Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.82 Mб
Скачать
  1. Жүк көтергіш машиналардың өнімділігі қалай анықталады?

Жүккөтергіш машинаның параметрлеріне жалпы жəне

құрылымдық массасы мен өнімділігі жатады. Машинаның

жалпы массасының құрылымдық массасынан айырмашылығы

қарсы салмағының (балласт) мөлшері, отын қоры жəне су

мөлшерлері ескерілген.

Өнімділігі П – машинаның белгілі уақыт кезінде

тасымалданатын жүк санымен сипатталатын негізгі үнемділік

көрсеткіш. Өнімділігі жеке (дара) жүктерге – т/сағ, төгілмелі

жəне сусымалы жүктерге – м3/сағ немесе т/сағ мөлшерінде

өлшенеді. Жұмыстың өнімділігі машинисттің біліктілігіне,

нысандағы жұмыстың ұйымдастырылуына жəне кранның

құрылымы мен оның параметрлеріне байланысты болады.

Крандық құрылғылардың өнімділігі сағатына циклдар санымен

анықталады. Мөлшері бірдей дара жүктерге:

П=z *m гр. (2.2)

Əртүрлі мөлшерлі дара жүктерге:

П=z1 *m1 гр+z2 *m2 гр+… z *m гр,

мұндағы mгр1 ... mгр i – жүк мөлшері, т; z1 ... zi – жүктердің

мөлшері бойынша жұмыс істейтін кранның бір сағатқа берілген

цикл саны:

z=3600\Тц , (2.3)

мұндағы Тц – цикл уақыты, с.

Кранның жұмыстық циклі Тц – жүкті стропқа іліп алып

бір жерден екінші жерге орнын ауыстырып, əрі қарай жүк

қармаушы органы келесі жүкті қармау үшін қайта орнына бос

келуге кететін уақыт, с.

  1. Жүк көтеру машиналарында қолданылатын электрлік, гидравликалық жетектердің, күштік жетектердің сипаттамасы және түрлері қандай? Қолдық жетектердің ерекшеліктері неде?

Жүккөтергіш машина механизмінің

негізгі элементтері: жетек, тежеуіш құрылғысы, берілістер жəне

жұмыс органы болып табылады.

Жетегі қозғалтқыштан (электрлік, іштен жану жəне

гидравликалық) немесе қол жетегі болуы мүмкін. Тежеу

құрылғыларын жұмыс істеген бөлшекті тоқтату үшін жəне

тоқтатар алдында қозғалыстың жылдамдығын реттеу үшін

қолданады. Берілістерде көбінесе тісті планетарлы жəне

червякті тісті берілістерді пайдаланады. Механизмнің жұмыс

органы – механизмнің жұмыс істеу барысын тікелей іске

асыратын элементі болып табылады. Көтеру механизмдерінің

жұмыс органдары – жүк қармаушы құрылғы мен арқандар,

полиспасттар, сонымен байланыстыратын барабан, шығыр,

жұлдызша; қозғалту механизмінде – жүргізетін дөңгелек, ал

айналдыру механизмінде – кранның бұрылмайтын жəне

бұрылатын бөліктерін байланыстыратын тіректі-бұрылмалы

құрылғысы (ТБҚ) болып табылады. Электржетекті, арқанды көтеру механизмінен басқа болашағы зор гидрожетекті көтеру механизмі оның орнын басады.

Жылжу механизмі қозғағыштан, яғни металл немесе пневматикалық доңғалақтан, шынжырлы табаннан, берілістен, қозғалтқыштан, тежеуіштен тұрады. Шынжырлы табаны тіректі бетпен (рельс, жер) бірдей өзара әрекеттеседі. Қозғағыш жетегі үшін қозғалтқышты (1), бірнеше тісті (кейде шынжырлы) берілісті (10) (4.1, б-сурет) қолданылады. Рельсдөңгелекті типтегі жылжу механизмінде жүрісті дөңгелектер (11) рельстер (12) бойымен домалап жүреді (мұнаралы, сандал, көпір және т.б. крандар).

Рельспен жүретін каретка немесе арбаның (18) екі қарама-қарсы шетіне тартқыш арқан (19) бекітіледі. Кәдімгі типтегі лебедка барабанға тартқыш арқан (19) оралады. Арқанның бір тармағы барабанның үстінен, ал екіншісі астынан келеді. Барабанның айналуы кезінде арқанның бір тармағы одан тарқатылады, ал екіншісі оралады, осылай каретканың (арбаның) жылжуын қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]