Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.82 Mб
Скачать
  1. Жүк көтергіш машиналардың базалық параметрлері және түрлері туралы, кран механизмдерінің топтастырылуы мен принципті кинематикалық сұлбалары туралы айтып беріңіздер.

  2. Крандық механизмнің серпімділік байланыстарын есепке алмай, статикалық, динамикалық, кинематикалық есептеу әдістерін баяндаңыздар.

  3. Жүк көтергіш машинаға және оның салмақтық, желдік, инерциялық элементтеріне әсер ететін жүктемелерді сипаттаңыздар.

  4. Крандардағы крандық механизмдердің жұмыстарының тәртібі қандай параметрлермен сипатталады?

  5. Жүк көтергіш машиналардың өнімділігі қалай анықталады?

  6. Жүк көтеру машиналарында қолданылатын электрлік, гидравликалық жетектердің, күштік жетектердің сипаттамасы және түрлері қандай? Қолдық жетектердің ерекшеліктері неде?

  7. Жүк көтеру машиналарында қолданылатын тежегіш құрылымын және түрлерін баяндаңыздар.

  8. Арқанды полистпасттардың түрлерін, әрқайсының пайдалану аймағын және түрі мен еселігіне байланысты ПӘК-ін анықтау әдісін сипаттаңыздар. Болат сымды арқандардың құрылымын және есептелуін айтып беріңіздер.

  9. Крандарда қолданылатын ілмектердің құрылымдарын айтыңыздар? Ілмек пен оның тіректік траверсінің есептеу әдісін баяндаңыз.

  10. Кран ілмегіне ілінбейтін, дана жүктерге арналған жүк қармау құрылғыларының түрлері туралы, эксцентриктік жүк қармауларды есептеу туралы айтып беріңіз.

  11. Грейферлік құрылғылардың құрылымдылық орындалуы және сыйымдылығы мен тиелетін жүктің түріне байланысты жалпы іріктеу әдістері қандай?

  12. Цех ішіндегі автокөлік шаруашылығында пайдаланатын көтеру – тасымалдау жабдықтардың түрлері, қолдану саласын атаңыздар.

  13. Көтеріп бақылайтын жабдықтардың ерекшелігі неде?

  14. Автокөлікті тасымалдау құрылғылары, олардың ерекшеліктері қандай?

  15. Автокөлік шаруашылығындағы көтеру – тасымалдау жабдықтарына қойылатын талаптар қандай?

  16. Тар және кеңейтілген түрдегі бақылау шұңқырларының конструкциясын айтыңыздар.Қай жағдайда, қандай түрдегі шұңқырды пайдалану тиімді?

  17. Әртүрдегі эстакада конструкциясына мәлімет беріңіздер. Олардың артықшылығы мен кемшіліктері, қайсысын қай жерде қолдану тиімді?

  18. Автокөлік көтергіштердің түрлері, жұмыс істеу үрдісі (жетек түріне, плунжер немесе бағана санына, көтеру рамасы мен қармау түріне және т.б.) туралы айтыңыздар?

  19. Бақылау шұңқырына қарағанда, көтергіштердің қандай артықшылығы бар.Олардың тиімді пайдалану саласын атаңыздар?

  20. Автокөлік шаруашылығында қолданылатын көтеру – тасымалдау жабдықтардың жіктелуі, олардың тиімді пайдалану саласын атаңыздар.

  21. Жеңіл автокөліктерді көтеруге арналған көтергіштердің жіктелуі қандай?

  22. Электрлі гидравликалық бірплунжерлі көтергіштердің құрылымы мен жұмыс істеу үрдісі.

  23. Тұрақты екі бағаналы моделі П-133 электрлі механикалық көтергіштің құрылымы мен жұмыс жасау үдерістерін айтыңыздар

  24. Бір плунжерлі жеңіл автокөлікті көтеретін көтергіштердің артықшылығы мен кемшіліктері, техникалық көрсеткіштерін атаңыздар.

  25. Электрлі механикалық жантайту құрылғылардың жіктелуі, артықшылығы мен кемшіліктері неде?

  26. Автокөлікті, моделі П-119 жантайту құрылғысының құрамы мен жұмыс жасау үрдісі.

  27. Тіреуіштер мен домкраттарды қай жағдайда қолданылады,артықшылығы неде?

  28. Төрт бағаналы автокөлік көтергіштердің түрлері, айырмашылығы, артықшылығы мен кемшіліктерін анықтаңыздар?

  29. Жүк тасымалдайтын автокөліктерді көтеру құрылғыларын жіктеу, олардың ерекшеліктері неде?

