Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК-ОПСП-Стр-09-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.37 Mб
Скачать

Ғимарат салу кезінде жұмыс жүргізуді ұйымдастыру

Құрылыс жұмыстарының циклдары: Ғимарат салудың бүкіл процесін біртекті (бір-бірімен байланысты) жұмыстарды біріктіретін бірнеше циклдарға бөледі. Оның өзі құрылыста жұмысшы кадрларын іріктеуді, материалдармен, конструкциялармен, механизмдермен қамтамасыз етуді жеңілдетеді. Мысалы, ғимарат салу кезіндегі бүкіл жұмыс кешенін бастапқы, жер үсті, өңдеу және арнаулы циклдарына бөледі.

Бастапқы циклға нөл белгісінен төменгі жұмыстар кіреді: шұңқырлар, траншеялар қазу, іргетастар және жертөле қабырғаларын салу; еден астын дайындау; жертөлеге басқыштар мен шұңқыр қондырғыларын және жертөле үстіндегі жаппаларды орнату.

Жер үсті цикліне – ғимарат каркасын (қорабын), қабырғалар, бөлгіш қабырғалар, баспалдақтар, жаппалар, шатыр конструкцияларын салу кіреді.

Өңдеу циклі – сылақ, қаптау, майлау, сәндік жапсырмалар және әйнек салу жұмыстарын, сондай-ақ еден төсеніштерін жасауды қамтиды.

Арнаулы цикл – ішкі жүйелерді салу және сумен қамтамасыз ететін аспаптарды, канализация жолдарын, жылу, желдету, газдандыру, электрмен қамтамасыз ету жүйелерін орнату жұмыстарынан, сондай-ақ дәлдікті қажет ететін жұмыстарынан тұрады.

Жабдықтарды (технологиялық, жүк көтеру-тасымалдау, электр күшін беретін және тексеру өлшегіш) монтаждау жеке циклды құрайды.

Әр циклдың өзіне жұмыс жүргізудің мынадай жүйесі белгіленеді, мұнда дұрыс технологияны, жоғары жұмыс сапасын және қауіпсіздік техника талаптарын бұлжытпай орындай отырып, жұмысты уақытпен барынша үйлестіру алдын ала қарастырылады.

Жұмыс жүргізу әдістері. Әр цикл бойынша негізгі жұмыстарды жан-жақты қамту принципіне сәйкес ұйымдастырады.

Қабырғаларды кірпіштер тұрғызылатын және қабат арасына құрама темірбетон жаппалар төселетін тұрғын үйлер салу кезінде тас қалау жұмыстары қабаттарды көлденең қамту әдісімен жүргізіледі, яғни қаланатын ғимаратты еңбекті бірдей қажет ететін бірнеше қалау бөліктерге бөледі. Әрбір қамту учаскесінде қабырғаларды қабат биігіндей етіп төсейді: ол үшін алдымен қабатаралық жаппа арқылы, ал содан кейін инвентарлық сатылар арқылы қалайды. Бірінші қамтудағы қалау жұмысы аяқталған соң, тас қалаушылар екінші қамту бөлігіне көшеді, ал монтажшылар бірінші қамту бөлігінің бөлгіш қабырға панельдерін және жаппа плиталарын орнатады. Осылай жұмыс процесі қайталана береді. Бір қабаттағы қамтылу саны ғимараттың аумағына байланысты. Ғимараттың бір секциялы үйге тепе-тең болатындай бөлігі қамтылады.

Қабырғалардың кірпіш қалауын үш ярус арқылы белгілі бір бөлікке бекітілген звенолар атқарады, бұл олардың біліктер салуға мамандануын және орындаушылардың жұмыс сапасына деген жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Әр қамтудағы қалау жұмысын ярустағы бөле отырып алдымен бірінші учаскеде, содан кейін екінші учаскеде жүргізеді. Бұдан кейінгі қалау процесі осылай қайталанып отырады. Үшінші ярусты төсеп болған соң тас қалаушылар екінші қамту бөлігіне ауысады, ал біріншісінде бөлгіш қабырғалар мен жаппалар монтаждалады.

Бригадалық еңбекті ұйымдастыру формалары

Жұмысшылар звеноларын мамандандырылған немесе кешенді бригадаларға біріктіреді.

Мамандандырылған бригадалар кәсібі (мамандығы) бір жұмысшылардан құрылады және қарапайым жұмыс процестерін атқарады. Мұндай бригадаларды звенолар сияқты іріктейді.

Кешенді бригадалар белгілі бір өнім шығаруға қатысатын мамандықтары әртүрлі жұмысшылардан құралады. Кешенді бригада негізгі мамандығы бар жұмысшыларға, яғни тікелей дайын өнімдер жасайтын жұмысшыларға ерекше мән беріледі: кірпіш қалау кезінде тас қалаушылар, бетоншылар және т.б. Сонымен бірге негізгі мамандықтағы жұмысшылардың санына қарай басқа да кәсіптегі жұмысшыларды тағайындайды.

Кешенді бригада әдетте арнаулы звеноларға бөлінеді. Мысалы, тас қалау бригадасы тас қалаушылар, ағаш ұсташылар, монтажшылар, такелаж жасаушылар звеноларына бөлінеді.

Негізгі өнім жасайтын кешенді бригадалар күрделі жұмыстарды атқарады және олардың өнімдері тас қалау немесе темірбетон іргетастар салу емес, ішкі әрлеу жұмыстарына арнап тұтас ғимарат тұрғызу болып табылады. Бригадалардағы еңбек ұйымдастырудың мұндай формасы құрылыс процестерін неғұрлым толық үйлестіруді, жұмысшылардың аралас мамандықтарды игеруін және еңбек шығындарын үнемдеуді, жұмыс сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Еңбек ұйымдастырудың бригадалық формасын нығайту және одан әрі дамыту үшін өндіріс бригадаларындағы шаруашылық есепке көшірудің мәні зор. Сондықтан шаруашылық есептің озық формасы мердігерлік бригада болып табылады.

Құрылыс-монтаждау ұйымының әкімшілігі өз тарапынан құрылыс объектісін дер кезінде жобалау-сметалық және ұйымдастыру-технологиялық құжаттармен, құрылыс машиналары және механизмдермен, конструкциялар және бөлшектермен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Бұл шартты көрсетілген жұмыстарды атқару, құрылысты инженерлік-техникалық басқаруды қамтамасыз ету үшін қажет.

Келісім шарт жасау кезінде мердігерлік бригадаға объект бойынша жұмыстар атқару үшін аккордты наряд (қаржы) беріледі және оған тапсырылған жұмыстарды жүргізуге кететін шығындар: материалдарға, конструкциялар мен бөлшектерге берілетін лимиттер, құрылыс машиналарын пайдалануға кететін шығындар; қосымша шығындар белгіленеді. Бригаданың өзіне тапсырылған жұмыстарды орындау барысында жоспардағы және нақты жұмсаған шығындары арасындағы айырма сол бригадаға түскен үнем қаржысын құрайды.

7 дәріс+

21-тақырып.