Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476.08 Кб
Скачать

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Тақырыбы: Қысқы кеш А. Пушкин

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға қыс мезгілінің кереметтерімен, аңшы өмірі жайлы айта отырып, сабақтың тақырыбын ашу, мазмұнын игеруге жағдай жасау.

  2. Дамытушылық: Ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

  3. Тәрбиелік: Зер салуға, бақылағыштыққа баулу.

Сабақтың түрі : аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер,дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Қажетті құрал-жабдықтарын алғызып, назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық даярлық. Бізге жылу мен жарықты не сыйлайды?

Жарқырап күн күн ашылды

Айналаға нұр шашылды

Мақсатымыз білім алу

Еңбектену арқылы

«5» ке қол жеткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Әңгіме неге « Арпалыс» деп аталды деп ойлайсың? Бұл қай кезде болған оқиға ? Неге ағалы-інілі балалар боранда қалды? Бақтыбайдың ойы қандай еді? Неліктен інісін үйге қайтарды?

Оларды кімдер тапты? Қой бағу оңай емес екендігін неден аңғардың?

Мәтінді әңгімелетіп, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Өткенді қорыту: Үсік шалған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмекті қалай көрсетеді?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ:

1. А. Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу.

2.Суреттер топтамасын пайдаланып, Мұқан Иманжанов туралы әңгімелеу. Мәтінді түсініп оқу, тізбектей оқу,тауып оқу.

Сөздік жұмыс: Бұғып-жасырынып, қамыр- нан пісіру үшін иленген ұн.

3. Бір тақырыпта жазылған екі шығарманың авторлар жайлы не білесің? А.С.Пушкиннің шығармасы мәтіннің қай түріне жатады? Екі мәтінде боранды қалай суреттеген? (нелерге теңейді, кімдерге ұқсатады?) Қай шығарма бұрын жазылған? Оны неден байқадың? Кешкі еңбек жайлы не делінген? Жіп не үшін иіреді? Қыс мезгіліне қандай қатысы бар?

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:

1. Екі шығарманың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

2. Дәптермен жұмыс: Боранға қатысты теңеулерді тауып жаз.(Ұлыған аң сияқты, жылайды баладай, сыңсуымен. Түтеген боран, жыландай сумаң қағып,(үйіріле соғып; құтырынып, ақ шаңын көкке будақтатып)). «Сырттай мүлгіген ауыл іштей қазанша қайнайды» осы сөйлемдегі жазушының ойын түсіндір.

ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Электр станциясы қуат жеткізіп, мүлтіксіз қозғалыс жұмысын және балқыған темірді нелерге теңейді? Мән беріп, түсіндір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. Оқу, қысқы кеш жайлы әңгімеле.

2.Бағалау.

Бекітемін:________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Тақырыбы: Аққала. Мағжан Жұмабаев

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға қыс мезгілінің кереметтері жайлы айта отырып, сабақтың тақырыбын ашу, мазмұнын игеруге жағдай жасау.

  2. Дамытушылық: Ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

  3. Тәрбиелік: Зер салуға, бақылағыштыққа баулу.

Сабақтың түрі : аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Қажетті құрал-жабдықтарын алғызып, назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық даярлық. Бізге жылу мен жарықты не сыйлайды?

Жарқырап күн күн ашылды

Айналаға нұр шашылды

Мақсатымыз білім алу

Еңбектену арқылы

«5» ке қол жеткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: А. Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу. Өлеңді мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Бір тақырыпта жазылған екі шығарманың авторлар жайлы не білесің?

А.С.Пушкиннің шығармасы мәтіннің қай түріне жатады?

Екі мәтінде боранды қалай суреттеген? (нелерге теңейді, кімдерге ұқсатады?)

Қай шығарма бұрын жазылған?

Оны неден байқадың?

Кешкі еңбек жайлы не делінген?

Жіп не үшін иіреді?

Қыс мезгіліне қандай қатысы бар?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық

Кім аққала жасап көрді? Қалай жасадың? Саған ұнады ма? Сергіту сәтін өткізу.

Ү. Жаңа сабақ:

1. Ребус шешу. «сырғанақ». Тағы қандай ойын ойнайсың?

2. Өлеңді түсініп, жалғастырып, жеке-жеке оқу.

3. Сөздік жұмыс: Кесеге- мұнда: қатқан қардан кесек ойып алу.

4.Өлеңде қандай қыстың бейнесі суреттелген.(көңілді, көңілсіз). Пікіріңді дәлелде.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

Ақын қолданған көркем сөздерді ата. (күміс қарға көбіктей, сүңгіп алып сүліктей, күлкілері-меруерт)

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік?

Мәтін не жайлы?

Осы сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құр.

ҮІІІ .Үйге тапсырма:1.Мәтінді мәнерлеп оқу, «Қарды соғып төрт бұрыш» бастап жаттап ал.

2.Бағалау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]