- •Бөлшектерін шабуға арналған престерді жобалау
- •Престің қызметі
- •Қолдану аймағы
- •Жобаланатын престің түпнұсқасының (прототип) қысқаша сипаттамасы
- •1.4. Жаңа престі өндіріске еңгізудің техника-экономикалық негіздеуі.
- •1.5. Престің техникалық мінездемесі.
- •1.6. Жұмыстың технологиялық параметрлері.
- •1.7. Пресс жетегі.
- •2.3. Жобаланатын машинаның түпнұсқасының қысқаша түсінігі.
- •2.4 Жобаланатын машинаны өндіріске техника-экономикалық түсініктемесі
- •2.2 Қолдану аймағы
- •2.5. Машинаның техникалық сипаттамасы
- •2.6. Жұмыстың технологиялық параметрлері.
- •2.7. Машина жетегі
- •Жобаланатын машинаны есептеуге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Әдебиеттер
- •3. Желімдеп тарту және аяқ киімнің өкше бөлігін қалыптауға арналған зпк -3-0 машинасын жобалау
- •3.1 Машинаның қызметі
- •3.2. Қолдану аймағы
- •3.3. Жобаланатын машинаның түп нұсқасының қысаша түсінігі
- •Сур. 3.1. Зпк машина секциясының кинематикалық нобайы
- •3.4. Жаңа машинаны өндіріске енгізуінің техника – экономикалық дәлелдемесі
- •3.5. Машинаның техникалық сипаттамасы
- •3.6. Жұмыстың технологиялық параметрлері
- •3.7. Машина жетегі
- •Есептеуге арналған методикалық нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •¥Лтанды желімдеу үшін арналған престі
- •Престің қызметі
- •Қолданулы аймағы
- •Жобаланатын престің түрнұсқасының қысқаша сипаттамасы
- •4.4 Жаңа престі өндіріске енгізуінің техника- экономикалық дәлелдемесі
- •4.5 Претің техникалық мінездемесі
- •4.6. Жұмыстың технологиялық параметрлері
- •4.7. Пресс жетегі
- •Жобаланатын пресс есептемесінің методикалық нұсқаулары
- •Әдебиеттер
- •5.Ұлтанның шетін және өкшелерді фрезерлеу үшін арналған машиналарды жобалау
- •5.1.Машинаның қызметі
- •5.2. Қолдану аймағы
- •5.3. Жобаланатын машинаның түпнұсқасының қысқаша сипаттамасы
- •5.4.Жаңа машинаны өндіріске енгізудегі техника экономикалық түсініктемелері
- •5.5.Машинаның техникалық сипаттамасы
- •5.6.Жұмыстың технологиялық параметрлері
- •5.7.Машина жетегі
- •Жобаланатын машинаны есептеуге әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
4.4 Жаңа престі өндіріске енгізуінің техника- экономикалық дәлелдемесі
Аяқ киім сапалы болу үшін бөлшектерді желімдеп бітіргеннен кеиін міндетті түрде престеген жөн. Бұл кезде пайда болған қысым адгезив молекулалары және субстрат қабатының бетінің арасындағы қажетті түйісуді қамтамасыз етеді, ал жылу кезінде диффузия процесі пайда болады. Желімнің түріне байланысты қысымның аз немесе көп өлшемі қажет етіледі. Щектен тыс жоғары қысым жақсы кеппеген желім қабатының жартысын сығып шығарып тастайды, нәтижеде пленка қалыңдығы жекткіліксіз болып қалады, ал сығылып тасталған желім аяқ киімнің басқа көршілес бөліктерін ластайды. Ұлтандар берік желімдеу және қалыптардың ұзақ эксплутациясы үшін меншікті қысымның мәні оптимальды болуы және бір қалыпты таралуы қажет. Желімдеу технологиясы престің жұмысшы мүшелеріне байланысты. Дұрыс жобаланған прес аяқ киім бөлшектерін сапалы желімдеуге мүмкіншілік береді.
4.5 Претің техникалық мінездемесі
Престің өнімділігі, жұп∕сағ 80-105
Гидрожүйедегі қысым, Н∕м2 (кг∕см2 ) 5,6 (60)
Престеудің максималды күші, кН (кг) 35,3 (3600)
Цилиндр штогының жүріс жолы, мм 90
Электрожетегінің қуаты,кВт 0,6
Қалақты насос:
Қысым, мН∕м2 6,4
Өнімділігі, л∕мин 3
Фронт бойынша өлшемі, мм 600
Тереңдігі, мм 690
Биіктігі, мм 1760
Салмағы, кг 450
4.6. Жұмыстың технологиялық параметрлері
Қалыптағы дайындамаларға ұлтанды желімдеу үшін олардың керілген шеттеріне тез жабысатын желім жағылуы керек. Сол сияқты ұлтандарға да тез жабысатын желім жағылады. Бұл беттерді пресс- жастықшаға орналастырып қоймас бұрын пленкаларын активизациялау үшін оларды термостатта жоғары температурамен өңдейді. Қолданылатын желімге байланысты қысымның көп немесе аз өлшемі қажет етіледі. Аяқ киім өнеркәсібінде төмен қысымның мәні 1 кг ∕ см2 шамасында болуы мүмкін.
