- •Комбатанттардың құрамы мен құқықтық жағдайына құқықтық талдау жасаңыз.
- •Комбатант еместердің құқықтық жағдайына құқықтық талдау жасаңыз.
- •Шпион (лазутчик) түсінігі мен оның белгілерін қарастыра отырып оның құқытық жағдайын анықтаңыз.
- •Жалдамалылар мен еріктілердің құқықтық жағдайының ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •Қарулы қақтығыстың басқа да қатысушыларының құқықтық жағдайына құқықтық тұрғыдан сипаттама беріңіз.
- •Соғыс құрбандарының түсінігі мен түрлеріне анықтама бере отырып талдау жасаңыз.
- •1949 Ж. Соғыс құрбандары туралы Женева конвенциясының ролі мен маңызын ашыңыз.
- •Аурулар мен жаралылардың құқықтық режимі мен құқытық жағдайын анықтаңыз.
- •Қамқоршы держава институтына 1949 ж. Женева конвенцияларына сүйене отырып құқықтық талдау жасаңыз.
- •Әскери тұтқындардың құқықтық режимі мен құқытық жағдайын анықтаңыз.
- •Қарулы қақтығыс аймағындағы азаматтық тұрғандардың құқықтық жағдайын анықтаңыз.
- •Женева коныенциясы бойынша азаматтық объектілердің құқықтық мәртебесін анықтаңыз.
- •1949 Ж. Женева конвенцияларына сәйкес таңдалмаған сипаттағы әскери әрекеттерден азаматтық объектілерді қорғау дәрежесі.
- •Қарулы қақтығыс кезінде мәдени құндылықтарды қорғауға құқықтық талдау жасаңыз.
1949 Ж. Женева конвенцияларына сәйкес таңдалмаған сипаттағы әскери әрекеттерден азаматтық объектілерді қорғау дәрежесі.
Қазіргі кездегі хал қум құқық бойынша егер де әскери обьекттерге шабуылдың нәтижесінде бейбіт тұрғындар арасында шектен тыс шығындар туындаса, азаматтық обьектерге шектен тыс нұқсан келсе не жойылса, ондай обьекттерге шабуылдаудың белгілі бір шектер бар. Бірінші қосымша протокол бойынша атом электростанцияларына, плотиналарға, дамбтарға , тіпті олар әскери обьект болса да, бейбіт тұрғындардың өміріне үлкен зиян келтірсе, оларға шабуылдау кез келген жағдайда тиым салынады. 1980ж кейбір қаруларды қолдануға тиым салу конвенциясына сәйкес кез келген жағдайда бейбіт тұрғындарға жақын маңда орналасқан әскерлерге ауадан жіберілетін қаруды қолдануға болмайды., оларды бомбалауға тиым ссалынған.
Соғысушы жақтар әскери обьекттерді бейбіт халықтан алысқа орнықтыру қажет және ешқашан да халықты қорған ретінде қолдануға құқықтары жоқ.
1976ж кеңес одағымен қабылданған конвенция бойынша табиғатқа үлкен зиян келтіретін кез келген әскери қару жарақты қолдануға тиым салынады. Бұл конвенция Вьетнамдағы жағдайдан кейін қаб. Экологиялық апатты вьетнам жеріне АҚШ алып келген болатын және соның нәтижесінде қаза тапқандардың 90% бейбіт халық болды. Бұл конвенция өзінің жалғасын қосымша протоколдан тапты әрі толықтырылды.
Азаматтарды қорғау үшін хал гум құқық арнайы зоналар мен аумақтардың болуына жол береді. Женева конвенциясында нейтралды зоналар жайлы айтылса, қосымша протоколда демелитаризацияланған жерлер жайлы сөз болды. Ондай жерлерді бір мемл қару жарақпен қорғай алмайды, ал екіншісі қарумен шабуылдай алмайды. Алайда практикада ол көп қолданылмайды, қолданылғанда да бұл заңдар сақталмай, халық азап шегеді.
