- •«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы
- •«Құрылыс өндірісін ұйымдастыру және басқару»
- •5B072900 – «Құрылыс» мамандығының студенттері үшін
- •Мазмұны
- •5B072900 – Құрылыс мамандығы бойынша
- •1.1. Құрылыстағы келісім-шарт жүйесі
- •1.2. Құрылыстағы жобаларды басқарудың ұйымдық құрылымдары
- •1.3. Жобалауды және ізденістерді ұйымдастыру
- •1.4. Өнеркәсіптік және азаматтық тұрғын үй объектілері құрылысын ұйымдық-технологиялық дайындау
- •2. Пәннің жұмыс бағдарламасы (syllabus
- •5. Дәріс тақырыптары
- •6. Практикалық сабақтардың тақырыбы:
- •7. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (баоөж)
- •8. Студенттің өзіндік жұмыстары
- •10. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •11. Пән бойынша бағалау жүйесі Кесте 1
- •11.3. Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •12. Курс саясаты
- •Дәрістердің қысқаша мазмұны
- •Құрылыс мекемелерінің жүйелері туралы түсініктер
- •Ғимарат салу жөніндегі өндіріс жұмыстарына жасалатын техникалық құжаттар
- •Құрылысты және жұмыс жүргізуді ұйымдастыру. Құрылыс өндірісін басқаруды ұйымдастыру
- •Құрылыстағы дайындық жұмыстары. Құрылыс алаңын әзірлеу
- •Ғимарат салу кезінде жұмыс жүргізуді ұйымдастыру
- •Бригадалық еңбекті ұйымдастыру формалары
- •Тасқынды құрылыс
- •21.1. Тасқынды құрылыстың негізгі түсініктері мен мағлұматтары
- •21.2. Құрылыс тасқындарын құрастыру ережелері
- •21.1. Сурет. Объектті тасқын схемасы:
- •Бақылау сұрақтары
- •Үйлер мен ғимараттарды тұрғызудың тасқынды әдістері. Жұмысты жүргізу жобасы
- •Жеке үйлер мен ғимараттардың құрылысын күнтізбелік жоспарлау және ұйымдастыру
- •Құрылыс өндірісінің мерзімдік жоспары.
- •22.1. Мерзімдік жоспарлаудың түрлері, ережелері, негізгі мәліметтері
- •22.2. Мерзімдік жоспардың техника-экономикалық көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •Торлы графикті жобалау.
- •23.1. Торлы график элементтері
- •23.2. Торлы график тұрғызудың ережелері.
- •23.4. Сурет. Тәуелділікті енгізу.
- •23.5. Сурет. Желілік графикті нығайту.
- •23.3. Желілік графиктің есептеулері.
- •23.8. Сурет. Торлы график
- •Бақылау сұрақтары
- •Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар
- •Ғимараттар мен құрылыстарды кескіндеу
- •Құрылыс-жинақтау жұмыстарының сапасын геодезиялық бақылау
- •Монтаждау механизмдері және жабдықтау
- •Кранның жалпы құрылымы және жұмыс істеу принципі
- •Жүк көтергіш крандар
- •Монтаждау әдістері. Қауіпсіздік техникасына қойылатын жалпы талаптар
- •Құрылыстағы қойма шаруашылығын ұйымдастыру міндеттері, принциптері. Қоймаларды жіктеу. Қоймалардың ауданын есептеу.
- •24.2. Объектілер жанындағы қоймалар құрылысы. Материал қорларының және қоймаларды сақтауға арналған аудандарының есеп-қисабы
- •Құрылыстық басжоспарды жобалаудың жалпы принциптері
- •Құрылыстың материалдық-техникалық базасының дамуы мен ұйымдастырылуының негізгі ережелері
- •24.3. Номенклатураны анықтау. Құрылыс алаңындағы уақытша ғимараттадың аудандарының есебі
- •Уақытша сумен жабдықтау және су құбырлары
- •24.5. Құрылыс алаңын уақытша электрмен жабдықтау есебі. Уақытша электр жабдықтау
- •Құрылыс алаңдарын электрмен жабдықтау және жарықтандыру
- •Электрмен жабдықтау көздері
- •Бақылау сұрақтары
- •Уақытша жылумен қамтамасыз ету
- •Жылумен қамтамасыз етудің жобалау тәртібі
- •Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы
- •Жұмыс өндірісін ұйымдастыруды және жүргізуді жобалау.