4.7. Пресс жетегі
Престе гидравликалық жетек бар, ол қалақты насостан, гидроцилиндрлерден, аккумулятордан, май ыдысы және басқару апппаратурасынан тұрады.
Сур.4.1. ППГ-4-О пресінің жалпы көрінісі
Жобаланатын пресс есептемесінің методикалық нұсқаулары
Есептеу алдында міндетті түрде 4.1. кестеден қажетті вариантты тандап алу керек:
Кесте 4.1.
Вариант |
Аяқ киім ізінің ауданы, см2 |
1 |
100 |
2 |
150 |
3 |
200 |
4 |
250 |
Желімдеу кезінде меншікті қысымды келісім бойынша q=1.5÷6 кг∕ см2 деп қабылдауға болады. Наириитті желімдер үшін q= 4 кг∕ см2. Осыған сүйене отырып, ұлтандарды желімдеу кезіндегі технологиялық күшті анықтау керек. Престің есептемелік нобайын құрып және соған байланысты гидравликалық жетектің себебін шығару керек. Ол жұмысшы цилиндрдегі поршеннің теңсіздік жағдайына негізделген. Поршеннің тарту күші:
P= Pn+ PТ + Pи+PK (4.1)
Мұндағы: Pn- пайдалы күш;
PT- поршень мен штоктың тығыздатқыштарындағы үйкеліс күші;
PN – іске қосқан кездегі орын ауыстыратын бөліктердің салмағының инерция күші;
PK - қарама – қарсы бағыттағы қысымға қарсы қолданылатын күш.
Манжетпен цилиндр қабырғасының және шток пен сальниктің арасындағы үйкеліс күші былай анықталады :
PT = PTM + PTC = П ∙ Д ∙ в ∙ р∙ f1 + П dhpf2 (4.2)
Мұндағы: Д – цилиндр диаметрі;
в- манжет биіктігі
р- цилиндр ішіндегі қысым;
f1 .,f2 – манжет пен цилиндрдың және шток пен сальниктің үйкеліс коэффиценттері f1 = 0.15; ,f2 =0.2;
d- шток диаметрі;
h- сальник ұзындығы.
Поршень мынадай Р тарту күшін тудыруы қажет. Одан қарсыласу күштерді кеміткенде, ол пайдалы күштен Рп артық болуы керек. Сондықтан поршень диаметрін алдын- ала есептегенде формула мына түрде жазылады:
Р = k ∙Pk (4.3 )
Мұндағы: к –қозғалыс қарсылығын ескеретін коэффицент, ол к k= 1.2 ÷ 1.4 аралығында қабылданады.
Гидравликалық цилиндр штогының диаметрі d= 0.2D – дан d= 0.7D дейінгі аралықта жатады.
Сальник ұзындығы h диаметрге d тең деп қабылданады. D және d диаметрлерін анықтағаннан кейін, қажетті мәліметтерді (4.1) формулаға қойып, тексеру есептеуін жүргіземіз. Ляме формуласы бойынша күш цилиндрдың қабырғасының қалыңдығын анықтауға болады:
(4.4)
мұндағы: r – цилиндрдың ішкі радиусы;
-
цилиндр материалының үзілуінің мүмкіндік
кернеуі;
рш – сұйықтықтың шартты қысымы, жұмысшы қысымынан 20-30% жоғары.
Штокты міндетті түрде шекті иілуге төмендегі формула бойынша тексеру керек:
,
(4.5)
мұндағы: Е – шток материалының беріктік модулі;
Jmin – шток қимасының инерция моменті;
-
штокты бекіту коэффициенті;
l – шток ұзындығы.
Цилиндр көлемі:
(4.6)
мұндағы: F – Цилиндрдың жұмыс ауданы, см2;
H – поршень жүрісі, см.
Поршеньнің орын ауыстыруының ұзақтылығы:
(4.7)
мұндағы:
- орын ауыстыру жылдамдығы м/с.
Сұйық шығыны:
,
л/мин
(4.8)
Насос Q сұйықтың қажетті шығынын қамтамасыз етуі және цилиндрдегі қысымнан көптеу қысымды тудыруы қажет. Бұл шығындарды ȠН =0,7 коэффициентімен ескере отырып, насос
(4.9)
қысымды тудыруы қажет.
Қысым шығынын дәл есептеу үшін құбырдардың әр бөлігі және бөлек құрылғылар жеке есептеленуі қажет. Сосын бәрін қосып, жалпы шығынды анықтайды.
Q және PH шамаларына байланысты насосты таңдаймыз.
