Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gumanit_pravo_otvet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106.02 Кб
Скачать

1.Халықаралық гуманитарлық құқықтың туындау және даму тарихына шолу жасаңыз.

Соңғы бес мың жылдықта 14000-нан аса соғыс болды. Бұл соғыстарда шамамен 5 млрд. Адам қаза тапты. Бүкіл тарихи кезеңде адамдардың жүргізген соғысы аса қатыгездік көрініс алуда. Мемлекеттер туындаған дауды бейбіт жолмен шешудің орнына, қарулы қақтығысқа көптеп жүгінуде. Бүгінгі таңда әлемде әрдайым соғыстар, халықаралық және ішкі қарулы қақтығыстар орын алуда. Зорлық-зомбылық халықтар мен ұлттардың өміріне қатты әсерін тигізуде. Соңғы уақыттары қарулы қақтығыстар жиі және ұзақ болуда. Әлемдік қоғамдастық қарулы қақтығыстар кезінде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты реттейтін келісімшарттарды дайындау қажеттілігін ұғынды. Бұл кейде «қарулы қақтығыс құқығы» немесе «соғыс заңы» деп аталатын халықаралық гуманитарлық құқық жүйесін құруға мүмкіндік берді.

Халықаралық гуманитарлық құқық бұл халықаралық және ішкі қарулы қақтығыстар кезінде қолданылатын халықаралық-құқықтық принциптері мен ережелер жиынтығы болып табылады. Олар белгілі бір құралдар мен соғыс әдістерін пайдалануды тыйым салады немесе шектейді, жанжалдардың құрбаны болғандарды қорғайды және халықаралық гуманитарлық құқық ережелері мен принциптерін бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді, халықаралық құқық субъектілерінің өзара құқықтары мен міндеттерін көрсетеді.

Ең алғаш рет «Халықаралық гуманитарлық құқық» терминін ХХ ғ. 50 жылдарында белгілі швейцарлық заңгер Жан Пикте ұсынған болатын. Салыстырмалы қысқа мерзім ішінде ең алдымен ол публицистикада, заңи әдебиеттер кең таралып, таныла бастады. Содан кейін қарулы қақтығыстар кезінде қолданылатын халықаралық гуманитарлық құқықты растау және даму жөніндегі Женевалық Дипломатиялық Конференцияның атауына кірді.

ХХ ғ халықаралық гуманитарлық құқықтың дамуының бастауын 1864ж. 22 тамызда Женевадағы дипломатиялық конференцияда соғыс кезіндегі жаралылар мен ауру әскери адамдардың жағдайын жақсарту туралы Конвенцияның қабылдауымен байланыстырады. 1864 жылы Конвенцияны дайындау және қабылдауда баға жетпес рөл Швейцариялық кәсіпкер Анри Дюнанға тиесілі. Кейін Анри Дюнананың ұсынысы бойынша «Бестік комитеті» деген атаумен комитет құрылған болатын. Бұл комитеттің басты міндеттерінің бірі халықаралық гуманитарлық құқықтың принциптерін қалыптастыру, сонымен қатар әр елде соғыс кезінде әскери-медициналық қызметке көмек көрсету үшін оның мүшелерін бейбіт уақытта дайындықтан өткізетін ерікті көмек көрсету қоғамын құру мүмкіндігін зерттеу болды. Болашақта осы Комитет Қызыл Крест комитетінің негізін қалаушы болды, ал 1880 жылдан бастап Халықаралық Қызыл Крест комитеті деп аталды. 1864 ж. Женева конвенциясымен енгізілген халықаралық құқықтағы ең маңызды жаңалық Дюнан ұсынған бейтараптылық ұғымы. Дәрігерлер мен басқа да медицина қызметкерлері соғыс қимылдарына қатысушы ретінде саналмауы тиіс және тұтқынға алынбайды. Конвенция әрқашан және барлық жерде жарақаттанғандарға олардың қай жақта соғысқанына қарамастан бірдей медициналық көмек көрсетілуі қажет делінген. 1864 жылғы Женева конвенциясы тек 10 баптан тұрған , бірақ олар халықаралық гуманитарлық құқық одан әрі дамытушы болды және оның негізін қалады.

1867 ж. Барлық дерлік ірі державалар 1864 жылғы конвенцияны ратификациялады. АҚШ 1882 ж. Ратификациялаған болатын. Осы уақыттан кейін Конвенция әмбебаптық сипатқа ие болды. 1870 жылғы Франко-Пруссия соғысы 1864 жылғы Женева конвенциясының ережелерін және әдеттегі нормалардың орындалуын қамтамасыз ету қаншалықты қиын екенін көрсетті. Конвенцияны екі соғысушы тарапта ұстанған ең алғашқы қарулы қақтығыс 1885 жылғы Сербо-болгар соғысы. Бұл соғыста өлім-жітім 2% - дан артық болмады. Осыдан кейін мемлекеттер Женева конвенциясының өзара тиім екенін түсінді және бұл факт ендігі кезде күмән тудырмады.

Халықаралық гуманитарлық құқықты тарату идеясы немесе тұжырымдамасы 1864ж. Женева Конвенциясымен пайда болған жоқ. Онда халықты оның ережелерімен таныстыру қажеттігін айтқан жоқ. АҚШ Президенті Авраам Линкольннің тапсырмасы бойынша 1863 жылы 24 сәуірде Ақш армиясы бойынша №100 бұйрық шықты.Оны атақты американдық заңгер Френсис Либер дайындады. Бұл нұсқау Либер Кодексі атауымен белгілі. Бұл келесі соғыс әдеп-ғұрыптары мен заңдарының кодификациясына алып келді. Осылай халықаралық гуманитарлық құқық дами бастады.

2.Қазіргі халықаралық гуманитарлық құқықтың негізін қалаушы ретінде Анри Дюнанның қызметіне сипаттама беріңіз.

Қызыл Крест және Жарты Ай қозғалысының негізін қалаушы, Нобель сыйлығының алғашқы лауреаты және ол барлық ақшасын қайырымдылыққа беріп, кедейлікте қайтыс болған.

Жан Анри Дюнан 1828 жылы 8 мамырда Женевада туылған болатын. Дюнан дін , экономикамен, қоғамдық қызметпен қызыққан болатын. 18 жасында күндізгі уақытта экономиканы оқып, кешке кедей және науқас адамдарға барып көмек көрсетіп отырған. Колледжді бітіргеннен кейін банкке стажер болып орналасады.

1859 жылы Сольферинода (Солтүстік Италия) болған франция-австрия соғысында жараланған жауынгерлерге ешқандай медициналық көмектің болмауы Дюнанды қатты толғандырады. Женевада ол «Сальферино шайқасы туралы естеліктер» атты кітап жазып шығады. Ол бұл кітапта сол уақытта айтылмаған соғыстың кері жағын сипаттайды. Онда ол соғыс кезінде жаралы жауынгерлерге көмек көрсететін ерікті ұйым құру идеясын ұсынады. Кітап көптеген адамдарға өз әсерін тигізеді.Дюнанға Еуропаның түкпір-түкпірінен көптеп хаттар келе бастайды. Оның идеясы жүзеге асырыла бастайды.1863 жылы қазан айында «Общественной пользы» швейцариялық қоғамы Женева қаласында 16 еуропалық мемлекеттер өкілдерінің конференциясын шақырады. Конференцияға қатысушылар Анри Дюнанның ұсынысын талқылап, қабылдайды және оның ережесін Еуропа үкіметтеріне таратады. Кейін Анри Дюнананың ұсынысы бойынша «Бестік комитеті» деген атаумен комитет құрылған болатын. Бұл комитеттің басты міндеттерінің бірі халықаралық гуманитарлық құқықтың принциптерін қалыптастыру, сонымен қатар әр елде соғыс кезінде әскери-медициналық қызметке көмек көрсету үшін оның мүшелерін бейбіт уақытта дайындықтан өткізетін ерікті көмек көрсету қоғамын құру мүмкіндігін зерттеу болды. Болашақта осы Комитет Қызыл Крест комитетінің негізін қалаушы болды, ал 1880 жылдан бастап Халықаралық Қызыл Крест комитеті деп аталды. Женева конвенциясы деген атаумен белгілі келісімшартқа қол қойылады. Көмек көрсетуші адамдардың иммунитетінің кепілдігі енгізілді. Осы адамдарға қатысты айрықша белгі – ақ фондағы қызыл крест енгізілді.1863 ж. 29 қазан Қызыл кресттің туған күні болып саналады. Екі айдан кейін Вюртенбергте алғашқы Көмек Қоғамы ашылады. Келесі жылдары тағы 10 Қызыл Крест қоғамы ашылады. 1864 ж. Женева конвенциясымен енгізілген халықаралық құқықтағы ең маңызды жаңалық Дюнан ұсынған бейтараптылық ұғымы. Дәрігерлер мен басқа да медицина қызметкерлері соғыс қимылдарына қатысушы ретінде саналмауы тиіс және тұтқынға алынбайды. Конвенция әрқашан және барлық жерде жарақаттанғандарға олардың қай жақта соғысқанына қарамастан бірдей медициналық көмек көрсетілуі қажет делінген. 1864 жылғы Женева конвенциясы тек 10 баптан тұрған , бірақ олар халықаралық гуманитарлық құқық одан әрі дамытушы болды және оның негізін қалады.

