Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СБМ шпор (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.15 Mб
Скачать

38. Пигменттерді алудың технологиялық әдістерін жіктеп, әдістердің орындайтын амалдарына болжам жасаңыз.

Өндірісте пигиенттерді алудың 4 жолы бар:

  • тұндыру;

  • термиялық;

  • комбинирленген

  • механикалық.

Ал қорғасын әгін алуда электрохимиялық әдіс қолданылады. Тұзды құрамды пигменттер мен толтырғыштарды алуда ең кең тарағаны тұндыру әдісі.

Тұндыру әдісі: бастапқы өнімді дайындап тазалайды; пигментті тұндырады; оны пісіреді; басқа ерітіндіден тазалайды; жуады; кептіреді; ұнтақтайды.

Термиялық әдіс. Оттек немесе метал тұздарын алуда қолданады. Негізгі технологиялық процесс: бастапқы шихтаны дайындайды; оны термиялық дайындайды; басқа да қоспалардан тазалайды; кептіру және ұнтақтаудан тұрады.

Комбинирленген әдіс: тұндырылған пигментті бөліп алу мен термиялық өндеу сатысынан тұрады.

Механикалық әдіс табиғи пигменттерді алуда қолданады. Бұл процесте химиялық өңдеу болмайды, тек қана механикалық ұнтақтаудан тұрады. Негізгі технологиялық сатылары: пайдалы қазбаларды өңдеу; оны байыту; бөлшектерді ұнтақтау болып табылады. Мұнда термиялық өңдеу де болып жатады.

39.Сиккативтерді алудың технологиялық схемасын құрыңыз.

Сиккативтер - монокарбон қышқылдарының тұздары (сабын). Олар өсімдік майының аутоқышқыл полимеризациясы процесінде катализатор болып табылады, өндірілген өнім және модификациясы, сонымен қатар құрамында майы бар үлдіртүзгіш материалдар, қанықпаған полиэфирдің, полиуретанның, олигомерлердің катализаторлары.

Технологиялық процесс келесідей негізгі операциялармен жүреді: нафтен қышқылының нейтрализациясы; тұндырылған сиккатив; сиккатив ерітіндісінің кептіргіші; сиккатив ерітіндісінің фильтрациясы; дайын өнімді қаптау.

Нафтен қышқылын нейтрализациялау 1 реакторда 85- 90Сᴼ- та 2- 3 сағат бойына араластыру арқылы жүреді. Сиккативті тұндыру 5 реакторда жүреді. Қыздырғаннан кейін 80Сᴼ- қа дейін толуол мен кобальттың сульфат ерітіндісімен араласу барысында 4 өлшеуішке жіберіледі. Реакциялық масса процесі аяқталуынан кейін біраз тоқтатады. Төменгі сулы қабат төменгі реактор арқылы өтеді, ал сиккативтер ерітіндінділерін суда ерігіш тұздан жуады. Одан кейін суды айдау 100- 110Сᴼ- та азеотропты тәсілмен жүргізіледі. Алынған құрғақ сиккатив ерітіндісі 8 фильтрде фильтрленеді. Таза, дайын сиккатив 9 жинағышта жиналады.

Тұндырылған кобальт нафтенатын алудың технологиялық сызбанұсқасы.

  1. реактор; 2, 3, 4- өлшеуіштер; 5- тұндыруға арналған реактор; 6- конденсатор;

7- бөлгіш сосуд; 8- фильтр; 9-жинағыш; 10- насос.

Реакцияның жүруі:

40.Cулы эмульсиялы бояулар өндірісінің технологиялық схемасын құрыңыз.

Сулы эмульсиялы бояуларды екі фазалы үлдір түзгіш жүйелер – БАЗ дар мен тұрақтандырылған полимерлердің сулы эмульсиясын пигменттеу арқылы алады. Сулы эмульсиялы бояулардың ерекшелігі: олардың құрамында көп мөлшерде әр түрлі қоспалар болады (антисептиктер, пластификаторлар, толықтырғыштар, эмульгаторлар, диспергаторлар, тұрақтандырғыштар т.б).

Сулы эмульсиялы бояуларды өндірудің технологиялық процессі келесі негізгі операцияларды қамтиды:

  • Сулы жартылай фабрикаттар дайындау;

  • Сулы жартылай фабрикат негізінде пигменттелген пастаны алу;

  • Пигменттелген пастаны диспергілеу;

  • Бояуды құру және оны стандарттау;

  • Дайын бояуды тазалау және қаптау; (технологиялық схеманы осы сатылар бойынша квадратиктер құрып жазыңдар)

Сулы жартылай фабрикатты дайындауды араластырғаштарда жүргізеді. Деминирланған суды қолданады (минералды тұздардан тазаланған су). Суда эмульгаторды, тұрақтандырғыштарды, құрылымдық қоспаларды, көбікбасқыштарды, антиаксиданттарды т.б ерітеді. Алынған ерітіндіні пигменттер мен толықтырғыштарды диспергілеу үшін қолданады. Бұл мақсатта шарлы мельницаларды және бисерлі диспергаторларды қолданады. Бояуды құру кезінде пигментті пастаны араластырғышқа полимердің эмульсиясымен бірге салады. Содан соң пластификатор, антифриз және басқа да қажетті қоспаларды қосады. Дайын бояуды торлы фильтрлер арқылы фильтрлеп тазалайды және қаптайды.

41.Сыр – бояу материалдары мен жабындыларды ИҚ – спектроскопия мен спектрофотометрия әдістерімен зерттеудің ерекшеліктерін сипаттаңыз.

ИҚ-спектрлеу сыр-бояу материалдарының және жабындыларды зерттеуде маңызды рөль атқарады. Әдіс еріткіш түрін немесе байланыстырушыны құру үшін, пигменттерді және толтырғыштарды (барит, литопон, бор және т.б), кейбір жағдайларда оларды идентификациялау үшін, сонымен бірге пигменттердің, толтырғыштардың және байланыстырғыштардың салыстырмалы құрамы бойынша жартылай сандық талдау үшін қолданылады.

ИҚ-аймақта кез келген заттың жұтылуы атомаралық қашықтықтардың (валентті тербелістер) және байланыстар арасындағы бұрыштардың (деформациялық тербелістер) өзгерістерімен байланысты атомдардың тербелістеріне негізделген. СБМ мен СБЖ спектрін үлдір түрінде, KBr-мен таблетка түрінде немесе ерітінді түрінде ИҚ-спектрометрде түсіреді. Спектр түскен жарық интенсивтілігі мен толқын ұзындығы немесе толқын саны арасындағы тәуелділік түрінде көрсетіледі.

Зерттеу кезінде алғаш қос байланыстың валентті тербелістерін (3000 және 1680-1640 см-1) және осы байланыстардың деформациялық тербелістерін (990-660 см-1) анализдейді. Әрі қарай сипаттамалық жиіліктер кестесін қолдана отырып, басқа да жұтылу жолақтарын белгілі бір атомдық топтарға жатқызады.

Кейбір топтардың сипаттамалық жиіліктері

3600…3100 см-1 – гидроксилді, біріншілік және екіншілік амин топтары;

2400…2100 см-1 – С≡С, С≡N немесе С=С=С байланыстар;

200…1500 см-1 – карбонилді топтар (альдегидтер, карбон қышқылдары, т.б.);

3100…3000 см-1 – CH байланыстарының валентті тербелістері;

2270 см-1 – C=N байланыстары;

1724 см-1 – күрделі эфирлік топтардағы C=O байланыстарының валентті тербелістері.