- •1. Мекемемен танысу. Қауіпсіздік техникасы бойынша инструктаж.
- •2 . Автомобильдерге тқк және аж бойынша жұмыстар
- •3. Автомобильдерді жалпы қарау
- •4. Қозғалтқыш, салқындату және сылау жүйелері
- •6. Ілінісу, арна қорабы, кардан қорабы
- •8. Көпір және рульдік басқару
- •9. Тежегіш жүйесі
- •11. Кабина, платформа және қауырсын
- •13. Сылау – тазарту жұмыстары
- •12. Автомобильдің электр құралжабдықтары
12. Автомобильдің электр құралжабдықтары
Автомобильдерде электр энергиясы іштен жанатын моторды іске қосуға, жанғыш қоспаны тұтанануға, дыбыс және жарық дабылдарына, қозғалыс жолдарымен кабинаны жарықтандыруға, электронды басқару жүйесіне, бақылау – өлшеу приборлары мен қосымша жабдықтарды қоректендіруге жұмсалады.
Митсубиси Монтеро көлігі жөндеу мекемесіне генератордың жетекші белдігі яғни ремені жеткілікті түрде тартылмағандығынан амперметр зарядтау тогын көрсетіп тұрған болатын. Көлікті жөндеу орнына кіргізіп, капотты ашамыз. Кілт құралдар арқылы генератордың жетекші ременінің белдігін өз қажетінше тартамыз. Сонан соң амперметрдің зарядтау тогын көрсетіп тұрғандығын тексереміз. Генератордың сыртқы шаң басқан жерін ауамен үрлеп тазартып, жібереміз. Оған қосымша аккумуляторының шаңын ауамен үрлеп тазартып электролит іздерінен тазартылды. Аккумулятордың электролит деңгейі тексеріліп, қажеттігіне қарай дистиллинген суды құйдық.
13. Сылау – тазарту жұмыстары
Сылау – тазарту жұмыстары көлік бөлшектерінің үздіксіз жақсы жұмыс істеуіне ықпалын тигізеді.
Ваз – 2114 көлігінің стартеріне жазалау жұмыстары жүргізілген болатын. Стартерді шешіп алып, оның мыс – графит төлкелерін маймен майлап қойып, коллектордың кірін бензинмен жуып кетірдік. Щеткаларға қонған шаң тозаңды үрлеп түсірдік. Биндекс таза болғандықтан, бензинмен ылғалданған шүберекпен сүртіп алдық. Сонан соң тазалау жұмыстары біткеннен соң стартер бөлшектерін жинап, стартерді орнына қайта бекітеміз. Сөйтіп тазалау жұмыстарын аяқтадық.
Хонда – CRV көлігіне тазарту жұмыстары жүргізілген болатын. Көлікті көтергішпен көтеріп, астына түсіп поддонның ағытып алдық. Сонан соң оны бензин құйылған ыдыс алып щетка арқылы қатқан майларын тазаладық. Тазалап болған соң ауамен оны үрлеп, құрғақ шүберекпен сүртіп алдық. Оны салар алдында оның аралық төсемін алып тастап оның орнына жаңа аралық төсем пайдаландық. Оған герметик жағып, дайындап алып, поддонның мотормен бекіп тұрған жерін бензинмен тазалап, ауамен үрлеп, шүберекпен сүртіп алдық. Аралық төсемді поддонға сәйкестеп салып, поддонды орнына кигізіп саламыз оның болттарын іліктіріп, қатайтамыз. Сонан соң жаңа май сүзгісін салып қажеттігінше мотор майын құйамыз.
Сонымен қатар көліктің ауа сүзгісін тазаладық. Капотты ашып, сүзгі қақпасын ашып, сүзгіні аламыз шаң басқан жерін ауамен үрлеп тазартамыз. Қайта орнына салып, қақпағын бекітеміз. Капотты жауып көлікті көтергіштен аламыз. Тазалау жұмыстарын аяқтадық.
