- •Infs 53011 Ақпараттық жүйелердің және технологиялардың теориялық негіздері, инженерлік есептерді компьютерлік модельдеу (модульдің атауы және шифры)
- •(Пәннің коды және толық атауы )
- •Силлабус
- •Пән туралы мәліметтер
- •Оқу жоспары бойынша сағаттардың бөлінуі
- •Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері
- •Оқу пәнінің сипаттамасы
- •Оқу пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.
- •Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады
- •Оқу пәнінің саясаты
- •3 Глоссарий
- •Ғылыми-техникалық революция (ftp) - ғылымды қоғамдық өндірісті дамытудың жетекші факторына айналдыру негізінде өндіргіш күштерді түбегейлі, сапалық қайта құру.
- •Кибернетика–динамикалық жүйелермен басқарумен байланысты ақпараттық үдерістерді зерделейтін, табиғаттағы, қоғамдағы, тірі организмдердегі және машиналардағы басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым.
- •4. Дәріс тезистері.
- •Практикалық сабақтардың мазмұны және сағат бойынша жоспарлануы
- •Access деректер базасы құрылымы
- •Кестелер
- •Өрістер
- •Жазбалар.
- •Кестені жасау
- •Сұраныстар
- •Параметрлік сұраныс
- •Қорытынды сұраныс
- •Есептеулері бар сұраныстар
- •Таңдамаға сұранысты жасау(екі шартпен)
- •Параметрлік сұранысты жасау
- •Есептеулері бар сұранысты құру
- •Бастапқы және сыртқы кілттік өрістер
- •Мәліметтер схемасы
- •Байланысқан кестелерді қолдану.
- •Формалар
- •Мастер режимінде форманы жасау
- •Сұрыптау
- •Іздеуді ұйымдастыру
- •Фильтрді жасау және қолдану
- •Зертханалық жұмыс №9
- •Зертханалық жұмыс №10
- •Зертханалық жұмыс №11
- •Зертханалық жұмыс №12.
- •Зертханалық жұмыс №13
- •Зертханалық жұмыс №14
- •Зертханалық жұмыс №15. Тақырыбы: query мәліметтер жиыны.
- •Магистранттардың өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •6 Аралық және қорытынды бақылау сұрақтары
- •Өзгерістер мен толықтыруларды енгізу парағы
- •20__/20__ Оқу жылына
Сұраныстар
Сұраныс - бір немесе бірнеше кестелерден керекті деректерді алуға мүмкіндік беретін обьект.
Таңдама сұраныс
Түпкі кестеден әртүрлі критерийлер бойынша мәліметтерді таңдап алуға болады. Бұны сұраныстар көмегімен орындауға болады. Сұраныстар нәтижесінде нәтижелік кесте жасалады, яғни оны таңдау деп атайды. Ол жалпы бастапқы базадан алынған жалпы ақпараттан тұрады және сұранысқа сәйкес келеді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрыннан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестелерде қарапайым есептеулер жүргізіледі.
Параметрлік сұраныс
Көп жағдайда қолданушыға құрылған сұраныс бойынша жұмыс істеуге тура келеді, бірақ кей жағдайларда таңдау кезінде біршама өзгешеліктер болады. Осы кезде қайта- қайта сұранысты баса бермес үшін, сұранысты параметрмен құру керек.
Қорытынды сұраныс
Бұл сұраныстың ерекшелігі - олар негізгі кестедегі мәліметтердің негізінде уақытша қорытынды кесте құрады. Негізгі кестемен жұмыс істегенде қатты дискімен жұмыс істейміз, ал оған кез келген кезде қатынау көп уақыт алады. Ал сұраныстың көмегімен алынған уақытша кестеде біз тек экрандағы бейнемен жұмыс істейміз, оған қатынау тез уақытта жүзеге асады.
Нәтижелік кестені жасауда ақпаратты тағы да өңдеуге болады (мысалы, мәліметтерді алфавиттік ретпен және өсуі бойынша орналастыруға болады және т.б)
Сұраныс үлгі бойынша сұраныс бланкісі негізінде құрылады.
Есептеулері бар сұраныстар
Кестеге сандық өріс мәндерінің қосындыларынан тұратын жаңа өріс қосу есептеулері бар сұраныстар құру деп аталады.
Автосалон кестесінен конструктор режимінде бағасы 6000$ -дан төмен барлық автомобильдерді көрсететіндей сұраныс
жасау керек. Ол үшін:
Сұраныстар жапсырмасын қосып, Жасау батырмасын басу керек.
Кестелерді қосу терезесінде Автосалон кестесін таңдап, Қосу батырмасын басу керек.
Жабу батырмасын басу керек.
Экранда тек қана Автосалон кестесінің аты бар, осы кестенің өрістері көрсетілген үлгі бойынша сұраныс бланкісі бар терезе қалады.
Модель өрісін таңдаймыз және тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап, Өріс жолына бланкінің төменгі жағына көшіреміз. Өріс аты жолында автосалон кестесінің аты пайда болады.
Баға өрісін де осылайша көшіреміз.
Сосын Баға бағанында, таңдау шарты жолында «<6000»-ны тереміз.
Терезені жабамыз, пайда болған терезеде сұраныс атын береміз, мысалы, Баға.
Қарау режимінде сұранысты ашамыз және бағасы 6000$-дан төмен автомобильдер тізімін көреміз.
