Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 Билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.21 Кб
Скачать
  1. Сан есім. Сан есімнің түрлері.

Сан есім – заттың санын,ретін, мөлшерін білдіретін сөз табының бірі. Сұрақтары: қанша? неше? нешеу? нешінші?

Сан есім құрамына қарай екіге бөлінеді: дара сан есім; күрделі сан есім.

1) Дара сан есім – бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер. Мысалы, үш, оныншы, елудей, ондаған, жүз, алтау, мыңдаған, оннан, миллионыншы, алпыстап, жүздеп, т.б.

2) Күрделі сан есім:

А.  екі немесе одан да көп түбірдің тіркесуінен жасаладыжиырма бес, қырық шақты, сексен алты, тоғыз бүтін алтыдан үш, үш ширек, жүз мыңдай, т.б.

Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:

1) Есептік сан есім кез келген түбір күйіндегі сан. Сұрағы: қанша? неше? Есептік сан есім дара: төрт, жетпіс, мың, сегіз, бес, тоғыз; күрделі: алпыс үш, жетпіс тоғыз, он бес, отыз жеті, қырық тоғыз

2) Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Жұрнақтары:

-ыншы –қырық тоғызыншы, алпысыншы, оныншы, т.б.

-інші – отыз бесінші, үшінші, елуінші, жүзінші, т.б.

-ншы – алпыс алтыншы, алтыншы, т.б.

-нші  қырық екінші, жетінші, т.б.​​​​​​​

3) Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын көрсетеді. Сұрағы: нешеу? Жұрнақтары:  -ау, -еу Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа аяқталған екі, алты, жеті сан есімдеріне -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі соңғы дауысты дыбыс түсіп қалады: екі+еу→екеу, алты+ауалтау, жеті+еужетеу.

4) Болжалдық сан есім заттың санын болжап көрсетеді. Сұрағы: қанша? неше? қай шамалы? қаншадан?

Болжалдық сан есімнің жасалу жолдары:

1. жұрнақ арқылы: -лаған, -леген, -даған, -деген, -таған, -теген, -дай, -дей, -тай, -тей.

2. Санға көптік жалғауы мен барыс, жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Жасы қырық+тар-да, сағат алты+лар-ға шақырды, т.б.​​​​​​​

3. Екі түрлі санның қосарлануы арқылы жасалады. Отыз-отыз бес, екі-үш, т.б.​​​​​​​

4.Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады: елу шамалы, он шақты т.б.​​​​​​​

5) Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? сұрақтарына жауап береді.

Шығыс септік жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, дара түрде: үштен, қырықтан, жүзден; күрделі түрде: он екіден, жиырма алтыдан, т.б.​​​​​​​ Қосарланған түрде: бес-бестен, бес-алтыдан, жиырма-жиырмадан, екеу-екеуден, т.б.​​​​​​​

6) Бөлшектік санның заттың бөлшегін білдіреді. Бөлшектік сан есімдер екі түрде қолданылады:

1. жай бөлшек: оннан бес, тоғыздан үш, үштің бірі, т.б.​​​​​​​

2. ондық бөлшек: үш бүтін оннан бір, жеті бүтін төрт ондық, (7,04), он бүтін мыңнан екі жүз алпыс тоғыз (10, 269), т.б.​​​​​​​

  1. Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.

Сенің мектебің қайда орналасқан?

А.с. Мектебің

І.с. Мектебінің

Б.с. Мектебіне

Т.с. Мектебің

Ж.с. Мектебінде

Ш.с. Мектебінен

К.с. Мектебімен

4 Билет

  1. Қазақы дастарқан мәзірі

Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен қасиетті нәрсе жоқ. Сондықтан қонаққа шақырғанда уақытында келіп, дастарқанға күттірмей отырады. Қазақтың ұлттық дастарқанында болатын негізгі тамақтардың түрлері: ет тағамдары, сүт тағамдары және нан тағамдары. Қазақтың мол дастарқанының сәні—бауырсақ. Ұлттық тағамның ең үлкені—ет. Қонақ шақырылғанда, сыйлы адам келгенде ет асылады. Етті табаққа салып тартудың өзіндік тәртібі бар. Табақты білетін адам жасайды. Әрбір мүшенің өз орны бар. Бас пен жамбас қадірлі адамға тартылады. Табақтың кәделі мүшелерінің бірі—қазы мен қарта. Қазы—жылқының қабырға етіне бұрыш, тұз, сарымсақ қосып, ішекке салынатын ұлттық тағам. Қазы дастарқанға ыстық күйінде де, суық күйінде де қойылады. Қазақтың қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағамы—жент. Жент —аса кәделі дастарқан дәмі. Жент былғау шеберлікті талап етеді. Ақталған тарыны келіге түйіп ұнтақтайды. Оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік салып араластырады. Содан соң майға араластырады. Осындай қазақтың ұлттық тағамдары халық арасында жоғары бағаланады.

  1. Есімдік

Зат есім, сын есім және сан есімнің орнына қолданылатын сөз табы.

Құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара және күрделі

1) Дара есімдік бір ғана түбірден тұрады (жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау есімдіктер)

2) Күрделі есімдік кемінде екі сөзден тұрады (болымсыздық, белгісіздік есімдіктер)

Есімдік мағынасына қарай 7-ге бөлінеді:

1) Жіктеу есімдігі белгілі бір жақ түрінде қолданылады: мен, сен,сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар);

2) Сілтеу есімдігі нұсқау, мезгеу, көрсету мағыналарын білдіреді (ол, сол, бұл, мына, мынау,анау,аналар,осы, осылар т.б.)

3) Сұрау есімдігі жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар (кім? Не? Неше? Қай? Қайа? Қалай? Қашан? Неге?)

4) Өздік есімдігі әртүрлі түлдағы өз сөзі (өз, өзіміздің, өзі)

5) Жалпылау есімдігі жалпылау, жинақтау, мағынасын білдіреді (барлық, бәрі, бар, барша, бүкіл, күллі, түгел, тегіс)

6) Белгісіздік есімдігі затты, сындық белгіні, санмөлшерді жорамалдап көрсетеді (кейбіреу, қайсыбір, әркім, бірнеше, әлдеқашан т.б.)

7) Болымсыздық есімдігі болымсыздық мағынаны білідіреді (еш+(кім, бір, қайда, қайдан, қашан)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]