- •Бөлшектерін шабуға арналған престерді жобалау
- •Престің қызметі
- •Қолдану аймағы
- •Жобаланатын престің түпнұсқасының (прототип) қысқаша сипаттамасы
- •1.4. Жаңа престі өндіріске еңгізудің техника-экономикалық негіздеуі.
- •1.5. Престің техникалық мінездемесі.
- •1.6. Жұмыстың технологиялық параметрлері.
- •1.7. Пресс жетегі.
- •2.2 Қолдану аймағы
- •2.3. Жобаланатын машинаның түпнұсқасының қысқаша түсінігі.
- •2.4 Жобаланатын машинаны өндіріске техника-экономикалық түсініктемесі
- •2.5. Машинаның техникалық сипаттамасы
- •2.6. Жұмыстың технологиялық параметрлері.
- •2.7. Машина жетегі
- •Жобаланатын машинаны есептеуге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Әдебиеттер
- •3. Желімдеп тарту және аяқ киімнің өкше бөлігін қалыптауға арналған зпк -3-0 машинасын жобалау
- •3.1 Машинаның қызметі
- •3.2. Қолдану аймағы
- •3.3. Жобаланатын машинаның түп нұсқасының қысаша түсінігі
- •Сур. 3.1. Зпк машина секциясының кинематикалық нобайы
- •3.4. Жаңа машинаны өндіріске енгізуінің техника – экономикалық дәлелдемесі
- •3.5. Машинаның техникалық сипаттамасы
- •3.6. Жұмыстың технологиялық параметрлері
- •3.7. Машина жетегі
- •Есептеуге арналған методикалық нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •¥Лтанды желімдеу үшін арналған престі
- •Престің қызметі
- •Қолданулы аймағы
- •Жобаланатын престің түрнұсқасының қысқаша сипаттамасы
- •4.4 Жаңа престі өндіріске енгізуінің техника- экономикалық дәлелдемесі
- •4.5 Претің техникалық мінездемесі
- •4.6. Жұмыстың технологиялық параметрлері
- •4.7. Пресс жетегі
- •Жобаланатын пресс есептемесінің методикалық нұсқаулары
- •Әдебиеттер
- •5.Ұлтанның шетін және өкшелерді фрезерлеу үшін арналған машиналарды жобалау
- •5.1.Машинаның қызметі
- •5.2. Қолдану аймағы
- •5.3. Жобаланатын машинаның түпнұсқасының қысқаша сипаттамасы
- •5.4.Жаңа машинаны өндіріске енгізудегі техника экономикалық түсініктемелері
- •5.5.Машинаның техникалық сипаттамасы
- •5.6.Жұмыстың технологиялық параметрлері
- •5.7.Машина жетегі
- •Жобаланатын машинаны есептеуге әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
1.4. Жаңа престі өндіріске еңгізудің техника-экономикалық негіздеуі.
Аяқ киімнің төменгі жақ бөлшектерін шабуға арналған механикалық престермен салыстырғанда еңгізілетін электрогидравликалық престің көптеген артықшылықтары бар:жоғарғы траверсаның жұмысын реттеудің және кескішке түсетін қысымның кең диапазоны, әр түрлі биіктіктегі кескіштерді қолдану мүмкіншілігі, басқарудың жеңілдігі және қауіпсіздігі, жұмыстың шусыздығы, жоғарғы еңбек өнімділігі.
1.5. Престің техникалық мінездемесі.
