- •Комбатанттардың құрамы мен құқықтық жағдайына құқықтық талдау жасаңыз.
- •Комбатант еместердің құқықтық жағдайына құқықтық талдау жасаңыз.
- •Шпион (лазутчик) түсінігі мен оның белгілерін қарастыра отырып оның құқытық жағдайын анықтаңыз.
- •Жалдамалылар мен еріктілердің құқықтық жағдайының ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •Қарулы қақтығыстың басқа да қатысушыларының құқықтық жағдайына құқықтық тұрғыдан сипаттама беріңіз.
- •Соғыс құрбандарының түсінігі мен түрлеріне анықтама бере отырып талдау жасаңыз.
- •1949 Ж. Соғыс құрбандары туралы Женева конвенциясының ролі мен маңызын ашыңыз.
- •Аурулар мен жаралылардың құқықтық режимі мен құқытық жағдайын анықтаңыз.
- •Әскери тұтқындардың құқықтық режимі мен құқытық жағдайын анықтаңыз.
- •Қамқоршы держава институтына 1949 ж. Женева конвенцияларына сүйене отырып құқықтық талдау жасаңыз.
- •Қарулы қақтығыс аймағындағы азаматтық тұрғандардың құқықтық жағдайын анықтаңыз.
- •Женева коныенциясы бойынша азаматтық объектілердің құқықтық мәртебесін анықтаңыз.
- •1949 Ж. Женева конвенцияларына сәйкес таңдалмаған сипаттағы әскери әрекеттерден азаматтық объектілерді қорғау дәрежесі.
- •Қарулы қақтығыс кезінде мәдени құндылықтарды қорғауға құқықтық талдау жасаңыз.
Шпион (лазутчик) түсінігі мен оның белгілерін қарастыра отырып оның құқытық жағдайын анықтаңыз.
шпион (немісше Spion - шпион, Spahen - ізіне түсу) - мемлекеттік немесе әскери құпиялықты құрайтын деректерді шетелге (оның агентурасына) жеткізу мақсатында аңду, тыңшылық ету, ұрлау немесе жинаумен айналысатын адам. Тыңшыларға қойылатын мақсаттар іштей зерттеу, іштен жау табу, оларды оқытып- үйретіп, басын құрау, сөйтіп өз еліне қарсы әрекет еткізу; тапсырма бойынша ішке іріткі салып, бүлік шығару; шетел басқыншыларына қарсы күштерге бөгет жасау; мемлекеттік- әскери маңызы бар нысандарды (зауыт, фабрика, вокзал, аэропорт, су қоймалары, көпірлер, т.б.) істен шығару, жару, қопару, диверсия ұйымдастыру, лауазымды адамдарға қастандық жасау; қарсы қолданбақ іс- әрекеттер мен алға қойған жоспарларды қолға түсіру, телеграф-пошталарды істен шығару, беріліп, таратылып жатқан хабар, маңызды әскери деректерді жылдам әрі жасырын өз басшыларына жеткізу. Осындай сұрқия істердің бәрі астыртын, елеусіз, білінбей жасалатындықтан және бүкіл ел тағдырына, мемлекет құрылымына кері әсер ететіндіктен тыңшы әрі тыңшылық қылмыстық құқық бойынша өте қауіпті мемлекеттік қылмысқа жатқызылады.[1]
Шпионның түсінігі Гаагалық ережеде көрініс тапқан. Өзінің жұмысын орындап жатқан жерінде өолға түскен шпионды алдын ала өткізілетін сотсыз жазалауға жатпайды.
Қосымша протокол І бойынша қарсыластың қолына шпионажбен айналысып жатқан кезінде қолға түскен кез келген тұлға шпионға жатады. Ол әскери тұтқын статусына иелене алмайды. Шпиондар Хал гуман құқық бойынша қорғауға алынбайды және ұсталған жағдайда ұылмыстық жазалануға жатады.
