Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК-ОПСП-Стр-09-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.37 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Желілік график элементтері.

  2. Желілік графикті тұрғызу ережелері.

  3. Желілік график есептеулері.

10 дәріс+

Кажети жок!

Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар

Жергілікті жерде салынатын объектіні бекітуге арналған негізгі мәліметтер құрылыс алаңының негізгі жоспарында, осьтердің бөліп көрсетілген жоспарында, вертикаль жүйелеу жоспарында және құрылыстағы бас жоспарда келтіріледі. Негізгі жоспарда жобадағы ғимарат біліктерін, сол жерге бекітілген басты геодезиялық белгілерге байланыстыру жолдары көрсетіледі. Бөліп көрсету жоспарында біліктердің ара қашықтығы, сол сияқты қисық сызық бойымен салынатын ғимараттар біліктерінің бұрылу бұрыштары – бөлу жұмыстарын жүргізуге арналған барлық цифр көрсеткіштері беріледі. Болашақ құрылыстың негізгі нүктелерінің (бөліктердің қиылысуы) орнын – координат, бұрыштардың мәні, сол тұсқа бекітілген геодезиялық нүктелерге (пунктер) байланысты бойлық өлшеу мен белгілер (биіктігі) – цифрмен көрсетіледі.

Бірнеше объект салу кезінде, олардың сол жерге орнығуын жеңілдету үшін құрылысқа арналған геодезиялық тор қолданады. Оның өзі ғимараттың көптеген бөлгіш біліктеріне параллель орналасқан квадраттардың немесе тік бұрыштардың жүйесін құрайды. Құрылыс торындағы пункттерді (нүктелерді) сол жерге ағаш діңгектер, рельстер немесе теодолитті дәл бағыттау және өлшегіш рейкаларды орнату үшін нүктелеп таңба соғылған басқа да белгілер арқылы бекітеді.Геодезиялық пункттер ретінде бұрыннан салынған ғимараттарға орнатылатын өлшегіш реперлер мен марка таңбаларын қолданады. Бөліп көрсету сызбасында ғимараттар мен құрылыстардың нүкте координаттары, құрылыстарындағы біліктер координатымен салыстыра көрсетіледі.

Құрылыс барысында геодезиялық өлшеулерді жүзеге асырады, ол үшін конструкциялардың құрылу дұрыстығын тексереді және ғимараттың негізгі нүктелерінің жоспарда және биіктігі бойынша жобада белгіленген нақты орындарының болуы мүмкін ауытқуларын белгілейді, яғни қосымша инженерлік-геодезиялық суретке түсіру жұмыстарын жүргізеді: мұнда құрылыстың әрбір кезеңі бойынша қосымша сызбалар жасайды, бұларсыз мемлекеттік комиссия объектіні қабылдамайды. Осы жүргізілген геодезиялық жұмыстардың бәрі құрылысқа күнделікті геодезиялық қызмет көрсету деп аталады.

13 дәріс ----!

Ғимараттар мен құрылыстарды кескіндеу

Ғимаратты жоспарда кескіндеу. Кез келген объектінің құрылысы ең алдымен оның біліктерін кескіндеумен басталады, мұны біріншіден жобаны заттың өзіне айналдыру деп, яғни құрылыстың жоба бойынша орны мен мөлшерін көрсететін негізгі біліктерін және нүктелерін сол жердің өзіне бекіту деп түсіну керек. Нүктелерді геодезиялық негіздің ең жақын пунктінен бастап, көбінесе тік бұрышты координат әдісімен белгілейді.

Алаңда құрылыстың геодезиялық торы болған жағдайда осы әдісті қолданады. Тордың квадрат немесе тік бұрыштар түрінде көрінетін жоғарғы тұстарын бөлу сызбасында нөмірлеп белгілейді. Тор жақтарының ұзындығы 50 метрден 400 метрге дейін болады. Бұл жерде кескінделетін ғимарат немесе құрылыс біліктері құрылыс торының жақтау сызықтарына параллель жатады.

14 дәріс ----- кажети жок