Дюнан 1867 жылға дейін Комитеттің хатшысы болғанымен, оның мүшелерімен болған дауға байланысты іс жүзінде жалғыз әрекет етеді. Ол сондай-ақ флотта кеме апатындағы соғыс тұтқындары, жарақат алғандар мен жапа шеккендерді қорғауды қамтамасыз етуге қызмет етеді. Осы кезде ол көңіл бөлмегендіктен Дюнанның Алжирдағы мекемесі күйрейді. 1867 ж. Дюнан банкрот деп жарияланы, женева қоғамының сынына ұшырайды. Соған қарамастан ол осы жылдары Австрия, Голландия, Швеция, Пруссия мен Испания Қызыл Крест комитетінің құрметті мүшесі болып жарияланды. Алайда Дюнан алықаралық комитетінің хатшысы лауазымынан кетуге мәжбүр болады.

1870 жылы Еуропада жаңа соғыс болады. Қаражат жағдайының нашар болуына қарамастан Дюнан жарақат алғандарға көмек көрсетеді. Дюнанның ұсынысы бойынша өлілер мен ауыр жарақат алғандарды сәйкестендіруге көмектесетін әскери медальондарды енгізген болатын. 1875 ж 1 ақпанда Лондонда Дюнанның соңғы қоғамдық сөз сөйлеуі өтеді.Оның материалдық жағдайы нөлге теңеледі. Дюнан он жыл бойы кедейлікте өмір сүреді. Туысқандарының жіберген ақшаларының арқасында ол Хайденктегі баспанаға орналасып, өмірінің соңын сонда өткізеді. 1895 жылға қарай Қызыл Крест 37 мемлекетте болады және Женева Конвенциясына 44 мемлекет қол қояды.

1901 жылы Дюнан Нобель сыйлығының алғашқы лауреаты болады. Алған қомақты ақша соммасын ол қайырымдылыққа Швейцария мен Норвегияға береді. Дюнан 1910 жылы 30 қазанда қайтыс болады.

3. Халықаралық гуманитарлық құқықтың түсінігін ашып көрсетіңіз.

4.Халықаралық гуманитарлық құқықтың пәнін ашып қарастырыңыз.

Соңғы бес мың жылдықта 14000-нан аса соғыс болды. Бұл соғыстарда шамамен 5 млрд. Адам қаза тапты. Бүкіл тарихи кезеңде адамдардың жүргізген соғысы аса қатыгездік көрініс алуда. Мемлекеттер туындаған дауды бейбіт жолмен шешудің орнына, қарулы қақтығысқа көптеп жүгінуде.

Бүгінгі таңда әлемде әрдайым соғыстар, халықаралық және ішкі қарулы қақтығыстар орын алуда. Зорлық-зомбылық халықтар мен ұлттардың өміріне қатты әсерін тигізуде. Соңғы уақыттары қарулы қақтығыстар жиі және ұзақ болуда. Әлемдік қоғамдастық қарулы қақтығыстар кезінде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты реттейтін келісімшарттарды дайындау қажеттілігін ұғынды. Бұл кейде «қарулы қақтығыс құқығы» немесе «соғыс заңы» деп аталатын халықаралық гуманитарлық құқық жүйесін құруға мүмкіндік берді.

ХГҚ ол халықаралық құқықтың бір саласы. Халықаралық гуманитарлық құқық бұл халықаралық және ішкі қарулы қақтығыстар кезінде қолданылатын халықаралық-құқықтық принциптері мен ережелер жиынтығы болып табылады. Олар белгілі бір құралдар мен соғыс әдістерін пайдалануды тыйым салады немесе шектейді, жанжалдардың құрбаны болғандарды қорғайды және халықаралық гуманитарлық құқық ережелері мен принциптерін бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді, халықаралық құқық субъектілерінің өзара құқықтары мен міндеттерін көрсетеді.

Бұл тең дәрежеде барлық соғысушы тараптар үшін қарулы қақтығыс басталғаннан қолданылады. Қазіргі халықаралық гуманитарлық құқықтың үш негізгі бағыттары бар:

  1. қарулы қақтығыс жүргізу және қаруды пайдалану ережелерін белгілеу;

  2. қарулы қақтығыстар құрбандарын қорғау;

  3. қарулы қақтығыстар кезінде адамның негізгі құқықтарын қорғау

БҰҰ-ң халықаралық соты ХГҚ-ң екі негізгі принциптерін атап кеткен:

1)Бейбіт тұрғындар мен азаматтық объектілерді қорғау, әскери және әскери емес адамдар арасындағы айырмашылық;

2) Комбатанттарға қатысты қажетсіз азаптауға тыйым салу.

Халықаралық гуманитарлық құқық негізгі қайнар көзі әдет болып табылады; Гаага конвенцияларының 1899--1907 жыл кодификацияланған ережелер., сондай-ақ, 1949 жылғы Женева конвенциясы. Халықаралық гуманитарлық құқықтың нормалары негізінен қарулы қақтығыс барысындағы мемлекеттердің тәжірибесінен құралмайды, ол халықаралық ұйымдардың резолюциялары мен мемлекеттердің келісілген тәжірибесі негізінде құрылады. Процесс конвенцияларды қабылдаумен басталады. Одан кейін мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтың тиісті ережелерін тану болады. Халықаралық гуманитарлық құқық аясы халықаралық қатынастар саласы болып табылады. Ол қақтығыстың сипаты мен пайда болу себептеріне байланыссыз барлық қарулы қақтығыстар кезінде қолданылады.

Негізгі қайнар көздері:

1)1949 жылғы 4 Женевалық Конвенция мен 1977 жылғы қосымша протоколдар

2)1864 жылғы Жараланғандардың жағдайын әскерде жақсартуға арналған Женева конвенциясы

3)1868 жылғы Жарылғыш және жанғыш қаруларды қолдануға шек қою туралы декларация (Петербург)

4)1899 жылғы Гаага Конвенциясы

5)1906 жылы қабылданған “ 1949 жылғы конвенцияны жаңартылған түрі”

6)1929 жылғы Соғыс тұтқындарымен қарым-қатынас туралы Женева Конвенциясы

7)1954 жылғы Мәдени құндылықтарды қорғау туралы Гаага конвенциясы

8)1977 жылғы Женева Конвенцияларына қосымша жаңартулар

9)1980 жылғы Қаружарақтың белгілі бір түрін қолдануға шеек қою немесе мүлдем шектеу

10)1993 жылғы Химиялық қару қолдануға шек қою туралы Конвенция

11)1995 жылғы Лазерлі қаруды қолдануға шек қою туралы Конвенция

12)1996 жылғы Миналарды, қақпанды қарулардаы қолдануға шек қою туралы Конвенция

13)1999 жылғы Мәдени құндылықтарды қорғау туралы Екінші Гаагтық Конвенция

Гуманитарлық құқықтың аумақтық аспектілері бар. Олар:

1)Соғыс театры – соғысушылар соғыс жүргізуге құқылы аумақтың (жер, су,әуе кеңістігі) барлық түрі;

2)Әскери іс-қимылдар театры - әскери операциялар іс жүзінде жүргізілетін жер, әуе және су кеңістігі.

5. Халықаралық гуманитарлық құқықтың қағидаларына құқықтық талдау жасаңыз.

