Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СБМ шпор (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.15 Mб
Скачать

59. Эмаль өндірісі технологиялық процесстерінің негізгі операциялары. Өндірістің технологиялық схемасын божамда (сипатта).

Пигменттелген материалдарды бір және екі фазалы сұйық үлдіртүзгіш жүйелердің негізінде дайындайды. Біріншісіне органикалық еріткіштердегі олигомерлер ерітінділері (полимерлер), олифтер және табиғи қосылыстардың ерітінділері (целлюлоза эфирлері, шайырлар, битумдар) жатады. Екіншісіне – полимерлердің сулы және органодисперсиялары (органозольдер мен пластизольдер) жатады.

Эмальдар өндірісі

Эмальдарды олигомерлердің (полимер) органикалық еріткіштердегі ерітінділерін пигменттеумен алады. Олар қорғау және декоративті қасиетті орындайтын, сыр-бояу жабындысының сыртқы беткі қабатты дайындау үшін қолданылады.

Эмальдардың өндіру технологиялық процесінің негізгі операцияларына жатады: пигменттерді (толықтырғыштар) олигомер (полимер) ерітіндісімен араластыру, яғни пигменттелген пастаны дайындау; пигментті пастаны диспергілеу; эмальды құру; эмальды тазалау және бөлу.

1 - Бірпигментті паста әдісімен түсті эмальдарды үздіксіз өндірісінің технологиялық сызбанұсқасы:

1-3 - Бисерлі диспергаторлар; 4-6 - дисольверлер; 7-9 - бункерлер; 10-12 –шнекті дозаторлар; 13-15, 21 - дозаланған агрегаттар; 16-18 - жиналғыштар; 20 - араластырғыш; 19-23 - насос; 22 - фильтр.

2 – Ақ базалы эмаль әдісімен түсті эмальдарды үздіксіз өндірісінің технологиялық сызбанұсқасы:

1-үздіксіз жұмыс істейтін дисольвер; 2 - бункер; 3- шнекті дозатор; 4-14 - дозаланған агрегаттар; 5 - қыздырғыштар; 6, 8, 16 - насостар; 7 - Бисерлі диспергатор; 9, 13 - араластырғыш; 10 – дозаланған насос; 11, 15 – фильтрлер; 12 – жиналғыштар.

60. Сыр бояу жабындының статикалық әсерге тұрақтылығын анықтау жолдарын көрсетіп, олардың тиімділігін сипаттаңыз.

ЖАБЫНДЫНЫҢ СТАТИКАЛЫҚ ӘСЕРГЕ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

Зертханалық жұмыс берілген уақыт аралығында сұйықтың әсерінен кейін жабындының сыртқы түрі мен қорғау қасиетін анықтауға негізделген. Сыр-бояу жабындысының су, тұз, қышқыл, негіздің сулы ерітіндісінің, минералды майлардың, бензиннің және басқа статикалық әсерлері үш әдіспен анықталады:

А – батыру әдісі, үлгілерді берілген уақыт аралығына сұйықтықта ұстау;

Ә – әсерлесу әдісі, берілген уақытта үлгінің әр аймақтарында сұйықтық сіңірілген мақта ораманы қою;

Б – тамшылы, берілген уақыт аралығына үлгіге сұйықтық тамшыларын тамызу.

ПФ-115 эмальдар атмосфералық әсерлерге ұшырайтын және ішкі ғимараттарды, металлды, ағаш және басқа беттерді бояуға негізделген. Дайындалып тегістелген беттерге жағылған екі қабаттан тұратын эмаль жабындылары қалыпты және суық климатта қорғау қасиеттерін 4 жылға дейін және декоративті қасиеттерін 1 жылға дейін сақтайды. Эмаль үлдірі минус 50 °С-ден плюс 60 °С-ге дейінгі температуралық өзгерісіне тұрақты. ПФ-115 эмалін бетке шашырату, қую, батыру және қылқаламмен жағады. Эмальды қолданғанда жабындыны 1 сағ аралығында ыстық кептіру 105 °С – 110 °С рұқсат етіледі.

Үлгілер және реактивтер: ПФ-115 эмалі; өлшемдері 70150 мм, қалыңдығы 0,5 - 1,0 мм болаттан жасалған немесе қара қалайыдан жасалған өлшемдері 70150 мм, қалыңдығы 0,2 - 0,35 мм табақша пластиналары; дистилденген су; 0,5 %-ды жуатын синтетикалық ұнтақты зат ерітіндісі; трансформатор майы (бензин, керосин және т.б.).

Құрал-жабдықтар: термошкаф; 4 есе үлкейтетін лупа; 50 мл стакандар, эксикаторлар.