- •Комбатанттардың құрамы мен құқықтық жағдайына құқықтық талдау жасаңыз.
- •Комбатант еместердің құқықтық жағдайына құқықтық талдау жасаңыз.
- •Шпион (лазутчик) түсінігі мен оның белгілерін қарастыра отырып оның құқытық жағдайын анықтаңыз.
- •Жалдамалылар мен еріктілердің құқықтық жағдайының ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •Қарулы қақтығыстың басқа да қатысушыларының құқықтық жағдайына құқықтық тұрғыдан сипаттама беріңіз.
- •Соғыс құрбандарының түсінігі мен түрлеріне анықтама бере отырып талдау жасаңыз.
- •1949 Ж. Соғыс құрбандары туралы Женева конвенциясының ролі мен маңызын ашыңыз.
- •Аурулар мен жаралылардың құқықтық режимі мен құқытық жағдайын анықтаңыз.
- •Әскери тұтқындардың құқықтық режимі мен құқытық жағдайын анықтаңыз.
- •Қамқоршы держава институтына 1949 ж. Женева конвенцияларына сүйене отырып құқықтық талдау жасаңыз.
- •Қарулы қақтығыс аймағындағы азаматтық тұрғандардың құқықтық жағдайын анықтаңыз.
- •Женева коныенциясы бойынша азаматтық объектілердің құқықтық мәртебесін анықтаңыз.
- •1949 Ж. Женева конвенцияларына сәйкес таңдалмаған сипаттағы әскери әрекеттерден азаматтық объектілерді қорғау дәрежесі.
- •Қарулы қақтығыс кезінде мәдени құндылықтарды қорғауға құқықтық талдау жасаңыз.
Әскери тұтқындардың құқықтық режимі мен құқытық жағдайын анықтаңыз.
1949ж үшінші женева конвенциясында әскери тұтқындардың құқықтық жағдайы көрсетілген. Қысқаша айтсақ, жалпы олармен гуманды қарау қажет. әскери тұтқындарға хал конфликт кезінде қарсыластың қол астына түскен комбатант жатады. Сондықтан мемлекет әскери тұтқынға қарауға толықтай жауапты болады. Допрос кезінде әскери тұтқын тек өзінің аты жөнін, қызметін, туған жылын, жеке нөмірін айтуға міндетті. Оны басқа да ақпарат беруге мәжбүрлеуге тиым салынады. Оларды азаптауға, қорлауға, өзге де зорлық зомбылық көрсетуге болмайды және ол әскери қылмыс ретінде қарастырылады.
Тұтқындарға өздерінің әскер статусын сақтауға құқығы бар. Яғни олар өздерінің формаларын киіп, белгілерін сақтай алады.
Тұтқындағы әскерлер ұстап отырған елдің заңдары мен ережелерін сақтауға міндетті. Егер де олар заңды бұзса, оларға соттық не өзге де шаралар қолданылуы мүмкін. Алайда заң бойынша олар шектен тыс зорлық зомбылықтан сақталады.
Тұтқыннан қашып, алайда ұсталып қалған тұтқын тек дисциплинарлық жазалануға жатады. Егер де ол ұсталмай, өзінің қарулы күштеріне кері қосылса, алайда кейін тағы да тұтқынға ұсталса, ол ешқайндай да жазаға жатпайды.
Тұтқындарды ұстап отырған мемлекет тұтқындарды тегін сумен және тамақпен, медициналық көмекпен, гигиенаға қажет заттармен, киіммен өажет көлемде қамтамасыз етуі тиіс. Олар сонымен қатар діни сеніміне байл барлық рәсімдерді жүргізуге құқығы бар.
Конвенцияға сйікес тұтқындар өз отбасыларымен хабарласуға құқығы бар. Женевалық конвенцияның мазмұны әскери лагерьлерде әскерлердің түсінетін тілінде жазылып ілініп тұруы тиіс. Денсаулығы жақсы тұтқындарға әскери іс қимылдан басқа жұмыс жасатуға болады. Оларға қауіпті жұмысты жүктеу тек олардың ерікті келісімімен жүргізіледі. Тұтқын офицерлерді жұмысқа мәжбүрлеуге тиым салынады.
Тұтқындар соғыс аяқталған соң дереу түрде еліне қайтарылуы тиіс. Және де соғыс конфликті кезінде әскери тұтқындарды алмасуға жол беріледі.
Бұл женева конвенциясының нормалары 1977ж бірінші протоколда толықтырылды және нақтыланды.
Қамқоршы держава институтына 1949 ж. Женева конвенцияларына сүйене отырып құқықтық талдау жасаңыз.
Қамқоршы держава дегеніміз қақтығысып жатқан екі жақтың да келісімімен соғысқа қатысып, яғни бақылау жүргізіп, бір мемлекеттің территориясында екінші мемлекеттің мүддесін қорғап хал гуман құқықты сақтап отыратын нейтралды мемлекет.
Қамқоршы державалар өзінің дипломатиялық және консулдық персоналынан басқа өзінің азаматтары және басқа нейтрал мемл азаматтары қатарынан делегаттар белгілей алады. Конфликттегі тараптар қамқоршы держава делегаттарының жұмысын максималды жеңілдетіге тырысуы керек. Ондай делегаттар ешқандай да жағдайда конвенция көзделген шектерден асып кетпеуі тиіс.
Ең ескі бақылау механизмдеріне қамқоршы державаның институты жатады. Бұл институт алғаш 1870ж англо прусс соғысы кезінде іс әрекетке келді және бірінші дүн соғыс кезінде дамуын алды.
Екінші дүн соғыс кезінде конвенцияның жетілмегендігі байқалды. Соғысып жатқан жақтардың көп болуына байланысты қамқоршы державалар саны күрт төмендеп, олардың қызмет көрсетуі қиындады.
өз міндетін атқайрмайтын қамқ державалардың орнын басушы басқа мемл табуда қиындықтар болды. Соғыстың ауқымы кең болуына байланысты нейтралды мемлекеттер азайды. Бір кездері Швейцария қамқ держава ретінде 35 мемлекетті, Швеция 28ді қорғады.
Екінші дүн соғыс кезінде қамқоршы державалардың аз болуының кесірінен көптеген азаматтардың мүдделері қолданылмады, ізгілік қағидаты қолданылмады, тек әскери тұтқындар ғана емес, тіпті бейбіт халық та азап шекті. Соғыс кезінде женева конвенциясының нәтижелілігінің өте төмен деңгейде екені көрсетілді. Ол кезде соғысушы тараптарға қамқоршы державана тағайындау міндетті болмады. Қамқоршы держава ретінде тағайындалған мемл ол міндеттерден бас тартуға құқылы болды.
Қосымша протокол бойынша қамқоршы державаның қызметі нақтыланып, күшейтілді. Оларды тағайындау және ол міндеттерді орындау міндетті болып саналды.
Қамқоршы держава екі жақтығ қарым қатынас жасауы үшін көмек беруі керек. Ол барлық тұлғалармен кездесуге, куәгерлерсіз сөйлесуге құқығы бар. Және де соттық міндеттерді де атқара алады.
Қамқ державалар институты тек хал қарулы қақтығыстар кезінде қолданылады. Бірақ оны қолдану көп жағдайда қиындықтар туғызады.
