Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 Билет.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.21 Кб
Скачать
  1. Етістіктерді сөз құрамына талдаңыз

Демалады, барғымыз келеді, барсын

Билет 12

  1. «Ұлттық құрамада ойнағым келеді» диалог

  2. Еліктеуіш сөздер

Еліктеу сөз- әртүрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеуден және олардың бейнесін елестетуден туындаған сөз.

1) Тұлғасына қарай:

1. Негізгі- түбір еліктеу сөз: морт, селк, тырс т.б.

2. Туынды- «-аң, -ең, -ың, -ің, -ң» жұрнақтарымен жасалған еліктеу сөз: ыржың- ыржың, қисаң- қисаң т.б.

2) Құрамына қарай:

1. Дара еліктеу сөз бір ғана түбірден тұрады: тарс, жымың

2. Күрделі еліктеу сөз қос сөзден жасалады: тарс- тұрс

3) Мағынасына қарай:

1. Еліктеуіш- дыбыстарға еліктеуден туындаған еліктеу сөз: тарс, сарт- сұрт, тасыр- тұсыр

2. Бейнелеуіш- көру арқылы сипаттайтың еліктеу сөз: маң-маң, сылқ, жалт, күрт, қисаң- қисаң

  1. Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.

Оқушылар емтиханға зор дайындықпен кірісті

А.с Емтиханы

І.с. Емтиханынің

Б.с. Емтиханына

Т.с. Емтиханын

Ж.с. Емтиханында

Ш.с.Емтиханынан

К.с. Емтиханымен

Билет 13

  1. «Былғары қолғап шеберлері» әнгімелеу

Қазақстанда бокстың алғашқы мектебін ХХ ғасырдың 30-жылдары Алматыда Шоқыр Бөлтекұлы ашты. Бұл мектеп өзінің жалғасын тапты. Қазақстанның былғары қолғап шеберлері әлемді мойындатты. Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы—Серік Қонақбаев 1981 жылы Мәскеу Олипиадасында күміс медаль жеңіп алды. Василий Жиров—1996 жылы Атлантада өткен әлемдік жарыстың жеңімпазы болса, Болат Жұмаділов 1999 жылы Хьюстон қаласындағы бәсекеде алтын медаль алды. Сидней Олимпиадасынан соң тәуелсіз Қазақстанның аты әлемге танылды. Қазақ жеріне тұңғыш алтын медальді ұлттық құрамадағы 20 жасар спортшы Бекзат Саттарханов әкелді. Сонымен қатар Ермахан Ибрагимов алтын медальмен, ал ауыр салмақтағы Мұхтархан Ділдәбеков күміс медальмен марапатталды. Осылайша олар бәсекелестік рухтың үлгісін көрсетті. Грецияда өткен Олимпиада да былғары қолғап шеберлерінің ортақ намысына сын болды. Бахтияр Артаев алтын медальді еншілеп, бокс тарихындағы ең құрметті сый— Вэл Баркер Кубогына қол жеткізді. Осы бәсекеден кейін Геннадий Головкин мен Серік Елеуовтің аттары танымал болды. Олар күміс және қола медальмен марапатталды. 2008 жылы Пекин Олимпиадасында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бақыт Сәрсекбаев алтын медаль, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шынәлиев Еркебұлан қола медаль алды. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында Серік Сәпиев бірінші орын алып, Вэл Баркер Кубогының иегері атанды. Елімізде былғары қолғап шеберлерін дайындауға арналған көптеген спорт клубтары бар. Солардың ең танымалы—Астана қаласындағы «Astana Arlans» кәсіпқой боксшылар клубы.

  1. Шылау, түрлері

Шылау- сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына береді. Шылаудың белгілері:  1. Лексикалық мағынасы жоқ 2. Сөйлем мүшесі болы алмайды  3. Түрленбейді (жалғаулары жалғанбайды)  Сөйлемдегі қызметіне қарай 3-ке бөлінеді:  1) Септеулік шылау сөз бен сөзді сабақтастыра байланыстырады. Ол атау, барыс, шығыс, көмектес септіктерінде сөзбен тіркеседі  2) Жалғаулық шылау сөз бен сөзді және сөйлем мен сөйлемді саластыра (тәң дережеде) байланыстырады  3) Демеулік шылау өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді. Мысалы: ма, ме демеулігі сұраулық мағына береді (Бұл ақ па?)

  1. Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.

Олардың ақылдығына, білімділігіне піріндей сенеді.

Билет 14

  1. «Қазақстандық спортшылар» диалог

  2. Етістік. Салт, сабақты етістік

Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Сұрақтары: қайтті? Не істеді? Не қылды?

Мағысаны қарай:

1. Сабақты етістік- табыс септігіндегі сөзді қажет ететін етістік (хатты оқы, ақшаны сана)

2. Салт етістік- табыс септігінде сөзді қажет етпейтін етістік (кел, кет, шық, кір т.б.)

  1. Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.

Ол бүгін көнілді жұр.

Билет 15

  1. «Менің арман мектебім»

  2. Есімше

Есімше- есім сөз бен етістіктің қызметін атқаратын етістік тұлғасы. Есімше сеплетіп, тәуелденіп, көптеліп есім сөздің және жіктеліп етістіктің қызметін атқарады.  Есімшенің жұрнақтары: 1. -ған, -ген, -қан, -кен: алған, келген, кеткен 2. -ар, -ер, -р, -с: барар, жүрер, оқыр, оқымас 3. - мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек: алмақ, келмек, жазбақ, жузбек 1) Есімшенің болымды және болымсыз түрлері:  Болымды түрі: алған, барар, алатын, бармақ Болымсыз түрі: алған жоқ, бармас, алмайтын, бармақ емес 2) Есімшенің жіктелуі (жекеше түрі): барғанмын, баратынмын, барармын, бармақпын 3) Есімшенің тәуелденуі (жекеше түрі): Менің барғаным (баратыным, айтарым) т.Б.  4) Есімшенің септелуі:  Атау-барған-баратын-барар Ілік-барғанның, баратынның, барардың Барыс-барғанға, баратынға, барарға Табыс-барғанды, баратынды, барарды Жатыс-барғанда, баратында-барарда Шығыс-барғаннан-баратыннан-барардан Көмектес-барғанмен-баратынмен-септелмейді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]