К числу недостатков протокола следует также отнести отсутствие в тексте прямого указания на то, что в ходе боевых операций воюющие стороны обязаны обеспечить надлежащую защиту гражданских объектов и соответственно ограничивать военные действия только военными объектами. Во Втором Дополнительном протоколе 1977 г. выделены лишь следующие конкретные категории гражданских объектов, подлежащие защите:
- Объекты, необходимые для выживания гражданского населения (такие, как продукты питания, посевы, скот, запасы питьевой воды и т.д.)
- Установки и сооружения, содержащие опасные силы (плотины, дамбы и атомные электростанции).
- Культурные ценности, произведения искусства, места отправления культа.
Қарулы қақтығыс кезінде мәдени құндылықтарды қорғауға құқықтық талдау жасаңыз.
Мәдени құндылықтарды жою немесе зақымдау ең алдымен 1954ж Гаага конвенциясымен қорғалады. Онда бір елдің мәдени байлығын жою барлық адамзаттың мәдениетіне нұқсан келтіреді делінген.
Мәдени құндылықтар жалпы азаматтық обьекттер болғандықтан, оларға негізінен хал гуман құқықтың азаматтық обьектілерді қорғайтын жалпы ережелері қолданылады.
өкінішке орай көптеген ғасырлар бойы соғыс әрекеттерінің нәтижесінде көптеген шығармашылық туындылар мен ескерткіштер, жәдігерлер жойылып кетті. Бұрынғы кездерден бері мәдени құндылықтарды қорғау туралы айтылып келсе де, екінші дүн соғыстан кейін халықаралық ұйымдар арнайы қорғаншылық ережелрін жасауға мәжбүр болды.
Гаагалық конвенцияға сәйкес әр мемл соғыс кезінде өзінің мәдени құндылықтарын сақтап қалу үшін барлық мүмкін шараларды қолдануы қажет. Мысалы, ол заттарды соғыс болып жатқан жерден алысқа апару немесе әскери обьектілерін алыстау жерге орнықтыру сияқты.
Соғысушы жақтар мәдени құндылықтарға қарсы шабуылдауға, атуға тиым салынады және соғыс кезінде олар минималды түрде шығын болуы үшін тырысуы қажет. Сонымен қатар мәдени құндылықтарды әскери мақсаттарда қолдануға тиым салынады. Алайда гаагалық конвенция бойынша мәдени құндылықтарды әскери обьектке айналдырған жағдайда оларды шабуылдауға жол беріледі делінген және ол заңды болады.
Оккупациялаған державалар өзінің аумағында мәдени құндылықтарды қорғауға, жойылудан сақтап қалуға, ұрланудан сақтауға міндетті. Егер де оларды соғыс кезінде территориядан сақтап қалу мақсатында алып тастап басқа жерге ауыстырған болса, соғыс аяқталған соң оны орнына қайтару міндетті.
Екінші дүн соғыста болған жағдайлардан кейін хал құқық бойынша халықты қорқыту мақсатында мәдени құндылықтарды жоюға қатаң түрде тиым салынады.
Гаага конвенциясының қатысушы мемлекеттері осы ережелердің сақталуына жауапты болады әрі ол заңдар бұзылған жағдайда олардың сақталуы үшін мүмкін шараларды қолдануы қажет. Конвенцияның заңдарының орындалуына көмек көрсететін хал деңгейдегі ЮНЕСКО.
Қазіргі кезде гаага конвенциясы нақты құқықтық жүйеге айналды. Ол 1977ж протоколдармен, 1988ж Рим статутымен, осы Гаага конвенциясына жасалған 1999ж екінші протоколмен күшейтілді.
42. Бейтарап мемлекеттердің құқықтары мен міндеттеріне құқықтық талдау жасаңыз.
43. Соғыс кезіндегі бейтараптылық мәселелеріне қазіргі халықаралық тәжірибені ескере отырып құқықтық талдау жасаңыз.
