Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ақпараттық жүйелердің және технологиялардың теориялық негіздері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Формалар

Форма дегеніміз мәліметтерді енгізу үшін өрістері бар электрондық бланк. Теруші осы өрістерге мәліметтерді енгізеді, және мәліметтер деректер қоры кестесіне автоматты түрде толтырылады..

Формаларды былай жасауға болады:

  1. қолмен

  2. Автоматты түрде

  3. Мастер көмегімен

Формалардың кестелер мен сұраныстардан айырмашылығы автоматты режимде оңай жасалады.

  1. Автоформалар - автоматты формалардың ең қарапайым түрі. Авто-формаларды жасау үшін Деректер қоры сұхбат терезесіндегі Формалар жапсырмасын ашу керек және Жасау (Создать) батырмасына шерту керек. Сонда Жаңа форма (Новая форма) терезесі ашылады.

  2. Жаңа форма (Новая форма) сұхбат терезесінде форма үшін мәліметтер көзі ретінде қандай да бір кестені немесе сұранысты таңдайды, одан кейін Авто форма түрлері (кестелік, ленталық немесе баған түріндегі ) тізімінен таңдап, екі рет шерту арқылы автоформа жасайды.

Мастер көмегімен форманы жасау

Мастер көмегімен форма төрт кезеңде жасалады:

  • Мәліметтерді формаға енгізуге болатын өрістерді таңдау;

  • Форманың сыртқы түрін таңдау(төрттен бірін);

  • Форманың фондық суретін таңдау(оннан бірін);

  • Форманың атын беру;

Дайын форманы бар жазбаларды қарап шығу үшін немесе жаңаларын енгізу үшін бірден қолдануға болады.

Автоформаларды жасау

Чемпионат кестесіне 1998 жылғы дүние жүзілік чемпионат туралы мәліметтерді енгізетін баған түріндегі автоформаны жасау керек.

Жыл

Ел

1 орын

2 орын

3 орын

1998

АҚШ

Франция

Бразилия

Хорватия

Мұндай форманы жасау үшін:

  • Мәліметтер қоры (База данных) терезесінде Форма жапсырмасын қосу керек.

  • Жасау (Создать) батырмасын басу керек.

  • Ашылған Жаңа форма (Новая форма) сұхбат терезесінде баған түріндегі Автоформат (Автоформат в столбец) пунктін таңдау керек.

  • «Мәліметтер көзі ретінде кестені немесе сұранысты таңдайсыз ба» -өрісіне Чемпионат формасы жасалатын кесте-көзін көрсетіңіз.

  • ОК батырмасын басыңыз.

  • Форма ашылады. Мәліметтерді енгізіңіз.

  • Формаға ат беріп, оны сақтаңыз .

Мастер режимінде форманы жасау

Автосалон кестесіне Зауыттық бағамы(ақшалы типі), Транспорттық шығындар(ақшалы типі), Арнайы модель(логикалық тип) өрістерін жасап, және осы өрістерге мәліметтерді енгізетіндей Мастер режимінде форма жасау керек.

Кестеде жаңа өрістерді жасау үшін Кестелер (Таблицы) жапсырмасын қосу керек және Конструктор режимінде керекті өрістерді қосу керек. Мастер режимінде форманы жасау үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

  • Мәліметтер қоры терезесінде Формалар жапсырмасын қосу керек

  • Жасау (Создать) батырмасын басу керек

  • Ашылған Жаңа форма сұхбат терзесінде Формалар мастері (Мастер форм) пунктін таңдау керек.

  • Кесте-көзі Автосалонды көрсетіңіз.

  • Ашылған Формалар жасау сұхбат терезесінде Зауыттық бағамы(ақшалы типі), Транспорттық шығындар(ақшалы типі), Арнайы модель(логикалық тип) өрістерін бөліп алу керек.

  • Әрі қарай (Далее) батырмасын басамыз.

  • Форманың сыртқы түрін таңдап, мысалы Ленталық, Әрі қарай (Далее) батырмасын басамыз.

