Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК-ОПСП-Стр-09-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.37 Mб
Скачать

Құрылыстағы дайындық жұмыстары. Құрылыс алаңын әзірлеу

Құрылыс басталар қарсаңында алдымен ұйымдастыру-техникалық дайындықтар жүргізілу керек екендігі құрылыс нормалары мен ережелерінде көрсетілген: бұлар жобалау-сметалық құжаттама дайындау, бірінші кезекте берілетін жабдықтарға тапсырыс беру, құрылысқа территория бөлу. Бұдан кейін объект салынатын құрылыс алаңдарын дайындау жөніндегі жұмыстар атқарылады. Оларды жобаға сәйкес құрылыс ұйымдары жүзеге асырады. Ең соңында объект салу кезінде жұмыс жүргізу үшін қажет уақытша ғимараттар мен құрылыстар тұрғызу және қондырғылар орнату жөніндегі жұмыстар жаслады.

Құрылыс алаңын әзірлеу. Құрылыс алаңын әзірлеуді геодезиялық бөлгіш тораптар жасаудан бастайды, бұл құрылыс жобасын нақты іске асыру үшін қажет.

Егер құрылыс елді мекендерге орналасқан болса, оны қоршап тастайды. Ел қоныстанбаған жерлерде сым қоршау орнатады.

Құрылыс кезінде пайдаланбайтын үй-жайларды бұзады және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге болатындай етіп алаңдарды әзірлеу үшін қажет басқа да жұмыстарды атқарады.

Құрылыс алаңдарын инженерлік дайындау жұмыстары. Құрылыс алаңдарын инженерлік дайындау жұмыстарының міндеті, негізгі құрылыс жұмыстарын орындау үшін жағдайлар жасау болып табылады. Алаңдағы бұрынғы жер асты коммуникацияларын (су құбыры, канализация, су жинағыш науа, газ құбырлары) қайта төсейді, сондай-ақ құрылыс процесінде пайдаланбайтын жер үсті желілерді (электр өткізгіш, байланыс сымдарын) ауыстырады. Құрылыс территориясының жоспарын жасайды және тұрақты немесе уақытша жол торабын ұйымдастырады. Уақытша немесе тұрақты жұмыс істейтін су және энергия беру көздерін салады, телефон желісін жүргізеді. Жүк түсіруге арналған уақытша алаңдар, механикаландырылған қондырғыларға және монтаждау крандарына апаратын жолдар салады.

Уақытша үй-жайларды құрама бөлшектерден немесе зауытта дайындаған тұтас-жылжымалы инвентарь ғимараттардан тұрғызады. Құрастырылып-бөлшектелетін ғимараттар, сол сияқты контейнер пішіндес үй-жайларды, кеңсе, кіріп-шығатын жол, медпункт, жұмысшылар демалатын, киім құрғататын бөлме, асханалар, қоймалар, жөндеу шеберханалары ретінде пайдаланады. Осы үй-жайлардың бәрінде құрылыстың негізгі жоспарына сәйкес құрылыс территориясына орналастырады, ал олардың құрамы мен көлемі құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленеді.

Құрылыстың негізгі жоспарына сәйкес алаңдары материалдар, бөлшектер және конструкциялар сақталатындай етіп жабдықталады.

Барлық құрастырылған крандарды, көтергіштерді және басқа да жүк көтергіш машиналарды, сондай-ақ олар жүретін жолдарды жұмысқа беру алдында мемлекеттік техникалық бақылаудың тиісті ережелеріне сәйкес куәландырады және сынақтан өткізеді. Мұны осы машиналардың қауіпсіз жұмыс істеуіне жауапкер техникалық мамандар атқарады.

Дайындық кезеңінде құрылыс және монтаждау ұйымдары материалдарға, құрастырмалы конструкцияларға және бөліктерге тапсырыс береді. Олардың орындалу мерзімі жұмыс жүргізу графигі арқылы белгіленеді.

Материалдар мен конструкцияларды қабылдау және қатарлап орналастыру

Объект жанындағы қойма. Құрылысқа арнап тапсырыс берілген материалдар мен конструкцияларды объект жанындағы қоймаларға жеткізеді және құрылыстың негізгі жоспарында көрсетілгендей етіп, жұмыс жүргізу жобасы мен объект жанындағы қоймалардың схемасына сәйкес орналастырады.

Әрбір материалға арнап, яғни оны жұмыс орнына тасымалдау кезінде неғұрлым аз еңбек және уақыт жұмсалатындай орын тағайындайды. Қабылдау мен ерітінді тиеуге де дәл осылайша орын белгіленеді.

