- •1.Сыр бояу материалдар мен жабындыларға анықтама беріп, олардың негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
- •3.Олифтер, сырлар, бояғыш қоспалар және грунтовка мен шпатлевкаларға анықтама беріп, түсінік беріңіз.
- •8. Табиғи үлдір түзгіштерді атап, оларға мысал келтіріңіз.
- •9.Өсімдік майлары негізіндегі сыр-бояу материалдарын атаңыз. Сипаттама беріңіз.
- •12. Пигменттердің сапа көрсеткішін анықтайтын қасиеттерін сипаттаңыз.
- •13. Пигменттерді ұнтақты бояуларға енгізудің әдістерін атап, оларға түсінік беріңіз.
- •31. Үлдір түзу процесіндегі өсімдік майларының химиялық қасиетіне тоқталып, түйіндеңіз.
- •32. Кебу уақытын арттыру мақсатында қолданылатын өсімдік майларын өңдеу әдістерін құрып, бағалаңыз.
- •33. Қатты беттің жалпы қасиеттері,беттің макро- және микрорельефі мен беттің гидрофильділігі және гидрофобтылығының шарты.
- •34. Сыр бояу материалдарын зерттеу әдістеріне түсінік беріп, оларды құрыңыз.
- •35. Модифицирленген полиэфирлерді алудың химиялық негіздерін құрыңыз.
- •36. Фенолформальдегидті олигомерлерді алу үшін химиялық мүмкін болатын реакцияларды көрсетіп, түсіндіріңіз.
- •37. Ұнтақ бояулар өндірісінің технологиялық схемасын құрыңыз.
- •38. Пигменттерді алудың технологиялық әдістерін жіктеп, әдістердің орындайтын амалдарына болжам жасаңыз.
- •39.Сиккативтерді алудың технологиялық схемасын құрыңыз.
- •40.Cулы эмульсиялы бояулар өндірісінің технологиялық схемасын құрыңыз.
- •42. Қатты беттің сұйық сыр – бояу материалымен ылғалдануын түсіндіріп бағалаңыз.
- •Молекулааралық күштер.
- •43. Бояулардан түзілетін жабындыларды морфологиялық зерттеуде қолданылатын жарықтық және электронды микроскопия әдістерінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •45. Құрғақ бояу поливинил бутираль қосылысының алыну жолын көрсетіп, химиялық теңдеуін құрыңыз.
- •46. Сыр бояу өндірісіндегі канифоль шайыры. Канифольды модификациялау әдістерін көрсетіп, құрыңыз.
- •47.Полиуретанды сыр бояу материалдарын алу технологиясы қандай сатыларды қамтиды?
- •48. Алкоголиздік әдіс арқылы алкидтерді модифицирлеу процессі қанша және қандай сатылармен жүзеге асады?Химиялық теңдеуін көрсетіңіз.
- •49. Акрилдік мономерді эмульсиялық полимерлеу әдісімен алудың технологиялық сатыларын құрыңыз және сипаттаңыз.
- •50.Зерттеу әдістерін пайдаланып сыр бояу материалдарының шығынын және сыр бояу үлдірінің қалыңдығын анықтауды сипаттаңыз.
- •Нәтижелерді өңдеу
- •1 Әдіс. Сыр-бояудың бетті жабу қабілеттігін шахматты тақтада анықтау
- •Жұмыс істеу әдісі
- •Жұмыс істеу әдісі:
- •Нәтижелерді өңдеу
- •53. Фенолформальдегидті олигомерлерді модифицирлеңіз. Модифицирленген резолдық олигомерлердің қасиеттерін болжаңыз.
- •54. Табиғи қосылыстар негізінде алынатын сыр бояуларды алуда өсімдік майын тазрту процессіндегі операцияларды құрыңыз.
- •Жұмысқа дайындық
- •Жұмыс істеу әдісі
- •Нәтижелерді өңдеу
- •Параллель тіліктер әдісі
- •Жұмысқа дайындық
- •Жұмыс істеу әдісі
- •58. Талдау әдістерін пайдаланып, дайын сыр бояу материалдарын анықтау жолдарын сипаттаңыз.
- •59. Эмаль өндірісі технологиялық процесстерінің негізгі операциялары. Өндірістің технологиялық схемасын божамда (сипатта).
- •60. Сыр бояу жабындының статикалық әсерге тұрақтылығын анықтау жолдарын көрсетіп, олардың тиімділігін сипаттаңыз.
- •Жұмыс істеу әдісі
- •Жабындының судың статикалық әсеріне тұрақтылығын анықтау
- •Жабындының жуғыш заттың ерітіндісіне статикалық әсеріне тұрақтылығын анықтау
- •Жабындының трансформатор майының статикалық әсеріне тұрақтылығын анықтау
49. Акрилдік мономерді эмульсиялық полимерлеу әдісімен алудың технологиялық сатыларын құрыңыз және сипаттаңыз.
Акрилді мономерлердің полимеризациясын әр түрлі әдістермен жүргізіді. Лактарды алу үшін көбінесе лакты әдіс қолданылады, латекстерді алу үшін эмульсионды полимеризациялық әдіс қолданылады.
Акрилді мономерлердің эмульсионды полимеризациясында инициатор ретінде суда еритін пероксидтер(аммоний, сутектік т.б) қолданылады.
