- •Бөлшектерін шабуға арналған престерді жобалау
- •Престің қызметі
- •Қолдану аймағы
- •Жобаланатын престің түпнұсқасының (прототип) қысқаша сипаттамасы
- •1.4. Жаңа престі өндіріске еңгізудің техника-экономикалық негіздеуі.
- •1.5. Престің техникалық мінездемесі.
- •1.6. Жұмыстың технологиялық параметрлері.
- •1.7. Пресс жетегі.
- •2.2 Қолдану аймағы
- •2.3. Жобаланатын машинаның түпнұсқасының қысқаша түсінігі.
- •2.4 Жобаланатын машинаны өндіріске техника-экономикалық түсініктемесі
- •2.5. Машинаның техникалық сипаттамасы
- •2.6. Жұмыстың технологиялық параметрлері.
- •2.7. Машина жетегі
- •Жобаланатын машинаны есептеуге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Әдебиеттер
- •3. Желімдеп тарту және аяқ киімнің өкше бөлігін қалыптауға арналған зпк -3-0 машинасын жобалау
- •3.1 Машинаның қызметі
- •3.2. Қолдану аймағы
- •3.3. Жобаланатын машинаның түп нұсқасының қысаша түсінігі
- •Сур. 3.1. Зпк машина секциясының кинематикалық нобайы
- •3.4. Жаңа машинаны өндіріске енгізуінің техника – экономикалық дәлелдемесі
- •3.5. Машинаның техникалық сипаттамасы
- •3.6. Жұмыстың технологиялық параметрлері
- •3.7. Машина жетегі
- •Есептеуге арналған методикалық нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •¥Лтанды желімдеу үшін арналған престі
- •Престің қызметі
- •Қолданулы аймағы
- •Жобаланатын престің түрнұсқасының қысқаша сипаттамасы
- •4.4 Жаңа престі өндіріске енгізуінің техника- экономикалық дәлелдемесі
- •4.5 Претің техникалық мінездемесі
- •4.6. Жұмыстың технологиялық параметрлері
- •4.7. Пресс жетегі
- •Жобаланатын пресс есептемесінің методикалық нұсқаулары
- •Әдебиеттер
- •5.Ұлтанның шетін және өкшелерді фрезерлеу үшін арналған машиналарды жобалау
- •5.1.Машинаның қызметі
- •5.2. Қолдану аймағы
- •5.3. Жобаланатын машинаның түпнұсқасының қысқаша сипаттамасы
- •5.4.Жаңа машинаны өндіріске енгізудегі техника экономикалық түсініктемелері
- •5.5.Машинаның техникалық сипаттамасы
- •5.6.Жұмыстың технологиялық параметрлері
- •5.7.Машина жетегі
- •Жобаланатын машинаны есептеуге әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
2.2 Қолдану аймағы
Машина аяқ киімнің былғары, сондай-ақ жасанды материалдардан төменгі бөлшектерін екіге тіліп, қалыңдығы бойынша тегістеуге қолданылады. Бөлшектердің өлшемдеріне қарамастан машина барлық төменгі бөлшектерді өңдеу үшін қолданылады. Ол аяқ киім фабрикасындағы дайындау цехтарында орнатылады.
2.3. Жобаланатын машинаның түпнұсқасының қысқаша түсінігі.
Төменгі бөлшектерді қалыңдығы бойынша тегістеп, екіге тілуге арналған машинаның түпнұсқасы болып ДН-машинасы табылады. Машина бас тиектен (головка), негізден (основание),тасымалдау механизмінен және электрожабдықтардан тұрады.
Аяқ киім төменінің ірі бөлшектері біліктердің астына қолмен, ал майда бөлшектері – магазинді тиеу қондарығы көмегімен автоматты түрде беріледі.
Бөлшектерді тегістеу келесі түрде орындалады. Тегістелетін бөлшек бахтарма жағымен төмен қаратылып, стол немесе шексіз резиналы таспалы тасмалдаушымен біліктерге (1 және 2) беріледі. (сур.2.1.).Жоғары білік (1) – тегіс, ал төменгі білік (2) – кедір-бұдыр.
