Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СБМ шпор (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.15 Mб
Скачать

45. Құрғақ бояу поливинил бутираль қосылысының алыну жолын көрсетіп, химиялық теңдеуін құрыңыз.

Поливинилбутиральды (бутвар) поливинилспиртін хлорсутек қышқылы қатысында май альдегидімен конденсациялау арқылы алады:

Поливинилбутираль тығыздығы 1120 кг/м3 болатын ақ түсті ұнтақ.Құрамы 65 – 78% бутиральды, 2 – 3 % ацетальды және 19 – 32% винил спиртінің буындарынан тұрады. Төменгі спирттерде, диоксанда, ацетатта, кетондарда, целлюлоза және хлорлы көмірсутектерде жақсы ериді. Фенолды, карбамидті және меломиноформальдегидті олигомерлермен жақсы әрекеттеседі. Поливинилбутираль негізіндегі беттер жақсы жарыққа тұрақтылығымен және әр түрлі материалдарға жақсы адгезиясымен ерекшелінеді. Бұл қасиеті оны клей мен грунтовка өндірісінде қолдануға мүмкіндік жасайды. Поливинилбутираль негізінде металдың коррозиясына қарсы сыр бояу материалдарын жасайды. Ұнтақ тәрізді бояуларда компонент ретінде қолданылу мүмкін. Оптикалық қасиеттерін жоғары болуына байланысты (мөлдірлігі, түссіздігі және жарыққа тұрақтылығы), әйнекке жақсы адгезиялануына байланысты, суыққы төзімділігі, жоғары механикалық беріктілігіне байланысты плоливинилбутираль триплекс типті әйнектер өндірісінде ауыстыруға болмайтын материал болып табылады.

46. Сыр бояу өндірісіндегі канифоль шайыры. Канифольды модификациялау әдістерін көрсетіп, құрыңыз.

Канифоль – қылқанды ағаштардан алынатын өсімдік текті смола. химиялық құрамы бойынша смолалы қышқылдың изомері С20H30O2 мен май қышқылы қоспасынан тұрады.

Канифоль әдетте өзі жеке үлдіртүзгіш материал ретінде қолданылмайды, бірақ көбіне модифицирленген немесе синтетикалық олигомерлері қолданылады. Модифицирленген канифольдарға жататындар: резинант, канифоль эфирлері, канифоль адуктілері.

Резинант – смолалы канифоль қышқылының тұзы С19H29COOMe. Оны смолалы қышқыл металдарын немесе осы металдың еріген оксидтерін канифольмен су-сілті ерітіндісінде тұндыру арқылы алады. Резинант уайт-спиртінде жақсы ериді және майлармен жақсы араласады. Натрий резинанты жақсы жуғыш зат ретінде және көбіктендіргіш қасиеті жоғары болғандықтан сабын өндірісінде кеңінен қолданылады.

Натрий және калий резинанттарының коллоидты ерітінділері полимерлерді эмульциялық әдіспен алған кезде эмульгатор ретінде көп қолданады.

Канифоль эфирлері сыр-бояу өндірісінде кеңінен қолданылады. Көбіне глицеринді эфирлері

және пентаэритрилі эфирі қолданылады

Бұл эфирлердің канифолмен салыстырғанда негізгі артықшылықтары олардың қышқылдық саны аз және оларды әртүрлі сыр-бояу композиттерінде қолданады. Пентаэритрилі эфирі глицеринді эфирге қарағанда бағалы қасиетке ие. Олар жоғары температурада жұмсарады, әртүрлі үлдртүзгіш заттарға қосқан кезде жабындының кебу жылдамдығын арттырады және жабындының беткі қабатының қатаюына алып келеді. Сонымен қатар оларды қолданған кезде жабындының суға төзімділігін арттырады, сол себептен оларды теңіз, әуе көліктерін бояуда қолданылады.

Канифоль аддуктілері. Сыр-бояу өндірісінде канифоль аддуктілері де қолданылады. оларды Дильс-Альдер реакциясы арқылы алады:

Бұл аддуктілер басқа үлдіртүзгіш материалдарға қосымша ретінде қолданылады, олар жабындылардың беріктілігін арттырады. Малеин ангидриді және канифоль кейбір синтетикалық смолалар өндірісінде үшнегізді қышқыл алуда және спиртте еритін табиғи смолалар мен кейбір лактарды алмастырғыш ретінде қолданылады.