  30. Екі плунжерлі электрлі гидравликалық көтергіштің пайдалануы, құрылымы мен жұмыс жасау үрдісі қандай?

  31. Жүк көтерімділігі 8000 кг, моделі П-112 көтергіштің құрылымы, артықшылы мен кемшіліктері неде?

  32. Екі плунжерлі гидравликалық көтергіштің пайдалану саласы, артықшылығы мен кемшіліктері неде?

  33. Жылжымалы төрт бағаналы, моделі П-238 көтергіштің пайдалануы, ерекшеліктері қандай?

  34. Алты бағаналы электрлі механикалық моделі П-142 көтергіштің қолдануы, артықшылығы мен ерекшеліктері неде?

  35. Электрлі механикалық немесе электрлі гидравликалық жұмысшы органы бар көтергіштердің айырмашылығы мен ерекшелігі қандай?

  36. Бір плунжерлі екі бағытта жылжитын гидравликалық, моделі П-113 көтергіштің құрылымы мен жүмыс істеу үрдісі қандай?

  37. Жүк автокөліктерді көтеретін, моделі П-468 көтергіштің артықшылықтарын айтыңыздар?

  38. Тұрақты шұңқырда орналасқан екі плунжерлі гидравликалық, моделі П-201 көтергіштің құрылымы мен жұмыс жасау үрдісі қандай?

  39. Автокөлік шаруашылығында қолданылатын бір балкалы кран-балкалардың түрлері, құрылымы, жұмыс істеу үрдісі.

  40. Бір балкалы көпір кран қандай конструктивті элементтерден тұрады?

  41. Екі балкалы көпір кранның негізгі конструктивті элементтерін атаңыздар.

  42. Көпір кранның крандық арбасы не үшін арналады?

  43. Төрт тағанды (сандал) кранның конструкциясы қандай?

  44. Төрт тағанды (сандал) кран тіректеріне түсетін жүктемелерді қай формула көмегімен анықтайды?

  45. Кран-балканың қолдану саласын атаңыздар.

  46. Тасымалдауыш машиналардың құрылымы мен жұмыс істеуінің ең негізгі ерекшеліктерін атаңыздар.

  47. Таспалы және шынжырлы конвейердің полотносы қандай функцияны орындайды?

  48. Иілмелі тартқыш элементі бар конвейерлер қандай түрге бөлінеді?

  49. Иілмелі тартқыш элементі бар конвейерлердің негізгі параметрлерін атаңыздар.

  50. Пластинкалы конвейерлердің түрлері, құрылымы, жұмыс жасау үрдісін түсіндіріңіздер.

  51. Шөмішті және қалақшалы конвейерлердің қолдануы

  52. Тарту элементі жоқ конвейерді жіктеу, ерекшеліктері, қолдану өңірі, қай салада қолданылады?

  53. Бұрандалы конвейердің түрлері, қолданылуы, негізгі элементтері.

  54. Бұрандалы конвейерлерде сусымалы материалдарды тасымалдау әдістерін түсіндіріңіз?

  55. Бұрандалы конвейерде қолданылатын, бұранданың түрлері, қалай таңдайды негізгі параметрлері.

  56. Бұрандалы конвейерді есептеу және жобалау.

  57. Жүктерді айналып тасымалдауға арналған құбырлардың түрлері, қолданылуы, ерекшеліктері.

  58. Жүктерді айналып тасымалдайтын құбырлардың өнімділігі мен қажетті қуатын қалай анықтайды?

  59. Роликті конвейер дегеніміз не? Олардың қолданылуы, ерекшеліктері неде?

  60. Роликті конвейердің негізгі элементері, түрлері, автокөлік шаруашылығында қолдануы.

  61. Роликті конвейердің есептеу тәсілдері.

  62. Гидравликалық (өздігінен сырғанып түсетін) жүктерді түсіру құрылғылардың түрлері, қолдану салалары, ерекшелігі неде?

  63. Гравитациялы сырғымада дара және сусымалы жүктердің тасымалдануы неге байланысты, жұмыс істеу принципі қандай?

  64. Сырғымалардың түрлері, вертикальді, көлбеу және спиральді сырғымалардың ерекшеліктері, артықшылығы мен кемшіліктері неде?

  65. Сырғымалардағы жүктерді тасымалдауда, сырғанап түскенде, жүктердің қауыпсіздігін сақтау құрылғыларын (тежеулер) түсіндіріңіздер?

  66. Роликті сырғамалардың түрлері, ерекшеліктері мен артықшылығы, пайдалану өңірі.

