Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ақпараттық жүйелердің және технологиялардың теориялық негіздері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Бастапқы және сыртқы кілттік өрістер

Деректер қорының бірдей атаулы өрістері бар кестелерді байланыстыру және олардың кілттік етілген кейбір өрістерін пайдаланып, басқа кесте құру - Access-тің негізгі ерекшеліктерінің бірі. Негізгі кестені басқаларымен байланыстыру үшін оның мәндері қайталанбайтын (бірегей) кілттік өрісі болуы және басқа кестенің осы атаулы өрісі болуы тиіс(бірегей кілттік өрісті бастапқы(первичный) кілттік өріс деп атайды).

Мәліметтер схемасы

Кестелері арасындағы байланысты орнату үшін Access ДББЖ-нің(деректер базасы басқару жүйесі) Мәліметтер схемасы(Схема данных) деп аталатын арнайы сұхбат терезесі болады.

Ескерту. Кестелері арасындағы қатынастар туралы байланысатын кестелерде бірдей өрістердің болғанында сөз болады. Міне, осы өрістер арқылы байланыс жүзеге асырылады.

  1. Мәліметтер схемасы(Схема данных) терезесі саймандар панеліндегі батырманы шерту арқылы немесе Сервис - Мәліметтер схемасы(Схема данных) командасы арқылы ашылады.

  2. Егер бұрыннан кестелер арасындағы ешқандай байланыс болмаса, онда Мәліметтер схемасы(Схема данных) терезесін ашқанда бірмезгілде Кестелерді қосу(Добавление таблицы) терезесі де ашылады, онда кестелер арасындағы байланыстар құрылымына қосу үшін керек кестелерді таңдау қажет болады.

4-сурет. Деректер схемасы және кестелерді қосу.

  1. Егер кестелер арасындағы байланыстар әлдеқашан беріліп қойса, онда Деректер схемасына(Схема данных) жаңа кесте енгізу үшін Деректер схемасында(Схема данных) тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек, және контекстік менюде Кестені қосу(Добавление таблицы) пунктін таңдау керек.

  2. Байланыстыру керек барлық кестелерді Деректер схемасына енгізе отырып, кестелер өрістері арасындағы байланысты жасауға көшу керек.

  1. Өрістері арасындағы байланыс өріс аттары бір кестеден екінші кестеге оған сәйкес байланысқан өрісте тасымалдау арқылы орнатылады.

  2. Тасымалдағаннан кейін жасалынған байланыс қасиетін көрсететін Байланыстар сұхбат терезесі ашылады.

  3. Мәліметтердің бүтінділік шартын қамтамасыз ету жалаушасын қою бір кестеден жазбаларды алып тастаудан қорғауға мүмкіндік береді.

  4. Бүтінділік шарты болу үшін, негізгі кестенің өрісі міндетті түрде кілттік болуы керек және екі өріс те бірдей типті болуы керек.

  5. Байланысқан өрістерді Каскадты жаңарту және байланысқан жазбаларды Каскадты алып тастау жалаушалары бас кестедегі өзгеріске байланысты барлық бағынышты кестелердегі мәліметтерді бір мезгілде алып тастау немесе жаңартуды қамтамасыз етеді.

Фирма клиенттері кестесі

Фамилия

Аты

Әкесінің аты

Шифр

Мекен-жайы

Төлқұжа т

Кепіл

Паршин

Павель

Анатолий ұлы

3ПС56

Саратов, Ул.

Жарокова 43

XIV-AB 123456

500р

Воронцов

Владимир

Егорұлы

ЖИК67

Саратов,пер. Ясный 71

XIV-AK 555554

500р

Тараненко

Игорь

Михайлұл ы

ПФИ00

Москва, ул. Кирова56

XV-ЛР 456789

500р

Прокат кестесі

№

Клиент

Диск

Алған күні

Қайтару мерзімі

Қайтару Тур. белгі

Прокат Төлемі

1

ЗПС56

D001

09.12.06

09.01.07

50р

2

ЖИК67

S001

10.12.06

10.01.07

50р

3

ПФИ00

S002

11.12.06

11.01.07

40р

Қойма кестесі

Прокат аты

Жанр

Шифр

Диск саны

Кепілдік Құны

Бар болуы

Иллюстр.

Diablo2

RPG

D001

1

560р

Ip Galler

Spase War4

Strategy

S001

1

560р

Клип AV

Spase Quest9

Adventur

S002

3

600р

Monkey Is1

Adventur

M001

2

590р

Байланыстарды жасау.

Фирма клиенттері, Прокат, Қойма кестеселерін жасау. Фирма клиенттері кестесіндегі Шифр өрісі мен Прокат кестесіндегі Клиент өрісі арасындағы байланысты жасау керек, сонымен бірге Прокат кестесіндегі Диск өрісі мен Қойма кестесіндегі Шифр өрісі арасындағы байланысты жасау керек.