- •Комбатанттардың құрамы мен құқықтық жағдайына құқықтық талдау жасаңыз.
- •Комбатант еместердің құқықтық жағдайына құқықтық талдау жасаңыз.
- •Шпион (лазутчик) түсінігі мен оның белгілерін қарастыра отырып оның құқытық жағдайын анықтаңыз.
- •Жалдамалылар мен еріктілердің құқықтық жағдайының ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •Қарулы қақтығыстың басқа да қатысушыларының құқықтық жағдайына құқықтық тұрғыдан сипаттама беріңіз.
- •Соғыс құрбандарының түсінігі мен түрлеріне анықтама бере отырып талдау жасаңыз.
- •1949 Ж. Соғыс құрбандары туралы Женева конвенциясының ролі мен маңызын ашыңыз.
- •Аурулар мен жаралылардың құқықтық режимі мен құқытық жағдайын анықтаңыз.
- •Қамқоршы держава институтына 1949 ж. Женева конвенцияларына сүйене отырып құқықтық талдау жасаңыз.
- •Әскери тұтқындардың құқықтық режимі мен құқытық жағдайын анықтаңыз.
- •Қарулы қақтығыс аймағындағы азаматтық тұрғандардың құқықтық жағдайын анықтаңыз.
- •Женева коныенциясы бойынша азаматтық объектілердің құқықтық мәртебесін анықтаңыз.
- •1949 Ж. Женева конвенцияларына сәйкес таңдалмаған сипаттағы әскери әрекеттерден азаматтық объектілерді қорғау дәрежесі.
- •Қарулы қақтығыс кезінде мәдени құндылықтарды қорғауға құқықтық талдау жасаңыз.
1949 Ж. Соғыс құрбандары туралы Женева конвенциясының ролі мен маңызын ашыңыз.
Бұл конвенция 4 конвенциядан тұрады: І конвенция армиялардағы жараланған мен ауарулардың жағдайын жақсарту жайлы, ІІ конвенция теңіз қарулы күштер құрамындағы кеме апатына үшыраған жараланған және аурулардың жағдайын жақсарту жайлы, ІІІ әскери тұтқындар жайлы, ІV соғыс кезіндегі бейбіт халықты қорғау жайлы.
1993ж БҰҰ қауіпсіздік кеңесі конвенцияны хал құқықтың басты нормалары қатарына қосты, соның арқасында ол тек қатысушы мемлекеттер үшін ғана емес, сонымен қатар соғысқа қатысқан басқа мемлекеттерге де міндетті болып табылады. Конвенция француз және ағылшын тілдерінде жазылған.
Женева конвенциясы бойынша конфликтке қатысушы жақтар бейбіт халық пен комбатанттар арасын айыруға міндетті. Бейбіт тұрғындарға және жеке тұлғаларға зорлық зомбылық көрсетуге тиым салынған.
Қақтығыстар тек әскери обьекттерге қарсы бағытталуы тиіс. Соғысқа қатыспайтын немесе қатысушылығын тоқтатқан тқлғалар, сонымен қатар әскери тұтқындарын өздерінің өмірлерін құрмет көрсетуді сұрауға, физикалық және психикалық құолсұқпаушылыққа құқықтары бар. Ондай адамдарға кез келген жағдайда ешқандай дискриминациясыз қорғау мен гумандықпен қаралуы тиіс.
Тұтқынға өзін өзі берген адамдарды немесе әскери іс қимылға одан әрі қатыса алмайтындарды қарсыласқа өлтіруге немесе жарақаттауға болмайды. Сонымен қатар артық шығын мен азапқа әкеліп соғатын қару мен әскери әдістерді қолдануға болмайды.
Жарақаттанғанда мен ауруларға оның конфликттің қай жағына жататынына байланыссыз оған медициналық көмек көрсетілуі тиіс. Медициналық персоналды қорғаумен, транспортпен және құрал жабдықпен қамтамасыз ету керек.
Қызыл крест немесе ақ фондағы қызыл жарты ай эмблемасы қорғаншылықтың белгісі болып табылады. Осы белгілерді қолданған тұлғалар мен обьекттерге зорлық зомбылық көрсетуге, шабуылдауға болмайды.
Тұтқынға алынғандар өмірлерін сақтап қалуға, намыстарын қорғауға, өздерінің жеке политикалық немесе діни сенімдерін сақтап қалуға құқылы. Оларға ешқандай зорлық зомбылық әрекеттерін қолдануға болмайды. Олар отбасыларымен хабарласуға құқылы.
Женева конвенциясының соңғы нұсқасы 1949ж қабылданды. Алайда одан кейінгі соғыстардың нәтижесінде 1977 екі қосымша протоколдарды қабылдау қажет болды. 2005ж үшінші қосымша протокол қаб.
Бұл конвенцияның гумандық принциптері практикада көбіне ескерілмейді.
Аурулар мен жаралылардың құқықтық режимі мен құқытық жағдайын анықтаңыз.
Бұл сұрақ жалпы 1949ж Женева Конвенциясында және 1977ж І қосымша протоколда көрініс тапқан. Бірінші женевалық конв сәйкес жаралылар мен аурулар кез келген жағдайда қолсұғылмаушылыққа ие болып, олардың өмірлеріне көрметпен қаралуы тиіс және олар қорғауға алынуы керек. Соғысып жатқан тараптардың қайыссының қолына түссе де, бұл адамдардағы гуманды түрде қарап, оларға ешқандай дискриманациясыз көмек көрсетілуі тиіс. Оларды мәжбүрлеуге, қорлауға, азаптауға, өлтіруге, әдейілеп медициналық көмек көрсетпеуге, биологиялық эксперименттер жүргізуге тиым салынады.
Соғысушы тараптар әрдайым, әсересе қақтығыстан кейін міндетті түрде іздеу жүргізіп, жаралыларды тауып, оларға көмек көрсетуге міндетті. Жағдайларға байланысты екі жақ жаралыларды табу үшін уақытша бейбітшілік келісімін жасауы немесе атуды тоқтата тұруы мүмкін.
Қарсыластың қол астына түскен жаралылар мен аурулар әскери тұтқын саналады және олардың барлық құқықтарын иеленеді.
Соғысушы тараптардың біреуі қарсыласқа жаралылар мен ауруларды тастап кетуге мәжбүр болатын болса, ол солармен бірге қажетті барлық санитар персоналы мен оларға көмек көрсету үшін құралдарды тастап кетуі міндетті.
Ауруханаларда қаруланған күзеті болса да, ол оны хал гум құқықтың қорғауынан алмайды. Себебі аурухана жаралылар мен ауруларды қорғауға, көмек көрсетуге міндетті. Ол үшін олар тонаудың алдын алуға және милицияның көмегімен өзін өзі қорғауға құқығы бар. Жаралылар мен ауруларды күткені, көмектескені үшін ешкімді де аңдуға, күш көрсетуге болмайды. Бейбіт халық та, қайырымдылық қоғамдастықтары да жаралылар мен ауруларды іздеп тауып, оларға көмек көрсете алады.
Кеме апатына ұшырау нітижесінде жараланғандарды әр қақтығыстан кейін тауып, оларға көмек көрсетілуі тиіс. Ол үшін әдейі жабдықталған санитарлық кемелер бар. Бұл кезде адамның әскер не бейбіт тұрғын екеніне қарамастан көмек көрсетілуі тиіс.
