Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauaptar.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.82 Mб
Скачать
  1. Кран ілмегіне ілінбейтін, дана жүктерге арналған жүк қармау құрылғыларының түрлері туралы, эксцентриктік жүк қармауларды есептеу туралы айтып беріңіз.

Арнайы жүк қармаушы қондырғылар

Ілмекке біртекті жүктерді қармау мен асу үшін арнайы

мамандырылған əртүрлі механикалық қармауыштар

қолданылады. Көбінесе қысқышты фрикционды, қайшылы,

эксцентрикті, магнитті, вакуумды қармауыштарды кеңінен

пайдаланады.

Қайшылы, қысқышты қармауыштар

Қысқышты қайшылы қармауыштар көбінесе, төрт

бұрышты қорапқа салынған жүктерді қармауға арналған. Оның

екі жақтауы жүктің екі бүйірінен қысып, көтергенде иінтіректі

құрылымның арқасында өздігінен жүкті қысып көтереді.

Эксцентрлі қармауыштар

Эксцентрлі фрикционды қармауыштар табақшалы

материалдарды (металдарды) тік қалыпта тасымалдауға

арналған.

Қармауыштардың бұл түрлерінің қарапайым (2.15а-сурет)

жəне күшейтілген (2.15ə-сурет) түрі бар. Қармау кранның

ілмегіне ілінеді. Табақша эксцентрлік пен табақ арасында пайда

болған үйкеліс күшінен жүк қармауда ұсталынып қалады.

Көтеру басталған кезде бұрыш «α-көтерілетін жүктің

қалыңдығына байланысты: a > 10°. Бұрыштың көбеюімен

табақшаға əсер етуші қысым күші тез өседі де, табақша

қармауда жақсы ұсталуын қамтамасыз етеді.

  1. Грейферлік құрылғылардың құрылымдылық орындалуы және сыйымдылығы мен тиелетін жүктің түріне байланысты жалпы іріктеу әдістері қандай?

Жүк қармауды автоматтандыру үшін, әсіресе, көп жүкті көтеру үшін автоматты түрде жұмыс істейтін жүк қармауыш құрылғысы пайдаланады.

Механизмдерінің кинематикасы бойынша грейферлік құрылғыларды арқандық және жетекті боп жіктеуге болады, арқандық грейферлер жетекті лебедкамен иілмелі элемент – арқан арқылы жалғасады.

1-сурет. Екі жақтаулы грейферлер сызбасы: а–электрмоторымен; ə–екіарқанды жəне жақтаулы; 1–көтергіш арқан; 2–жақтауды ашып-жабушы арқан; 3–жоғарғы траверс; 4–тартым белдемшесі; 5–жақ; 6–төменгі траверс; 7–электрқозғалтқыш; 8–бəсеңдеткіш (редуктор); 9–бұрандалы беріліс; 10–ілмек; З жəне П-сəйкес тұйықтаушы жəне көтергіш лебедкалар.

Жетекші грейферде күреу және түсіру механизмі грейфердің өзінде орналасады (1,а-сурет). Арқанды грейферлер бір арқанды және екі арқанды боп бөлінеді (1,б-сурет). Екі арқанды грейферде ұстағыш арқан (1) жоғарғы траверсаға (3) бекітіледі. Тұйықтаушы арқан (2) төменгі траверсаға (6) бекітіледі. Арқан (1) грейферді көтеруге арналады. Екі жақты грейфердің сыйымдылығы v = 0,4...10м3 шаманы құрайды.

Сусымалы жүктерді салып тасымалдау үшін шөміш, қауға, грейферлер қолданады. Сусымалы жүкті қармауды автоматтандыру көбіне, автоматты жүкқармаушы қондырғыларды грейферлерде қолдану жолымен іске асады. Мұнда тасымалдау жұмысының өнімділігі жоғарылап, ал қол еңбегі (толығымен) жойылады. Құрылыстарда, руда шығаратын өндірісте, құю цехтарында, жер қазу жұмыстарында, т.б. салаларда грейферлер кеңінен пайдаланады. Грейферлі қондырғыларды, аспа сызбасы бойынша: жебемен қатты жəне икемді байланыста; кинематика механизмі бойынша: арқанды жəне жетекті; жүкті қармау əдістері бойынша: өздігінен қармап енетін, тербелмелі жəне қысымды түрде енетін; жақ сандары бойынша: екі жақтылық жəне көп жақтылық түрде жіктеуге болады. Арқанды грейферлер жетекші лебедкаға иілмелі арқан жүйелерінің көмегімен жалғанады. Жетекші грейферлердегі сусымалы жүктерді көсеп алу жəне түсіру (төгу) механизмдері грейферлерде (1. а-сурет) тікелей өзінде орналасқан. Жетектің түрі бойынша жетекші грейферлер: электр-моторлық, гидравликалық, пневматикалық болып, ал арқанды грейферлер бірарқанды жəне көпарқанды болып бөлінеді. Ең көп тарағандардың бірі екі арқанды грейфер (1. б-сурет). Ол жақтар 5 симметриялы орналасқан екеуінен тұрады жəне траверстің 6 төменгі жағына топсамен, тартым белдемшесі 4 жоғарыда орналасқан траверспен 3 жалғасқан. (П) лебедкасы (1,б-сурет) арқанмен 1 грейферді көтеріптүсіруге, ал (З) лебедкасы арқан 2 арқылы екі жақтауды 5 ашып– жабуға арналған, сонымен сусымалы материалды қаусырып жүктейді немесе оны төгеді. Екі жақты (челюсті) грейфер былайша жұмыс жасайды: екі

Көтеру-тасымалдау машиналары лебедка (П) жəне (З) бірдей жұмыс істеп, грейферді белгілі бір биіктікке көтереді. Лебедкамен (З) грейфердің екі жақтауын ашады, сонан соң екі лебедканың арқанын босатып, грейферді сусымалы материалдың үстіне екпінімен тастайды, сол кезде салмағымен ашылған жақтарымен материалға біраз енеді. Бұл кезде (П) лебедкасы тоқтап тұрады, ал (З) лебедкасы жақтарды қаусыра жабады, грейфердің жақтауы сусымалы материалға толады. Грейфердің жақтары жабық күйде екі лебедканың көмегімен қажетті жоғарғы жеріне дейін көтеріліп тасымалданады. Материалды белгілі орында төгу (З) лебедканың көмегімен іске асады. Сонымен грейфердің жұмыс істеу кестесі 4 тактыдан тұрады. Екі жақтық грейфердің сыйымдылығы: V = 0,4...10 м3.

Жетекші ( моторлы) грейфер (1. а-суретті қараңыз) кранның ілмегіне ілмек арқылы ілінеді, бірақ жоғарыда айтылған 4 тактыны жоғары басына орналасқан жетекші механизмнің көмегімен жүргізіледі. Моторлы грейферлерді пайдалану ыңғайлы, алайда, олар электржетекті крандарда ғана қолданылады. Грейфердің жоғары бөлігіндегі жетек механизмі сусымалы материалға жақтарды қысыммен ендіреді. Грейферлердің сипаттамасы болып, r e =Gr/G, коэффициенті қызмет атқарады, мұндағы Gr – грейфердің салмағы; G – материал (жүк) салмағы. Грейферлер үшін r e = 1...1,2. Мұнда қажетті жұмыстар үшін грейфердің жүккөтергіштігінің жартысы ғана пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]