Қазіргі заманғы халықаралық гуманитарлық құқық қарулы қақтығыс кезіндегі халықаралық құқық субъектілерінің құқықтық қызметінің өзара байланысты және өзара келісілген ережелерінің біртұтас жүйесін әзірледі. Онда халықаралық гуманитарлық құқық принциптері орталық орынды алады.ХГҚ қағидаларының негізінде қолданыстағы барлық гуманитарлық құқық ережелері қалыптасқан. Халықаралық гуманитарлық құқықтың принциптері халықаралық құқықтың басқа да жалпы жұрт таныған принциптерімен диалектикалық қарым-қатынаста болып табылады. Халықаралық гуманитарлық құқық қағидалары халықаралық құқықтың негізгі (жалпы танылған) қағидалары мен арнай қағидалар деп екіге бөлінеді.

  1. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары, олардың мазмұнына сәйкес үш топқа жіктеуге болады:

  • Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуші негізгі принциптер;

  • Мемлекеттер ынтымақтастығының негізгі принциптері;

  • Адамдар мен ұлттардың құқығын қорғау жөніндегі негізгі принциптер

  1. Арнайы қағидалар. Халықаралық гуманитарлық құқықтың принциптері – белгілі бір қайнар көздерде бекітілген және қалыптасқан соғысушы тараптардың негізгі ережелері. Олар қарулы қақтығыстың барлық салаларында пайдалану үшін арналған жалпы сипатқа ие және белгілі бір ережелер негізделетін құқықтық негіз болып табылады. Норманың мағынасы мен мақсаты тек осы принцип аясында түсінуге болады.

Халықаралық гуманитарлық құқық принциптерінде соғысушы тараптардың мінез-құлық ережелері бар. өз ерекшелігіне ие бола отырып, олар бейбіт уақытта және соғыс уақытында қолданылатын қазіргі заманғы халықаралық құқықтың негізгі принциптеріне сәйкес келуі тиіс.

Мазмұнына байланысты ХГҚ арнайы принциптерін үшке бөлеміз: жүйе құраушы салалық принциптер; соғыс құралдары мен әдістерін реттейтін принциптер;қарулы қақтығысқа қатысушылар мен азаматтық тұрғындарды қорғау принциптері.

  1. Гуманизм принципі. Қарулы қақтығыстар кезіндегі адам құқықтарын қорғауға арналған.

  2. Кемсітпеушілік қағидасы.Гуманитарлық конвенцияның қорғауын пайдаланатын индивидтерге барлық жағдайда олардың дініне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, жынысына қарамастан кемсітушіліксіз қарау қажет. Бұл принцип I Қосымша Протоколда көрініс тапқан.

  3. Халықаралық гуманитарлық құқық принциптері мен ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік қағидасы. Ол қарулы қақтығыс ережелерін бұзғаны үшін мемлекеттер жауапкершілігі мен жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін құрайды.

  4. Соғыс жүргізудің тиым салынған құралдарын қолдануға тиым салатын принцип.

  5. Соғысушы тараптардың соғыс құралдарын таңдауда шектеу қою принципі. Ол әрбір соғысушы тарап жау жолын кесу және оған ең төменгі деңгейде адам шығынына келтіруі үшін ғана қажетті соғыс құралдарын қолдануға құқығы бар екенін білдіреді.

  6. Жаппай қырып-жою қаруының жекелеген түрлерін қолдануға тыйым салатын принцип.

  7. Қажетсіз азап тудыратын қаруды қолдануға тыйым салатын принцип.

  8. Комбатанттардың заңи құқықтарын қорғау.

  9. Қарулы қақтығыстар кезіндегі бейбіт азаматтардың құқықтарын қорғау.

6.Халықаралық гуманитарлық құқықтың негізгі қайнар көздерін қарастыра отырып құқықтық талдау жасаңыз.

Бүгінгі таңда әлемде әрдайым соғыстар, халықаралық және ішкі қарулы қақтығыстар орын алуда. Зорлық-зомбылық халықтар мен ұлттардың өміріне қатты әсерін тигізуде. Соңғы уақыттары қарулы қақтығыстар жиі және ұзақ болуда. Әлемдік қоғамдастық қарулы қақтығыстар кезінде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты реттейтін келісімшарттарды дайындау қажеттілігін ұғынды. Бұл кейде «қарулы қақтығыс құқығы» немесе «соғыс заңы» деп аталатын халықаралық гуманитарлық құқық жүйесін құруға мүмкіндік берді.

ХГҚ ол халықаралық құқықтың бір саласы. Халықаралық гуманитарлық құқық бұл халықаралық және ішкі қарулы қақтығыстар кезінде қолданылатын халықаралық-құқықтық принциптері мен ережелер жиынтығы болып табылады. Олар белгілі бір құралдар мен соғыс әдістерін пайдалануды тыйым салады немесе шектейді, жанжалдардың құрбаны болғандарды қорғайды және халықаралық гуманитарлық құқық ережелері мен принциптерін бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді, халықаралық құқық субъектілерінің өзара құқықтары мен міндеттерін көрсетеді.

БҰҰ-ң халықаралық соты ХГҚ-ң екі негізгі принциптерін атап кеткен:

1)Бейбіт тұрғындар мен азаматтық объектілерді қорғау, әскери және әскери емес адамдар арасындағы айырмашылық;

2) Комбатанттарға қатысты қажетсіз азаптауға тыйым салу.

Халықаралық гуманитарлық құқық негізгі қайнар көзі әдет болып табылады; Гаага конвенцияларының 1899--1907 жыл кодификацияланған ережелер., сондай-ақ, 1949 жылғы Женева конвенциясы. Халықаралық гуманитарлық құқықтың нормалары негізінен қарулы қақтығыс барысындағы мемлекеттердің тәжірибесінен құралмайды, ол халықаралық ұйымдардың резолюциялары мен мемлекеттердің келісілген тәжірибесі негізінде құрылады. Процесс конвенцияларды қабылдаумен басталады. Одан кейін мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтың тиісті ережелерін тану болады. Халықаралық гуманитарлық құқық аясы халықаралық қатынастар саласы болып табылады. Ол қақтығыстың сипаты мен пайда болу себептеріне байланыссыз барлық қарулы қақтығыстар кезінде қолданылады.

Халықаралық гуманитарлық құқық негізгі көздері көптеген көпжақты әмбебап келісімдер болып табылады.Мысалы, Адам құқықтары туралы конвенция, ол міндетті және ұсынымдық құжат болуы мүмкін. Олардың көпшілігі БҰҰ-ң әмбебап қызметі негізінде құрылған. Оларда бекітілген нормалар жалпы сипатқа ие, ал конвенциялардың өзі жалпы халықаралық құқықтың бір бөлігіне айналды.Халықаралық ұйымдардың резолюциялары ұсынымдық сипатқа ие.

Халықаралық гумантиралық құқық кодификациясы-халықаралық құқықтың қарулы қақтығыс жағдайындайындағы қатынастарды реттейтін нормаларын жүйелеу және жетілдіру үрдісі. Дәстүрлі жағдайда, халықаралық гуманитарлық құқықтың нормалары 2 үлкен топқа жіктеледі

1)Гаагтық құқық - Соғысушы тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, соғыс жүргізу ретін реттейтін конвенцияларды қосады.

2) Женевалық құқық - Әскер қатарынан шығып қалған тұлғалардың және соғысқа қатыспайтын тұлғалардың құқықтарын қорғайды,

Негізгі қайнар көздері:

1)1949 жылғы 4 Женевалық Конвенция мен 1977 жылғы қосымша протоколдар

2)1864 жылғы Жараланғандардың жағдайын әскерде жақсартуға арналған Женева конвенциясы

3)1868 жылғы Жарылғыш және жанғыш қаруларды қолдануға шек қою туралы декларация (Петербург)

4)1899 жылғы Гаага Конвенциясы

5)1906 жылы қабылданған “ 1949 жылғы конвенцияны жаңартылған түрі”

6)1929 жылғы Соғыс тұтқындарымен қарым-қатынас туралы Женева Конвенциясы

7)1954 жылғы Мәдени құндылықтарды қорғау туралы Гаага конвенциясы

8)1977 жылғы Женева Конвенцияларына қосымша жаңартулар

9)1980 жылғы Қаружарақтың белгілі бір түрін қолдануға шеек қою немесе мүлдем шектеу

10)1993 жылғы Химиялық қару қолдануға шек қою туралы Конвенция

11)1995 жылғы Лазерлі қаруды қолдануға шек қою туралы Конвенция

12)1996 жылғы Миналарды, қақпанды қарулардаы қолдануға шек қою туралы Конвенция

7.Гаага құқығы мен Женева құқығына сипаттама бере отырып олардың арақатынасын қарастырыңыз.

