Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК-ОПСП-Стр-09-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.37 Mб
Скачать

22.2. Мерзімдік жоспардың техника-экономикалық көрсеткіштері

Мерзімдік жоспардың дұрыстығы келесідей техника-экономикалық көрсеткіштерімен сипатталады.

  1. Құрылыс ұзақтылығы.

Құрылыс ұзақтығы мына формуламен анықталады:

(22.1)

Мұнағы - құрылыстың жобалық мерзімі (мерзімжік жоспар бойынша); - құрылыстың нормативті мерзімі (СНиП 1.04.03-85).

Өнеркәсіптік ғимараттың нормативті ұзақтығынан 30-40% уақыт монтажға қалдыру керек.

  1. Құрылыстың еңбек сыйымдылығы

; (22.2)

; (22.3)

Мұндағы Q – құрылыстың адам ауысымының толық еңбек сыйымдылығы; V – ғимараттың толық көлемі, м3; F – ғимараттың толық ауданы, м2.

  1. Жұмысшылардың қалыпты жұмыс жүрісінің формуласы:

(22.4)

Мұндағы Rмакс – бір күндегі жұмысшылардың ең максималды саны (жұмысшылардың жұмыс диаграммасы бойынша); Rсред – жұмысшылардың орташа саны.

; (22.5)

Мұндағы Q – адам ауысымының толың еңбек сыйымдылығы; Tпр – мерзімдік жоспар бойынша құрылыс ұзақтығы.

  1. Объектідегі уақыт бойынша СМР көрсеткішінің формуласы:

; (22.6)

Мұндағы ∑ti – бір күндегі жүйелі орындалатын құрылыс жұмыстарының жалпы ұзақтығы.

  1. Ауысым коэффициенті мына формуламен анықталады:

; (22.7)

Мұндағы ∑tсм – жұмыс ауысымының жалпы саны (бір және екі ауысымдылықты қоса есептегенде).

  1. Құрылыс механизациясының көрсеткіші:

А) энергия қаруланулық құрылыстағы мехнаизмдердің қуаттылығына байланысты орнатылған:

кВт (22.8)

Мұндағы N1, N2, … Ni – көлік пен механизмдер қуаты; t1, t2, … ti – механизмнің жұмыс уақыты.

Б) механизациялық жұмыстардың жалпы көлемі:

; (22.9)

Мұндағы Nмех – механизацияланған жұмыс көлемі; Nобщ – жалпы жұмыс көлемі.

Әдебиеттер: [4,c.159-165; 5,c.129-182; 6; 7; 8; 11; 16]

Бақылау сұрақтары

  1. Құрылыс өндірісінің мерзімдік жоспары. Қорытынды шешімдері.

  2. Мерзімдік жоспардың техника-экономикалық көрсеткіштері.

9 дәріс +

23-тақырып.

Торлы графикті жобалау.

23.1. Торлы график элементтері

Торлы модель график түрінде бейнеленеді, онда бағдарлар мен дөңгелектер болады. Құрылыс жұмыстарының бір-бірімен технологиялық және ұйымдасқан байланысын көрсетеді.

Желілік график элементтері. Желілік график – есептелген уақытша параметрлердің бірігуінен тұратын желілік модель. Желіні құрудың негізінде жұмыс пен оқиға түсініктері алынады.

Жұмыс – бұл, уақыт пен материалдық ресурстардың шығынын талап ететін, қорытынды нәтижесін беретін өндірістік процесс.жұмыс бір бағыттағы көлденең бағдармен белгіленеді, оның ұзындығы жұмыс ұзақтығымен байланысты емес.

Күту – уақыт шығынын талап ететін баяу процесс.

Тәуелділік – ешқандай уақыт пен ресурстар шығынын талап етпейтін, процестің жүйелілігін сақтап, бір-біріне тәуелділігі.

Оқиға – бір не бірнеше жұмыстардың бастауы мен аяқталуы бар факт. Шапшаң орындалады, белгіленеді және нөмірленеді.