Материалдар (олардың түрлеріне қарай) жиналатын алаңдар бір-бірімен ені кемінде 1м аралық жол арқылы бөлінеді. Әр алаңда материалдар мен жабдықтарды маркасына қарай қатарлап орналастырады. Материалдар қатарын, яғни оған өтуге және жүк (материал) тиеуге қолайлы болатындай етіп 0,7м аралықпен төсейді.

Бір типтегі жабдықтар көп болған жағдайда, олар жиналған тұсқа бұйымдардың сериясы және маркалары көрсетілген белгілер орнатады.

Темірбетон және бетон бөліктерін, сол сияқты блоктарды, яғни олардың зауыт белгілеген маркаларын көруге және оны оқып білуге болатындай етіп қатарлап жинап, жабдықтардың монтаж ілгектерін жоғары қаратып орналастырады.

Құрама бөлшектерді тиеу кезінде қолайлы етіп жинайды: текше қатарлардың биіктігі құрастырмалы темірбетон жабдықтар үшін – 2...2,5м аспауы қажет.

Бұйымдарды пішіні өзгермейтіндей, бүлінбейтін және олардың бет жағы бұзылмайтындай етіп орналастырады. Конструкциялар мен бөлшектерді тек қана тік бұрышты төсеніштерге салуға рұқсат етіледі; конструкциялар бетіне су жиналмауға тиіс, сондықтан да оларды сәл еңістеу етіп қалайды.

Бұйымдар мен материалдарға паспорт (төлқұжат) немесе куәлік беру.

Жабдықтаушы-зауыттар құрылыстарға жіберілетін материалдар мен бұйымдарға паспорт немесе куәлік береді. Паспорт, сол бұйымдардың МемСт белгілеген жобаға (жұмыс сызбасына) немесе техникалық шарттарға сәйкес дайындалғандығын көрсететін куәлік болып табылады. Құрама конструкцияларды паспортсыз қабылдауға тыйым салынады. Паспортта МемСт немесе техникалық шарттар бойынша бұйымдардың аттары және олардың шартты белгілері (индексі), МемСт-ң немесе техникалық шарттың нөмірі, топтап шығарылған бұйымдардың саны, даындалған және оларды техникалық бақылау бөлімінің қабылдаған күні және техникалық бақылау бөлімінде бақылаушының нөмірі, бетон маркасы, қабылдау кезіндегі бетонның беріктік деңгейі (жобадағымен салыстырғанда процент есебімен) көрсетіледі.

Бір типті құрастырмалы темірбетон конструкцияларының әр тобына (партиясына) арнап, дайындаушы-кәсіпорын өз тарапынан құрылыс ұйымдарына бетон үлгісінің тексерілгендігі туралы сынау актісін тапсырады.

Конструкциялар мен бұйымдарды қабылдау. Монтаждауға келіп түскен конструкцияларды қабылдаған кезде олардың сыртқы сапасын қарап тексереді. Бұйымның бұзылмағандығы немесе басқа да ақаулардың (сынықтар) жоқтығына, оның беткі жағы жобаның талабына сәйкес екендігіне көз жеткізеді. Кейбір элементтердің геометриялық мөлшерінің жоба көрсеткішіне сәйкес келуін, сол сияқты қаланатын бөлшектердің, белдеулердің, жырықтардың, қуыстардың, жиек-қырлардың дұрыс орналасуын, санитарлық-техникалық, электртехникалық және басқа да жабдықтардың құрастырмалы бөлшектерінің сақталуын қадағалайды.

Ауытқулары тиісті мөлшерден артық немесе басқа да елеулі кемшіліктері бар құрама конструкция элементтерін жарамсыз деп тауып, ол жөнінде акт жасайды.

Материалдарды қатарлап жинау. Қатарлап жинау ережелері технологиялық карталарда және еңбек процестері карталарында көрсетілген.

Кірпіштерді маркасына қарай орналастырады, ал көрнекі кірпіштерді – беткі түсі бойынша жинайды. Егер кірпішті құрылыс алаңына контейнерсіз немесе қорапсыз жеткізетін болса, онда оларды биіктігін 1,6м-ге дейін қатарлап, қолмен түсіреді. Мұнда жартылай қуыс кірпіштерді қуыс жағын төмен қаратып қалайды, оның өзі қуыстарға су кіріп, қату кезінде кірпіштерді бүлдірмеу үшін жасалады.

6 дәріс+