Халықаралық гуманитарлық құқық кодификациясы – халықаралық құқықтың қарулы қақтығыс жағдайын дайындағы қатынастарды реттейтін нормаларын жүйелеу және жетілдіру үрдісі. Дәстүрлі жағдайда, халықаралық гуманитарлық құқықтың нормалары 2 үлкен топқа жіктеледі

1)Гаагтық құқық - Соғысушы тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, соғыс жүргізу ретін реттейтін конвенцияларды қосады.

2) Женевалық құқық - Әскер қатарынан шығып қалған тұлғалардың және соғысқа қатыспайтын тұлғалардың құқықтарын қорғайды.

Женева құқығы таза гуманитарлық сипатқа ие және арулы қақтығыстар кезінде адамды қорғауға бағытталған. Женева құқығы соғыс құрбандарын мүдделері үшін ғана әзірленді. Гаага ережесін мәтіндерді жасаушылар гуманизм идеалынан шабыт алды. Алайда, заңның мақсаты - әскери әрекеттерді реттеу, сондай-ақ осыған сәйкес ол әскери қажеттілік мен мемлекетті сақтау тұжырымдамасына ішінара негізделген.

Женева құқығының қалыптасуына ең алғашқы 1864 жылы қабылданған Женева Конвенциясы әсер етті. Ол кейін 1906 және 1929 жылдары қайта қаралып, толықтырылған болатын.Гаага құқығының пайда болуының негізі 1907 жылы қайта қаралған, 1899 жылы қабылданған Гаага конвенциялары. Көптеген жылдар бойы Батыста Женева және Гаага құқығы екі жеке құқық саласы ретінде қарастырылған болатын. Оларды біріктірген «халықаралық гуманитарлық құқық» термині тек ХХ ғасырдың соңында пайда болды. ХІХ ғасырдың аяғында - ХХ ғасырдың басындағы қабылданған шарттарда Гаага және Женева құқығының қиылысуы және араласуы болды. Мысалы, 1907 жылдың Гаага конвенцияларында теңіздегі ұрыс қимылдары кезінде апатқа ұшыраған кемелерде жарақат алғандар мен соғыс тұтқындары мәртебесіне қатысты бөлімдер болды. Бұл бөлімдер логикалық тұрғыдан Женева құқығына жатады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Гаага және Женева құқықтарының көптеп қиылысуын байқауға болады. Әсіресе 1977 жылы Женева конвенциясына қосымша қабылданған екі протокол. Олар дәстүрлі түрде Гаага құқығына тиесілі ережелерден тұрады.Осы екі қосымша протокол қабылданғаннан кейін Гаага және Женева құқығы арасында тығыз байланыс орнап, оларды екі салаға бөлі теориялық сипатқа ие болды.

8. 1949 ж. Женева конвенцияларына құқықтық талдау жасай отырып оңды жақтары мен кемшіліктерін анықтаңыз.

Женева конвенциялары — соғыс кезінде бейбіт халықты қорғау және әскер мен соғыс тұтқындарын ұстап тұру туралы көп жақты келісімдер. Ол 12 тамызда 1949 жылы 21 сәуірдегі – 12 тамыз аралығында Женевада өткізілген Біріккен Ұлттар Ұйымының Дипломатиялық конференциясында қол қойылды. 21 қазан 1950жылы күшіне енді.

Женева конвенцияларының төрт әмбебап халықаралық шарт қамтиды:

  1. Соғысушы армиялар құрамындағы жаралылар мен аурулардың жағдайын жақсарту туралы Конвенция. Оның мүшелерін соғыс майданындағы жаудың ауру және жарақат алғандарына көмек көрсетуге міндеттейді. Соғысушы елдерді соғыс майданында қарсы жақтың ауру немесе жаралы болған әскери адамдарына олардың жынысына, нәсіліне, ұлтына, саяси немесе діни сеніміне қарамастан қажетті көмек көрсетуге және соғыс тұтқындары туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттерге хабарлауды міндеттейді. Соғыс майданындағы дәрігерлерге, санитарлық ұйымдар мен олардың қызметкерлеріне, жаралылар мен ауруларды таситын көлікке шабуыл жасауға тыйым салады, жаралылармен бірге қолға түскен санитарлық қызметкерлер соғыс тұтқыны болып есептелмейді.

  2. Теңіз қарулы күштері құрамындағы кеме күйреуінің нәтижесінде жараланғандар мен аурулардың жағдайын жақсарту туралы Конвенция. Бұл конвенция теңіз соғысы кезіндегі ауру және жарақат алғандарды емдеу ережелерін бекітеді.

  3. Соғыс тұтқындарын ұстау тәртібі туралы Конвенция. Соғысушы тараптар тұтқындарды ұстау кезінде басшылаққа алуы тиіс ережелерді бекітеді.

  4. Соғыс кезінде бейбіт халықты қорғау туралы Конвенция. Оккупацияланған аумақтағы бейбіт халыққа адамгершілікпен қарап, оның құқықтарын қорғауды міндеттейді. Басып алған жерлерде халыққа зорлық-зомбылық жасауға тыйым салынады, керісінше, сол жердің халқын азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүктеледі. Жауласушы мемлекеттер өздерінің армиясын осы конвенциялармен таныстыруға және орындатуға міндетті.

1977 жылы 8 маусымда Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің қамқорлығымен екі Қосымша Протокол қабылданған болатын. I Протокол халықаралық қарулы қақтығыс құрбандарын қорғауға қатысты болды, ал II Протокол халықаралық сипаттағы емес қарулы қақтығыстың құрбандарын қорғауға арналды. 2005 жылы 8 желтоқсанда III қосымша Хаттама қабылданды. Бұл Хаттамада Қызыл Крест және Қызыл Жарты айдың айырым эмблемасын енгізу туралы болды.

Женева Конвенцияларына қазіргі халықаралық құқықтың негізгі принциптерін бекітті: соғыс жаудың қарулы күштеріне қарсы жүргізіледі; бейбіт халыққа, ауру адамдарға, әскери тұтқындарға қарсы соғыс жүргізуге тиым салынады және т.б. Женева конвенциясы соғыс жарияланғанда немесе кез келген қарулы қақтығыс кезінде қолданылады, тіпті бір соғысушы тарап соғыс жағдайын мойындамаса да. Женева конвенциясына қатысушылар оның ережелерін сақтауы тиіс, екінші тарап Женева конвенциясының мүшесі болмаса да оның ережелерін сақтайды. Бейтарап мемлекеттер үшін де Женева Конвенциясы міндетті. Женева конвенциясы осы конвенция ережелерін бұзған тұлғаларды іздестіріп және жазалау туралы қатысушы-мемлекеттерді міндеттеуі мүмкін. Олар қылмыс жасаған елдің сотында немесе Женева конвенцияларына кез келген мүше мемлекеттің сотында қаралады.

9.1977 ж. Женева конвенциясына Қосымша хаттамалардың қабылдану себептері мен олардың мазмұнын ашып көрсетіңіз.

ХГҚ белгілі бір құралдар мен соғыс әдістерін пайдалануды тыйым салады немесе шектейді, жанжалдардың құрбаны болғандарды қорғайды және халықаралық гуманитарлық құқық ережелері мен принциптерін бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді, халықаралық құқық субъектілерінің өзара құқықтары мен міндеттерін көрсетеді. Ол Халықаралық және халықаралық емес қарулы қақтығыстар кезінде де қолданылады. Халықаралық гуманитарлық құқықтың басты құралы 1949 жылы 12 тамызда қабылданған соғыс құрбандарын қорғау жөніндегі Женева Конвенциясы болып табылады. Әлемнің барлық елдерінің қабылдаған бұл шарт жаралы, ауру, кемеде апатқа ұшыраған, соғыс тұтқындарын және бейбіт азаматтарды қорғауға арналады. Сондай-ақ соғыс майданындағы дәрігерлерді, санитарлық ұйымдар мен олардың қызметкерлері, жаралылар мен ауруларды таситын көлікті қол сұғудан қорғайды. Алайда, Конвенция соғыс қимылдарына жүргізу мен бейбіт азаматтарды қорғау сияқты маңызды аспектілерінің қамтымайды. Сондықтан оны толықтыру үшін 1977 жылы 8 маусымда екі қосымша хаттама қабылданған болатын. Ол женева конвенциясын алмастырмайды, оны тек толықтырып отырады. Сонымен қатар 2005 жылы 8 желтоқсанда III қосымша Хаттама қабылданды. Бұл Хаттамада Қызыл Крест және Қызыл Жарты айға қосымша айырым эмблемасын енгізу туралы болды. I Протокол халықаралық қарулы қақтығыс құрбандарын қорғауға қатысты болды, ал II Протокол халықаралық сипаттағы емес қарулы қақтығыстың құрбандарын қорғауға арналды.

