Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет рек Балалар аурулары жалпы медицина каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.83 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» тәжірибелік cабаққа арналған әдістемелік өндеу нұсқау

Мамандығы: Жалпы медицина

Пәні: Балалар аурулары

Кафедра: факультеттік педиатрия

4 курсы

№ 2 тақырып: Ревматикалық қызба

Ақтөбе, 2010ж.

1. Тақырыбы: Ревматикалық қызба

2.Сабақтың мақсаты: Ревматикалық қызбаның диагностикасын, емін оқыту және үйрету.

3.Оқыту мақсаты:

Студент білу керек:

  • аурудың анықтамасын

  • ревматизмнің патогенезі және этиологиясы жөнінде жаңаша ойлар

  • ревматизмнің жіктелісі

  • ревмакардит, полиартрит, хория және т.б клиникалық көріністері

  • ревматизмнің клиникалық критериялары

  • ревматикалық процестің белсенділік кретериясы

  • ревматизм ағымының сипаты

  • ревматизмнің инструментальды және зертханалық зерттеу әдістері

  • емдеу принциптері

  • қайтымды ревматизмнің клиникалық көріністері

  • жүре пайда болған жүрек ақауының клиникасы, гемодинамикасы

  • жүре пайда болған жүрек ақауының диагностикасындағы инструментальды әдістер

  • ревматизмді сатылы емдеу принциптері

Студент істей білу керек:

- шағымдарын анықтау және ревматизмге әкелетін факторлар мен этиологиясын анықтау үшін анамнезді дұрыс жинай білу.

- аурудың диагностикалық кретерилері бойынша объективті тексерулер жүргізу

- ревматизмге тән зертханалық және инструментальды тексеру мәліметтеріне баға беру.

Студент дағдыларды меңгеруі тиіс:

- қарау, пальпациялау, перкуссиялау және аускультация жасау

- тамыр соғысы мен қан қысымын өлшеу

4.Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

- аурудың анықтамасы

- ревматизмнің этиологиясы мен патогенезі

- ревматизмнің жіктелісі

-ревматикалық процестің белсенділік кретериясы

-алғашқы ревматизмнің клиникалық көріністері:ревмакардит, полиартрит, хория және т.б

- ревматизмнің диагностикалық критериялары

- балаларда ревматизм ағымының ерекшелігі

- ревматизм кезіндегі функциональды және инструментальды көрсеткіштер

-жүре пайда болған жүрек ақауының клиникасы, гемодинамикасы: митральды қақпақшаның жетіспеушілігі, митральды қақпақшаның тарылуы, қолқалық қақпақшаның жетіспеушілігі

- ревматизмді емдеу принциптері

- ревматизмнің алдын алуы

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: тестілік тапсырмаларды шешу немесе ауызша сұрау арқылы ақырғы деңгейін бақылау, шағын топтармен тақырып бойынша науқас жүргізу, ахуалдық есептер шешу арқылы меңгерген білімін бақылау.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Хабижанов Б.Х. – Балалар аурулары. Алматы: Ана тілі, 1997

  2. Хабижанов Б.Х. – Педиатрия, Алматы: Казыгурт, 2005

Қосымша:

    1. Нәресте туралы ілім / ред. Е.Т.Дадамбаев, Алматы, 1995

    2. Дадамбаев Е.Т. – Бала дәрігерінің серігі, Алматы, 1998

    3. Тусупкалиев Б.Т. – Балалар ауруларын емдеу және рецептер жинағы: оқу құралы/ Б.Т.Тусупкалиев, Б.Жылкыбаева, Актобе, 2004

    4. Куттыкожанова Г. – Балалардың жұқпалы аурулары/ -Алматы, 2003

7. Бақылау. Тестілік тапсырмалар:

1. Ревматизмнің этиологиясын байланыстырады:

А. стафилакокктар

Б. Аденовирустар

В. В тобының Коксаки вирустары

Г. А тобының бетта- гемолитикалық стрептококктар

Д. Ішек таяқшалары

2.Ревматикалық артритке тән емес:

