Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК-ОПСП-Стр-09-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.37 Mб
Скачать

Құрылыс-жинақтау жұмыстарының сапасын геодезиялық бақылау

Салынатын ғимараттар мен құрылыстардың орнықтылығын және жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін құрама элементтерді жобада көрсетілгендей қалыппен дәл орнатылуын үнемі геодезиялық тұрғыдан бақылап отырылуы қажет және ол мына жұмыстарды қамтиды: әр кезеңі сайын элементтердің түрлері, қамту бөліктері, қабаттар бойынша қосымша суреттер түсіреді, яғни монтаждалған конструкциялардың жоспардағы және биіктігіне қарай нақты орнын геодезиялық әдіспен тексеруді жүзеге асырады. Түсірілген суреттердегі мәліметтер бойынша қосымша сызба жасайды, сол бойынша монтаждың дәлдігіне баға береді.

Конструкцияның дұрыс орнатылуын геодезиялық аспаптардың және үлгі-қалыптардың көмегімен бұған дейін салынған білік сызықтары және басқа да белгілер бойынша өлшеп тексереді. Мысалы, іргетастарды өлшеген кезде теодолитті ағаш кеспектің немесе шеткі іргетастың білік белгісіне орнатады және түтікшенің айқасқан сызығын ғимараттың қарама-қарсы бетіндегі кеспектің (іргетастың) білік белгісіне бағыттайды. Бұдан кейін түтікше арқылы іргетасты тексереді.

Бір қатардың білігін тексеріп болған соң рулетка арқылы бірінші және ең шеткі іргетастардың, сондай-ақ қатар жатқан іргетастардың көлденең аралық қашықтығын өлшейді: мұнда қателіктер аз кету үшін рулетканы бар ұзындығына созады және ол бойынша аралық іргетастардың қалпын (орнын) белгілейді.

Іргетастардың биіктік қалпын салынатын ғимаратқа жақын орналасқан уақытша реперлерді салыстыра отырып нивелир арқылы қадағалайды.

Биіктігі бес және одан да көп қабатты ірі панельдерді ғимараттарды монтаждау кезінде әр қабатқа арнап, конструкциялардың жобадағы қалыптан ауытқуы жөнінде қосымша схема жасалады. Конструкциялардың дұрыс орнатылуын тексеріп білу үшін біліктер мен бағыттағыш сызықтарды белгілеу кезінде, конструкция элементі мен сызықша арасында болуға тиіс ара қашықтықты есептейді.

Каркас ғимараттарды монтаждау барысында кезекті ярустың бағаналарын орнатып болған соң, орнатылған бағаналардың қосымша схемасын жасайды.

10 дәріс+

Монтаждау механизмдері және жабдықтау

Құрылысқа бөлшектерді, конструкциялар мен бұйымдарды, көтергіштерді жеткізу үшін, сондай-ақ оларды жобадағы қалыппен орнату және уақытша бекіту үшін арнаулы көтергіш машиналарды, монтаждау жабдықтарын, төсеу құралдарын және басқа да тетіктерді қолданады.

Арнаулы транспорт құралдарына – блок, ферма, панель, плита контейнер тасығыштар жатады.

Жүк көтеретін машиналарға – жебелі, мұнаралы және шынжыр табанды крандар, құрылыс көтергіштері, монтаждау лебедкалары, гидравликалық домкраттар мен көтергіштер жатады.

Жүк көтеретін машиналарды конструкцияларды көтеруге арналған жүк қармалағыш құрылғылармен жабдықтайды.

Монтаждау жабдықтарының құрамына көмекші механизмдердің, құрылғылардың, кондырғылардың, құрал-жабдықтардың комплексі кіреді. Мұның бәрін де монтаждалатын элементтерді төсеу, оларды орнықтыру және бекіту үшін пайдаланады.

Конструкциялар мен құрама элементтерді орнықтыруға бағыттауға және бекітуге арналған жабдықтар қатарына қол лебедкалар, блок қаптамалары, тальдер жатады.

Монтаж жүргізудің мынадай түрлері болады: орнықтыру – көлденең тіреу, созу, қысу тәсілдері; шектеу – таяныштар, фиксаторлар; аралас – бұған байланыстыру, кондукторлар кіреді.

Монтаждау тетіктері конструкциялардың ұзындығына, жалпақтығына және кеңістік тұрқына қарай бөледі.

Жапсарлар мен жіктерді бекітуге және бітеуге арналған жабдықтар герметизацияға арналған қондырғылар мен пистолеттер, тотқа төзімді төсеніштер салатын аппараттар, дәнекерлеу аппараттары, трансформаторлар, компрессорлар.

Төсеу құралдарын-төсеніш сатылар, мұнаралар, аспалы сатылар, алаңшалар, инвентарь қоршаулар – биікте жұмыс істейтін монтажшылар үшін қолданады.