Неге Қосымша Хаттаманы сақтауымыз қажет? Қосымша хаттамалар көптеген мемлекеттермен қабылданды, бірақ барлық емес. Оларды барлық мемлекеттердің тануына қол жеткізу қажет. Себебі бұл осы Қосымша хаттамалармен айқындалатын міндеттемелерді барлық тараптардың орындау жолындағы елеулі қадам болады. Тек осы кезде барлық мемлекеттер гуманитарлық құқықты құрайтын келісімшарттарды ұстанатын болады және соғыс құрбандарын тең дәрежеде қорғау мүмкіндігі пайда болады.

I Хаттаманың мақсаты қандай?Хаттама халықаралық қарулы қақтығыс жағдайында қолданылады және соғыс әдістері бойынша шектеулер жүктейді. Бұрынғы әскери қимылдарды жүргізу ережелері ескіріп, соғыс жүргізудің жаңа әдістерінің пайда болуымен байланысты. Хаттама соғысушы тараптар соғыс жүргізу әдістері мен құралдарын таңдаудағы құқығы шектеусіз емес екенін еске салады.

II Хаттаманың мақсаты қандай? Бұл хаттаманың негізгі мақсаты соғыс жүргізудің ережелерін ішкі қақтығыстар кезінде қолданылуын қамтамасыз ету.Бірақ бұл хаттама ешқандай мемлекетті өз аумағында заңдылықты қалпына келтіру мен сақтау жөніндегі құқықтарын шектемейді. Сондай-ақ хаттама басқа мемлекеттің ісіне шетел мемлекетінің араласуын ақтай алмайды.

III Хаттама. Осы Хаттама 1949 жылғы 12 тамыздағы төрт Женева конвенцияларының және тиісті жағдайларда 1977 жылғы 8 маусымдағы оларға екі Қосымша хаттаманың айырым эмблемаларға қатысты, атап айтқанда: қызыл крестке, қызыл жарты айға, қызыл арыстан мен күнге қатысты ережелерді растайды және толықтырады және осындай жағдайларда осы ережелер сияқты жағдайларда қолданылады.

10. Соғыс пен қарулы қақтығыстың арақатынасы қандай екеніне сипаттама жасаңыз.

11. «Қарулы қақтығыс» және «соғыс» ұғымдарының арақатынасын анықтаңыз

Қарулы қақтығыс – бір-біріне қарсы тұрған күштер арасындағы әскери қимылдар. Онда белгілі бір саяси, экономикалық, әскери, т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан түрде қарулы соғыс құралдары қолданылады. Қарулы қақтығыс кезінде мемлекеттер әр түрлі мүдделерді көздейтін саяси күштер, әлеуметтік топтар арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуді мақсат етеді. Әлеуметтік-саяси, ұлттық, діни, аймақтық және басқа негіздерде қарулы күреске, әскери жанжалға ұласып, адам шығындарына әкелуі мүмкін. Қарулы қақтығыс мемлекеттің қоғамдық-саяси дамуына кері әсер етіп, оның ішкі қауіпсіздігіне, саяси тұрақтылығына нұқсан келтіреді.

Қарулы қақтығыс халықаралық немесе ішкі сипатта бола алады. Халықаралық қарулы қақтығыс - кез-келген 2 немесе одан көп мемлекттер арасында пайда болған кездейсоқ қақтығыс.Халықаралық емес қарулы қақтығыс - белгілі-бір мемлкеттің шекарасы ішінде болатын, халықаралық сипаттағы емес әскери қимыл. Интернационалдырылған қарулы қақтығыс –кейде аралас деп те атайды. Себебі ол өзіне халықаралық және халықаралық еместі қамтиды. Мысалы: Белгілі бір мемлекет ішінде қарулы қақтығыс болып жатса, оған шет ел мемлекеттерінің араласуы жатады. Халықаралық қарулы қақтығыс халықаралық құқықтың пәні болып табылады. Қарулы қақтығыс құқығының негізгі ережелері 1907 жылғы Гаага конвенциясында және 1949 жылғы «Соғыс құрбандарын қорғау жөніндегі» Женева конвенциясында бекітілген.

Қарулы қақтығыстың соғыстан ерекшелігі:

  • Салыстырмалы түрде қысқа мерзімді;

  • Салыстырмалы түрде шағын аймақты қамтиды;

  • Әскери күш қолдануды сандық және сапалық шектейді;

  • Қарсылас жақтардың шектеулі саяси мақсаттары.

Қарулы қақтығыс соғысқа ұласуы мүмкін. Соғыс – қақтығыстарды шешу барысындағы қарулы қақтығыс, саяси дағдарысты күш қолдану арқылы шешу. Карл фон Клаузевицтің айтуынша, соғыс саясаттың жалғасу формаларының бірі және «шектен тыс жағдайға жеткізілген күштеу актісі» болып табылады.

Соғыстың екі: сыртқы (мемлекеттер арасындағы) және ішкі (азаматтық) түрі бар. Ішкі соғыстарға мемлекет ішіндегі әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қарулы күрестер жатады. Әскери операциялар әдетте соғысушы мемлекеттер шекарасында жүргізіледі және негізінен осы мемлекеттердің ғана мүддесін қозғайтын екі немесе одан да көп мемлекеттер арасындағы соғыс (аумақтық, экономикалық, саяси және басқа да). Белгілі бір жағдайларда жергілікті соғыстар аймақтық немесе кең ауқымды соғысқа ұласа алады. Ал сыртқы соғыстар, әсіресе дүниежүзілік соғыстар ондаған миллион адамның өліміне алып келіп, адамзат өркениетінің ең үлкен трагедиясына айналады. Азаматтық соғыстар да өте қауіпті болып саналады, себебі бұл жағдайда адамдар өлімі мен қалалардың қирауымен қатар, бір халықтың тарихи, мәдени, рухани байланыстары үзіледі. Соғыс, жүргізу әдісі бойынша партизандық, майдандық және жаппай болып бөлінеді. Сыртқы соғыстың ең ерекше түрі – дүниежүзілік соғыстар. Олар саяси коалициялардың жаһандық күресімен (әлемнің көпшілік бөлігін қамтитын) сипатталады.

Қазіргі заманғы халықаралық құқық бойынша, соғыс – бейбітшілік қатынастарды толық бұзатын, мемлекеттер немесе ұлт-азаттық қозғалыстар және т.б. арасындағы жойқын әрекет. Кейбір классификациялар бойынша, соғыстың: әділетті – агрессияға қарсы ұжымдық қорғаныс; БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімімен жүзеге асатын мәжбүрлік қарулы санкция, ұлт-азаттық; сондай-ақ адамзат алдындағы ең ауыр қылмыс болып саналатын әділетсіз соғыстар сияқты түрлері бар.

Соғыс пен қарулы қақтығыстардың айырмашылығы олардың саяси, техникалық және оперативті аспектілерінде жатыр. Саяси аспектісі саяси мақсат және соғыс пен қарулы қақтығыстың себептерін қамтиды. Екеуінің де саяси астары жиі бірдей болғанмен, олар өз мақсаттары мен стратегияларын бойынша әр түрлі. Соғыс мақсаттары қарулы қақтығысқа қарағанда ауқымырақ және жақсы жоспарланған. Соғыстың саяси мақсаттары ол басталғанға дейін қалыптасады. Техникалық жағынан соғыс қарулы қақтығыстан қарулы күрестің сан алуан құралдарын пайдаланумен ерекшеленеді. Соғыс көбінесе мемлекеттердің өз қарулы күштерін қолданумен жүреді. Ал қарулы қақтығыс шабуыл немесе қорғаныстық әскери қимылдар түрінде, сондай-ақ терроризм актілерінің түрінде да жүргізілуі мүмкін. Қазіргі уақытта «қырғи-қабақ соғыс» аяқталған соң жаңа соғыстар көбінесе этникалық негізінде немесе мемлекеттер арасындағы аумақтық даулардың себебінен орын алуда.

12. «jus ad bella» және «jus ad bellum» арақатынасын қарастыра отырып талдау жасаңыз.