  • Талап етілетін стильді таңдап, мысалы Сумерки , Әрі қарай (Далее) батырмасын басамыз.

  • Формаға ат беріп, Дайын (Готово) батырмасын басамыз.

Форманы басқару элементтерін жасау

Автосалон кестесінің барлық өрістерінен тұратын форма жасау керек, сонымен қатар

  1. Тақырып облысына ЗАКАЗДАР атын енгізіп және автомобиль суретін қоятындай.

  2. Зауыттық бағамы, Транспорттық шығындар өрістерінің жалпы қосындысын анықтайтын Жалпы бағамы деп аталатын есептелетін өріс болатындай. Бұл үш өрісті форманың басқа өрістерінен ажыратылатындай сызықпен бөлу керек.

Мұндай форманы жасау үшін әуелі Автоформа немесе Мастер режимінде Автосалон кестесінің барлық өрістерінен тұратын форма жасау керек, одан кейін оны Конструктор режимінде ашу керек.

a) Тақырыпты көркемдеу.

1) «ЗАКАЗДАР» тақырыбын енгізу:

Алдымен формадағы тақырып облысын кеңейту керек.

Тақырып облысы мен мәліметтер облысы арасына курсорды екі жаққа бағытталған стрелка түрінде болатындай етіп орналастыру керек.

Тышқанды басып түрып, стрелканы төмен жылжытамыз. Үлкейген облысқа форма аты - ЗАКАЗДАР енгіземіз. Ол үшін элементтер панеліндегі НАДПИСЬ батырмасын екпіндейміз.

Бүдан кейін тышқан көрсеткішін тақырып облысына жылжытамыз да, тышқан батырмасын басулы күйінде тіктөртбүрыш сызамыз (тіктөртбүрыш диагоналін керекті өлшемге дейін созамыз).

Сосын тышқан батырмасын жібереміз. Тіктөртбүрыш ішіне ЗАКАЗДАР тереміз және <ENTER>^ басамыз. Терілген тақырыпты форматтауға болады: шрифті, шрифт түсін өзгертуге, туралауға.

2) АВТОМОБИЛЬ - обьектісін түрғызу:

Форма тақырыбында ЗАКАЗДАР сөзінен кейін тышқанды шерту керек. ҚОЮ (ВСТАВКА) менюінен ОБЬЕКТ командасын таңдаймыз. Түрғызылатын обьект типін таңдау сүхбат терезесі пайда болады. Обьектер тізімінің ішінен Microsoft ClipArt суреттерін таңдап, ОК батырмасын басамыз. Әрі қарай тағы бір сүхбат терезе пайда болады, оның сол жағындағы Транспорт- бөлімін, ал оң жағындағы автомобиль суретін таңдау керек.

Енгізу (Вставить) батырмасын басамыз. Автомобиль суреті тақырып ішіне қойылады. Суретті форматтауға болады, рамканың өлшемін кішірейтуге болады. Суретте рамканың өлшемін кішірейту кезінде автомобильдің бір бөлігі ғана қалады, оны болдырмау үшін Түр(Вид) менюінен Қасиеттері/Макет (Свойства/Макет) командасын және Өлшемдерді орнату (Установить размер) өрісінде Фрагмент/Рамканың өлшемдері бойынша командасын таңдаймыз. Енді Қарап шығу (Просмотр) режимінде форманы ашып, жүмыс нәтижесін бағалауға болады.

b) Есептелетін өрісті жасау: Жалпы бағамы.

1) Өрістерді жасау:

Өріс - пиктограммасына шерту

Есептелетін өрісті керек жеріне орналастыру. Жалпы бағамы өрісі Зауыттық бағамы, Транспорттық шығындар өрістерінің астына орналасса жақсы болареді. Аты өрісі үшін қасиеттер терезесін шақырыңыз:

Надписи өрісіне екі рет шертіңіз.