Кез-келген мемлекет соғыстан бас тартуға құқылы, егер ол бейтарап мемлекет болса, онда халықаралық аренадағы кез-келген соғысқа қатысуына болмайды
Соғысушы тараптарды татуластырушы бола алады.Бейтарап мемлекеттердің шекарасы ешбір қолсұғудан тыс. Бейтарап мемлекеттердің өз құқықтары мен міндеттері болады. Бейтарап мемлекет - бұл осы мемлееттің егемендігі мен тәуелсіздігіне ешқашан, ешкімнің қол сұқпайтындығына ірі мемлекеттердің халықаралық келісімімен кепіл беруі, яғни осындай кепілдік берілген мемлекетті айтамыз.
Мысалы тұрақты бейтарап мемлекет Швейцария болып табылады. Швейцария халықаралық қарым-қатынастарды дамытуға қомақты үлес қосып келеді, оған оның бейтараптылық мәртебесі көмектеседі және бұл 2002 жылы оның БҰҰ-ның мүшесі болуына кедергі болмады.Сонымен қатар тұрақты бейтарап мемлекеттер қатарына Австрияны жатқызамыз. Оның бейтараптылығы Австрияның Федералды конституциялық заңында бекітілген. Сондай-ақ Мальта мемлекеті де Мальтаның Бейтараптылығы туралы Декларация қабылдаған болатын.
Бейтарап мемлекеттер басқа мемлекеттер сияқты бірдей құқықтар мен міндеттерге ие болады, яғни саяси тәуелсiздiк мен аумақтық тұтастығына, агрессиядан қорғануға құқылы. Сонымен қатар бейтарап мемлекет белгілі бір міндеттерді орындайды: соғысушы тараптардың бірінде қарулы қақтығыстарға қатыспайды, әскери одаққа қатыспайды, әскери база құру үшін щетел мемлекеттеріне өз аумағын ұсынбайды, бейтараптылық халықаралық-құқықтық мәртебесіне қайшы келетін экономикалық одаққа қатыспайды, бейбіт өмір сүру қағидасын басшылыққа ала отырып бейтарап мемлекет өз сыртқы саясатын жүргізеді, мемлекет бейтараптылығы гуманитарлық сипатқа ие.
Соғыс кезінде соғысушы тараптар бейтарап мемлекетке, сондай-ақ бейтарап және соғысушы тараптарының жеке тұлғаларына қатысты 1907 жылы қабылданған соғыс кезіндегі бейтарап мемлекет пен тұлғалардың құқықтары мен міндеттері туралы V Гаага конвенциясы қолданылады. Осы конвенцияға сәйкес бейтарап мемлекет аумағына қол сұғылмайды және оның аумағы соғыс театрына айнала алмайды.
Егер осы мемлекет, өзіне қарсы шабуыл жасалғанда , өзін- өзі қорғауды қоспағанда, ешқашан басқа мемлекетке қарсы қару көтермеуге және қашанда жанама түрде болсын соғыстың болуына ықпал ететін қандай да бір әрекеттер жасамауға міндеттенсе ғана мұндай кепілдік беріледі
Халықаралық құқықта және әлемдік саясатта соғысқа қатысудан бас тартатын, бейбіт өмірде әскери одақтарға кіруге құлық танытпайтын мемлекеттің мәтебесі.
Кез келген мемлекет бейтарап мемлекет болмай-ақ басқа мемлекетпен, егер сол мемлекет өзіне қарсы соғыс ашқан жағдайда өзінің бейтараптылығына міндеттеме алып сол мемлекетпен келісім шарт жасаса алады.
Ал мемлекеттің бейтарап болып қалуын дәлелдейтін бейтараптау туралы акт жасалады.
Акт - сол мемлекетпен ірі державалардың өзара келісімімен жасалаты халықаралық келісім - шарт болып табылады.
Бейтарап негізгі түрлері:
Позитивтік бейтарап
Дәстүрлі бейтарап
Шартты бейтарап
Тұрақты бейтарап
Позитивтік бейтарап ( немесе қосылмау қозғалысы). Қандайда бір соғыс одақтарына мүше болуынан бас тарту,бейбітшілікті сақтау, соғысқа жол бермеу және қарусыздандыруды белсенді түрде насихаттау. Қазіргі уақытта позитивтік бейтарап Азия, Африка және де Латын Америка елдерінде жүріп жатыр.