Халықаралық гуманитарлық құқық мақсаттары үшiн «jus ad belle» және «jus ad bellum» заңды шарттарsy ажыратe маңызды болып табылады. Екі терминде өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары пайда болды және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен қолданылды. «jus ad bellum» - соғыс жүргізуге берілетін құқық, қарулы қақтығыстардың пайда болуына қатысты ережелер. Ол қай кезде халықаралық қатынастарда қарулы қақтығысқа жүгінуге болатынын анықтайды. ХХ ғасырға дейін соғысты заңды деп тану үшін соғысты жариялаудың арнай шаралары қажет деп есептеді. Осындай шарттардың сақталуы қарулы қақтығыстың пайда болу себебіне қарамастан заңды деп танылды. 1945 жылдан бастап халықаралық құқықтың императивтік нормалары арқылы мемлекеттер арасындағы қатынастарда әскери күш қолдануға тыйым салынды. Мына үш жағдайды қоспағанда:

  1. жеке немесе ұжымдық өзін-өзі қорғау;

  2. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялар немесе шешімі арқылы қабылданатын қорғау шаралары;

  3. Ұлт азаттық соғыстар.

Қалған барлық жағдайларда әскери күшке жүгінк заңсыз деп танылады.

Jus in bellо jus ad bellum-ға қарағанда күш қолдану себептерін қарастырмайды және соғысты әділ немесе агрессивті деп бағаламайды.Ол қақтығыстың тікелей өзіне қатысты және қақтығыстың гуманитарлық сипатын ғана реттейді. Jus in bello ережелері қақтығыстың пайда болу себебі мен оның қаншалықты әділ екеніне қарамастан қақтығыстың барлық жақтарына бірдей уақытта қолданылады. Ол қарулы қақтығыс кезінде қандай әрекеттер заңды екенін анықтайды. Халықаралық гуманитарлық құқық jus in bello-ң маңызды және негізгі саласы.

Бүгінгі таңда халықаралық құқық нормаларында көрсетілген тыйым салуларға қарамастан қарулы қақтығыстар бұрынғыдай объективті шындық болып табылады. Jus in bello екі жаққа да міндетті соғыстың арнайы ережелерін белгілеу арқылы қарулы қақтығыс салдарын барынша азайтуға ұмтылады. Барлық соғысушы тараптар гуманитарлық құқық алдында тең болып саналады. Ол қақтығыстығ jus ad bellum бойынша қалай жіктелетініне қарамастан қолданылады. Jus ad bellum-нан туындайтын аргументтер халықаралық гуманитарлық құқықтың нормаларын қолдану мен түсіндіруде қолданыла алмайды. Басқаша айтқанда ХГҚ нормаларын бұзу кезінде, ол jus ad bellum тұрғысынан ақтала алмайды. Ол ХГҚ ережелерінің қолданылуына кедергі бола алмайды. Сонымен қатар ХГҚ jus ad bellum ережелерінің қолданылуына кедергі бола алмайтынын айта кеткен жөн. Мысалы, өзін-өзі қорғау құқығына. Яғни бұл гуманитарлық құқықтың нормалары өздігінен қару-жарақ пен күшті пайдалануға тыйым сала алмайтындығын білдіреді. Олар тек мұндай пайдалану зардаптарын барынша азайту үшін ұмтылады және адамдар мен заттарды қорғау үшін, соғыс қимылдарына тікелей қатысады емес. Олар тек мұндай зардаптарды барынша азайтуға ұмтылады және соғыс қимылдарына тікелей қатыспайтын адамдар мен объектілерді қорғауға ұмтылады. Халықаралық гуманитарлық құқықты практикалық қолданылуында jus ad bellum және jus in bello арасындағы айырмашылықты білу маңызды. Ол әсіресе қазіргі таңда саяси және идеологиялық факторлар ол екеуінің араласып кетуіне алып келетін кезде маңызды болып табылады.

13. Соғыстың басталуын халықаралық-құқықтық реттеуге баға беріңіз.

14. Соғыс жағдайының құқықтық салдарына құқықтық талдау жасау арқылы баға беріңіз.

1907 жылы соғыс қимылдарына ашу туралы II Гаага Конвенциясы бойынша мемлекеттер арасындағы әскери қимылдар алдын-ала және айқын ескертусіз бастала алмайды. Бұл ереже бүгінде өз қызметін тоқтатпады.Соғыстың басталуы соғысушы мемлекеттер арасында белгілі бір салдар тудырады және олар соғыс жүргізу ережелерін сақтауы тиіс. Соғысты жариялау фактісінің өзі халықаралық қылмыс болып табылады. Соғыстың жарияланғанын немес жарияланбағанына қарамастан қарулы қақтығыстар құқығының нормалары сақталуы тиіс. Соғысты жариялау әр мемлекеттің жоғарғы құзырлы органына тиесілі. Соғысты жариялау ол әскери іс-қимылдар арқылы көрініс таппаса да соғыс жағдайының заңи басталуын білдіреді. Соғыстың басталуы соғысушы мемлекеттер арасындағы бейбіт қарым-қатынастың тоқтатады. Ол осы мемлекеттердің арасындағы дипломатиялық қатынастардың аяқталғанын білдіреді. Дипломатиялық және консулдық қызметкерлер жау мемлекет тарапынан қандай да бір шектеулер мен кідіріссіз қабылдаушы мемлекеттен кетуге құқылы. Мемлекеттің аумағындағы қарсы соғысушы мемлекеттің азаматтарына қатысты белгілі бір шектеулер қолданылады. Бұл тұлғалар соғыс уақыты кезінде белгілі бір аймақта өмір сүруге мәжбүрленуі мүмкін. Жау жақтың азаматтарының меншіктері қол сұғылмайтын болып есептеледі.Кемелерге порттардан кетуге белгілі бір уақыт беріледі, егер олар осы уақыт ішінде кетпесе олар тәркіленуге жатады. Бейбіт ынтымақтастық үшін арналған екі жақты саяси және экономикалық шарттар аяқталады немесе тоқтатыла тұрады. Жау мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларымен сауда шарттарына отыруға тыйым салынады.

Әскери іс-қимылдар белгілі бір аймақтың щеңберінде жүргізіледі.Ол аймақ соғыс театры деп аталады және соғысушы тараптар осы аймақта әскери операцияларды жүргізеді.Соғысқа қатыспайтын және бейтарап мемлекеттердің аумағы соғыс театры ретінде пайдаланылмайды. Халықаралық шарттарға сәйкес мына аймақтар соғыс театрына айнала алмайды:

  • Белгілі бір халықаралық бұғаздар (мысалы, Чили мен Аргентина арасындағы 1981 жылғы шарт бойынша Магеллан бұғазы);

  • Халықаралық каналдар (мысалы, 1888 жылғы Констонтинополь шартына сәйкес Суэц каналы);

  • Жеке аралдар мен архипелагтар;

  • Жекелеген құрлықтар (мысалы, 1959 жылғы шартқа сәйкес Антарктика).

Соғысушы мемлекеттер бейтарап мемлекеттің аумағы арқылы әскерлер мен әскери көлік құралдарын өткізе алмады. Өз аумағында бейтарап мемлекет қарулы күштерінің пайдалануды қоса алғанда, қолда бар барлық құралдар арқылы бейтараптылығын қорғауға құқығы бар.

1967 жылғы ғарыш туралы шартқа сәйкес ай және басқа да аспан денелері соғыс театры бола алмайды. Ядролық қарусыз аймақтар үшін әдетте олар қарулы қақтығыс кезінде қолданылады, алайда, ядролық соғыс театры бола алмайды.Осылайша соғыстың басталуы екіжақты қарым қатынастың түрлі салаларына өз ісерін тигізеді. Ол өз кезегінде халықаралық-құқықтық базаның түбегейлі өзгерісіне әкеп соғады (экономикалық, саяси, мәдени, әскери, және басқалар). Осы кезден бастап мемлекеттер халықаралық гуманитарлық құқықтың нормаларын қолдануға міндетті.

15. Соғыстың аяқталуын құқықтық реттеуге баға беріңіз.

16. Соғыстың аяқталуын реттеу құралдары ретінде «бейбіт келісім» мен «капитуляция» арақатынасын анықтаңыз.

Соғысты тоқтату мен әскери іс қимылдарды тоқтатудың айырмашылығын білу қажет. Халықаралық қатынастар тәжірибесінде соғысты тоқтатудың кең тараған екі түрі бар. Олар капитуляция және уақытша бітім.