1. Өнімділігі, бір сағатта жұп бөлшек саны 230
2. Кесу күшінің ең үлкен шамасы, кН (кГ) 176,5 (18000)
3. Траверса жүрісі (реттеледі), мм 20-70
4. Жүріс 70 мм болған кезде минутына траверсаның 60
екі есе жүрісінің саны
5. Жұмыс өткелінің ені, мм 1650
6. Жоғарғы траверса мен табан арасындағы ең үлкен 420
арақашықтық, мм
7. Шабылатын бөлшектердің ең үлкен периметрі, мм 930
8. Гидрожүйедегі жұмыс қысымының ең үлкен шамасы, 9,8 (100)
МН/м² (кГ/см²)
9. Гидрожетектегі электрқозғалтқыш қуаты, кВт 2,8
10. Траверсаны көтеру механизмінің электрқозғалтқыш 0,6
қуаты, кВт
11. Фронт бойынша өлшемі, мм 2065
12. Тереңдігі, мм 820
13. Биіктігі, мм 1920
14. Салмағы, кг 2120
1.6. Жұмыстың технологиялық параметрлері.
Престе аяқ-киім өнеркәсібінде қолданылатын былғарыдан, картоннан, резеңкеден, пластбылғарыдан және тағы басқа матералдардан жасалған аяқ-киім төменгі жақ бөлшектерін шабу жүзеге асырылады.
Желім әдісімен бекітілген аяқ-киім үшін ұлтан IV категориялы чепрактан (3,6+4,0 мм) шабылады.
Чепрак созылмалы, жеткілікті тығыз, және бір түсті болуы қажет. Шабылғаннан кейінгі ұлтанның ең төмен мүмкіндік қалыңдығы 3,4 мм. Шабу үшін параллелограмм жүйесі қолданылуы мүмкін. Ерлер немесе әйелдер аяқ-киімнің ұлтан комбинациясында мектепке арналған аяқ-киім үшін өкше сірісі (задниктер) немесе желім әдісімен бекітілген гусариктердің ұлтандары шабылады. Шабылғаннан кейін бөлшектерді өндіріс партияларына бойлық ассортиментімен жинақтау керек.
1.7. Пресс жетегі.
Жобаланатын престе бір соққылы қимылды, аяқпен іске қосылатын және жұмысшының қолын қорғау жүйесі бар. Электргидравликалық жетек қолданылады.
ЖОБАЛАНАТЫН ПРЕСТІ ЕСЕПТЕУГЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Жобаланатын престі есептеу алдында вариант бойынша 1.1 – кестеден
керекті мәліметтерді таңдап алу керек.
кесте 1.1.
Вариант |
Материал |
Шабу кезіндегі меншікті қысым Н/м (кГ/мм) |
1 |
Бұрама бекіту әдісі үшін арналған былғары |
(14÷16)*104 (14-16) |
2 |
Пластбылғары |
(6÷7)*104 (6-7) |
3 |
Резеңке |
(4÷5)*104 (4-5) |
4 |
Картон |
(5÷7)*104 (5-7) |
5 |
Аяқ-киімдік нитрожасанды былғары |
(7÷8)*104 (7-8) |
Р күшімен кескіш материалға кіру кезінде, ол мыжылу кедергісін Q, кескіштің жүзіне тік түсетін N1 мен N2 күштерін, материал кескіш жүзі аралығында пайда болатын F1 мен F2 үйкеліс күштерін төзіп өтеді (сур.1.3а).
Кескішке түсетін күштерді вертикальді өске түсірсек, материалды кесу үшін қажетті күшті табамыз:
P=Q + N1 (sinα + μ1 cosα) + N2μ2 (1.1)
мұндағы:
μ1 μ2 – материал мен кескіш жүзі аралығындағы үйкеліс коэффициенттері.
Сур.1.3а. Кескішке түсетін Сур.1.3ә. Кесу кезінде
күштердің нобайы күштің өзгеру диаграммасы
Кескішке әсер ететін күштер оның материалға кіруіне сәйкес өзгеріп отырады. И.И. Капустиннің берілгендері бойынша күштің тез өсуі кескіштің материалға кіруі кезінде болады. Бұл тереңдік материал қалыңдығы жартысына тең болуы мүмкін. Күштің ең үлкен шамасы С нүктесінде болады (1.3ә-сурет). Бөлшектерді шабу күшінің шамасы Р немесе преске түсетін ссалмақ, кескіштің ұшының формасына, кесу шетінің жағдайына, кесілу кезіндегі кескіштің қозғалыс жылдамдығына және кесілетін материалдың механикалық қасиеттеріне байланысты болады.
