Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 Билет.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.21 Кб
Скачать
  1. Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.

Сабақты жақсы оқысан, оқуға түсесің

Билет 5

  1. Тапсырыс қабылдаңысшы

— Алло, сәлеметсіз бе?

— Сәлеметсіз бе?

— Бұл «Достық» мейрамханасы ма?

— Иә, бұл «Достық» мейрамханасы. Сізді тыңдап тұрмын.

— Мен сенбі күнге алдын ала тапсырыс берейін деп едім.

— Жақсы, неше кісілік орынға және сағат нешеге?

— Жиырма шақты кісі болады. Сағат кешкі алтыға жазыңыз. Бағаларыңызды білуге бола ма?

— Бір адамға бес мың теңгеден болады. Барлығы жүз мың теңге. Жартысын алдын ала төлейсіз де, қалғанын кеш аяқталған соң төлейсіз.

— Жарайды. Ас мәзірі қандай екен?

— Ол жағынан қам жемеңіз, бізде ұлттық тағам мен салат түрлерін өте дәмді әзірлейді. Сусындардың да түрлері көп.

— Бізге міндетті түрде ет, бауырсақ дайындасаңыздар.

— Бауырсақ біздің дәмхананың қызметіне кіреді. Оған бөлек ақша төлемейсіздер.

— Ал музыка жағы қалай болады?

— Дәмхананың өз әншісі бар.

— Өте жақсы. Онда ертең сағат онда барамын. Сіздің аты-жөніңіз кім?

— Назым десеңіз болады. Күтем, келіңіз.

— Танысқаныма қуаныштымын, менің атым Мұрат. Кездескенше сау болыңыз.

— Сау болыңыз!

  1. Зат есім. Деректі, дерексіз зат есім

Зат есім – заттың, құбылыстың атауы болатын, заттың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?

Мағынасы қарай

1. Деректі зет есім- көзбен көрінетін, қолмен ұстай алатын заттың атауы (су, қант, есік)

2. Дерексіз зат есім- оймен білінетін ұғым мен құбылыс атауы: (қайғы, арман, ақыл)

  1. Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.

Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды

Билет 6

  1. Ұлттық тағам диалог

  2. Етіс және оның түрлері

Етіс іс-қимыл мен оны орындаушының арасындағы қатынасты білдіреді. Оның 4 түрі бар: өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ.  1) Өздік етіс жұрнағы іс-қимылды орындаушының өзі істегенін білдіреді. Жұрнағы: -ын, -ін, - н: жуын, киін 2) Өзгелік етіс жұрнағы іс-қимылдың үшінші біреу арқылы орындалғанын білдіреді. Жұрнақтары:  1. -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір: жаздыр 2. -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз: айтқыз, көргіз 3. -т: оқыт 3) Ырықсыз етісте іс-қимылдың орындаушысы көрсетілмей, өздігінен жасалғандай көрінеді. Жұрнақтары: 1. -ыл, -іл, -л: аударылды 2. Етістік түбірінде "л" әрпі болса, -ын, -ін, -н: алынды.  4) Ортақ етіс жұрнағы іс-қимылдың бірлесіп, ортақтасып істелгенін білдіреді. Жұрнағы: -ыс, -іс, -с: жазысты, бөліскен, оқыспақ

  1. Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.

Жаманмен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп

Билет 7

  1. «Салт дәстүр» тұралы диалог

  2. Күрделі сөздер, олардың жасалуы

Күрделі сөз- екі түбірден жасалып, бір мағынаны білдіретін сөз. Оның төрт түрі бар: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, тіркесті сөз.

1) Біріккен сөз- екі немесе одан да көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап беретін сөз. Мысалы: Тасбақа, Екібастүз

2) Сөздер біріккенде, ең кемі бір дыбысы өзгеретін болса, оны кіріккен сөз дейді. МЫсалы: биыл (бұл жыл), жаздыгүні (жазды куні), бүгін (бұл күн). Қос сөз- екі сөздің қосарлануы мен қайталануынан жасалған сөз. Қос сөздің екі сыңары дефис арқылы жазылады. Қос сөзің екі түрі бар: қайталама қос сөз және қосарлама қос сөз. Мысалы: бала-шала, көзбе-көз, шай- пай

3) Қысқарған сөз- күрделі атаулардың және шартты белгілердің қысқартылып жазылған түрі. Мысалы: ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы), ҚазҰМУ (Казақ Ұлттық Медицина Университеті), ұжымшар (ұжымдық шаруашылық), кг (килограмм). Қысқарған сөздің жасалу жолдары: 1. Күрделі атаудың құрамындағы өрбір сөздің бас әріптері қысқарады (ТМД, БҰҰ, АҚШ); 2. Күрделі атаудың құрамындағы 1-ші сөздің 1-ші буыны не баскы бөлігі мен қалған сөздердің бас әріптерінен қысқарады (ҚазҰПУ, ҚазМҰУ) 3. Қүрделі атаудың құрамындағы әрбір сөздің бірунші буындарынан немесе басқы бөліктерінен қысқарады (ұжымшар (ужымдық шаруашылық) 4. Қүрделі атаудың құрамындағы алғашқы сөздің бірінші буыны немесе басқы бөлігі мен келесі сөздің түбір күйінде қысқаруы (пединститут, медколледж, медпункт) 5. Күрделі атаудың құрамындағы 1-сөздің бірінші буыны немесе басқы бөлігі мен қалған сөздердің түбір күйінде қысқаруы (Қазмұнайгаз, Қазатомөндіріс)  6. Өлшем бірліктерінің қысқаруы (см, кг)  7. Теxника атаулары (ұшақ, машина, трактор т.Б.) қысқарған сөзге жатады (ГАЗ-51, ИЛ-86).

Тіркесті сөз- екі немесе одан көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін қүрделі сөздің түрі. Мысалы: Күрделі зат есім: Алматы қаласы Күрделі сын есім: қара кер Күрделі сан есім: он бес Күрделі етістік: келіп отыр Күрделі үстеу: күні бойы 1) Тіркесті сөздің 2 түрі бар: еркін тіркес және тұрақты тіркес  2) Тіркесті сөздің емлесі: 1. Күрделі атаулардың (мемлекет, облыс, ұйым) әрбір сөзі бөлек жазылады. 2. Екі зат есум тіркесіп, бір ғана ұғымның атауы болса, бөлек жазылады (ат қора, ағаш күрек, үл бала) 3. Тіркесу арқылы жасалған күрделі сөздердің әрбір сөзі бөлек жазылады (он бір, көк ала) 4. Еш, кей, әлде, әр, қайсы, бір есімдіктері зат есіммен және сын есіммен тіркескенде, бөлек жазылады (еш уақытым жоқ, кей кезде)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]