- •1 Билет
- •Қонақ төрге отырады.
- •Сөйлем. Сөйлем түрлері.
- •Сөйлемге синтаксис талдау және сөз құрамына талдау жасаңыз
- •2 Билет
- •Жәй сөйлемнің түрлері
- •Сын есімдерді шырай категориясына түрлендіріңіз
- •3 Билет
- •Қымыз- емдік сусын
- •Сан есім. Сан есімнің түрлері.
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •4 Билет
- •Қазақы дастарқан мәзірі
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •Тапсырыс қабылдаңысшы
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Салт дәстүр» тұралы диалог
- •Күрделі сөздер, олардың жасалуы
- •Етістіктерді 3 шақта жазыңыз
- •«Шымбұлақ» тау шатқалы
- •Сын есім. Сапалық, қатыстық сын есім
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •Аспалы жолмен көтерілдік
- •Етістік. Болымды, болымсыз етістік
- •Етістіктерді сөз құрамына талдаңыз
- •«Ұлттық құрамада ойнағым келеді» диалог
- •Еліктеуіш сөздер
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Былғары қолғап шеберлері» әнгімелеу
- •Шылау, түрлері
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Қазақ- қонақжай халық»
- •Көсемше
- •Қонақжай сөзіне фонетиқалық талдау жасаңыз. Қонақ сөзін тәуеленіз
- •«Егерде мен мектеп директоры болсам...»
- •Құрмалас сөйлем
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •Әлеуметтік желілер
- •Салалас құрмалас сөйлем, түрлері
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Атақты полиглоттар» әнгімелеу
- •Сабақтас құрмалас сөйлем, түрлері
- •Етістіктерді есімше мен көсемше түрлендіріңіз
- •«Ғаламторды пайдалану әдебі» әнгімелеу
- •Қаратпа сөз
- •Жалаң сөйлемдері жайылма сөйлемдерге айналдыр
- •«Ғалым Асқар Жұмаділдаев» әнгімелеу
- •Қыстырма сөздер
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Ұстаздан шәкірт озар» әнгімелеу
- •Үнестік заны. Буын, дыбыс үндестігі
- •Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз
- •«Сен қанша тіл білесің?» әнгімелеу
- •Сын есімнің шырайлары
- •«Қандай пәнді таңдаймын» диалог
- •Тұрлаулы, тұрлаусыз сөйлем мүшелері
- •Сөйлемге синтаксистік талдау және сөз құрамына талдаңыз.
- •«Өмір бойы білім аламын» әнгімелеу
- •Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері
- •Шәкірт сөзін жіктеңіз, сынып сөзің тәуелдеңіз
«Ұстаздан шәкірт озар» әнгімелеу
Күләш апайдың мықтылығы—ол кісіде оқыған оқушылар математик болып шығушы еді. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары Асқар Жұмаділдаев пен Уәлібай Өмірбаевтар да апайдың шәкірттері. Мектепті 1974 жылы бітірген біздің оқушылардың ішінде төрт ғылым кандидаты, екі ғылым докторы бар. Жеңіс Хамитов, Жұмабай Ыдырысов, Тұрсынжан Шапай, Роза Шекенова—ғылым кандидаттары болса, Серікбай Нұрғисаев—экономика, Ғалиден Бақанов—физика-математика ғылымдарының докторлары. Мен бұл мектепке 9-сыныпта келдім. Күләш апай емтихан алды. Үш-төрт есеп берді. Бәрін де шала-шарпы шығардым. Күләш апай: «Айналайын, сен бізде оқи алмайсың. Бір есепті де толық шығарған жоқсың, үйіңе қайта ғой»,—деді. Мен дәлізге шығып біраз тұрдым да, апайдың геометриядан есеп бермегені есіме түсіп, қайта кірдім. «Апай, мен геометрияны жақсы көруші едім. Геометриядан есеп беріп көріңізші», — деп өтіндім. Күләш апай маған бір есеп берді. Мен есепті шығарып бердім. Апай: «Ей, сенде бірдеңе бар ғой, мен сені бір тоқсанға уақытша алайын»,—деді. Сөйтіп, бір есептің арқасында армандаған мектебімнің оқушысы болып шыға келдім. Бұл есепті мен өмір бойы ұмытқаным
жоқ және ұмытпаймын да. Бұл есептің тағы бір қызығы бар. Бір күні министрліктен комиссия сабаққа кірді. Тақырыпты түсіндіріп болған Күләш апай: «Ал енді мына есепті кім шығарар екен?»—деп, баяғы маған берген есепті берді. «Әй, мынау менің тағдырымды шешкен таныс есеп қой!» деп ішімнен қуанып кеттім. Сынып тым-тырыс. Бәрі жанталасып есеп шығаруға кірісіп кетті. Есептің сызбасын жақсылап сызып, шығарылуын тағы бір пысықтап алдым да, бес минуттай уақыт өткен соң, қолымды көтердім. Сыныптың үндемей қалғанына сәл абыржыған апай менің қол көтергеніме қуанса да: «Биыл келген оқушы ғой, бірдеме бүлдірмесе болды» дегендей, сәл сенімсіздеу түрмен: «Ал, Өтешев, тақтаға шыға
ғой»,—деді. Мен бұрынғыдан да әдемілеп, барлық дәлелді келтіріп, есепті шығарып бердім. Апай
маған: «Бәрекелді, сен математик болып келе жатырсың, жоқ, сен математик болдың» деп, маған
«бес» деген баға қойды. Комиссия мүшелері де жақсы есепке, оның шығарылуына қарап күбірлесіп отырды.
