- •1 Билет
- •Қонақ төрге отырады.
- •Сөйлем. Сөйлем түрлері.
- •Сөйлемге синтаксис талдау және сөз құрамына талдау жасаңыз
- •2 Билет
- •Жәй сөйлемнің түрлері
- •Сын есімдерді шырай категориясына түрлендіріңіз
- •3 Билет
- •Қымыз- емдік сусын
- •Сан есім. Сан есімнің түрлері.
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •4 Билет
- •Қазақы дастарқан мәзірі
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •Тапсырыс қабылдаңысшы
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Салт дәстүр» тұралы диалог
- •Күрделі сөздер, олардың жасалуы
- •Етістіктерді 3 шақта жазыңыз
- •«Шымбұлақ» тау шатқалы
- •Сын есім. Сапалық, қатыстық сын есім
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •Аспалы жолмен көтерілдік
- •Етістік. Болымды, болымсыз етістік
- •Етістіктерді сөз құрамына талдаңыз
- •«Ұлттық құрамада ойнағым келеді» диалог
- •Еліктеуіш сөздер
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Былғары қолғап шеберлері» әнгімелеу
- •Шылау, түрлері
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Қазақ- қонақжай халық»
- •Көсемше
- •Қонақжай сөзіне фонетиқалық талдау жасаңыз. Қонақ сөзін тәуеленіз
- •«Егерде мен мектеп директоры болсам...»
- •Құрмалас сөйлем
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •Әлеуметтік желілер
- •Салалас құрмалас сөйлем, түрлері
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Атақты полиглоттар» әнгімелеу
- •Сабақтас құрмалас сөйлем, түрлері
- •Етістіктерді есімше мен көсемше түрлендіріңіз
- •«Ғаламторды пайдалану әдебі» әнгімелеу
- •Қаратпа сөз
- •Жалаң сөйлемдері жайылма сөйлемдерге айналдыр
- •«Ғалым Асқар Жұмаділдаев» әнгімелеу
- •Қыстырма сөздер
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Ұстаздан шәкірт озар» әнгімелеу
- •Үнестік заны. Буын, дыбыс үндестігі
- •Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз
- •«Сен қанша тіл білесің?» әнгімелеу
- •Сын есімнің шырайлары
- •«Қандай пәнді таңдаймын» диалог
- •Тұрлаулы, тұрлаусыз сөйлем мүшелері
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Өмір бойы білім аламын» әнгімелеу
- •Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері
- •Шәкірт сөзін жіктеңіз, сынып сөзің тәуелдеңіз
Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
Билет 25
«Өмір бойы білім аламын» әнгімелеу
Қазіргі таңда өмір бойы білім алу идеясы өмірге келді. Ол уақыт қажеттілігінен туып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!” атты Қазақстан халқына Жолдауында:
“Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс”,—деген болатын. Үздіксіз білім алу өмір талабына айналды. Табысты және қоғамға қажет болғысы келген адам өмір бойы оқиды. Өмір бойы білім алу—үлкен міндет. Қазіргі жастар бір салада жұмыс істеумен шектелмейді, өз мамандықтарын алмастырудан да қорықпайды. Олар әр салада жұмыс істеп, өз қабілеттерін сынауды жөн көреді. Бұл құбылыс тек жастарға тән емес, заман талабына сай үлкендер де қосымша курстарды аяқтап, басқа мамандықтар бойынша жұмыс істеп жүр. Дегенмен дипломның саны емес, білімнің сапасы үлкен рөл атқарады. Олай болса, мамандықтың көптігі адамның өз қабілетін арттыруға жұмсалуы керек. Білім беру жүйесінде қызмет етіп келе жатқан көптеген мұғалімдер де өз білімдерін өмір бойы жетілдіруді қалайды. Өйткені барлық жаңашылдық мектептен басталады. Сондықтан мұғалім де жаңа заман талабына сай болуы керек. «Білген адам білімді өмір бойы іздейді»,—деп Ахмет Йүгінеки айтқандай, өмір бойы білім алып, білімді болу—қоғамда өз орнын табудың кепілі. Білім—ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады. Білім алудан жалықпайық, досым!
Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері
1) Қиысу(согласование)- сөздердің жіктік жалғауы арқылы, интонация арқылы байланысуы, яғни бастауыш пен баяндауыштың байланысуы. Қиыса байналасқан сөздер сөйлем болады. Мысалы, Мен жазушымын. Сен баласың. 2) Матасу(соподчинение)- ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы. Мысалы, Баланың үйі, біздің гүліміз 3) Меңгеру(управление)- екі сөздің табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің жалғаулары арқылы байланысуы. Мысалы, суды төкті, ағасына берді. 4) Қабысу(примыкание)- сөздердің ешбір жалғаусыз тек орын төртібі арқылы іргелес тұрып байланысуы немесе анықтауыш пен анықталушы сөздің байланысы, яғни бірінші сөз анықтауыштың сұрағына жауап береді. Олардың арасына басқа сөз енгізуге келмейді. Мысалы, қара қалам, қызықты оқиға 5) Жанасу- сөздердің ешбір жалғаусыз бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы немесе пысықтауыш пен баяндауыштың байланысы. Мысалы, кеше болды, әдейі келді Сөйлемдегі сөздер 4 түрлі тәсілмен байланысады. 1) Қосымша(жалғаулар). Сөйлемдегі сөздер жіктік, септік және тәуелдік жалғауларымен байланысады. Мысалы, Мен оқушымын. Балаға берді. 2) Шылау(септеулік және жалғаулық). Сөйлемдегі сөздер септеулік және жалғаулық шылаулармен байланысады. Мысалы, Отан үшін отқа түс. Ол ақылды, бірақ жалқау. 3) Орын тәртібі. Сөйлемдегі сөздер ешбір жалғаусыз қатар тұрып, орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы, алыс жер, атақты адам. 4) Интонация(дауыс ырғағы). Сөздер дауыс ырғағы арқылы байланысады. Мысалы, Асан- оқушы.
