Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК-ОПСП-Стр-09-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.37 Mб
Скачать

Тасқынды құрылыс

21.1. Тасқынды құрылыстың негізгі түсініктері мен мағлұматтары

Арналуына қарай ғимараттар мен үймереттер тұрғын-үй және азаматты, өндірістік, инженерлік, ауыл шаруашылық, гидротехникалық болып жіктеледі.

Орналасуына қарай құрылыс объектілері ұзын-бойлықты, шоғырланған және жекеленген болып бөлінеді.

Құрылыс-технологиялық сипаттамаларына қарай біркелкі және біркелкі емес болады. Біркелкі объектілердің өзі бірдей және бірдей емес болып жіктеледі.Тасқынды құрылыс құралымы объекті түріне байланысты келеді.

Біркелкі құрылыс объектілердің технологиялық процесі мынадай кезеңдерден тұрады: жерасты конструкциясын құру; жерүсті конструкциясын құру; шатырды құру, тұрғын үй мен өндірістік ғимараттардағы арнайы әрлеу жұмыстарын жүргізу.

Біркелкі емес құрылыс объектілерінің технологиялық процесінде нақты жұмыс кезеңдері болмайды, тек кешенді және жұмыстық процестерге бөлінеді. Бір немесе бірнеше кешенді процестер арнайы құралыммен жүзеге асады, оған жататындар ғимараттың іргетасы, каркас, шатыр, құралымдар т.б. Жабдықтардың іргетасы каркас жұмыстарының алдында не болмаса кейін орындалады. Бұл экономикалық тиімділігіне және жұмыстың ретіне қарай жүргізіледі.

Арнайыланған құралымдардың ішінде ерекшесі негізгі болып табылады. Себебі, еңбек сыйымдылығы көп кетеді, күрделі және қымбат көліктер қолданылады. Ал, қалған құрамалы құрылыстар негізгі жұмыспен теңестіріле жүргізіледі.

Тасқындардың түрлері. Құрылыста құрамаларды құрылымына байланысты – кешенді, объектті, арнайыланған, жеке; ырғақты сипаттамасына қарай – ырғақты, қысқа ырғақты, түрлі ырғақты; бөлшектеу процесінің тереңдігіне қарай – толық және жекеленген бөлшектеу; даму дәрежесіне қарай – орналастырылған және орналастырылмаған болып бөлінеді.

Тасқындар параметріне қарай 3 түрге бөлінеді: кеңістік, технологиялық, уақытша. Технологиялық параметрлер: жеке құрамалар саны – n; жұмыс көлемі – P, p; еңбек сыйымдылығы – Q, q; қуаттылығы – W, w.

Кеңістік параметрлеріне жұмыс алаңы, қабат, учаске монтажы, технологиялық түйін, алым, делянка жатады.

Уақытша параметрлеріне цикл модулін, циклдің монтажды модулін, құрама қабамы мен екпінін жатқызады.

21.2. Құрылыс тасқындарын құрастыру ережелері

Тасқындардың маңыздылығы олардың үзіліссіздік пен біркелкілігі. Объектті құраманың маңызы 21.1. суретте көрсетілген. Мұндағы m бірдей бір қабатты ғимарат құрылысы, оларды жүйелі, жарыспалы және тасқынды әдіспен ұйымдастыруға болады. Бұл объектілер біркелкі болып саналады. Оларды 4 кезеңде – жерасты конструкциясын салу, жерүсті конструкциясын салу, шатырды құру, арнайы және әрлеу жұмыстары жүргізіледі.

21.1. Сурет. Объектті тасқын схемасы:

а – жүйелілік тәсіл; б – жарыспалы тәсіл; в – тасқынды тәсіл.

Тасқынды әдіс жүйелі мен жарыспалы әдістердің бірігуінен құралған, ақаулары аз болатын әдістің бірі. Тасқынды әдісте технологиялық процестер әр объектіге бөлінеді, сол объектілерде олардың жүйелі жүруін қадағалайды. Жүйелі әдісте біркелкілік, ал жарыспалыда біркелкілік емес болады. Жұмысшылар бриғадасы немесе ұжымы алдымен бір үйдің жерасты конструкцияларын салу жұмысын жасайды. Осы жұмысты бітіргеннен соң, олар бірдей жерүсті конструкциясын салуға кіріспейді, екінші үйдегі жерасты жұмыстарын жасайды. Дәл осылай басқа да объектілердегі жұмысшылар бір объектідегі жұмысты бітірген соң, келесісіне көшеді. Бірінен соң бірі жүретін жүйелі әдіске қарағанда, тасқынды құрылыстың ұзықтығы аз болады (Тпотцm). Ал ресурстардың қажеттілігі жағынан паралельді (жарыспалы) әдіске қарағанда аз, m>n.

Қорытынды: тасқынды құру үшін: құрылыстың өндірістік жұмыстарды бірнеше процестерге бөлу; оларды оырндаушыларға үлестіру; өндірістік ырғақты қамтамасыз ету; процестерді максималды түрде уақыт пен орындауды теңестіріп, бірдей бітіру.

Тасқындардың заңдылықтары кеңістік пен уақыттағы өлшемдердің өзгергіштігінің тәуелділігімен сипатталады. Құрылыс объектті тасқын уақыт пен кеңістікке байланысты дамып отырады. Оның дамуы графикалық түрде циколограммада бейнеленеді. Көлденең бөлігіне уақыт, ал тігінен құрылыс өнімдерінің бірлігі көрсетіледі.

Жеке тасқынның ұзақтығы мына формуламен анықталады:

t = k ∙ m,

мұндағы k- тасқын ырғағы; m – учаскедегі алымдар саны.

Объектті тасқынның ұзақтығы:

T = k ∙ (m+n–1),

n – процесс саны.

Объектті тасқын 3 кезеңде дамиды: T’ – өндіріс қуатының өсуі; T’’ – орнатылған тасқын; T’’’ – жұмыстың бұрылуы; бірдей ырғақты тасқындар үшін периодтары бірдей болады T’ = T’’’ = k (n – 1). T’’ орнатылған тасқынның периоды үлкен болған сайын, ол тиімді және лайықты.

Тасқын параметріне қарай 3 түрге бөлінеді: кеңістік, технологиялық, уақытша. Технологиялық параметрлер: жеке құрамалар саны – n; жұмыс көлемі – P, p; еңбек сыйымдылығы – Q, q; қуаттылығы – W, w.

Кеңістік параметрлеріне жұмыс алаңы, қабат, учаске монтажы, технологиялық түйін, алым, бөлгіш (делянка) жатады.

Уақытша параметрлеріне цикл модулін, циклдің монтажды модулін, құрама қабамы мен екпінін жатқызады.

Құрамалардың түрлері. Құрылыста құрамаларды құрылымына байланысты – кешенді, объектті, арнайыланған, жеке; ырғақты сипаттамасына қарай – ырғақты, қысқа ырғақты, түрлі ырғақты; бөлшектеу процесінің тереңдігіне қарай – толық және жекеленген бөлшектеу; даму дәрежесіне қарай – орналастырылған және орналастырылмаған болып бөлінеді.

Әдебиеттер: [2,c.6-9; 3,c.13-17; 4,c.155-158; 5,c.68-96]