А. Буындардың тұрақты зақымдануы

Б. Орташа және ірі буындардың зақымдануы

В. Қызыметі бұзылумен ауырсыну белгілері

Г. Ауырсынудың ұшпалылығы

Д. Симетриялық зақымдану

3.Перикардиттік зақымданумен жүретін ревмакардитке тән емес:

А. Жүрек аймағында тамыр соғысының төмендеуі

Б. Жүрек шектерінің кеңеюі

В. Жүрек шекараларының абсалютті және салыстырмалы шектерінің жақындауы

Г. жүрек ұшында дөрекі систолалық шу

Д. Тонның әлсіреуі

4. Киселя- Джонса Нестеров диагностикалық кретерияларына сүйене отрып, ревматизм диагнозын келесі синдромдар анықталғанда қойылады;

А. Полиартрит, қызба

Б. Хорея, артральгия

В. Кардит, анулярлы бөртпе

Г. ревматикалық түйіндер, серомукоид деңгейінің 350 ЕД болуы

Д. Кардит , лейкоцитоз

5. Ревматизм бұл:

А. Аллергиялық ауру

Б. Іріңді-қабыну ауруы

В. Тұқым қуалаушылық ауру

Г. эндокринді ауру

Д. Инфекциялық –аллергиялық ауру

6. Біріншілік ревмакардит кезіндегі миокардиттің зақымдалуына тән шу:

А. Төстің сол жағындағы диастолалық шу, ІІІ-ІҮ қабырға аралықта максимальды естілуі

Б. Жүрек ұшындағы дөрекі систолалық шу

В. ІІІ-ІҮ қабырға аралықтағы төстің сол жағындағы систолалық шу

Г. жүрек негізіндегі систо-диастолалық шу

Д. Жүрек ұшындағы және 5 тыңдау нүктесіндегі дөрекі емес ,жұмсақ шу

7. Ревматизмге тән емес ағым:

А. Жедел

Б. Жеделдеу

В. Созылыңқы-енжар

Г. созылмалы

Д. Үздіксіз- қайталамалы

8. Ревматизм клиникасына әкеледі:

А. 2 аптадан асқан жоғарғы тыныс жолдарының аурулары

Б. Салқын тию

В. Вакцинация

Г. физикалық жүктеме

Д. Созылмалы тонзилит асқыну фонында дамиды

9. Ревматизмнің жеделдеу ағымында аурудың ұзақтығы:

А. 1 ай

Б. 2-3 ай

В. 4-6 ай

Г. 8 ай

Д. 10-12 ай

10. Жүек ақауы сирек ревматизмнің қандай ағымында дамиды:

А. Жедел

Б Жеделдеу

В. Созылыңқы-енжар

Г. Үздіксіз- қайталамалы

Д. Жасырын

11. Хореияға бәрі тән, біреуінен басқа;

А. Гиперкинезия

Б. Бұлшықеттік гипотонус

В. Қозғалыс координациясының бұзылысы

Г. мінездің психопатологиялық бұзылысы

Д. Шынайы салдану

12. Ревматизмде мынандай биохимиялық өзгерістер байқалады. Барлығы дұрыс, біреуінен басқа.

А. СРБ оң болуы

Б. ДФА деңгейінің ұлғаюы

В. Диспротеинемия

Г. Холестерин деңгейінің жоғарлауы

Д.Серомукоид деңгейінің жоғарлауы

13. Ревматизмде жие қандай буындар зақымданады:

А. Төменгі жақасты

Б. Саусақ буындары

В. Тізе буыны

Г. омыртқаның мойын бөлігі

Д. Жамбас-сан буыны

14. Ревматизмнің белсенді емес фазасы деп қашан айтуға болады:

А. Аурудың клиникалық белгілері жойылғанда

Б. Аурудың лабораториялық және клиникалық белгілері жойылғанда

В. Аурудың лабораториялық және клиникалық белгілері жойылғаннан 1 айдан соң

Г. Аурудың лабораториялық және клиникалық белгілері жойылғаннан 6 айдан соң

Д. Аурудың лабораториялық және клиникалық белгілері жойылғаннан 10 айдан соң