Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 Билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.21 Кб
Скачать

1 Билет

  1. Қонақ төрге отырады.

Қонақжайлық—қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Ол адамдар арасындағы сыйластықты,қамқорлықты білдіреді, кісінің адамгершілігін көрсетеді. Қонақ күту—қазақ халқы үшін өте үлкен жауапкершілік. Бұрын қазақта жол жүріп кележатқан жолаушы кез келген ауылға, үйге қонақ бола берген. Келген қонақты құрметпен қарсы алып, шығарып салу әрбір отбасы үшін моральдық-этикалық норма ретінде қалыптасқан. Табалдырығынан аттаған адамды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру—қазақ қонақжайлығының негізгі белгісі. Қазақта «Қырықтың бірі—Қыдыр», «Қонақпен бірге құт, ырыс келеді» деген нақыл сөз бар. Қазақ үйіне келген адамның бәрін қонақ деп құрметтеп, әрқашан төрге отырғызған. Үй иесі қонағына ең сыйлы асын ұсынған. Қазақ халқының қонақ күту дәстүрі ел-жұрт арасындағы ізгі қарым-қатынастарды нығайтуға, бірін-бірі сыйлауына, балаларын жастайынан көпшіл, мейірімді, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуына ықпал еткен. Дастарқаны мол, пейілі кең қазақ халқының қонақжайлылығы, кеңпейіл қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды ерекше таңқалдырған.

Қонақ шақыру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Келген қонақ өзін жайлы сезінуі үшін үй иесі көп нәрсені ойында ұстағаны жөн. Жаңа жылда, Наурыз мейрамында, мерейтой, туған күн деген сияқты атаулы мерекелерде қонақ шақырған жөн. Үлкен тойларға арнайы шақыру билеттерін кемінде бір ай бұрын жіберу керек. Отбасылық кішігірім отырыстарға қонақтарды ауызша немесе телефонмен де шақыруға болады. Қонақ шақырғанда уақытын және себебін анық айту керек. Әдеп ережелеріне сай, қонақтарды таңғы асқа, яғни сағат 1000 мен 1200 аралығында, түскі асқа сағат 1200 мен 1400 аралығында, кешкі асқа сағат 1700 мен 1900 аралығында шақыру керек. Қонаққа міндетті түрде таза, әдемі киініп бару керек. Үй иесі де қонақты әдемі киініп қарсы алуы тиіс.

  1. Сөйлем. Сөйлем түрлері.

Сөйлем – біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы. Сөйлем құрамына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Жай сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та біреу болып, тиянақталған бір ғана ойды білдіреді. Ал құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді. Сөйлем айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем болып төртке бөлінеді.

1) Хабарлы сөйлем хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады. Тыныс белгісі: нүкте . Жасалу жолы: Хабарлау мақсатында айтылған сөйлем арқылы жасалады.

2) Бұйрықты сөйлем бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылады. Тыныс белгісі: нүкте немесе леп белгісі. Бұйрық рай арқылы жасалады

3) Лепті сөйлем сөйлеушінің көңіл-күйін (қуану, өкіну т.б.) білдіру мақсатында айтылады. Тыныс белгісі: леп белгісі. Жасалу жолдары:

1. Одағай сөздер: қап, әттеген, пай-пай, т.б.

2. Интонация арқалы

3. Демеулік шылаулар: -ау, -ақ, -ай;

4. Күшейткіш мәнді сөздер: не деген, неткен, қандай, ғажап, т.б.

4) Сұраулы сөйлем бір нәрсе жайлы сұрап білу мақсатында айтылады. Тыныс белгісі: сұрау белгісі. Жасалу жолдары:

1. Сұрау есімдіктер: кім? Қанша? Қандай? Т.б.

2. Сұраулы шылаулар: ма, ме, па, пе, ба, бе, ше.

3. Оқшау, көмекші сөз: ә, сірә, қайтеді, шығар

Сұраулы сөйлемдерге негізгі, жетек және анықтауыш сұрақтары қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]