Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 Билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.21 Кб
Скачать
  1. Етістіктерді 3 шақта жазыңыз

Өткен шақ Осы шақ Келер шақ

Билет 8

  1. «Шымбұлақ» тау шатқалы

Биыл «Шымбұлақ» тау шаңғысы демалыс орнына 60 жыл толады. Жақында тау шатқалында концерттік қойылымдар, Шымбұлақтың 60 жылдық тарихын баяндайтын фотокөрмелер ұйымдастырылады. Қысқы Азиада ойындары осы «Шымбұлақ» шатқалында өтті. Соңғы 7-8 жылда көп оң өзгерістер жасалды. Қазір мұнда түрлі халықаралық ірі жарыстар да жиі өтеді. 2010 жылдан бері бұл жерге келетіндердің саны бір миллион адамға дейін өскен. Бұл—өте жақсы көрсеткіш. Біріншіден, «Медеу» мұз айдынымен мақтана алады, Медеуден Шымбұлаққа дейін аспалы жол бар. Оның қашықтығы—4,5 шақырым. Бұл—әлемдегі ұзақтығы жағынан үшінші орын алатын аспалы сым жолы. Екіншіден, демалуға арналған түрлі сауықтыру орталықтары мен кешендер бар. Үшіншіден, мұнда демалушылардың қауіпсіздігі қатаң қадағаланады. Онда тау шатқалы патрульдік қызметі жұмыс жасайды. Бұл кәсіби шаңғышылардың ұнататын жері. Аспалы жол спортшыларды 3200 метр биіктікке шейін алып шығады. «Шымбұлақ» тау шаңғы базасында спортшылар жылына 7-8 айға дейін жаттығады.

  1. Сын есім. Сапалық, қатыстық сын есім

Сын есім- заттың түр- түсін, сын- сипатын, сапасын, салмағын, көлемін, дәмін білдіретін сөз табы.

Сұрақтары: қандай? Қай?

Мағынасына қарай:

1. Сапалық сын есім- сындық белгіні анықтайтын төл сын есім: сұр, қызылдау, үлкен, көкпеңбек;

2. Қатыстық сын есім- басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім: бойшаң, өнерлі;

  1. Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.

Мен оны байқаған жоқпын, сондықтан кінәлі емеспін

Билет 9

  1. Аспалы жолмен көтерілдік

Биыл «Шымбұлақ» тау шаңғысы демалыс орнына 60 жыл толады. Жақында тау шатқалында концерттік қойылымдар, Шымбұлақтың 60 жылдық тарихын баяндайтын фотокөрмелер ұйымдастырылады. Қысқы Азиада ойындары осы «Шымбұлақ» шатқалында өтті. Соңғы 7-8 жылда көп оң өзгерістер жасалды. Қазір мұнда түрлі халықаралық ірі жарыстар да жиі өтеді. 2010 жылдан бері бұл жерге келетіндердің саны бір миллион адамға дейін өскен. Бұл—өте жақсы көрсеткіш. Біріншіден, «Медеу» мұз айдынымен мақтана алады, Медеуден Шымбұлаққа дейін аспалы жол бар. Оның қашықтығы—4,5 шақырым. Бұл—әлемдегі ұзақтығы жағынан үшінші орын алатын аспалы сым жолы. Екіншіден, демалуға арналған түрлі сауықтыру орталықтары мен кешендер бар. Үшіншіден, мұнда демалушылардың қауіпсіздігі қатаң қадағаланады. Онда тау шатқалы патрульдік қызметі жұмыс жасайды. Бұл кәсіби шаңғышылардың ұнататын жері. Аспалы жол спортшыларды 3200 метр биіктікке шейін алып шығады. «Шымбұлақ» тау шаңғы базасында спортшылар жылына 7-8 айға дейін жаттығады.

  1. Етістік. Болымды, болымсыз етістік

Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Сұрақтары: қайтті? Не істеді? Не қылды?

