Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gumanit_pravo_otvet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106.02 Кб
Скачать
  1. Қарулы қақтығыстың басқа да қатысушыларының құқықтық жағдайына құқықтық тұрғыдан сипаттама беріңіз.

Басқа қатысушыларға партизандар, әскери разведчиктер, әскери кеңесшілер, инструкторлар, жалдамалылар, еріктілер, шпиондар жатады.

Партиза́н — қарсыластың оккупациялаған аймағында қпартизандық соғыстың әдістерін қолданып қарулы қақтығыс жүргізетін тұлға, партизан отрядының мүшесі. Партизандар белг бір армияға немесе отрядқа жатпайды. Олардың мақсаты мемлекетте орнаған политикалық немесе әскери билікке қарсы күш көрсету болып таб. Олар әскери жолмен, партизандық әдіспен әрекет етеді – диверсия, террор, полиция мен армиямен қарулы қақтығыс т.б. олар ашық түрде қаруланып, соғыстың заңы мен әдет ғұрпын сақтайды.

Әскери разведчиктер дегеніміз қарсыласып жатқан жақтардың қарулы күштер құрамына кіретін, әскери форма киетін және қарсыластың құрамына өзінің жағы үшін ақпарат жинау мақсатында кіретін тұлғалар. Тұтқынға түскен жағдайда олар әскери тұтқын статусына иеленеді.

әскери кеңесшілер мен инструкторлар деген басқа мемлекеттің қарулы күштерінің құрамына кіретін хал келісімшарттарға сәйкес басқа мемлекетте әскери техника мен қарулы күштердің жеке құрамдарын оқыту мақсатында болатын тұлғалар. Олар қақтығыстарға қатыспайды. Кеңесшілер әскери іс қимылдарды үйретеді, ал инструкторлар әскери техниканы меңгеруге көмектеседі. Егер олар қақтығысқа қатысса, комбатант танылады. медициналық қызметкерлерге келсек, олар тек қана медициналық қызметтерді орындайтын тұлғалар. Яғни олар қару жарақ қолдана алмайды. Олар тек ауруларға, жараланғандарға медициналық көмек көрсетеді, олардың ауруларына диагноз қояды, көмек көрсетеді. Олар соғыс кезінде хал гуман құқық нормалары бойынша қорғауға алынады.

  1. Соғыс құрбандарының түсінігі мен түрлеріне анықтама бере отырып талдау жасаңыз.

Алғаш соғыс құрбаны түсінігі 1949ж соғыс құрбандарын қорғау жайлы Женева конвенциясында берілді. Соғыс құрбандарына армиядағы жараланған және ауру адамдар, теңіз қарулы күштер құрамына жататын кеме апатына ұшырап жараланғандар, әскери тұтқындар және бейбіт тұрғындар жатады.

Жалпы, жаралнғандар мен ауруларға белг бір ауру, дерт бойынша, физикалық немесе психикалық ауытқу, мүгедектік бойынша медициналық көмекті қажет ететін және кез келген зорлық зомбылық іс әрекеттерден аулақ болуы тиіс адамдар жатады. Оларға сонымен қатар аяғы ауыр әйелдер мен жаңа туылған нәрестелер жатады.

Кеме апатына ұшырағандарға әскери қызметкерлер де, бейбіт азаматтар да жатады. Женева конвенциясы мен қосымша протоколдарға сйкес олар қажет көмекті алып, басқа статусты иеленбейінше соғыс құрбаны болып саналады және оларға ешқандай да зорлық зомбылық әрекеттері қолданылмауы тиіс.

әскери тұтқынға хал қарулы конфликтте әскери әс қимылға қатысқан және қарсыластың қолына түскен тұлға саналады. 1899 және 1907 жылы халықаралық Гаага конференциялары соғыс Тұткындары мәселелерін қарады. 1-дүниежүзлік соғыстан кейін 1929 жылы өткен Женева конференциясында оған кейбір өзгерістер енгізілді. Бұл конференцияларда қабылданған халықар. нормаларға сәйкес Тұткындарға оларды тұтқындаушы жақ адамгершілікпен қарауы керек; қорлауға, жәбірлеуге, өлтіруге, тәжірибе жасау құралы ретінде пайдалануға болмайды. Тұтқындаушы мемлекет Тұткындарды тегін асырап-сақтауға, қажет жағдайда медикалық көмекпен қамтамасыз етуге міндетті. Олардың тек қару-жарағы ғана алынып, киімдері, жеке заттары (ақша, құжаттар, фотосуреттер, т.б.) өздерінде қалдырылады. Сыртқы әлеммен байланысуға (хат жазу, телефон арқылы сөйлесу, т.б.), ақшалай және заттай сыйлық (посылка) алуға рұқсат етіледі. Тұткындарды (офицерлерден басқасы) әскери мақсатқа жатпайтын әр түрлі қара жұмыстарға пайдалануға болады; ол жұмыстар денсаулыққа зиянды болмауы және оларға жалақы төленуі тиіс

Жалпы, мұндай адамдардың құқықтық жағдайлары женева конвенциямен және қосымша протоколдармен анықталады. Олар қарсыластың қолына түссе, оларға әскери тұтқындар ретінде қарастырылады және оларға хал гуман құқық нормалары қолданылады. Оларды физикалық мәжбүрлеуге, өлтіруге, зорлық зомбылық көрсетуге, азаптауға, жарақаттауға, намысын қорлауға, медициналық немесе басқа да эксперимент жасауға т.б. тиым салынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]