- •1 Билет
- •Қонақ төрге отырады.
- •Сөйлем. Сөйлем түрлері.
- •Сөйлемге синтаксис талдау және сөз құрамына талдау жасаңыз
- •2 Билет
- •Жәй сөйлемнің түрлері
- •Сын есімдерді шырай категориясына түрлендіріңіз
- •3 Билет
- •Қымыз- емдік сусын
- •Сан есім. Сан есімнің түрлері.
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •4 Билет
- •Қазақы дастарқан мәзірі
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •Тапсырыс қабылдаңысшы
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Салт дәстүр» тұралы диалог
- •Күрделі сөздер, олардың жасалуы
- •Етістіктерді 3 шақта жазыңыз
- •«Шымбұлақ» тау шатқалы
- •Сын есім. Сапалық, қатыстық сын есім
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •Аспалы жолмен көтерілдік
- •Етістік. Болымды, болымсыз етістік
- •Етістіктерді сөз құрамына талдаңыз
- •«Ұлттық құрамада ойнағым келеді» диалог
- •Еліктеуіш сөздер
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Былғары қолғап шеберлері» әнгімелеу
- •Шылау, түрлері
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Қазақ- қонақжай халық»
- •Көсемше
- •Қонақжай сөзіне фонетиқалық талдау жасаңыз. Қонақ сөзін тәуеленіз
- •«Егерде мен мектеп директоры болсам...»
- •Құрмалас сөйлем
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •Әлеуметтік желілер
- •Салалас құрмалас сөйлем, түрлері
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Атақты полиглоттар» әнгімелеу
- •Сабақтас құрмалас сөйлем, түрлері
- •Етістіктерді есімше мен көсемше түрлендіріңіз
- •«Ғаламторды пайдалану әдебі» әнгімелеу
- •Қаратпа сөз
- •Жалаң сөйлемдері жайылма сөйлемдерге айналдыр
- •«Ғалым Асқар Жұмаділдаев» әнгімелеу
- •Қыстырма сөздер
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Ұстаздан шәкірт озар» әнгімелеу
- •Үнестік заны. Буын, дыбыс үндестігі
- •Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз
- •«Сен қанша тіл білесің?» әнгімелеу
- •Сын есімнің шырайлары
- •«Қандай пәнді таңдаймын» диалог
- •Тұрлаулы, тұрлаусыз сөйлем мүшелері
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Өмір бойы білім аламын» әнгімелеу
- •Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері
- •Шәкірт сөзін жіктеңіз, сынып сөзің тәуелдеңіз
Салалас құрмалас сөйлем, түрлері
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дэрежеде (салаласа) байланысады. 1) Құрамындағы жай сөйлемдері екі түрлі жолмен байланысады: 1. Құрамындағы жай сөйлемдері көбіне жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. 2. Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады. 2) Салалас құрмалас сөйлемнің 6 түрі бар: 1. Ыңғайлас салалас бір-біріне жақын болған оқиғаларды білдіреді. Шылауы: және, әрі, да, де, та, те: Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым 2. Қарсылықты салалас жай сөйлемдерінің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келеді. Шылауы: бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, әйтсе де, алайда: Оның даусы жақсы, бірақ ән айтуды жвқтырмайды. 3. Себеп-салдар салаласта жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себебін білдіреді. Шылауы: өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін: Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды. 4. Кезектес салалас іс-қимылдың кещектесіп келетінін білдіреді. Шылауы: бірде, біресе, кейде: Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады. 5. Талғаулы салалас жай сөйлемдерінде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалады. Шылауы: не, немесе, әлде, я, яки, әйтпесе, я болмаса: Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруxанаға бару керек. 6. Түсіндірмелі салалас соңғы сөйлемі алдыңғы сөйлемінің мағынасын түсіндіріп тұрады. Жалғаулығы жоқ: Қорыққаны сонша- орынан тұра алмай қалды.
Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
Биыл шөп қалын шықты, өйткені жаңбыр көп жауды
Билет 19
«Атақты полиглоттар» әнгімелеу
Дүниежүзінде халық та, тіл де көп. Ғалымдар соңғы кездерге дейін дүниежүзінде үш мыңға жуық тіл бар деп келген еді. Герман Федерациялық Республикасында жарияланған мағлұматтарға қарағанда 5 661 тіл бар екен. Қолданатын адамдар саны 50 миллионнан асатын тіл—13. Егер бұл тілдерді қолданатын адам санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, үнді-урду тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Дүниежүзінде ресми тіл ретінде қытай, ағылшын, орыс, испан, француз, араб тілдері қолданылады. Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33%-ы ағылшын тілінен, 15%-ы француз тілінен, ал 1%-ы неміс тілінен аударылады. Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік мәртебеге ие болған. Дүниежүзіндегі осы тілдердің бірнешеуін меңгерген полиглоттар бізде де жетерлік. Шығыс ғұламасы әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген. Қазақ халқының ұлы перзенті Шоқан Уәлиханов араб, шағатай және түркі тілдерінің біразын білген. Кадет корпусында оқып жүргенде орыс тілін жетік меңгерген. Мұзафар Әлімбаев татар, қырғыз, қарақалпақ тілдеріндегі шығармаларды сөздіксіз аударған. Өзбек, түрікмен, башқұрт, балқар, ноғай, қарашай тілдеріндегі шығармаларды оқып, сөздік арқылы аудара алған.