Кесілу күші келесі формуламен анықталады:
P = ρ*l*Kβ*KЗ*KV; (1.2)
Мұндағы: Р – меншікті ұзындығының бірлігіне сәйкес келетін меншікті күш;
l – кескі периметрі;
Kβ - кесу күшіне кескіштің өткірлеу бұрышының әсерін коэффициент;
KЗ – кесу күшіне кескіштің кесу шетінің мұқалуның әсерін ескеретін коэффициент;
KV – кесу күшіне кескіштің қозғалыс жылдамдығының әсерін ескеретін коэффициент.
Шабу пресі q темпімен үзіліссіз жұмыс істеу кезінде, соққыштың жұмыс жүрісінің саны n-ге тең болған кезде кезде, циклдан тыс және циклды шығындарды есептемегенде, оның технологиялық өнімділігі келесі формулаға тең:
(1.3)
яғни престе уақыт бірлігіне екі есе жүру жолының санына тең бөлшектер санын шабуға болады.
Траверсаны есептегенде күш көрсетілген нобайы бойынша түседі деп санау керек.
Онда
Егер тіректен кез келген у ара қашықтықтағы қиманы алып қарасақ, онда
(1.4)
Мұндағы: RA – тіректің реакциясы;
W – траверса қимасының кедергі моменті;
в – траверса ені;
һ – траверса биіктігі;
σ – траверсада пайда болатын кернеу.
Осыдан травесаның биіктігін анықтауға болады:
(1.5)
немесе
(1.6)
Сондықтан траверсаның формасы екі жақты парабола түрінде болады, ал қимасы қорапты – іші қуыс болып келеді.
Травеса мен скалкалкаларды бекіту болттардың көмегімен жүзеге асырылады. Болттар мынау шартқа сәйкес үзілуге есептеледі:
(1.7)
Мұндағы:
К – алдын ала тарту коэффиценті, К=2,5
;
RB – тіректегі реакция;
F – болттың көлденең қимасының ауданы
Z – болттар саны
Скалканы есептеу ПВГ – 8 пресінің скалкасын есептеумен сәйкес болады. Шабу пресінің гидравликалық жетегінің электроқозғалтқышының қуаты насос қуатымен анықталады. Насос қуатының өнімділігіне немесе сұйық қысымына байланысты болады. Насостың электроқозғалтқышының қуатын келесі формуламен анықтауға болады.
P · Q
N = ——
n
мұндағы P – жұмысшы қысым Н / м² ;
Q – сұйықтың шығыны м³ / с ;
n – жетектің пайдалы әсер коэфиценті ;
Әдебиеттер
ЕСКД. Оновные положения. ГОСТ 2. 103-68.
Колясин В.П. Оборудование обувного производства. -М. Легкая индустрия. 1973. с. 124-133.
Сивченко Н.А., Ценова Л.В. Вырубочные пресса обувного производства.- К. Выша школа. 1975. с. 34-17
Колосков В.Н., Колясин Б.П. Оборудование и механизация обувного производства.-М. Легкая индустрия. 1979. с. 43- 57
Фукин В.А., Калита А.Н. Техногия изделий из кожи.-М. Легпромбытиздат. 1988.
Рыбалов Т.М. Оборудование обувного производства. –М. Легпромбытиздат, ЕСКД, с.112-130.
2. Бөлшектерді екіге тілу және қалыңдығы бойынша тегістеуге арналған ДН – типті машинаны жобалау
2.1. Машина қызметі
Машина аяқ киімнің былғары және резеңкеден жасалған бөлшектерін екіге тілуге және қалыңдығы бойынша тегістеуге арналған.
