Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 Билет.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.21 Кб
Скачать
  1. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз

Анасы оған: «Күшігің ешқайда да кеткен жоқ, сен көрмеген төрт-бес ай ішінде ол өсіп, үлкен төбет болды,»-деді.

Билет 23

  1. «Сен қанша тіл білесің?» әнгімелеу

—Сенің ана тілің қандай?

—Менің ана тілім—түрік тілі.

—Сен неше тіл білесің?

—Ана тілім—түрік тілін білемін, ауылдастарым ұйғырлар болған соң, ұйғыр тілін білемін. Мемлекеттік тіл — қазақ тілін білемін. Орыс тілі мен ағылшын тілін арнайы курсқа барып үйреніп жүрмін.

—Газет-журналдарды қай тілде оқисың?

—Айтылған тілдердің бәрінде оқи беремін. Бірақ, тіл сындыру үшін, ағылшын тілінде дауыстап оқимын.

—«Көп тіл білсең, көкжиегің кеңейеді» деген. Жарайсың!

—Рақмет! Қазақ халқы ≪Жеті жұрттың тілін біл≫ деп бекер айтпаған ғой. Адамның мүмкіндігі оған жетеді.

—Тілді қалай тез үйренуге болады?

—Алдымен негізгі тілдерді үйрену керек. Содан кейін соған ұқсас тілдерді үйренген жөн.

—Сонда жеңіл бола ма?

—Иә, ғалымдар тілді осылай үйрену жеңіл болады деп есептейді екен.

—Әрине, адам көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады ғой.

—Музыканы көбірек тыңдап, есту қабілетін дамыту да шет тілін үйренуге көмектеседі.

—Солай ма, мен музыканың тілді үйренуге көмектесетінін білмейді екенмін.

—Тілді ғаламтор арқылы үйренуге болатынын білесің бе?

—Иә, білемін. Қазіргі кезде жастардың көбі тілді ғаламтордағы ақпараттар арқылы үйреніп жүр.

—Ең бастысы, тілді үйренуге деген қызығушылық болу керек. Тілді кез келген жаста үйрене беруге болады.

  1. Сын есімнің шырайлары

Сын есімнің 2 шырайы бар:  1) Салыстырма шырай екі заттың сын-сипатын салыстырып, кем не артық екенін білдіреді. Оның 3 түрлі жұрнағы бар:  1. -ырақ, -ірек, -рақ, -рек: кішірек 2. -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: ақтау, биіктеу 3. -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -ғылтым, -аң, -шыл, -шіл, -қай, -ғыш, -шілтім, -ілдір, -ша, -ше: ақшыл, бозаң, ұзынша, қызғылт, қышқылтым 2) Күшейтпелі шырай белгілі бір сындық белгінің екіншісінен өте артық не өте кем екенің булдіреді. Оның 2 тұрлі жасалу жолы бар:  1. Сын есім күшейткіш үстеумен (өте, ең т.Б.) тіркеседі: тым ауыр, ең әдемі, өте жиі 2. Сын есімнің алдынан күшейткіш буын қосарланады: сап-сары, қып-қызыл. П.С. "Ақ, көк" сын есімдерінің күшейтпелі шырайы: аппақ, көкпеңбек

  1. Қас пен көздің арасында, ит өлген жер, ауызынан шөп алмас, санынсоғып қалу, тайға таңба басқандай, қырғи қабақ болу тұрақты сөз тіркістерінің мағыналарын түсіңдір және 3 сөйлем құрастыр.

Билет 24

  1. «Қандай пәнді таңдаймын» диалог

Мектеп—балаларға білім беретін мекеме. Біздің білім алып жатқан мекемеміз мектеп-лицей деп аталады. 9-сыныпты бітірген соң, бағдарлы мектептің бірін таңдаймыз. Сол себепті 9-сыныптың соңында үш пәннен және бір таңдау пәнінен емтихан тапсырамыз. Таңдау пәнін оқушының өзі қалайды. Мен география пәнін таңдадым. География—өте қызықты пән.

География «жерді сипаттау» деген мағынаны білдіреді. Ол—жер беті, табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым. Мен болашақта ауылшаруашылық саласында жұмыс істегім келеді. Сондықтан географияны терең білуім керек деп ойлаймын. 11-сыныпты бітіргенде де осы пәнді таңдаймын. Сондықтан қазірден бастап бұл пәнді дұрыс оқуым қажет.

Мектебімізде ақпараттық технологиялар кең қолданылады. Арнайы жабдықталған сыныптарда дайындаламыз. Алған білімімізді оқу-тәрбие үрдісінде қолданамыз. Мен география пәні бойынша қосымша ақпараттарды көбінде ғаламтордан аламын.

Біздің мектепте оқушылардың ізденіс жұмыстарын ұйымдастыруға, терең білім алуына қажетті жағдайлар жасалған. География пәнінің мұғалімі бізге қосымша сабақтар береді. Түрлі қосымша тапсырмалар орындаймыз. Тест сұрақтарына жауап жазамыз. Ай сайын бақылау тест тапсырмаларын орындаймыз. Соңғы тест бақылауында 24 ұпай жинадым. Бұл—жоғары көрсеткіш.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]