Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauaptar.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.82 Mб
Скачать
  1. Төрт тағанды (сандал) кран тіректеріне түсетін жүктемелерді қай формула көмегімен анықтайды?

Арысты сандал кранның тіректеріне түсетін жүктемені жүгі бар арбаның арыс шетінде тұруы жағдайында анықтайды. 8.4,а-суретте көрсетілген сұлбаға сүйене отырып, «В» тірегінде реакцияны табамыз.

Rв = (1/L) [Gм · a + (Gг + Gт) (L + C) + (Рин + Wг )h + W · P] (8.2)

мұндағы, Gм – кран көпірінің салмағы; Gг – жүк салмағы; Gт – арба салмағы; Pин1 – арбаны тежеу кезінде болатын инерция күші; Wг және Wк сәйкес жүкке және кранға түсетін жел қысымы.

А тірегінің реакциясы: RА = (Gт + Gм + Gг ) – Rв (8.3

  1. Кран-балканың қолдану саласын атаңыздар.

Кранның балкасын металл конструкциясы құрайды. Оның үстіне арба, кранның механизмдері мен жетектері орнықтырып қойылады. Металл конструкциясының сапасына кранның барлық механизмдері мен элементтерінің жұмысы тікелей байланысты. Сондықтан көпірлік кранның металл конструкциясына беріктілік, қатаңдық және сенімділік жағынан жоғары талаптар қойылады. Конструкциясының металл сыйымдылығы жеткілікті болуы керек.Жалпы қолданудағы көпірлік крандарда көбінесе тұтас түріндегі көпір пайдаланады, өйткені жасау кезінде еңбек сыйымдылығы аздау да аса сенімді келеді. Олардың кемшілігіне артық массасы жатады. Сондықтан аралығы үлкен крандар үшін тор көзді балкалар қолданылады.

Екі сатылы негізгі балканың биіктігін аралық ұзындығына байланысты таңдап алады.

  1. Тасымалдауыш машиналардың құрылымы мен жұмыс істеуінің ең негізгі ерекшеліктерін атаңыздар.

Тасымалдауыш машиналар (немесе үздіксіз тасымалдау машиналары) әртүрлі көтергіш тасымалдауыш машиналар ішінде басты орын алады. Бұл машиналардың негізгі арналуы – белгілі бір трасса (жол) бойымен жүктерді тасымалдау. Тасымалдаушы машинаның құрылымы мен жұмыс істеу принциптері мен ең негізгі ерекшеліктері: 1) жүкті тасымалдау үздіксіз қабатпен, ағынмен немесе көп емес мөлшермен, бірінің артынан кемсі дара жүкті беру арқылы жүргізіледі; 2) бос (қайтармалы) жүрістің болмауы; 3) негізгі жұмыстық қозғалыс – жүкті горизонталь бойымен жылжыту, жүкті көтеру – ал қосалқы, жолшыбай қозғалыс (элеватор сияқты машинаны есепке алмағанда); 4) жүктің негізгі түрі – массалық сусымалы (құм, руда, цемент және т.б.) немесе орта кесекті дара (құйма, жәшік, тетіктер және т.б.).

Циклді көліктік машиналармен салыстырғанда тасымалдауыш машиналардың артықшылығына мвналар жатады: 1) өнімділігі үлкен (

9.1-сурет. Таспалы немесе шынжырлы конвейер трассасының сызбасы:

1-жетекті элемент; 2-ұстағыш құрылғылар; 3-полотно; 4-шеткі элемент; 5-керу құрылғылары; 6-жүктеуші лоток; Р-полотноны керетін күш; v-полотно қозғалысының жылдамдығы

тасымалдаудың үздіксіздігімен тез жылдамдығының есебінен); 2) жүкті тасымалдау қашықтығына өнімділіктің тәуелсіздігі; 3) жұмысын автоматтандыру қолайлылығы; 4) құрылғысының қарапайымдылығы.

  1. Таспалы және шынжырлы конвейердің полотносы қандай функцияны орындайды?

Барабан мен жұлдызшалар полотноның қозғалыс бағытын өзгертуге, сонымен қатар полотноға тарту күшін (жетекті барабан және жұлдызша) беруге арналады. Конвейер полотносы – бұл жүктасығыш пен жүк қармауыш айла – бұйымдарымен бірге тартқыш элемент ретінде қолданылады. Таспалы конвейерлерде таспа тартқыш функция мен жүкті тасымалдау функциясын бірдей атқарады. Шынжырлы конвейерде – бұл функциялар бөлінген: шынжын – тартқыш элемент, ал жүк арнайы шынжырмен байланысқан жүк тасымалдаушы элементтерде жатады (қойылады, ілінеді). Полотно трассасы (жолы) жұмыстық (жүктік) және бос бөлімшелерге бөлінеді.

Ұстағыш құрылғылар полотномен жүк массасын көтеруге, трассаға кеңістікте қажетті конфигурация беру үшін арналады. Таспалы конвейерде ұстағыш құрылғылар ретінде әртүрлі роликтер мен бағыттауыштар болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]