Таңдамаға сұранысты жасау(екі шартпен)
Автосалон кестесінен конструктор режимінде бағасы 3000$-дан жоғары және жүрген жолы 80 мың .км болатын барлық автомобильдерге сұраныс жасау. Бұл сұраныс та алдыңғы сияқты жасалады, тек Таңдау шарты(Условие выбора) жолында шарт Құн бағанында (>3000) және Жүрген жолы бағанында (<80) беріледі.
Параметрлік сұранысты жасау
Чемпионат кестесін жасау және осы кесте бойынша қай жылы қандай команда жүлделі орынды жеңіп алғанын көрсететін сұраныс жасау, мұнда команданы таңдау - қолданушының жеке өз ісі.
Ол үшін кесте жасағаннан кейін:
Сұраныс жапсырмасында тышқанды сырт еткізіп, Жасау(Создать) командасын таңдау керек.
Сұраныс конструктор режимінде жасалады. Кестені қосу(Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады. Чемпионат кестесінде тышқанды сырт еткізіп, Қосу(Добавление) батырмасын басамыз және жабамыз.
Сұранысты Жылы және Жүлделі орын өрісіне көшіреміз. Жүлделі орын өрісіне таңдау шарты жолына Like [елдің атын енгізіңіз] деп енгіземіз.
Сұранысты жасау(Создать запрос) терезесін жабамыз.
Сұранысты жасап болғаннан кейін, Ашу(Открыть) батырмасын басамыз, сонда пайда болған сұхбат терезеде ел сұралады: атын енгізіңіз және ол нәтижесін шығарып береді: дүние жүзі чемпионатында бұл ел қай жылы, қашан жүлделі орын алғанын.
Бақылау сұрақтары
Қандай мақсатта сұраныс қолданылады?
Үлгі бойынша сұраныс бланкі деген не ?
Таңдамалы сұраныс деген не, ол қалай жасалады?
Параметрлі сұраныс қалай жасалады?
Нәтижелік кесте деген не?
№3 лабораториялық жұмыс
Тақырыбы: Сұраныстарды құру.
Мақсаты: Есептеулері бар және қорытынды сұраныстарды құруды үйрену
Тапсырмалар
1-тапсырма. Автосалон кестесі бойынша бір жылы шыққан автомобильдердің ең кіші және орта бағасын анықтайтын қорытынды сұранысты жасау.
2-тапсырма. Қуат тасымалдаушылар кестесі бойынша баға мен сату көлемінен тәуелді қуат тасымалдаушылар құнын анықтайтын Құн деп аталатын есептелетін өрісі бар сұраныс жасау керек.
3-тапсырма. Бір, екі, үш бөлмелі пәтерлердің орта бағасын анықтайтын
Қорытынды сұраныс жасау керек.
Аудан, Көше |
Бөлме саны |
Қабат |
Үй |
Үй жобасы |
Материаллы |
Баға $ |
Телефондары |
Көктем |
1 |
3 |
9 |
У |
П |
100000 |
292-40-19 |
Самал |
1 |
4 |
5 |
С |
К |
90000 |
258-50-00 |
Аксай |
2 |
4 |
8 |
У |
К |
130000 |
264-26-99 |
Таугүл |
2 |
1 |
5 |
С |
П |
120000 |
264-16-75 |
Алмагүл |
2 |
3 |
5 |
Н |
К |
120000 |
296-99-72 |
Казах фильм |
3 |
1 |
5 |
У |
П |
160000 |
250-93-03 |
Орбита |
3 |
2 |
6 |
У |
П |
150000 |
243-59-42 |
Материалдар мен құрал-жабдықтар: Access бағдарламасы Жұмыстың орындалу реті
Теориялық материалды игеру
Жұмыстың орындалуы
Есеп беру
Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы
Бағдарлама мәтіні.
Тестілеу нәтижесі
Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Глоссарий
Қорытынды сұраныстар
Жазбалар топтары үшін қорытынды функциялар болады. Қандай да бір белгілері бойынша жазбаларды топтастыруға болады. 2-ші тапсырмада топтастыруды автомобильдер моделі бойынша(яғни, сұраныста бірінші өріс- Модель өрісі болады), 3-ші тапсырмада автомобильдердің шыққан жылы бойынша жасаймыз.
Қорытынды сұраныстар бізге белгілі үлгі бойынша сұраныстар негізінде жасалады, тек қана онда қосымша қатар - Топтастыру(Группировать) пайда болады.
Бұл қатарды бланкке енгізу үшін саймандар панеліндегі Access бағдарламасындағы Топтық(Групповые) операциялары батырмасына шерту керек. Әрі қарай барлығы өте қарапайым болады.
Топтастыру(Группировать)жүргізілетін сол өрістерде Топтастыру(Группировать) функциясын орналастыру керек.
Қорытынды есептеулер жүргізілетін сол өрістерде Топтастыру(Группировать) қатарына тізім ашып жазу керек, және бірнеше қорытынды функциялар ішінен біреуін таңдау керек.
Түр(Вид) батырмасына шерту сұранысты шығарады және қажетті қорытынды деректермен нәтижелік кестені шығарады.
Топтастыру(Группировать) қатарына тек қана бір қорытынды функцияны көрсетуге болады.
Ал егер де қосындыны, және орта мәнді, және ең үлкен мәнді табу керек болса, не істейміз деген сұрақ тууы мүмкін. Жауап қарапайым: бір ғана өрісті үлгі бойынша сұраныс бланкісіне бірнеше рет қосуға болады: БағаМАХ, БағаAVRбағаның орта мәні).
