдеу жолымен, сиккативтер қатысында алады. Кейбір жағдайларда майдан ауаны үрлеу жүргізеді. Мұндай олифтер оксиполимерленген деп аталады. Соңғылары күңгірт түсті және тезірек ескіретін жабындылар түзеді.

Тығыздалған олифтерді кебетін және жартылай кебетін майлар негізінде дайындайды, Мұндай майлардың тұтқырлығы жоғары болғандықтан, оларды еріткіштермен сұйылтады.

Тотыққан май негізіндегі жабындылар (олиф «оксоль») жылтырлығы жақсы және адгезиясы жоғарылылығымен сипатталады, бірақ суға беріктілігі жоғары емес: олардың қызмет ету мерзімі 3 жылдан артпайды.

Олифтерді ағаш беттерін сылауға, сонымен қатар майлы бояулардың өндірісінде қолданады: оларды қоюүгітілген майлы бояуларды қолдану алдында жұмыс тұтқырлығына дейін сұйылту үшін пайдаланады.

Майлы сырлар органикалық еріткіштерде еріген өсімдік майларының табиғи немесе синтетикалық полимерлердің әрекеттесу өнімдері, не қоспасы болып табылады.

Майлы сырларды май құрамы бойынша майлы(55%), орташа (35%) және жұтаң (15%) болып бөледі.

Жабындының көптеген қасиеттері сырдағы майдың құрамына тәуелді. Жұтаң сырлардың құрамында май құрамы аздау болғандықтан, атмосфераға төзімділігі төмен жабындылар түзеді. Майлы сырлар атмосфераға төзімді, эластикалығы жоғары, бірақ жұтаңдарға қарағанда жай қатаяды.

10-12 Сұйық пигменттелген сыр-бояу материалдарының негізгі қасиеттерін көрсетіп, ерекшелігін түсіндіріңіз