  67. Шаңданатын, ұлпа, ұнтақ материалды тасымалдайтын гравитациялық сырғымалар. Көлденең қиындысы, қымтау әдістері.

  68. Гравитациялық құрылғыны есептеу әдісі.

  69. Гравитациялық құрылғының өнімділігін анықтау.

  70. Сатылы гравитациялық жүкті түсіру құрылғысы, ерекшеліктері.

  71. Пневмотасымалдау қондырғыларын қолдану саласы, түрлері, тасымалдау принциптері.

  72. Сору үрдісімен сусымалы материалдарды тасымалдайтын пневмоқондырғылар, есептеу тәсілдері.

  73. Ауаны айдау үрдісімен сусымалы материалдарды тасымалдайтын пневмоқондырғылар, есептеу тәсілдері.

  74. Аралас, сору – айдау үрдісімен сусымалы материалдарды тасымалдайтын пневмоқондырғылар, есептеу тәсілдері.

  75. Пневмотасымалдау қондырғыларының элементтері, конструкциясы, таңдап алу жолдары.

  76. Гидротасымалдау қондырғылары, түрлері жұмыс істеу принципі мен қолдану саласы.

  77. Гидротасымалдау қондырғылардың негізгі элементтері мен параметрлері.

  78. Ауа айдау қондырғылары. Желдеткіштер, олардың негізгі көрсеткіштері, ПӘК таңдап алу жолдары.

  79. Автокөлік және трактор жасау өндірістерінде қолданылатын манипуляторлардың түрлері.

  80. Манипуляторлардың ерекшеліктері, артықшылығы мен кемшіліктері.

  81. Манипуляторлардың қозғалу түрлері кандай?

  82. Манипуляторлардың негізгі элементтерін атаңыздар?

  83. Буын, кинематикалық жұп, кинематикалық тізбек дегеніміз не, олардың анықтамаларын келтіріңіздер.

  84. Кинематикалық жұптардың негізгі көрсеткіштері және қозғалыс түрлері.

  85. Кинематикалық тізбектегі бостандық дәреже санын қалай табамыз?

  86. Ашық және тұйықталған кинематикалық тізбектердің айырмашылығы неде?.

  87. Әр түрдегі кинематикалық жұптардың қозғалатын буындардың бес түрін атаңыздар.

  88. Робот техникасының глобальды, региональды және локальды қозғалыстарына мысал келтіріңіздер.

  89. Өндірісте қолданылатын аспалы конвейердің түрлерін атаңыздар.

  90. Өндірістерде жасап шығарылатын аспалы конвейерлердің негізгі параметрлерінің диапазондарын келтіріңіздер.

  91. Аспалы конвейерлердің негізгі бөлшектері мен құрылымын және олардың қолдану саласы.

  92. Аспалы конвейердегі каретканы шынжырмен бірлескендегі құрылымы мен жұмыс істеу үрдісін түсіндіріңіздер.

  93. Бұрылу құрылғыларының жұлдызшамен, блоктармен немесе роликтермен жабдықталған түрлерін түсіндіріңіздер.

  94. Аспалы конвейердегі орналасқан тарту құрылғысының түрлерін, қолдануын, құрылымын және жұмыс жасау үрдістерін түсіндіріңіздер.

  95. Конвейерді жүргізетін жетектердің түрлерін, қолдануын, құрылымын және жұмыс істеу үрдісін айтыңыздар.

  96. Автокөлік және трактор жасау өндірістерінде қандай аспалы конвейерлер қолданады? Олардың қолдануы, түрлері, артықшылығы мен кемшіліктері.

1 Жүк көтергіш машиналардың базалық параметрлері және түрлері туралы, кран механизмдерінің топтастырылуы мен принципті кинематикалық сұлбалары туралы айтып беріңіздер.

Жүк көтергіш машиналар – бұл циклдік көлік машиналары: олар қайтармалы, бос жүрістің болуымен сипат алады. Негізгі қозғалысы ретінде вертикаль жылжуы (жүктің көтерілуі) жатады. Аса ірі және ірі дара жүк олар үшін күнделікті жүк болып саналады. Жүк көтергіш машиналар (ЖКМ) – үш топқа: қарапайым жүк көтергіш машиналар мен көтергіш құрылғыларға және крандарға бөлінеді (1.1-сурет). Қарапайым ЖКМ мен құрылғылар – бұл күштен ұтуға арналған, құрылымы күрделі емес айла-бұйымдар (домкраттар, полиспасттар, жүк арбалар, тальдер) жатады. Көтергіштер жүкті вертикаль немесе аса көлбеу бағыттауыштар бойымен жылжытады. Жүкті көтеруге арналған кран-агрегаттар, машиналық кешендердің жүкті горизонталь жылжытуы әдетте көп емес.