Дәстүрлі бейтарап. халықаралық шартта бейресми, бірақ өз еркімен ұзақ уақыт бойы ұстанып келе жатқан (Швеция). Дегенмент, дәстүрлі бейтарап нақты әскери қозғалыстарға өрестейді.
Шартты бейтарап. белгілі бір мерзімге нақтылы соғыс қимылдары жөнінде шарт тараптарының құқықтар мен міндеттер тізбесі белгіленген салалас халықаралық шартта көрініс табады. (мысалы, 1992жылғы Ресеймен Канада арасындағы шарт)
Тұрақты бейтарап. қандайда бір қарулы қақтығыстарда қатыспауға, өз шекарасында шет ел мемлекеттерінің әскери база салуға рұқсат бермейтін, әскери блоктарға кірмеуге (одақ) міндеттенетін егемен мемлекеттің халықаралық құқықтық мәртебесі. Басқа бейтарап түрлеріне қарағанда, тұрақты бейтарап мәртебесін иеленген мемлекет бейбіт уақытында да, соғыс кезінде де сәйкес бейтарап саясатын жүргізуге міндетті.
Халықаралық құқықта бейтарап мемлекет шекарасы - дербес құқықтық, яғни қол сұғылмаушылыққа ие. Соғыс аясындағы мемлекеттерге бейтарап мемлекет территориясында қандайда әскери базаға немесе әскерлерді тасуға және тағы басқада әскери әрекеттер жасауға тыйым салынады.Сонымен қатар бейтарап мемлекет шекарасында азаматтарды жалдауға рұқсат етілмейді.
Егерде шекарада соғысушы елдер әскерлері көрінетін болса, бейтарап мәртебесіне ие мемлекет әскери бөлімді соғыс әрекеттерінен алыс жерге бейтараптау керек. Ал соғыс аясынан қашқан әскери тұтқындарды, босатуға міндетті.
Бейтарап мемлекеттердің, сондай - ақ қарулы қақтығыс жағдайында соғысушы жақтардың бейтарап мемлекеттерге қарсы құқықтары мен міндеттері 1907 жылғы Гаага конвенцияларымен "Бейтарап елдер мен тұлғалардың соғыс жағдайындағы құқықтары мен міндеттері" және "Бейтарап елдер мен тұлғалардың теңіздегі құқықтары мен міндеттері", және сонымен қатар, бейтарап мемлекеттер аумағы әскери әрекеттер сахнасына айнала алмайтындығы жайлы бірқатар халықаралық құқықтық актілермен реттелген.
Түркіменстан Түркіменстан 1991 ж. қазанның 12 өз тәуелсіздігін жариялап және осы сәттен бастап ерекше мәртебелі ел болуды мақсат тұтып, әрекеттер жасаған.1995 ж. желтоқсанның 12 әлемнің 185 елінің қолдауымен ол БҰҰ-ның бейтарап ел деп таныған шешіміне қол жеткізді. 1995 ж. 12 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы “Түрікменстанның тұрақты бейтараптылығы” туралы қарар қабылдады. Онда БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің Түркіменстан-ның тұрақты бейтарап ел ретіндегі халықар.-құқықтық мәртебесін мойындап, қолдайтындықтары, егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейтіндіктері мазмұндалған. Халықар. ұйым осы тарихи қарарды қабылдағаннан кейін Түркіменстан Халық Мәслихаты 1995 ж. 27 желтоқсандағы мәжілісінде бейтараптылық туралы заңды тұрғыдан ресімдеу жөнінде шешім шығарды. Бұл құжат Түркіменстан-ның сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарын айқындаушы негіз болып табылады.