Конструкцияларды монтаждау кезінде, сондай-ақ жапсаларды тегістеуге арналған инвентарь қалып, жиналмалы және жылжымалы сатылар, саты-алаңшалар, ерітінді слатын жәшіктер, саймандар жиынтығы пайдаланады.

Құрылыс машиналарында көбінесе атқарғыш механизмдерді қосатын электр желісі болады. Жұмыс ісейтін адамды электр тогынан қорғау үшін құрылыс машиналарын, механизмдерді, электрлендірілген құрал-саймандарды, сол сияқты мұнаралы крандардың рельс жолдарын жерге қосады.

Құрылыс машиналарының барлық жылжымалы бөлігін алынып-салынатын қоршаумен жауып тастайды.

Жаңа орнатылған жүк көтергіш машиналарды, жұмысқа қоспай тұрып техникалық куәландірудан өткізеді.

Арқандар. Жүк ілу құралдары

Арқандардың кендірден, капроннан және болаттан жасалған түрлері болады.

Кендір және капрон арқандар қолдан жеңіл жүк көтеру үшін, сол сияқты конструкцияларды көтеру кезінде тартпа ретінде қызмет етеді.

Болат арқандар жүк көтергіш машиналар және жүк қармағыш құрылғылар үшін, сол сияқты ванттар, шевр тартпаларын, мачталы көтергішерді, якорьлар орнату үшін қолданылады.

Болат арқандарды диаметрі көбінесе 4-5мм-ден 1,8мм-ге дейін болып келетін беріктігі жоғары, үзілу шегі 1400...2000МПа сымдардан дайындайды. Арқанның жұмыс мерзімі оның конструкциясына, сондай-ақ арқан диметрінің айналдырғыш барабан мен механизм блогы диаметрінен 16 еседей және одан да артық болуы керек. Монтаждау жұмыстарына пайдаланатын арқандар бір, екі немесе үш өрімді болып келеді.

Зауытта дайындалған арқанды көп жағдайда ұзындығына қарай жүк көтергіш машиналар үшін строптар жетіктерінің орнатылуына лайықтап қажетті мөлшерде кеседі.

Жиналмалы жүк ілу құрылғылары. Жүк ілгіш құрылғылар крандармен тасымалдау кезінде әртүрлі құрылыс жүктерін ілуге және ұстап тұруға, сондай-ақ олардың сақталуын, жүкке бекітілуін және жұмыс орнына жеткізілген соң босатып алуды қамтамасыз етуге арналады.

Жекелеген жүктер көтеруге арналған жүк ілгіштер өздерінің міндетіне және конструкциялық атқаратын жұмысына қарай мынадай топтарға: арқан строптарға, алыстан басқарылатын стропты тетіктерге, траверстерге, ілгіштерге бөлінеді.

Строп – байланыстыру элементтері немесе арқан ілмектері бар болат арқан кесінді түрінде жасалған жиналмалы құрылғы.

Көптармақты строптар екі-төрт-алты тармақты болады. Екі тармақты строптың көмегімен екі монтаж ілмегі бар элементтерді (прогондар, арқалықтар, қабырға панельдері); ал төрт тармақты строппен – жаппа плиталарын, баспалдақ адымын және басқа да төрт монтаж ілмегі бар элементтерді көтереді.

Жүк көтергіш арқандарды дұрыс таңдау үшін олардың өлшемін білу қажет. Болат арқанды таңдағанда, мысалы, арқанның үзілу күші (Р) сертификат немесе МемСт бойынша), сол арқанға түсетін салмақты (S) мемлекеттік техникалық бақылау белгілеген норма бойынша беріктік қорының коэффициентіне (K) көбейткендегі тиісті мөлшерден артық болатындай етіп алады.

P = S * K

Қауіпсіздік талаптары. Барлық жүк ілгіш құрылғылар таңбалануға тиіс, онда тетіктердің жүк көтергіштігі, оның зауыттық номері, сынақтан өткен мерзімі көрсетіледі. Ақаулары бар құрылғыларды пайдалануға немесе оларды басқа жұмыстарға қолдануға болмайды.

Әрбір смена алдында строптаушы жүк ілгіш құрылғыларды тексеріп шығады. Тексерудің мақсаты – құрылғылардың дұрыстығын анықтау, жүк ілгіш құрылғының үзіліп кетуіне әкеп соғатын және апатқа ұшыратуы мүмкін ақаулардың жоқтығына көз жеткізу. Тексеруді бірде бір бөлшек қалып қоймайтындай етіп және кранның ілгегіне ілінетін строптың немесе траверстің ілмек сақинасын тексерумен аяқтайды.

11 дәріс+