1.1-сурет ЖКМ түрлері

Кранның барлық механизмдері жалпы жинақтамасына қарай біркелкі және бірізделінген сұлба бойынша құрастырылған: жетек (қозғалтқыш, тежеуіш), трансмиссия (беріліс), жұмыстық орган. Соңғысы шығу буыны болады.

1.2-сурет-Кран механизмдері

Пневмодөңгелекті (1.2, в-сурет) және шынжырлы (1.2, г-сурет) крандарда қозғағыш ретінде жер бетінде қозғалатын пневмодоңғалақтар (13) болады, олар бір-бірімен дифференциал (14) арқылы қосылады; немесе жетекті жұлдызшалар (15) болады; муфта (17) көмегімен шынжырлы таспаны жылжытады.

Кранның жеке бөліктерін (мәселен, арыс типтес жебе бойымен кран кареткасын) жылжыту үшін арқанды жылжыту механизмін пайдаланады (1.2, д-сурет).

Рельспен жүретін каретка немесе арбаның (18) екі қарама-қарсы шетіне тартқыш арқан (19) бекітіледі. Кәдімгі типтегі лебедка барабанға тартқыш арқан (19) оралады. Арқанның бір тармағы барабанның үстінен, ал екіншісі астынан келеді. Барабанның айналуы кезінде арқанның бір тармағы одан тарқатылады, ал екіншісі оралады, осылай каретканың (арбаның) жылжуын қамтамасыз етеді.

  1. Крандық механизмнің серпімділік байланыстарын есепке алмай, статикалық, динамикалық, кинематикалық есептеу әдістерін баяндаңыздар.

Жүк көтеру крандарын есептеулерде мына негізгі жүктемелерді ескеру керек: салмақтық (кран, жүк салмағы); жел жүктемесі (қар, мұз), динамикалық жүктеме. Көтерілетін жүк салмағы Gгр оның массасының функциясы болады. Оның ең үлкен мәні белгілі бір крюк шығыңқысы үшін кранның номиналь жүк көтергіштігіне сәйкес келеді.

G = Q · g .

Жел жүктемесі – ашық жерде жұмыс істейтін кранның металқұрылымы мен көтерілген жүкке түседі. Кранның жұмыс істеу кезінде әсер ететін жел жүктемесін және жұмыс істемеу кезіндегі түсетін жел жүктемесін ажырата білу керек. Жүк көтеру машиналары қатты жел тұрғанда жұмыс жасамайды.

Динамикалық жүктеме қозғалыстың тұрақталмаған кезеңінде (іске қосу, тоқтау) пайда болады.

Көтеру механизмінде шығу буыны ретінде жүк көтеру лебедкасының барабаны жатады; оның диаметрі - Дб; ол барабанға арқанның тарту күші түседі, Sб; жылжу механизмінде – жүрісті дөңгелектер; оның диаметрі - Дк; оған жылжуға кедергі күші - Wn түседі; айналу механизмінде – кранның бұралатын бөлігінің айналу осі; оған қатысты айналуға кедергі моменті - Мвр әсер етеді; шығыңқыны өзгерту механизмінде – шығыңқы өзгерту лебедкасының барабаны; оның диаметрі - Дб.с.; ол барабанға жебені көтеретін арқаның тарту күші - Sб.т. түседі немесе тарту лебедкасының барабаны; оның диаметрі - Дб.т.; ол барабанға тарту арқанның керу күші - Sб.т. түседі.

Бұл механизмдер үшін сыртқы кедергі моменті мына формулалар көмегімен анықталады:

- көтеру механизмі үшін Мс = Sг · Дб / 2;

- жылыту механизмі үшін Мс = Wn · Дк / 2;

- бұрылу механизмі үшін Мс = Мвр;

- шығыңқы жебені еңкейту арқылы өзгерту механизмі үшін Мс = Sг.с. * Дб.с. / 2;

- жебе бойымен арбаның жылжуы кезінде Мс = Sб.т. · Дб.т. / 2.

Шығу буынының (барабан, жүріс дөңгелегі немесе кранның бұрылу бөлігі) айналу жиілігін (nc, айн/мин) және механизмнің ПӘК ( ) біле отырып, қозғалтқыштың қажетті қуатын (кВт) анықтауға болады:

N = Мс · nс / (9550 ·nm)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]