1780 — Швеция өзінің тұрақты бейтараптылығы туралы жариялады
1834 жылы Швецияның тұрақты қарулы бейтараптығы жөніндегі декларация қабылданды. 1905 жылы Норвегиямен жасалған уния бейбіт жолмен бұзылып, Норвегия өз дербестігіне ие болды. 1-дүниежүзілік соғыста Швеция бейтараптығын сақтады. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Швеция бейтараптығын сақтағанымен неміс әскерлеріне өз аумағында арқылы өтуге мүмкіндік берді. Соғыстан кейін 1948 жылы “Маршалл жоспарына” қосылып, АҚШ-тан қаржы көмегін алды. Дегенмен, НАТО құрылғанда Швеция өзінің әскери одақтарға қатыспау саясатын жариялады. Швецияның қазіргі мемлекеттік құрылысы 1974 жылғы конституциямен айқындалған. 1982 жылдан Швециядағы үкімет билігін социал-демократтар өз қолдарында ұстап келеді.
1830 ж. жиырма бесінші тамызда Брюссельде Голландия үстемдігіне қарсы көтерілістен соң, қарашаның оны күні ашылған Ұлттық конгресс елдің тәуелсіздігін жариялады. 1831 ж. бірінші қаңтарда Бельгияның мәңгі-бақи бейтараптылығы айқындалды. Сол жылы Ұлттық конгресс қабылдаған конституция елде конституциялық монархия орнатты. 19 ғасырдың 2-жартысында Бельгия өнеркәсібінде көмір өндіру, темір жол салу зор қарқынмен дамыды. Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914 – 18) кезінде Германия Бельгияға басып кірген соң (1914 ж. 4 тамыз), оның бейтараптығы бұзылып, Антанта жағында соғысты. 1940 ж. оныншы мамырда неміс-фашист армиясы елді тағы басып алып, 1944 ж. қыркүйекке дейін билік жүргізді. Бельгия – БҰҰ-на, Солтүстік Атлантика ұйымына (НАТО), Еуропалық қауымдастыққа, Бенилюкс елдер одағына, т.б. халықаралық ұйымдарға мүше. Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынасты 1992 ж. орнатты.
44. Бейтарап зоналардың құқықтық мәртебесін халықаралық құқық тұрғысынан талдаңыз.
Терра nullius - Рим заңының келіп латын термині, «ешкімнің жері емес» деп аударылады. Бұл термин халықаралық құқықта аумақ қандайда бір мемлекеттің егемендігінде болмағанда немесе мемлекет бұл аумаққа қатысты өз құқықтарынан бас тартқанда қолданылады. Бұл термин XVIII-XX ғасыр аралығында еуропалық отарлауда үлкен рөл атқарған. Себебі Терра nullius ретінде ешқандай державаға тиесілі емес шағын халқы бар немесе аборигендермен қоныстанған аумақ болды. Бұл кез келген еуропалық держава отарлай алады дегенді білдіреді. Бейтарап мемлекеттердің аумағы, Антарктика, бейтараптандырылған аумақ, ғарыш кеңістігі соғыс театры бола алмайды.
Бейтарап аумақ — екі мемлекеттің шекарасындағы аралық жер аймағы. Онда мемлекеттердің екеуінің де әскер ұстауға құқығы жоқ. Сонымен қатар, ол соғыс майданы болуға тиісті емес, бірақ сонымен қатар ол Терра nullius емес. Бірнеше тараптар арасындағы халықаралық шарттың нысаны болып табылады. Ол шартқа сәйкес, шарттың қолданылуы мерзімі ішінде тараптардың ешқайсысы ол аумақта бақылау орната алмайды. Бейтарап аумақтың шекарасын анықтау үшін көбінесе бейтарап зона термині қолданылады. Белгілі бейтарап зоналар:
• Бейтарап Мореснет (1816-1919 жылдар) - Біріккен Нидерланды Корольдігінің (кейін Бельгия) және Пруссия (кейін Германия империясы) арасындағы бейтарап аймақ
• бейтарап аймақ (Сауд-Ирак)
• бейтарап аймақ (Сауд-Кувейт)
• Транс-Каракорум жолдары
• бейтарап аймақ (Гибралтар)
• бейтарап аймақ (Сеута)
Сауд Арабиясы мен Ирак арасындағы бейтарап аймақ екі ел арасындағы 7044km² мөлшеріндегі аумақ болды. 1922 жылғы 2 желтоқсандағы шартпен шекараның көпшілігі анықталып, бейтарап аймақ құрылған болатын. Келісімге сәйкес аймақта тұрақты әскери қондырғылары мен ғимараттар салуға тыйым салынды және екі елдің халқы оның ресурстарына кедергісіз қол жеткізе алды.