- •20.1. Жұмыс өндірісінің жобасы
- •20.2. Жобалау тәртібі мен технологиялық карта құрамы
- •20.3. Технологиялық нормалар және олардың ережесі мен тағайындалуы
- •Бақылау сұрақтары
- •Құрылыстық бас жоспар
- •24.1. Құрылыстық бас жоспарын құру, түрлері және мазмұны
- •Құрылыс өндірісін басқару
- •Құрылыстағы тасымалдауды қолдануды ұйымдастыру
- •Тасқынды құрылыс
- •21.1. Тасқынды құрылыстың негізгі түсініктері мен мағлұматтары
- •21.2. Құрылыс тасқындарын құрастыру ережелері
- •21.1. Сурет. Объектті тасқын схемасы:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тасқынды құрылыстың жалпы түсініктемесі және оны анықтау
- •Басқарудың ұйымдық структурасы
- •Құрылысты ұйымдастыру және жұмыс өндірісі жобаларының техника-экономикалық бағалануы
- •Құрылыс тасқындарының түрлерін анықтау
- •Құрылыс тасқындарының параметрлерін есептеу
- •Модуль сұрақтары
- •Студенттің өзіндік жұмыстары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Литература Государственные стандарты
- •Строительные нормы и правила
- •Справочники
- •Методические пособия
- •Учебники
Құрылысты ұйымдастыру және жұмыс өндірісі жобаларының техника-экономикалық бағалануы
Құрылыс саласында баға белгілеу жүйесін талдау
Құрылыс өнімінің сметалық құнын қалыптастыру – нарықтың барлық шарттары мен талаптарын көрсетуге тиіс құрылыс кешенінің барлық қатысушылары үшін экономикалық қатынастардың негізгі элементі болып табылады.
Құрылыс өнімінің баға белгілеу жүйесінің негізгі элементі сметалық-нормативтік база болып табылады.
1991 жылға дейін экономиканы көтерме бағалар мен тарифтерге, оның ішінде құрылыстағы жаңа сметалық нормалар мен бағаларға жоспарлы көшіру жүзеге асырылды. Құрылыстың жаңа сметалық нормалар мен бағаларға көшуі 1956, 1969, 1984 және 1991 жылдары жүзеге асырылды. Әр жағдайда құрылыстың орташа бағасы шамамен 20%-ға өсіп отырды.
1991 жыл ішінде құрылыстағы нақты баға 2-2,5 есеге өсті. 1992 және 1993 жылдары инфляцияның бірінші, ең үлкен толқыны келді. Бұл жылдары құрылыстағы бағалардың орташа өсуі бір ай ішінде 28%-ды құрады. Бағалардың салыстырмалы түрде тұрақтануы 1997 – 1998 жылдары болды.
Бюджеттік бағдарламалар шеңберінде Қазақстанда алғаш рет 2001 жылғы баға деңгейінде, бюджеттік инвестициялар есебінен құрылыс құнын қалыптастыруға арналған 561 нормативтік-техникалық құжат санында өз сметалық-нормативтік базасы әзірленді. Материалдарға, бұйымдар мен конструкцияларға базалық баға негізі ретінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері қабылданды.
2009 жылы «SANA-2001» бағдарламалық қамтамасыз ету ұлғайтылып, толықтырылды және 12 бірлік норматив әзірленіп (қайта өңделіп), бекітілді:
құрылыс жұмыстарына арналған сметалық нормалар мен бағалар жинағы (3 жинақ);
жабдықтарды монтаждауға арналған бағалар жинағы (1 жинағы);
құрылысқа арналған жобалау жұмыстары бағаларының жинағы (7 бөлім);
материалдарға, бұйымдарға және конструкцияларға арналған сметалық бағалар жинағына толықтырулар мен өзгерістер;
құрылыс және монтаждау жұмысына арналған ҚНжР жинағына толықтырулар мен өзгерістер.
Ағымдағы бағалардың базалық деңгейін қайта есептеу үшін «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) қолданылады. Базалық деңгейді қайта есептеу үшін АЕК-ні қолдану құрылыс үдерісінің түпкі өніміне негізсіз баға өсуін кідіртеді деп болжанған болатын. Уақыт көрсетіп отырғандай, АЕК құрылыс саласындағы ахуалды толық нақты көрсете алмайды.
2001 жылғы баға деңгейіндегі сметалық-нормативтік базаның іс-қимылы кезеңінде Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалары өзгерді:
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексі;
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексі (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді);
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Салық кодексі (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді);
Темір жол тарифтерінің қымбаттауы, электр тасығыштарға, делдалдық қызметтерге бағалардың өсуі, уақтылы қаржыландырмау 2007 – 2008 жылдары құрылыстағы қымбатшылыққа алып келді.
Бұдан басқа, іс-материалдардың құны бойынша статистикалық деректер нарықтағы нақты бағалардан алуан түрде ерекшеленеді және бұл құрылыс фирмаларының дәл емес, әрі бұрмаланған статистикалық есептерінің нәтижесі болуы мүмкін.
Ресурстарға арналған бағалардың шынайы деңгейі мен мониторингін қалыптастыру және нәтижелерді статистикалық өңдеу әдістерін жетілдіру қажет. Бұл үшін, басқа елдердің тәжірибесі бойынша, өңірлерде аумақты белгілері бойынша баға белгілеу монтиторингін жүргізу орынды.
№2 Практикалық сабақ
