Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 Билет.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.21 Кб
Скачать
  1. Сөйлемге синтаксис талдау және сөз құрамына талдау жасаңыз

Мен дүйсенбіде шахмат үйірмесіне барамын

2 Билет

  1. Қыз қадірлі қонақ.

«Қыз» деген қасиетті атқа лайықты. Бұл сөзді қасиетті дегеніміз: бүкіл адамзат

қыздан тарайды. Қыз—қадірлі қонақ. Өйткені қыз бойжеткен соң, тұрмысқа шығады, келін болады. Келін «анаға» айналады, ал содан соң «әже» деген зор дәрежеге жетеді. Қыздың бойыңда керек қасиеттің бәрі бар: өте ақылды, сұлус, әдепті. Сабағыңды да өте жақсы оқисын. Достарыңның арасында да беделі аса жоғары. «Ұлдың ұяты—әкеге, қыздың ұяты—шешеге» деген сөз бар ғой. Анаңның айтқан сөзіне мұқият тыңдау керек. Қыздың өз анасына ерекше жақын, онымен сырлас болғаны қандай бақыт! Ана балаға барлық уақытта дұрыс жол көрсетеді. Тек соны бағалай білу керек.

  1. Жәй сөйлемнің түрлері

Жай сөйлем бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіреді. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі—құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен мағыналық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Жай сөйлем құрылымы жағынан бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады. Мысалы, Жаз. Жаз келді. Жазда жеміс-жидек піседі.

Жай сөйлем айтылу мақсатына қарай үшке бөлінеді:

Хабарлы сөйлем- Бірнәрсе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.)қойылады. Мысалы: Біз бүгін мектеп алдына жиналдық.

Сұраулы сөйлем- Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады. Мысалы: Сендер қашан үйге қайтасыңдар?

Лепті сөйлем- Адамның көтеріңкі көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады. Мысалы: Керемет! Қандай мықтысың!

  1. Сын есімдерді шырай категориясына түрлендіріңіз

Жасыл

Кіші

Дәмді

Биік

3 Билет

  1. Қымыз- емдік сусын

Жазғы демалыс басталғанда босқа жүрмей ауылдағы атам мен әжеме барамын. Биыл да сол

әдетімнен айнығаным жоқ. Атам мен әжем қуанып қарсы алды. Мамыр айы туысымен ауылда бие байланады. Осы кезден бастап сайда жатқан шағын ғана Төрткөл ауылы абыр-сабыр болып жатады. Себебі күнде ертеңгілік жылқышы жайлаудан жылқы айдап әкеліп, ауыл адамдары бие байлайды. Күні бойы сауып, кешке биелерді ағытады. Осылайша ауылда бос жүретін жан болмайды.Қазақ халқы бие сүтінен ашытылатын қымызды ауруға ем, сауға қуат беретін дәрі қымыз дейді. Қымыз—қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті сусыны. Қымызды ашытып, баптау технологиясы қазақ халқымен бірге жасасып келе жатыр. Қазақтар қымызды сабада, не күбіде ашытады. Саба жылқы терісінен жасалады, ал күбі қайың ағашынан жасалады. Әжем қымызды баптауға үлкен мән береді. Әжем күні бойы жиналған сүтті күбідегі саумалдың үстіне құяды. Одан кейін күбіні әжем екеуміз кезекпен пісеміз. Піскен соң күбінің аузын жауып қояды. Ертесінде саумал ашып, қымыз болады. Әжем: «Көп пісілген қымыз тәтті болады», – дейді. Шынымен әжемнің қымызы балдай, дәмі аузыңды үйіреді. Қымыздың сапасы оны баптау мен пісуге байланысты. Әжем күбіні (сабаны) үш күн сайын босатып, жуып кептіреді. Содан кейін күбінің ішкі жағына қаймақ жағып, жас қайыңның не тобылғының түтініне ыстайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]