Реакторға 1:3 қатынаста дистеллденген сумен мономер, эмульгатор (мономердің массасынан 3%) және инициатор(5% дай) түседі. Эмульгатор ретінде жоғары молекулалы май қышқылдары (олейн май қышқылы), органикалық сульфоқышқылдардың тұздары және басқа БАЗ дар қолданылады. Реакция нейтралды немесе аз қышқылды ортада жүреді. Полимеризация процессі 60- 90 0- та 2 -4 сағ аралығында жүреді. Процесстің аяқталғанын полимердің құрамындаға мономердің қалдық мөлшері бойынша анықтайды, ол 1 - 2% - дан аспауы керек. Алынған латекс клей, сулы эмульсионды бояу мен басқа да композициялар өндірісінде жартылайфабрикант ретінде қолданылады. Егер полимерді эмульсиядан бөліп алу қажет болған жағдайда латекске күкірт қышқылын қосып, суды айдайды. Бұл жағдайда эмульсия бұзылып, полимер дисперсті ұнтақ түрінде тұнбаға түседі. Тұндырылған полимерді фильтрлеп, эмульгатордан сумен немесе спиртпен жуып 40- 70 0C та құрғатады.
Акрилді мономерлердің лакты полимеризайциясы кезінде еріткіштер ретінде бензол, изопропилбензол, хлорбензол, толуол, циклагексанон т.б қолданылады. Инициатор ретінде органикалық пероксидтер мен динитрил азо бис (изомай) қышқылдары қолданылады. Полимерлену процессі 70 0С аралығында жүргізіледі. Полимерленудің біткенін полимер құрамындаға қалдық мономер мөлшері бойынша анықтаймыз, ол 2% - дан аспау керек. Егер де полимерді алу процессі еріткіш ортасында жүрсе, ертілмеген полимер жіңішке ұнтақ күйінде соңғы болып тұнбаға түседі, содан ол тазартылып кептіріледі.
50.Зерттеу әдістерін пайдаланып сыр бояу материалдарының шығынын және сыр бояу үлдірінің қалыңдығын анықтауды сипаттаңыз.
Материалдар: заттық шыны, сыр, эмаль, сольвент.
Құралдар: бояу жаққыш қылқалам.
Аспаптар: аналитикалық таразы, кептіргіш шкаф.
Сыр-бояу материалдарының шығынын анықтау.
Сыр-бояу үлдірінің қалыңдығын ұшпайтын материал шығыны бойынша анықтау.
Өлшеу нәтижесі ретінде екі анықтаудың орташа арифметикалық мәнін алу.
Сынақ үшін пластинаның ұзындығын және енін өлшеп алып, оның ауданын есептеп алу қажет, одан кейін ацетонмен тазалап, аналитикалық таразыда өлшеп, боялған пластинаның массасын анықтайды. Эмальды сольвентпен жұмыс тұтқырлығына дейін сұйылтады. Эмальды жаққышпен алдымен горизонталь бағытта, содан соң вертикаль бағытта жағып, массасын өлшейді. Эмальды (сырды) 95 - 100 0C-де 1 сағат бойы кептіреді. Пластинаны үлдірмен өлшейді және кепкен үлдірі бар пластинаның массасын G2 өлшейді.
Нәтижелерді өңдеу
Эмальдың (сырдың) шығынын келесі формула бойынша анықтау:
X = (G12 - G1)/S;
мұндағы, G1 - пластинаның бастапқы массасы, G12 - сырды жаққаннан кейінгі пластинаның массасы, S - беттің ауданы.
Үлдірдің қалыңдығын t ұшпайтын материалдың шығыны Х және үлдір тығыздығы бойынша анықтау:
;
Өз кезінде ұшпайтын материалдың шығынын келесі формула бойынша анықтау:
;
Тығыздықты пикнометрлік әдіспен анықтайды.
№ |
Материалдың атауы |
G1 , г |
G2 , г |
G21 , г |
X1, г/cm2 |
X, г/cm2 |
t, cm |
|
|
|
|
|
|
|
|
Үлдірдің қалыңдығын микрометрмен өлшейді.
51. Сыр-бояу материалдарының бетті жабу қабілеттілігін анықтау әдістерін құрыңыз.
Бетті жабу қабілеттілік - бұл сыр-бояу материалының 1 м2 бетті жабуға кеткен массасы. Бетті жабу қабілеттілігін үш әдіспен анықтайды:
1 әдіс - ақ қара шахматтық тақтаны қолдану арқылы көзбен шолып, анықтау. Әдіс бойынша шыны пластинаға эмаль немесе бояуды жағып, шахматты тақта үстіне қойып, қара және ақ шаршылар көрінбегенше бояйды.
2 әдіс – бетті жабу қабілетін қарама-қарсылық коэффициенті арқылы анықтаудың аспаптық әдісі. Әдіс қара және ақ беттерде орналасқан, қалыңдығы әр түрлі жабындылардың жарқындық коэффициентін анықтау арқылы қарама-қарсылық коэффициентін өлшеуге негізделген. Бұл әдіс жарқындылық коэффициенті 0,6 кем емес ақ және ашық түсті эмальдар мен бояулардың бетті жабуға қабілеттілігін анықтауға арналған. Жарқындық коэффициенті R - бұл жарықтың түсу бұрышы 45 0С бірдей жағдайда өлшенген жабындының жарқындық коэффициентінің эталонның жарқындық коэффициентіне қатынасы.
Қарама–қарсылық коэфиценті С - қара беттегі жарқындық коэффициентінің ақ беттегі жарқындық коэффициентіне қатынасы. Егер жабындының қарама-қарсылық коэффициенті 0,98 тең болса, бет жабылған болып саналады.
3 әдіс – электронды есептеуіш машина (ЭЕМ) пайдалану арқылы қара - ақ подложкада бетті жабу қабілетін анықтаудың аспапты - математикалық әдісі. Бұл әдіс қара- және ақ бетте орналасқан бетті жаппайтын және аса жабатын материалдардың жарқындық коэффициентін анықтауға негізделген.
