Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК-ОПСП-Стр-09-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.37 Mб
Скачать

Құрылысты және жұмыс жүргізуді ұйымдастыру. Құрылыс өндірісін басқаруды ұйымдастыру

Тез үнемді әрі жоғары техникалық деңгейде салу – құрылыс өндірісінің түбегейлі міндеті. Бұл міндетті ойдағыдай жүзеге асыру, ұйымдастыру жұмысын үнемі жетілдіріп отыруды және құрылысты индустрияландыру деңгейін үнемі арттыруды талап етеді. Индустрияландыру – бұл ғимараттар мен зәулім үйлер салудың кешенді механикаландырылған процестерін және құрастырмалы конструкциялардың, сондай-ақ құрылыстың әзірлігі жоғары материалдар мен бұйымдарды кең пайдалану арқылы, құрылыстағы озық әдістерді қолдана отырып құрылыс өндірісін ұйымдастыру болып табылады.

Құрылыс монтаж жұмыстарын жақсы, жедел және арзан етіп орындау үшін, еңбек өнімділігін арттыру міндетін ойдағыдай шешу үшін құрылыспен өнеркәсіпте неғұрлым аз шығын шығара отырып, өндіріс көлемін арттыруды камтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен ұйымдарды мамандандыруды үнемі жетілдіріп отыру қажет. Мамандандыруды арттыра түсу бүгінгі таңда құрылысты ұйымдастырудағы негізгі принциптердің бірі болып табылады. Оның өзі көбінесе екі қабатта жүзеге асырылады: технологиялық мамандандыру ретінде, мұнда құрылыс немесе монтаждау ұйымы жұмыстардың жекелеген түрлерін орындаумен айналысады, мысалы, құрастырылған конструкцияларды монтаждайды, әрлеу, изоляциялау, санитарлық-техникалық жұмыстарын жүргізеді; салалық заттық мамандандыру оның міндеті белгілі бір саланың, мысалы ауыл шаруашылығының транспорт құрылысының объектілерін салуды жүзеге асыратын ұйымдар құру болып табылады. Қазіргі уақытта еліміздегі құрылыс жұмыстарын, көбінесе, мердігерлік жалпы құрылыс жұмыстарын, мердігерлік жалпы құрылыс министрліктері жүзеге асырады. Бұларға арнайы министрліктер атқаратын құрылыстардан басқа сол өздеріне бекітілген аудандардағы қай саланың болсын кез келген объектілерін салу жүктелген. ҚР Энергетика және электрлендіру министрлігі, Мұнай және газ өнеркәсіп кәсіпорындарын салу министрлігі, Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі арнайы ұйымдар болып табылады және белгілі бір саладағы құрылыс тапсырмаларын орындайды. Монтаждау және арнаулы құрылыс жұмыстарының министрлігі арнайы тапсырылған жұмыстарды атқарады және технологиялық жабдықтарды, күрделі конструкцияларды электр энергиясымен қамтамасыз ету және ғимаратты желдету жүйелерін құрады.

Көптеген қалаларда үй құрылыс комбинаттарын (ДСК), ауыл шаруашылығында өндірістік объектілер салуға арналған ауыл шаруашылық комбинаттарын құру да құрылысты мамандандырудың озық формасы болып табылады.

Көп қайталанатын объектілердің салынуын қамтамасыз ету үшін жобалау-құрылыс және жобалау-өнеркәсіп құрылыс бірлестіктері құрылады. Бұлар тапсырыс бойынша жобалаудан бастап, дайын объектілерді пайдалануға дейінгі бүкіл жұмыс жиынтығын атқарады. Мұндай комбинаттар жобалау құрылыс бірлестіктерінің артықшылығы сонда, өйткені жобалау конструкциялармен жабдықтарды дайындау және іріктеп жинақтау оларды құрылысқа жеткізу және объект салу жөніндегі барлық мәселелерді шешеді. Сонымен бірге неғұрлым жетілдірілген техникалық және технологиялық шешімдерді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік жасайды.

Ірі құрылыстарда, әдетте, ондаған құрылыс ұйымдары жұмыс істейді, ал оларды конструкциялармен, монтаждау бұйымдарымен, материалдармен және құрал жабдықтармен камтамасыз ету үшін баска да кәсіпорындар мен ұйымдар қатыстырылады. Осыларды қамтамасыз ету үшін құрылыс тәртібін және барлық орындаушылардың: тапсырыс берушілердің, мердігерлік және жобалау ұйымдарының, материалдар, жабдықтар бөлетіндердің және т.б. өзара қарым-қатынасын реттеуші нормалар мен ережелер белгіленген.

5 дәріс+