Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476.08 Кб
Скачать

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Күлпаш. Бейімбет Майлин

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Бейімбет Майлин жайлы айта келіп, қазақ халқының аштық, кедейлік өмірімен таныстыру, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Елінің тарихын, өткенін сыйлауға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіріп, баяндау.

Көрнекілігі: суреттер топтамасы, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Құрал-жабдықтарын түгендеу, сабаққа даярлық.

Психологиялық даярлық. Бізге жылу мен жарықты не сыйлайды?

Жарқырап күн күн ашылды

Айналаға нұр шашылды

Мақсатымыз білім алу

Еңбектену арқылы

«5» ке қол жеткізу.

Үй тапсырмасын пысықтау: Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам? Түрмеде оған қандай айып тағылды? Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсың? Тоқашқа жолығуға кім келді? Ол анасына не айтты?

Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

Үй тапсырмасын пысықтау: Тоқаштың қолына кісен салып, көшеге алып шыққанда, халық не деп аяныш білдірді. Топ ішінен кім жылады? Ол кім еді?

ІІ. Мақсат қою кезеңі:1.Сабақтың мақсатын,тақырыбын хабарлау.2.Жаңа сабаққа даярлық.Суреттер топтамасын пайдаланып Бейімбет Майлин өмірімен танысу.Әңгіме құру.

ІІІ. Жаңа сабақ: Балалар, Бейімбет Майлин1896 жылы дүниеге келген. Ол қазақтың классик жазушысы. Қысқа әңгімелердің асқан шебері.

Оқушыларға бейнетаспада Бейімбет Майлин «Күлпәш» мәтінінен үзінді көрсету.

1. Түсініп оқы. (балалардың есіне.)

1930-1932 Жылдары Қазақстан халқының саны алты миллионнан асқан болса, соның екі миллионнан астамы аштықтан қырылды.

2. Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы негізгі ойды табу.

3 Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған?

Қай кезде болған?

4. Сөздік жұмыс:

Өрім-өрім – тозған, жыртылған.

Бөкебай – басқа жамылатын шәлі.

Ызғырық – суық жел.

Өлмелі кедей – өте кедей.

5. Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге күтті?

Мақтым мен Күлпаш неге жылады?

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: «Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» дегенді қалай түсінесің? Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?

Ү. Қорытындылау: Суретпен жұмыс: Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсың?

Теріп оқу: Қарамен неге жазылды деп ойлайсың?

ҮІ. Үйге тапсырма : мәтінді оқу, мазмұнын айту. Бағалау.

Бекітемін:________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Тақырыбы: Кедей. Сұлтанмахмұт Торайғыров

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу

  4. Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Құрал-жабдықтарын түгендеу, сабаққа даярлық.

Психологиялық даярлық. Бізге жылу мен жарықты не сыйлайды?

Жарқырап күн күн ашылды

Айналаға нұр шашылды

Мақсатымыз білім алу

Еңбектену арқылы

«5» ке қол жеткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? Қай кезде болған оқиға?

«Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» дегенді қалай түсінесің?

Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?

Мәтіннен түсінгенін әңгімелету. Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

-Ел басынан өткен бұл әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған? -Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді? -Мақтым мен Күлпаш неге жылады? - Сол кездегі халықтың тұрмысы қандай екен?

Қалай ойлайсың Қалидің өмірі ары қарай не болды екен?

Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?

Қазақ шаруаларын күштеп ұжымдастырудың барысында үкімет халықтың күн көрісінің жалғыз ғана жолы қолындағы малын зорлық пен жинап алып, қоғамдық мемлекеттік меншікке айналдырады. Сөйтіп негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған қазақ шаруалары төрт – түлік малдан түгел жұрдай болып, ашыға бастады. Табысы жоқ колхоздан, жергілікті үкіметтен жәрдем ала алмаған халқымыз ендігі жерде ашаршылыққа ұшырады. 1921 - 1922 жылдары және 1930 - 1932 жылдар Қазақтың тіпті адамзат тарихында бұрын - соңды естіп білмеген қасіретке толы жылдар. Кейбір деректер бойынша 4 млн қазақ баласы қайтыс болды.

31 мамырды «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, 1997 жылы Елбасымыз жарлыққа қол қойған.

ІҮ.Мақсат қою кезеңі:1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

3.Суреттер топтамасын пайдаланып Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен танысу.

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Екі жасында шешеден жетім қалған. Таланты ақын, әрі жазушы. «Кедей» өлеңінің мазмұнына тоқталу.

Ү.Жаңа сабақ:

Өлеңді түсініп оқу. Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған? Кедей деп кімдерді атаған?

Кедейдің ауыр өмірін қалай бейнелеген?

Бұл оқиға қай кезде болған?

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау:

Топтық жұмыс: Салыстырып, дәлелде. Суреттегі кедей тұрмысын қазіргі кезбен салыстыр.

І топ

ІІ топ

Қазір кедей адам жоқ.

Қазіргі кезде де кедей адамдар бар.

ҮІІ.Қорыту: Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу.

ІҮ. Бағалау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]