- •Комбатанттардың құрамы мен құқықтық жағдайына құқықтық талдау жасаңыз.
- •Комбатант еместердің құқықтық жағдайына құқықтық талдау жасаңыз.
- •Шпион (лазутчик) түсінігі мен оның белгілерін қарастыра отырып оның құқытық жағдайын анықтаңыз.
- •Жалдамалылар мен еріктілердің құқықтық жағдайының ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •Қарулы қақтығыстың басқа да қатысушыларының құқықтық жағдайына құқықтық тұрғыдан сипаттама беріңіз.
- •Соғыс құрбандарының түсінігі мен түрлеріне анықтама бере отырып талдау жасаңыз.
- •1949 Ж. Соғыс құрбандары туралы Женева конвенциясының ролі мен маңызын ашыңыз.
- •Аурулар мен жаралылардың құқықтық режимі мен құқытық жағдайын анықтаңыз.
- •Қамқоршы держава институтына 1949 ж. Женева конвенцияларына сүйене отырып құқықтық талдау жасаңыз.
- •Әскери тұтқындардың құқықтық режимі мен құқытық жағдайын анықтаңыз.
- •Қарулы қақтығыс аймағындағы азаматтық тұрғандардың құқықтық жағдайын анықтаңыз.
- •Женева коныенциясы бойынша азаматтық объектілердің құқықтық мәртебесін анықтаңыз.
- •1949 Ж. Женева конвенцияларына сәйкес таңдалмаған сипаттағы әскери әрекеттерден азаматтық объектілерді қорғау дәрежесі.
- •Қарулы қақтығыс кезінде мәдени құндылықтарды қорғауға құқықтық талдау жасаңыз.
Қарулы қақтығыс аймағындағы азаматтық тұрғандардың құқықтық жағдайын анықтаңыз.
Хал гум құқық көп уақыт бойы азаматтық тұрғындарды соғыс кезінде қорғау сұрағын елемеді. Сондықтан бейбіт халық бұрын ешқандай құқықтық қорғауға иеленбеді және соғысушы тараптардың езгісіне ұшырап отырды. Тек 1907ж Гаага конвенциясында оккупацияланған аймақтағы бейбіт тұрғындардың құқығын қорғау туралы бірнеше пункт көрсетілді.
Ал олардың жағдайы толықтай тек 1949ж Женева конвенциясының төртіншісінде өзгертілді. Атақты заңгер Жан Пике осы конвенцияны Дипломатиялық конференциялық басты жетістігі деген. Шынмен де комбатанттардың, комб еместердің, өзге соғыс қатысушыларының құқықтық жағдайлары бұрынғы конвенцияларда көзделсе де, бейбіт халықтың құқығы ешқашан бұрын қарастырылмаған.
Мүмкін бұл сұрақты бұрын қозғау қажет емес болған шыған, себебі бұрынғы соғыстарды бейбіт халықтың тек 2 әрі кетсе 5 проценті қаза тапқан болса, екінші дүн соғыста қаза тапқандардың жартысына жуық бейбіт халық болды. Сондықтан осы соғыстан соң төртінші женева конв қаб.
Конвенцияның мазмұнында алғаш бейбіт халықты азаптауға, қорлауғау, репрессалий мен коллективті жазалауға, қорқытуға, террорға тиым салынатын нормалар көзделді.
Конвенцияда азаматтық тұрғындарды тұтқындау тек олар үшін қауіпсіз болса жол беріледі делінген. Және де басып алған держава халыққа ізгілікпен қарап, оларға тамақ су, медициналық қамтамасыз етіп отыруы қажет. Оккупацияланған аймақтардағы 18ге толмаған азаматтарды еңбекке мәжбүрлеуге болмайды. Азаматтардың ешқайсысын соғыс қимылдарына қатысуға мәжбүрлеуге тиым салынған. Еңбекке жұмсалған адамдарға материалды сиақы берілуі тиіс.
Оккупациялаған держава халыққа тамақ су, медициналық көмек, шарушаылық жағынан қамтамасыз етуі тиіс. Егер олай істей алмаса, ондай көмекті шет елден алуы міндетті.
