Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 Билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.21 Кб
Скачать
  1. Тұрлаулы, тұрлаусыз сөйлем мүшелері

Бастауыш- сөйлемде атау септегінде тұрып, іс- оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүше. Сұрағы: кім? Не? Кімдер? Нелер?  1) Бастауыш құрылысына қарай 3-ге бөлінеді:  1. Дара бастауыш- бір сөзден тұратын бастауыш: Біз сенеміз 2. Күрделі бастауыш күрделі сөзден жасалады: Он бес- тақ сан 3. Үйірлі бастауыш үйірлі сөзден жасалады: Уайымы көптер тез қартаяды 2) Бастауыш зат есімнен, есімдіктен, сын есімнен, сан есімнен, етістіктен, үстеуден жасалады.  3) Егер сөйлем зат есім мен зат есімнен, зат есім мен тұйық етістікпен, зат есім мен сілтеу есімдігімен, зат есім мен жіктеу есімдігімен, зат есім мен тұйық етістігімен немесе екеуі де бір сөзден болса бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады.

Баяндауыш- бастауыштың жай-күйін, оқиғанын қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы муше.  1) Баяндауыш қай сөз табынан жасалса, сол сөз табының сұрағына жауап береді. Мысалы: Ол- оқушы (Ол кім?)  2) Баяндауыш құрылыса қарай 3-ке бөлінеді:  1. Дара баяндауыш бір сөзден тұрады: Олар алыс жерден келді 2. Күрделі баяндауыш- күрделі сөз, тұрақты тіркес және үйірлі мүшеден жасалатын баяндауыш: Ауыл мәдениеті өсіп келеді 3. Үйірлі баяндауыш- үйірлі сөздерден тұратын баяндауыш: Оның ең үлкен кемшілігі- сабақ оқымау 3) Баяндауыш етістіктен, зат есімнен, сын есімнен, сан есімнен, есімдіктен жасалады.

Анықтауыш зат есімнен болған мүшенің сын-сипатын аңықтап тұрады. Сұрағы: қандай? Қай? Кімнің? Ненің? Неше? Нешінші? Қанша? Қайдағы? Қашаңғы?  1) Анықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:  1. Дара анықтауыш дара сөзден жасалады: Сары алма берді 2. Күрделі анықтауыш- күрделі сөз, тұрақты тіркес және үйірлі мүшеден жасалатын анықтауыш: Қара торы ат бірінші келді 3. Үйірлі анықтауыш- үйірлі сөздерден тұратын анықтауыш: Ақылы бар жігіт ойланып істейді 2) Анықтауыш сын есімнен, есімдіктен, зат есімнен, сан есімнен және есімшеден жасалады

Толықтауыш іс- оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайды. Табыс, Барыс, Жатыс, Шығыс, көмектес септіктерінің сұрақтарына жауап береді.  1) Толықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:  1. Дара толықтауыш дара сөзден жасалады: Атты оған берме 2. Күрделі толықтауыш күрделі сөз, тұрақты тіркес және үйірлі мүшеден жасалады: Олар аттардың он екісін таңдап алды 3. Үйірлі толықтауыш- үйірлі сөздерден тұратын толықтауыш: Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас 2) Толықтауыш мағынасы қарай 2-ге бөлінеді: 1. Тура толықтауыш - табыс септігіндегі және "түралы, жөнінде, жайында" шылауларымен тіркесіп, келген сөздер: Оны ешкімге көрсетпе 2. Жанама толықтауыш- барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөздер: Екі қарт кісімен амандастым  3) Толықтауыш зат есімнен, есімдіктен, сын есімнен, сан есімнен және етістіктен жасалады.

Пысықтауыш іс- қимылдың белгісін (мекен, мезгіл т.б.) анықтайды  1) Пысықтауыш құрысына қарай 3-ке бөлінеді 1. Дара пысықтауыш дара сөзден жасалады: Ол кеше келді 2. Күрделі пысықтауыш күрделі сөзден жасалады: Ол бүгін келді 3. Үйірлі пысықтауыш үйірлі сөзден жасалады: Үйің барда ойлан.  2) Пысықтауыш мағынасына қарай 5-ке бөлінеді:  1. Мекен пысықтауыш іс- әрекеттің болу орнын, мекенін білдіреді. Сұрағы: қайда? Қайдан? Қалай қарай? : Ол төмен қарады 2. Мезгіл пысықтауыш іс- әрекеттің мезгілін білдіреді. Сұрағы: қашан? Қашаннан бері? : Ол кеше келді 3. Себеп-салдар не үшін? Неге? : Ол босқа келді 4. Сын-қимыл пысықтауыш іс-әрекеттің жүзеге асу амалын, мөлшерін білдіреді. Сұрағы: қалай? Қалайша? Қайтіп? : Ол жаяу келді 5. Мақсат пысықтауыш іс-әрекеттің мақсатын, мөлешрін білдіреді. Сұрағы: не мақсатпен? Қанша? Қалай? : Ол әдейі келді. Ол ұзақ сөйледі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]