Соғыс қимылдарында мемлекеттердің барлығы дерлік шпионажды қолданады. Ол қарсы жақтың қанша қаруы, олардың тактикасын, локациясын, әскер санын білу үшін жасалады. Мемлекеттер қанша шпион қолданса да өзі білдеді, солар арқылы олар әскери оперуияны дұрыс жасай алады. Сонымен қатар мемлекеттер өздерін шпиондардан қорғауға, оның алдын алуға, ұстап алған жағдайда жазалауға құқығы бар.
Жалдамалылар мен еріктілердің құқықтық жағдайының ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
Жалдамалының түсінігі алғаш І қосымша протоколда 1977ж көрсетілген. Жалдамалы — Қылмыстық заңнама бойынша материалдық сыйақы алу немесе өзге де бас пайдасы мақсатында іс-әрекет жасайтын және қарулы қақтығысқа қатысушы тараптың азаматы болып табылмайтын, оның аумағында тұрақты тұрмайтын және ресми міндеттерді орындау үшін басқа мемлекет жібермеген адам.
Жалдамалы жендет халықаралық құқық нормаларының қорғауында бола алмайды. Бұл әскери тұтқын мәртебесін иеленуге құқығы жоқ қылмысты адамдар. Жалдамалыларды өз жерінен немесе шет елден белгілі бір қылмысты орындату үшін әдейілеп жалдап, оны дайындайды. Ол әскери қақтығыстарға қатысадды, алайда тек өзінің бас пайдасы үшін ғана. Ол қақтығысып жатқан мемлекеттің азаматы болмайды немесе оның территориясында тұрмайды. Және де екі жақтың жа қарулы күштерінің құрамына кірмейді. Жалдамалыны жалдайтын жақ оны барлық қажет құрал жабдықтарымен, қарумен жабдықтайды. Оларды оқытады, материалды қамтамасыз етеді.
Жалдамалы әскери немесе басқа да зорлық зомбылық іс қимылдарға тікелей қатысып, қылмыскер танылады, яғни оны жалдайтын тұлға да қылмыскер болады. Жалдамалылар комбатант болмағандықтан және қылмыс жасауына байланысты Хал гуман құқық оларды қорғамайды. Жалдамалыны жеке адам, белгілі бір ұйым немесе екі жақтың бір адамы жалдаса да кім болса да маңызды емес. Жалдамалылық өте қауіпті қылмыс болып табылады, әсіресе кішкентай мемлекеттер үшін. 1989; БҰҰ генерал ассамблеясы жалдамалыларды оқытуға, арандатуға, жалдауға, матер қамтамасыз етуге тиым салатын Конвенция қабылдады. Конвенция бойынша бқл өте ауыр қылмаыс саналады. Ол барлық мемлекеттердің мүддесіне нұқсан келтіреді. Конвенция бойынша қылмыскерді қылмыс жасаған мемлекеттің сотына немесе өзінің азаматы болып табылатын елдің сотына берілуі тиіс деп шешті.
Сонымен қатар қарулы қақтығыстардың заңды қатысушыларына еріктілер де жатады. Олар қақтығыстарды ерікті тұрде әскери қимылдарға қатысуға құқығы бар. Еріктілерді жалдамалылардан айыру қажет. Олар политикалық немесе басқа да мақсатта соғысқа түседі, бірақ материалдық сияқы үшін емес.
1907ж ‘соғыс қимылдарының қатысушылары’ жайлы Гаага конвенциясына сәйкес соғыс заңдары, құқықтары мен міндеттері тек армияға ғана емес, еріктілерге де қолданылады, егер де оларды бастайтын, оларға жауапты басшы болса, олардың айрықша белгісі бар болса, қару жарағы болса және соғыстың әдет ғұрпы мен заңдарын сақтаса. Жалдамалыға қарағанда еріктілер соғыстың заңды комбатанты саналады және мемл оның іс әрекеті үшін жауапты болады.