әдеттегі жағдайларда оккупациялаған держава сол аймақтағы заңды қолдап, сондағы сотты қолдауы тиіс. Ол соттар мен лауазымды адамдардың статусын өзгерте алмайды. Белгілі бір себеп бойынша бас бостандығынан айырылған азаматтар әскери тұтқындардың құқықтарына иелене алады.
Бұл конвенциядағы кейбір жерлері 1977ж қосымша протоколдарда толықтырылып, нақтыланды.
Конвенция ережелері бойынша хал гуман құқық азаматтарға нападение жасауға тиым салса да, онда сонымен қатар азаматтардың соғыс кезіндегі кездейсоқ құрбан болып қалуы да көзделген.
Женева коныенциясы бойынша азаматтық объектілердің құқықтық мәртебесін анықтаңыз.
Бірінші қосымша протоколда азаматтық және әскери обьектілердің де түсінігі беріледі. әскери обьекттерге өзінің сипаты, орны, қолданылу аясы арқылы әскери іс қимылда көмектесетін, толықтай не бір бөлікті жоюға, жаулап алуға, нейтрализациялауға қолданылып, әскери қозғалыста үлкен артықшылық беретін обекттер жатады. Соғыс жүргізу үшін арнайы жасалған заттар міндетті түрде әскери обект саналады. Сонымен қатар алғашында азаматтық обьект болған, бірақ белгілі бір уақыттан кейін әскериге айналған заттар да әскери обьект ретінде қарастырылады. (мысалы, әскерлердің оқ атуға айналдырған бірақ бұрын азаматтардың үйі болған жер)
Ал азаматтық обьекттерге әскериге жатпайтын барлық басқа обекттер жатады. Бірінші қосымша протокол бойынша азаматтық сипаттағы обьекттерге қорғау презумпциясы белгіленген. Яғни егер де аз обьекттің әскери обьект ретінде қолданылуы мүмкін деген күдік туындаса, онда олар азаматтық ретінде қарастырылуы керек.
Хал гум құқықтың нормалары азаматтар мен азаматтық обьекттерге шабуылға тиым салса дда, заң бойынша олар кездейсоқ құрбан болуы мүмкін екені айтылған.
Хал гум құқық бойынша әскерлер үнемі сақ болып, азаматтар мен азаматтық обьекттерді жоймауы қажет, яғни атыс кезінде олар үнемі обьекттің әскери екеніне көз жеткізу керек. Сонымен қатар әскерлер қауіпсіздік шараларын қолдануы тиіс, яғни соғыс қимылдары болып жатқан жерден азаматтар мен аз обьекттерді алып тастауы, бейбіт тұрғындар мен аз обекттер көп орналасқан жерде соғыс қимылдарын жүргізбеуі қажет.
Хал гум құқықтың нормалары бойынша ерекше қорғалуға жататын санитарлық және демилитаризацияланған зоналар. Оларды ешқандай жағдайда да шабуылдауға, ешқандай әскери қоғалыстар жасауға болмайды. Ондай ерекше жерлерге бейбіт халықтың өмір сүруіне қажетті заттарды қамтамасыз ететін жерлер де жатады. Мысалы, тамақ суды қамтамасыз ететін жердер, мал, т.б. ондай жерлерге шабуылдауға, жоюға толықтай тиым салынады.
Ерекше қорғалатын аймақтарға атом электростанциялары, гидро станциялар, плотиналар, т.б. жатады. Мұндай жерлерді тіпті әскери обьект болса да шабуылдауға болмайды.
Сонымен қатар халықтың мәдени байлығы міндетті түрде сақталуы қажет. Екі жақ та оларды құрметтеуі, оларды жоймауы, еш әскери қозғалыста оларды жойылуына әкеліп соғуы мүмкін болса қолданбауы, сақтауы, қорғауы тиіс.
Егер де қосымша протоколда көзделген тиым салуларды бір жақ жасаса, заңды бұзса, онда ол қылмыстық жазалануға жатуы тиіс.