Капитуляция— құқық теңсіздігімен сипатталатын келісімшарттардың ерекше түрі. Онда жеңілген мемлекет азаматтарына қарағанда шетелдіктер үшін артықшылығы бар режим шарттары тіркеледі. Капитуляция мазмұны келісуші жақтардың күштерінің арасалмағымен анықталады. Соғыс қимылдары нәтижесінде қарулы күштердің немесе олардың бөлімдерінің ұрыс аймағы мен аудандарында, қамалдарында, бекіністі немесе елді мекендерде, теңізде және теңіз базаларында, т.б. жерлерде жеңуші жақ шарттарына мойынсұнып, немесе екі жақ қолбасшыларының өзара келісуіне сәйкес қарсылығын тоқтатып, тізе бүгуі де “Капитуляция” деп аталады. Капитуляция кезінде, халықаралық құқыққа сәйкес, соғысушы жақтың барлық қару-жарақ, соғыс кемелері мен ұшақтары, қамалдар мен бекіністі мекендері, соғыс жабдықтары жеңімпаздың қолына өтіп, әскер күші тұтқынға алынады. Әдетте, сөзсіз тізе бүгу жөніндегі актіге қол қою арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, фашистік Германия 1945 жылы 8 мамырда, Жапония 1945 жылы 2 қыркүйекте сөзсіз капитуляция жөніндегі актіге қол қойды.

Уақытша бітім жалпы немесе жергілікті болуы мүмкін. Жалпы бітім әскери іс қимылдарды тоқтатып, бүкіл соғыс театрына таралады. Белгілі бір жағдайларда ортақ келісім соғысты тоқтатып қана қойма, оның аяқталуына да әкеліп соғуы мүмкін. Мысал ретінде 1953 жылғы 27 шілдедегі Кореядағы әскери келісім туралы шартты келтіруге болады. Бітімді қамтамасыз етудегі маңызды рөлді осы шарттың күшіне ену мен әрекет ету уақытын анықтау алады. Соғысушы тараптар бұл шарттың қашан күшіне енетінін өздері шешеді. Егер бұл шарттың әрекет ету мерзімі анықталмаса,кез келген тарап екінші жақты алдын ала ескерте отырып ұрыс қимылдарын қайта бастауға құқылы. Егер де бір тарап келісімнің ережелерін бұзу екінші тарапқа одан бас тартуға және әскери қимылдарды бастауға құқық береді.

Қазіргі заманғы халықаралық құқық бітімді БҰҰ-ң Қауіпсіздік Кеңісінің бақылауымен және шешімімен орнатуды көздейді.

Жергілікті бітім соғыс театрының шектелген аумағында және жеке әскери бөлімдер арасындағы әскери қимылдарды тоқтата тұруға бағытталады. Оның мақсаты әйелдер мен балаларды соғыс аумағынан көшіруге,өлгендерді көмуге бағытталады. Бейбіт халықты қорғау жөніндегі Женева конвенциясы осы мақсаттарда жергілікті бітімді орнатуға мүмкіндік береді. Уақытша бітімді орнатуға себеп болған жағдайлар орындалғаннан кейін соғыс қимылдары қайта басталуы мүмкін.Алайда айта кететін жайт капитуляция да уақытша бітім де соғыс жағдайын тоқтатпайды.

Соғыс жағдайын тоқтатудың негізгі халықаралық-құқықтық нысаны бейбіт келісім болып табылады. Мазмұны бойынша кең ауқымды мәселелерді қамтиды: соғыс жағдайын тоқтату, бейбіт қарым-қатынастардың қалпына келтіру, сондай-ақ соғыс қылмыскерлер қудалауды, аумақтық мәселелерді шешу, тұтқындармен алмасуды, өтемақыны қалпына келтіруді. Сондай-ақ соғысушы мемлекеттер арасындағы соғыс жағдайы мына жолдар арқылы тоқтатылуы мүмкін:

  1. Біржақты декларация қабылдау, яғни мемлекеттер арасында келіссөздер болмай, бейбіт қарым-қатынасты орнату біржақты ұсыныс болып табылады.

  2. Екіжақты декларация қабылдау. Бұл кезде соғыс жағдайы келіссөздер арқыоһлы тоқтатылады.Мысалы, 1956 жылы 19 қазанда КСРО және Жапония соғыс қимылдарын тоқтату туралы декларацияға қол қойды.

Соғыстың аяқталуының құқықтық салдары:

  • Соғысушы тараптардың әскери қимылдарына қатысты қолданылған халықаралық гуманитарлық құқықтың нормаларын қолдану тоқтатылады;

  • Әскери тұтқындардың репатриациясы жүзеге асырылады;

  • Мемлекеттердің саяси және материалдық жауапкершілігі туралы мәселе шешіледі;

  • Жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселе шешіледі.

Болашақта, мемлекеттер түрлі салалардағы трансшекаралық ынтымақтастықты жандандыруға бейбіт қарым-қатынастар үшін арналған әр түрлі халықаралық-құқықтық негіздерді қолданады.

17. Қарулы қақтығыс түсінігін ашып көрсетіңіз.

18. Қарулы қақтығыстарға жіктеу жасай отырып олардың түрлеріне талдау жасаңыз.

19. Қарулы қақтығыстарды интернациализациялау мәнін ашып беріңіз.

Халықаралық гуманитарлық құқық қарулы қақтығыстар кезінде қолданылады. Халықаралық құқықтық актілер «соғыс» және «қарулы қақтығыс» ұғымдарына анықтама бермейді. Қазіргі заманғы халықаралық құқықтық актілерде қарулы қақтығыстар реттеу мәселесінде «соғыс» терминіне қарағанда «қарулы қақтығыс» термині көбірек қолданылады. Қарулы қақтығыс – бір-біріне қарсы тұрған күштер арасындағы әскери қимылдар. Онда белгілі бір саяси, экономикалық, әскери, т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан түрде қарулы соғыс құралдары қолданылады. Қарулы қақтығыс кезінде мемлекеттер әр түрлі мүдделерді көздейтін саяси күштер, әлеуметтік топтар арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуді мақсат етеді. Әлеуметтік-саяси, ұлттық, діни, аймақтық және басқа негіздерде қарулы күреске, әскери жанжалға ұласып, адам шығындарына әкелуі мүмкін. Қарулы қақтығыс мемлекеттің қоғамдық-саяси дамуына кері әсер етіп, оның ішкі қауіпсіздігіне, саяси тұрақтылығына нұқсан келтіреді.

Қарулы қақтығыс халықаралық немесе ішкі сипатта бола алады. Халықаралық қарулы қақтығыс - кез-келген 2 немесе одан көп мемлекттер арасында пайда болған кездейсоқ қақтығыс.Халықаралық емес қарулы қақтығыс - белгілі-бір мемлкеттің шекарасы ішінде болатын, халықаралық сипаттағы емес әскери қимыл. Интернационалдырылған қарулы қақтығыс –кейде аралас деп те атайды. Себебі ол өзіне халықаралық және халықаралық еместі қамтиды. Мысалы: Белгілі бір мемлекет ішінде қарулы қақтығыс болып жатса, оған шет ел мемлекеттерінің араласуы жатады. Халықаралық қарулы қақтығыс халықаралық құқықтың пәні болып табылады. Қарулы қақтығыс құқығының негізгі ережелері 1907 жылғы Гаага конвенциясында және 1949 жылғы «Соғыс құрбандарын қорғау жөніндегі» Женева конвенциясында бекітілген.

Қарулы қақтығыстың соғыстан ерекшелігі:

• Салыстырмалы түрде қысқа мерзімді;

• Салыстырмалы түрде шағын аймақты қамтиды;

• Әскери күш қолдануды сандық және сапалық шектейді;

• Қарсылас жақтардың шектеулі саяси мақсаттары.

Қарулы қақтығыс соғысқа ұласуы мүмкін. Соғыс – қақтығыстарды шешу барысындағы қарулы қақтығыс, саяси дағдарысты күш қолдану арқылы шешу. Карл фон Клаузевицтің айтуынша, соғыс саясаттың жалғасу формаларының бірі және «шектен тыс жағдайға жеткізілген күштеу актісі» болып табылады.