Біліктер қарама-қарсы жаққа айналып, бөлшекті қысып алып, бөлшектің артық бахтармасын кесетін пышаққа (3) береді. Қалыңдығы бойынша тегістелген бөлшек пышақ (3) және біліктің (1) арасынан өтеді, ал тегістелгеннен қалған қалдық (спилок) пышақтың (3) және біліктің (2) арасынан өтеді.
Резинадан жасалған бөлшектерді өңдеу үшін біліктің екеуін де кедір-бұдыр етіп жасайды Пышақ жүзінің жиегі мен білік осінің жазықтығы арасындағы арақашықтық өңделген бөлшектердің сапасына әсер ететін негізгі параметрлердің бірі болып табылады.
Сур.2.1 ДН – машинасының кинематикалық нобайы
Ол бөлшек материалының тығыздығы мен қалыңдығына байланысты. Пышақ пен білік арасындағы қашықтық үлкен болса, онда осы арадағы материалда деформция пайда болады.Өңдеу кезінде бөлшектің қалыңдығы біртегіс болмайды.Тәжірибеде бұл арақашықтық 4-8 мм тең болып қабылданады ,ал (1) және (2) біліктерінің диаметрлері 55-60 мм тең.
Айналу электроқозғалтқыштан (4) серпінді муфта (5) арқылы тісті дөңгелектер (7 және 8) бекітілген білікке (6) беріледі.Жоғарғы білік (1) тісті дөңгелектер (9 және 10) арқылы қозғалады,ал төменгі білік (2) тісті дөңгелектер (7 және 11) арқылы қозғалады.
Өңдеу кезінде біліктер бөлшекті қысып алу үшін біліктер арасы өңделетіп бөлшектің қалыңдығының төмен болуы керек.
Екі білік цапфалары подшибник-сырғыма тиектерде орналасса,ол сырғыма тиектер бас тиектің тік бағыттаушыларында орналасқан.
Білік (1) сыналы подшибниктерде (12 және 13) орналасқан.Подшипниктер серіппелерге (14 және 15) тіреледі.Олар білікпен (1) бірге подшибниктерді сыналарға (16 және 17) жанасқанға дейін жоғарыға көтереді.Моховик (18) пен бұрама (19) айналымы сыналардың оңға және солға қозғалуына мүмкіндік береді.Бұл кезде подшипниктер (12 және 13) білікпен (1) бірге жоғары көтеріледі немесе төмен түседі. Білік (2) серіппелерге (23 және 24) сүйенетін подшипниктерде (21 және 22) орнатылған.Біліктің жоғарғы қалпы гайкалармен (25 және 26) шектелген.
2.4 Жобаланатын машинаны өндіріске техника-экономикалық түсініктемесі
Аяқ киім бөлшектерінің қалыңдығы бірдей,беті түзу және тегіс болуы тиіс,өйткені бұл аяқ киім өндірісі шығаратын өнім сапасына әсер етеді.Өңделген бөлшек қалыңдығы кесу жазықтығы мен оған параллельді жазықтың арасындағы қалыңдыққа,қатты бекітілген білік дірежесіне байланысты.
Екіге тілу кезіндегі өңдеу дәлдігіне әсер ететін факторлар екі топқа бөлінеді.Бірінші топқа мына факторларды жатқызуға болады;процестің басынан бастап аяғына дейін өлшемдері бірте-бірте өзгеретін;пышақ жүзіне біртегіс емес түсетін күш,тасымалдау кезіндегі қысым күштерінің бірте-бірте өсуі.
Екінші топқа өңделетін бөошектер өлшемі ауытқып кезектес өзгеруін тудыратын факторлар; бөлшектер қасиеттерінің физика-механикалық көрсеткіштерінің бірдей болмауы және оның конфигурациясы жатады.Осыған сәйкес тек машинаның дұрыс құрылғысы ғана операцияның қажетті сапасын қамтамасыз ете алады.
