Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК-ОПСП-Стр-09-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.37 Mб
Скачать

1.1. Құрылыстағы келісім-шарт жүйесі

Құрылысты ұйымдастырудың мердігерлік әдісі. Оның мәні мердігерлік құрылыс. Құрылыс ұйымдарын жіктеу. Құрылыс ұйымдарының сапасын сандық сипаттамалары. Субмердігер ұйымдардың тапсырысшыларымен жүйесіндегі басмердігерлермен әрекеттесуі. Жалпы құрылыс өндірісі жүйесі өндірістік мамандандырылған ұйымдардың алатын орны. Құрылыс ұйымдардың іс-әрекет ерекшеліктері. Тапсырыстар және оларды алу процесі. Саудаға қатысу процедурасы.

Құрылыстағы келісім-шарттар жүйесі. Оның заңдық негізі. Келісім-шарт типтері және оларды жасау тәртібі. Келісім-шарт бойынша пікір алшақтығын шешу.

1.2. Құрылыстағы жобаларды басқарудың ұйымдық құрылымдары

Жобаларды басқарудың ұйымдық құрылымдарын жасаудың негізгі принциптері. Ұйымдық құрылым және жобаға қатысушылардың әрекеттесу жүйесі. Жобаның мазмұны және ұйымдық құрылымы. Жобаның құрылымы және оның сыртқы ортасы. Жобаларды басқарудың ұйымдық, құрылымдар жасау тәртібі. Жобаларды ұйымдық модельдеу әдістері мен құралдары жобаны басқарудың ұйымдық құрылымдарының дамуындағы қазіргі кедергі тенденциялар.h

1.3. Жобалауды және ізденістерді ұйымдастыру

Жобалауды ұйымдастыру міндеттері. Жоба стадиялары, олардағы құжаттар құрамы. Жоба және жұмыс құжаттамасындағы құрылысты ұйымдастыруды жобалау. Құрылысты ұйымдастырудың жобасы және жұмыстарды жүргізу. Олардың арналуы бастапқы деректері, тұрғызылу тәртібі, жасалу келісілу және бекітілу тәртібі.

Құрылыстың ұзақтығын мөлшерлеу. Қосалқы өндірісті ұйымдастыру, жобалау кезінде қолданылатын мөлшерлемелер. Құрылыс ізденістерінің түрлері және оларды жүргізу тәртібі. Ізденістердің құрамы, мазмұны және көлемі, олардың құрылыс алаңының табиғи және экономикалық ерекшеліктеріне, игерілу деңгейіне және жобалау стадиясына тәуелділігі. Инженерлік және техника-экономикалық ізденістердің құрамы және мазмұны.

1.4. Өнеркәсіптік және азаматтық тұрғын үй объектілері құрылысын ұйымдық-технологиялық дайындау

Құрылысты дайындаудың мақсаты мен міндеттері, оны жүргізу кезеңдері. Ұйымдық дайындық, оның мәні мен мазмұны. Келісім–шарттарды, жоспарлау құжаттарын және қаржылық құжаттарды дайындау. Техникалық құжаттармен қамтамасыз ету. Жер білу және жұмысқа рұқсат ету бойынша құжаттар. Техникалық дайындық. Дайындық және негізгі құрылыс–жинақтау жұмыстарын үйлестіру.

2. Пәннің жұмыс бағдарламасы (syllabus

1. Негізгі мәліметтер

Институт

Политехникалық

Мамандық (шифры, аты)

5B072900 - «Құрылыс»

Курс, семестр

4, 7 – Стр-09-1

Пән статусы (міндетті, таңдау)

Кәсіптендіру бойынша таңдау компоненті

Кредит саны

3

Сабақ өтетін дәрісхана

408

Оқытушы

Будикова Айгуль Молдашевна, техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы.

Тел. – 25-55-12, ғимарат ішінде – 125.

E-mail: lunnisvetok@mail.ru

Практика, семинар, зертханадан сабақ беретін оқытушы

Будикова Айгуль Молдашевна, техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы.

Тел. – 25-55-12, ғимарат ішінде – 125.

E-mail: lunnisvetok@mail.ru

2. Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер

Құрылыс өндірісін ұйымдастыру және басқару пәнін оқып үйрену үшін білім алушы келесі пәндерді білуі тиіс: математика-I, химия, физика, Құрылыс материалдары-I, Құрылыс процестерінің технологиясы, Құрылыс өндірісінің технологиясы-I.

Постреквизиттер

Берілген пән бойынша білімдер Құрылыс өндірісінің технологиясы-II, Үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу технологиясы, Үйлер мен ғимараттарды қайта құру және жаңарту пәндерін оқып үйрену барысында және дипломдық жұмысты жобалау үшін қажет.

3. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Қазіргі заманғы инженер-құрылысшы құрылыс өндірісін жоспарлау және атқару бойынша терең білімге және машыққа ие болуы тиіс.

«Құрылыс өндірісін ұйымдастыру және басқару» курсын үйренудің мақсаты студенттерге құрылыс өндірісін ұйымдастыру, жоспарлау және басқарудың теориялық негіздері жайлы түсінік беру болып табылады.

Пәннің бағдарламасы лекциялық, практикалық сабақтарды жүргізу және студенттің өзіндік жұмысын оқытушымен бірге орындаумен қарастырылады.

Міндеттері: Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:

Құрылыс өндірісін ұйымдастырудың осы заманғы әдістерін; құрылыстағы ұйымдық және келісім-шартты қатынастарды; жобалау және ізденістерді ұйымдастыруды; сумен жабдықтау және суды әкету желілері мен тораптары құрылысын желілі жоспарлау және басқару желілері мен тораптары құрылысын материалдық-техникалық қорлармен жабдықтау жүйесін білуі тиіс.

Сумен жабдықтау және суды әкету желілері мен тораптары құрылысына келісім-шарт жасай алуы;

Қоршаған ортаны қорғау және су қорларын тиімді пайдалану талаптарын ескере отырып, сумен жабдықтау және суды әкету жүйелері құрылысына және оларды пайдалануға байланысты міндеттерді белгілеуге және оларды шешуге қабілетті болуы;

Сумен жабдықтау және суды әкету желілері мен тораптары құрылысын ұйымдастыру жобасының негізгі бөлімдерін жасай алуы;

Таңдалынып алынған критерийлерді ескере отырып, сумен жабдықтау және суды әкету желілері мен тораптары құрылысының күнтізбелік жоспарын жасауға;

Сумен жабдықтау және суды әкету желілері мен тораптары құрылысына қажетті материалдық-техникалық ресурстардың көлемін анықтай алуы;

Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қамтамасыз етуі, желілерді төсеу, жүйелерді жинақтау және тұрғызу барысына авторлық бақылау жүргізуі.

Жобалық шешімдерге техника-экономикалық баға беруі тиіс.

Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі

Жалпы сағаты

Академиялық сағат саны

Дәріс

Практикалық/

семинар

Зертханалық

БАОӨЖ

БАӨЖ

60

30

15

-

15

22