Соғыстың екі: сыртқы (мемлекеттер арасындағы) және ішкі (азаматтық) түрі бар. Ішкі соғыстарға мемлекет ішіндегі әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қарулы күрестер жатады. Әскери операциялар әдетте соғысушы мемлекеттер шекарасында жүргізіледі және негізінен осы мемлекеттердің ғана мүддесін қозғайтын екі немесе одан да көп мемлекеттер арасындағы соғыс (аумақтық, экономикалық, саяси және басқа да). Белгілі бір жағдайларда жергілікті соғыстар аймақтық немесе кең ауқымды соғысқа ұласа алады. Ал сыртқы соғыстар, әсіресе дүниежүзілік соғыстар ондаған миллион адамның өліміне алып келіп, адамзат өркениетінің ең үлкен трагедиясына айналады. Азаматтық соғыстар да өте қауіпті болып саналады, себебі бұл жағдайда адамдар өлімі мен қалалардың қирауымен қатар, бір халықтың тарихи, мәдени, рухани байланыстары үзіледі. Соғыс, жүргізу әдісі бойынша партизандық, майдандық және жаппай болып бөлінеді. Сыртқы соғыстың ең ерекше түрі – дүниежүзілік соғыстар. Олар саяси коалициялардың жаһандық күресімен (әлемнің көпшілік бөлігін қамтитын) сипатталады.

Қазіргі заманғы халықаралық құқық бойынша, соғыс – бейбітшілік қатынастарды толық бұзатын, мемлекеттер немесе ұлт-азаттық қозғалыстар және т.б. арасындағы жойқын әрекет. Кейбір классификациялар бойынша, соғыстың: әділетті – агрессияға қарсы ұжымдық қорғаныс; БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімімен жүзеге асатын мәжбүрлік қарулы санкция, ұлт-азаттық; сондай-ақ адамзат алдындағы ең ауыр қылмыс болып саналатын әділетсіз соғыстар сияқты түрлері бар.

Соғыс пен қарулы қақтығыстардың айырмашылығы олардың саяси, техникалық және оперативті аспектілерінде жатыр. Саяси аспектісі саяси мақсат және соғыс пен қарулы қақтығыстың себептерін қамтиды. Екеуінің де саяси астары жиі бірдей болғанмен, олар өз мақсаттары мен стратегияларын бойынша әр түрлі. Соғыс мақсаттары қарулы қақтығысқа қарағанда ауқымырақ және жақсы жоспарланған. Соғыстың саяси мақсаттары ол басталғанға дейін қалыптасады. Техникалық жағынан соғыс қарулы қақтығыстан қарулы күрестің сан алуан құралдарын пайдаланумен ерекшеленеді. Соғыс көбінесе мемлекеттердің өз қарулы күштерін қолданумен жүреді. Ал қарулы қақтығыс шабуыл немесе қорғаныстық әскери қимылдар түрінде, сондай-ақ терроризм актілерінің түрінде да жүргізілуі мүмкін. Қазіргі уақытта «қырғи-қабақ соғыс» аяқталған соң жаңа соғыстар көбінесе этникалық негізінде немесе мемлекеттер арасындағы аумақтық даулардың себебінен орын алуда.

20. Қарулы қақтығыс қатысушылары түсінігін ашып көрсетіңіз. (Жауабы 21-25 пен бірдей).

  1. Комбатанттардың құрамы мен құқықтық жағдайына құқықтық талдау жасаңыз.

1977ж дипломатиялық конференцияда 1949ж соғыстың құрбандарын қорғау жайлы Женева конвенциясына қосымша І және ІІ протоколдар қабылданды. Онда алғаш “қарулы күштер” түсінігі берілді. Осы протоколда қарулы кұштерге кіретін тұлғалар(медициналық және діни қызметкерлерден басқа) комбатанттар болып табылады деген. Яғни олар әскери әс қимылда қатысуға құқығы бар.

Комбатанттарға әскери теңіз флоты және әуе күштерінің жеке құрамы, партизандар, ерікті отрядтардың құрамы, сонымен қатар егерде олар әскери жабдықталған болса сауда теңіз кемелері мен азаматтық әуе экипаждары да жатады. Кез келген ретсіз көтерілісшілердің отряды комбатант болып танылады егер олар ашық қару ұстап жүрсе және соғыстың әдет ғұрпы мен заңдарын сақтаса. Комбатанттарға соғыс кезінде кез келген зорлық зомбылық түрін қолдануға болады, тіпті жоюға да. Қарсы жақтың қолына түскен комбатант әскери тұтқын саналады. Комбатанттардың міндетті белгісі болып олардың ашық қару ұстауы, олардың айрықша киімі, алыстан көрінетін белгілері болуы керек. Комбатанттар міндетті түрде хал келісімшарттар мен әдет құрыптарда, хал құқық жалпы принциптерінде көзделген нормаларды сақтауы тиіс. Сонымен қатар белгілі бір шектеулерді де ұстанып, соғыс жүргізудің белгілі бір әдістерін қолданбауы керек. Сақтамаса олар әскери қылмыскер танылады.

Хал гуман құқықтың нормалары бойынша әскери іс қимылдар тек комбатанттарға қарсы қолданыла алады, сол үшін де олар өздерін ерекшелендіретін киәм киіп белгілері болуы тиіс. Егер де белгілі бір себептер бойынша комбатант соғыс кезінде өзін ерекшелендіретін белгілері болмаса. Алайда ол әр әскери қақтығыс кезінде қару жарақ ұстап жүрсе, ол өзінің комбатант статусын сақтап қалады. Комбатанттар қарулы қақтығыс кезінде қарсыласқа күш көрсетуге, оны жоюға құқылы, ал комбатант еместер қару жарақты тек өзін өзі қорғау мақсатында қолдана алады.

Комбатанттардың парламентерлер деген категориясына ерекше құқықтық жағдай берілген. Оларға қарсыластар арасындағы келіссөздерді жүргізуге белгіленген тұлғалар, яғни аудармашы, барабан қағушы, жалау ұстаушы, т б жатады. Олар ақ флаг ұстап жүреді, ол олардың қолсұғылмаушылық белгісі. Ол қарсы жақты бүл адамдарды жоюға кедергі келтірмесе де, оларға күш көрсету хал құқықты бұзуды білдіреді. Оларды тұтқынға алуға болмайды.

Комбатанттардың құқықтық жағдайы әскери шпиондарға қолданылмайды. Комбатанттарға әскери тұтқындық режимі қолданыла алады. Бұрын 1907ж Конвенцияға сйікес бұл режим комбатант еместерге де қолданылған болатын. Бұл режим әскери разведчиктерге де қолданылады.

Комбатанттарға жалдамалылар, әскери кеңесшілер мен инструкторлар жатпайды.

Комбатанттардың сақтауға міндетті заңдарын, шектеулері мен әдет ғұрыптарын сақтамайтындар әскери қылмыскер танылады.

  1. Комбатант еместердің құқықтық жағдайына құқықтық талдау жасаңыз.

Комбатант еместер қарулы күштердің құрамына кіретін тұлғалар. Алайда олар тек қарулы күштердің әскери қызметін қамтамасыз етіп, қызмет көрсетеді және қару жарақты олар тек өзін өзі қорғау мақсатында ғана қолдана алады. Хал құқықта комбатант еместер болып соғысып жатқан жақтардың қарулы кұштерінің құрамына кірмейтін адамдар мен кірсе де, қақтығыстарға қару жарақпен қатыспайтын тұлғалар жатады. 1949ж соғыс құрбандарын қорғау тур Женева конвенциясы мен осыған жасалған 1977ж І қосымша протоклға сәйкес комбатант еместерге медициналық персонал, интенданттық персонал, әскери заңгерлер, корреспонденттер және діни қызметкерлер жатады делінген.

Хал құқық бойынша комбатант еместерге олар ұсталып қалған жағдайда оларға ерекше әлеуметтік статус беріледі. Егер комбатант емес тұлға қақтығысқа қатысса және өолына өару алса, ол өзінің статусын жоғалтады және оған қарсы кез келген қарсылық көрсетіліле алынады.

Комбатант еместерді медициналық және діни қызметтен басқа жұмысқа күштеуге болмайды.

Теңіз соғысындағы комбатант еместерге әскери емдеу кемелерінің экипаждары, егер олар мемлекеттің бұйрығымен ауру адамдарға көмек көрсету үшін жабдықталған болса, жатады. Оларды жаулап алуға, соққы беруге болмайды, себебі олар хал құқық нормасының қорғауында болады.

Әуе соғысындағы комбатант еместерге санитарлық самолеттардың экипажы және госпитальды аәе кемелері жатады. Олар өздерінің айқын көрінетін белгісі болуы керек. Қақтығыстағы мемлекеттер ондай әуе кемелерін әскерлерді разведкаға жіберіп жалған қолдануына тиым салынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]