Надпись параметрі үшін өріс аты- Жалпы бағамын енгізіңіз. Терезені жабыңыз. Сосын текстік өрісті оған сәйкес Қасиеттер (Свойства) терезесін аша отырып толтырыңыз. Мәліметтер (Данные) жапсырмасына есептеу формулаларын орналастырыңыз: мазмүны: = [Зауыттық бағамы] +[ Транспорттық шығындар]. Формула = - белгісінен басталады, ал әрбір өріс аты квадраттық жақшаға [] алынып жазылады. 2) Сызықтарды жүргізу.

Элементтер панелінде тышқан көмегімен сызықтар пиктограммасын таңдаймыз. Одан кейін форманың сол жақ шетіне тышқан курсорын орнатамыз. Тышқан батырмасын басулы күйінде үстап, көлденең сызықтарды экранның бүкіл еніне созамыз. Тышқан батырмасын басқанға дейін <Shift> клавишін басуға болады, сонда сызықтар түзу болып шығады.

Бақылау сұрақтары

  1. Формалар қандай мақсатта қолданылады?

  2. Формалардың қүрылымдары қандай?

  3. Қандай режимдерде формалар жасауға болады?

  4. Автоформалар қалай жасалады?

  5. Мастер режимінде формаларды қалай жасауға болады?

  6. Формада есептелетін өріс қалай жасалады?

  7. Форма тақырыбы қалай көркемделеді?

  8. Форма тақырыбына суретті қалай қоюға болады?

№6 лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Кестелер режиміндегі форманы беру және олармен жұмыс

Мақсаты: Кестелер режиміндегі форманы беруді үйрету, сорттауға, қажетті критерийлер бойынша іздеуді ұйымдастыруға, фильтрді жасап және қолдануға үйрену.

Тапсырмалар

  1. Кестелер режиміндегі Чемпионат кестесі бойынша форма жасаңыз. Форма режиміне көшіңіз және бұрынғы жерлерде өрістер қалған жоқ па қараңыз.

  2. Кестедегі жазбаларда елдер альфавит бойынша орналасатындай етіп, сорттаңыз. Форма режиміне көшіп, жазбалардың орналасуы сақтала ма жоқ па, тексеріңіз.

  3. Тек қана оның фамилиясын біле отырып, адресаттарды табыңыз.

  4. Егер сіздің телефон анықтауышында звондаған адамның нөмірі қалса, кім звондаған екенін анықтаңыз.

  5. Тек қана оның телефон нөмірінің алғашқы үш цифрін біле отырып, адресатты табыңыз.

  6. Формаға фильтрді қолданып, оны жабыңыз. Қайтадан сол форманы ашыңыз. Сүзгіден өткен тізім сақталды ма немесе барлық бар жазбалар көрсетілді ме, немесе фильтрдің өзі сақталды ма, соны тексеріңіз (бұрынғы жасалған фильтрді қолдануға бола ма).

  7. Фильтрді қолданып, телефон нөмірі үш бірдей цифрдан басталатын нөмірлі барлық адресаттар тізімін алыңыз, мысалы 823.

  8. Мысалы «ый»-ға аяқталатын барлық ер адамдар фамилияларының адресаттар тізімін жасаңыз.

  9. «Я»-ға аяқталатын барлық аттар адресаттарының тізімін жасаңыз.

  10. Тізімде 823-87-45 және 856-87-23 телефон нөмірлері ғана болатындай фильтр жасаңыз.

Материалдар мен құрал-жабдықтар Access бағдарламасы

Жұмыстың орындалу реті

  1. Теориялық материалды игеру

  2. Жұмыстың орындалуы

  3. Есеп беру

Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы

  1. Бағдарлама мәтіні.

  2. Тестілеу нәтижесі

  3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

Глоссарий

Кестелер режиміндегі форманы беру

Автосалон кестесі бойынша алдыңғы сабақта жасалған форманы кестелер түрінде беріңіз және жаңа мәліметтер жазыңыз. Ол үшін :

  1. Түр (Вид) менюінен Кесте (Таблицы) командасын орындаймыз, немесе саймандар панеліндегі сәйкес батырманы таңдаймыз.

  2. Кестені ашып, жаңа мәліметтер енгіземіз.