Мектеп бітіргенімізге 40 жылдан асып бара жатса да, Күләш апайдың кей тақырыптарды қалай
өткені, қалай есеп шығартқаны әлі күнге дейін жадымда. Жақсы мұғалім ешқашан ұмытылмайды
екен.
Үнестік заны. Буын, дыбыс үндестігі
Үндестік заңы дегеніміз сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе жіңішке болып үндесуі. Үндестік заңының 2 түрі бар: буын үндестігі және дыбыс үндестігі. Буын үндестігі- сөз ішіндегі және сөз бен қосымша арасындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе жіңішке болып үндесуі. 1) Күрделі сөздерде буын үндестігі сақталмайды: 1. Кос сөз: аман-есен, асты-үсті 2. Біріккен сөз: баспасөз, көзқарас 3. Тіркесті сөз: ала бер, он бір 2) Кірме сөздерде буын үндестігі сақталмайды: 1. Араб тілі: кітап, мұғалім, қазір 2. Орыс тілі: кино, театр, алгебра 3. Парсы тілі: рәсуа, күнәhар 3) Сөзге қосымша буын үндестігі арқылы жалғанады. Егер сөздің соңғы буынында жуан дауысты дыбыс болса, қосымшадағы дауысты да жуан болады. 4) Кейбір қосымшалар сөзге буын үндестігіне бағынбай жалғанады. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар: 1. Көмектес септік жалғауы: -пен, -мен, -бен (ақпен, аңмен, тұзбен) 2. Тәуелдік мағынадағы жұрнақ: -нікі, -дікі, -тікі (Асандікі, баланікі) 3. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтар: -еке, -ке, -сымақ, -тай, -жан (басеке, шешетай, әкежан) 4. Белгілі бір сөздерге жалғанатын шет тілінен енген жұрнақтар: -паз, -қор, -қой, -ғой, -гөй, -гей, -кер, -гер, -кеш, -ист, -изм, -бан, -тал, -xана, -ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -ина, -бей, -би, -кес (әсемпаз, еңбекқор) 5) Кірме сөздерге жалғанатын қосымшаларға қатысты жағдайлар: 1. Соңғы буынында "ә" әрпі бар сөздерге (кінә, күмән) қысан дауыстылы қосымша жіңішке болып жалғанады (шүбәлі, күмәнді), ал алғашқы дауыстылар жуан болып жалғанады (кінәла, күмәндан) 2. "x, я" әріптеріне аяқталған сөздерге қосымша жуан түрде жалғанады. Мысалы: тариxтың, цеxтан 3. "ю" мен "рк, ск, лк, нк, нкт, кс, кт" әріптеріне аяқталған сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: парктен, танкіні 4. "ь" әрпіне аяқталған сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады (рольді, ролі, рульді) Дыбыс үндестігі- сөз ішіндегі және 2 сөз арасындағы қатар тұрған екі дыбыстың (көбіне 2 дауыссыз дыбыстың) бір-біріне ықпал етуі. Оның екі түрі бар: ілгерінді ықпал және кейінді ықпал