Іс- қимылдың болу- болмауына қарай

1. Болымды етістік істің жүзеге асуын білдіреді (алды, айтқан)

2. Болымсыз етістік істің жузеге аспауын білдіреді (кетпе, барған жоқ, келген емес);

Болымсыз етістік 2 түрлі жолмен жасалды:

А. –ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе жұрнағы: өшпе, өшпейді

Ә. Есімше мен «жоқ, емес» сөзінің тіркесуі: жеген жоқ, жеген емес

  1. Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.

Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге шомылады

Билет 10

  1. Қазақ халқының салт-дәстүрі

  2. Одағай. Оның түрлері

Одағай- дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл- күйін білдіретін немесе жунарларға қаратылып айтылатын сөз.

1) Мағынасына қарай:

1. Көңіл- күй одағайы- адамның түрлі көңіл- күйін білдіретін сөз: алақай (қуану) әттең (өкіну)

2. Жекіру одағайы- тыйым салу мәніндегі сөздер: тәйт, жә, тек

3. Шақыру одағайы- мал, ит-құсты шақыруға не кууға байланысты айтылатын сөз: шөре-шөре құрау-құрау

  1. Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.

Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше сүрап алған

Билет 11

  1. Астана қаласы түралы

  1. Үстеу, үстеудің түрлері

Үстеу- қимылдың түрлі белгісін (мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын, амалын) білдіретін сөз табы.

1) Тұлғасына қарай:

1. Негізгі үстеу- бөлшектеуге келмейтін төл үстеу (ең, кеше);

2. Туынды үстеу жұрнақпен жасалады (зорға, балаша);

2) Туынды үстеу жұрнақ пен септік жалғауы арқылы жасалады:

1. Жұрнақ арқылы (55-бетке қараныз)

2. Септік жалғауларының көнеленіп, түбірге сіңісуі арқылы:

А. Барыс: бірге, босқа, текке;

Ә. Жатыс: баяғыда, аңдаусызда;

Б. Шығыс: шалқасынан, шетінен;

В. Көмектес: шынымен, ретімен;

3) Құрамына қарай:

1. Дара үстеу бір ғана түбірден тұрады (ілгері, былтыр);

2. Күрделі үстеу кемі 2 сөзден тұрады (қыс бойы); Күрделі бірігу (таңертен), тіркесу (күні бүгін), қосарлану (ары-бері) арқылы жасалады .

4) Мағынасына қарай 7-ге бөлінеді:

1. Мекен үстеуі қимылдың болу орны мен бағытын білдіреді. Сұрағы: қайда? Қалай қарай? Қайдан? Мысалы: ілгері, осында, бері т.б.

2. Мезгіл үстеуі қимылдың мезгілін білдіреді. Сұрағы: қашан? Қашаннан бері? Мысалы: бүгін, түнде т.б.

3. Себеп-салдар үстеуі қимылдың болу себебін, салдарын білдіреді. Сұрағы: неге? Не себепті? Неліктен? Мысалы: амалсыздан, босқа, бекерге т.б.

4. Қимыл-сын үстеуі қимылың жүзеге асу амалын білдіреді. Сұрағы: қалай?қайтіп? қалайша? Мысалы: емін- еркін, әрең т.б.

5. Мөлшер үстеуі қимылдың мөлшерін, көлемін білдіреді. Сұрағы: қанша? Қаншама? Қаншалық? Қаншалап? Мысалы: неғұрлым, әжептәуір, біршама т.б.

6. Күшейткіш үстеуі қимылдың белгісі мен сапасын тым күшейтіп не солғындатып көрсетеді. Сұрағы: қалай? Қандай? Мысалы: ең, тым, аса, өте т.б.

7. Мақсат үстеуі қимылдың болу мақсатын білдіреді. Сұрағы: қалай? Не мақсатпен? Мысалы: әдейі, қасақана, жорта т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]