45. Демилитаризацияланған зоналардың құқықтық мәртебесін халықаралық құқық тұрғысынан талдаңыз.
Демилитаризацияланған зона - халықаралық шарттар мен өзге де актілерге сәйкес әскери құрылғылар мен объектілер жойылған, қарулы күштерді ұстауға, бекіністер салуға тыйым салынған аймақ. Қазіргі таңда әрекет етуші демилитаризацияланған аумақтар:
Антарктиканың бүкіл аумағы;
Азия:
Кореяда - Солтүстік және Оңтүстік кореяның аралығында қарусыздандырылған аймағы, 1953 жылы;
Камбоджа мен Таиланд шекарасында;
Кувейт және Ирак шекарасы;
Мысырдың Синай түбегі;
Еуропа:
• Кипр аралында БҰҰ аймағы;
• Сербия мен Косово шекарасындағы аймақ;
• Шпицберген - Норвегия бақылауындағы іріктеу аймағы.
Тарихтан мысалдар:
Рейн қарусыздандырылған зонасы – 1919-1936 жылдар аралығы;
Вьетнамдағы қарусыздандырылған зона – 1950-1970 жылдар аралығы.
Рейн демилитаризацияланған аумағы – 1919 жылы Версаль бейбіт келісімшартымен Германияның Францияға шабуылына кедергі келтіру мақсатында құрылған болатын. Германияға осы аймақта әскерін орналастыруға, бекіністер салуына, маневр жүргізуіне тыйым салынды. 1933 жылы Германияда билікке Гитлер келгеннен кейін үкімет Рейн демилитаризацияланған аумағын жою үшін бағыт алға болатын. 1936 жылы 7 наурызда Берлинде Франция, Ұлыбритания, Италия, Бельгия елдерінің елшілеріне 1925 жылғы Локарн шартын тоқтату туралы неміс үкіметінің меморандумы берілді. Сол күні неміс әскерлері қарусыздандырылған зонаның аумағына кірді. Ұлттар Лигасының Кеңесі Германияны халықаралық міндеттемелерді бұзғаны үшін айыптады. Кейін Ұлыбританияның премьер-министрі неміс әскерінің Рейн аумағына кіруі әскери қақтығыс қауіп тудырмайды деп мәлімдеді. Ал бұның өзі Рейн қарусыздандырылған аумағының жойылғанын білдірді. Осы іс-шаралардың нәтижесінде, де-факто аймағы өмір сүруін тоқтатты.
Вьетнам демилитаризацияланған аумағы – 1950-1970 жылдары Вьетнамды екіге бөлген аумақ. Вьетнам соғысы кезінде белсенді соғыс қимылдарына орны болды. 1959 жылғы Женева конвенциясына сәйкес Вьетнам уақытша түрлі мемлекеттік құрылыммен екіге бөлінді. Елді біріктіру 1956 жылғы жалпы еркін сайлаудан кейін жоспарланған болатын. Солтүстік және Оңтүстік Вьетнамда әскери нысандар немесе әскери бөлім орналастыруға тыйым салынады, ол аймақтар 17 параллель бойымен бөлінді. Солтүстік және Оңтүстік Вьетнам аралығында қарусыздандырылған зона 1975 жылы Солтүстіктің жеңіске жетуімен өзінің өмір сүруін тоқтатты және 1976 жылы мемлекеттің қосылуы жүзеге асты.
